7


  • Учителю
  • Разработка урока по казахской литературе на тему: ' Ғ. Мүсіреповтың «Ананың анасы» әңгімесі бойынша талдау' (7 класс)

Разработка урока по казахской литературе на тему: ' Ғ. Мүсіреповтың «Ананың анасы» әңгімесі бойынша талдау' (7 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Ана –өмірдің тірегі. Ана” – әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы ақ сүтін беріп аялаған жанын да аямаған ардақтысы. Ана – жүрек, жүректі құдіретте. Ана – тірек, тіректі құрметте, Ана – шыңың, шыңыңа сағынып жет.Ана – күнің, күніңе таб
предварительный просмотр материала

2Ғ. Мүсіреповтың «Ананың анасы» әңгімесі бойынша

Ана -өмірдің тірегі. Ана" - әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы ақ сүтін беріп аялаған жанын да аямаған ардақтысы.

Ана - жүрек, жүректі құдіретте.

Ана - тірек, тіректі құрметте,

Ана - шыңың, шыңыңа сағынып жет.Ана - күнің, күніңе табынып өт. -

деп жырлаған , қазағымызда аналар тақырыбына жиі қалам тербеген жазушы-

Ғабит Мүсіреповтың «Ананың анасы» атты шығармасы бойынша талдау сабағын 7-сынып оқушыларына өткізген болатынмын. Сабақ мақсаты бойынша әңгіме мазмұнын толық меңгере отырып, кейіпкерлер бейнесін ашу, жазушының суреттеу тіліне талдау жасау көзделінген болатын.

Оқушыны жеке жұмыс жасауға, ізденуге, ойын анық ,еркін айта білуге үйрете отырып, ананы құрметтуге, адамгершілік ізгі қасиеттерге баулу болатын. Осы мақсатты көздей отырып, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру тәсілін қолданып, оқушыларды 4 -топқа бөлдім. Әр топқа жеке-жеке тапсырмалар берілді. Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы әңгіме мазмұнын ашты. Сабақ өте жанды өтті десек, артық айтпағанымыз болар, себебі оқушылар әңгіме мазмұнын талдады, пікірталастар жүргізді, тақтаға шығып өз ойларын жеткізді, кестелер толтырды. Сабақтың әсерлі болғаны соншалық, топтың бір оқушысы өз жанынан өлең шығарып, оқып берді. Топтастыру тәсілі арқылы сабақ қорытындыланып, әр оқушы сабақтан алған әсерлерін жазып жеткізді.Анаға деген махаббаттарын баяндай келе анасы үшін қандай да болса көмектерін аямайтындықтарын айтты. Ғабит Мүсіреповтың «Ананың анасы» әңгімесін оқыта отырып, өз мақсатыма жеттім деп толық айта аламын.



Әдебиет сабағы 7-сынып.

Сабақтың тақырыбы: Ғ..Мүсіреповтың «Ананың анасы» әңгімесі бойынша талдау

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Әңгіме мазмұнын толық меңгере отырып, кейіпкерлер бейнесін ашу, жазушының суреттеу тіліне талдау жасау.

Дамытушылық. Оқушыны жеке жұмыс жасауға, ізденуге, ойын анық, еркін айта білуге үйрету.

Тәрбиелік. Ананың бөбегіне деген киелі махаббатын ұғындыра отырып, ананы құрметтеуге, сыйлауға, адамгершілік ізгі қасиеттерге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Іскерлік пен дағдыны қалыптастыру сабағы.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, бес жолды өлең, оқулықпен жұмыс, тақтамен жұмыс.

Көрнекілігі: Слайд, мақал-мәтелдер.

Пәнаралық байланыс: Тарих, қазақ тілі.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру.

  2. Оқушыларменг амандасып, түгендеу. Сабаққа назар аударту.

  3. Ой қозғау.

О, аналар, осындайсың бәрің де

Осындайсың, жасың дағы, кәрің де.

Сыйынатын болса өмірде құдірет

Сыйынар ем, ана деген тәңірге



2. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Шығармада оқиға кімнің атына баяндалады?

2. Бала би Жалпақ балуанға не деді? Бидің тілегі қандай, батырдың тілегі қандай?

3. Әңгіме соңында Жалпақтың есінен танып құлап қалуының себебі недже?

4. Әңгіме қандай шығармаға жатады?

Жаңа сабақты түсіндіру.

Мағынаны тану. 1-тапсырма

1-топ. Шығармаға композициялық талдау жасау.

2-топ. Мәтінді пайдалана отырып, ана бейнесіне сипаттама жасаңдар,

3-топ Қырық жігіт пен Жалпақты тізе бүктірген қандай күш?

4-топ. 5-минуттық эссе. Әңгіме неге ананың анасы деп аталған?



2- тапсырма. Оқулықпен жұмыс.

  1. Шығармадағы көнерген сөздерді табыңыздар?

  2. Теңеу сөздер бар ма?

  3. Портрет.

  4. Тұрақты тіркестер.

3-тапсырма.

Постер қорғау. Шығарма мазмұнына сәйкес мақал-мәтелдер жазып, қорғаңыздар.

Ой қорыту.

Ана кім? Топтастыру тәсілі бойынша.

Үй жұмысы: «Ана-көзді бұлақ» тақырыбы бойынша шығарма жазып келіңіздер,

Оқушылырды бағалау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал