7


  • Учителю
  • Шеңберді тең бөліктерге бөлу. 9 сынып

Шеңберді тең бөліктерге бөлу. 9 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

ШҚО

Семей қаласы

«№25 Жалпы білім беретін ортамектеп» КММ

Дайындаған: Бейнелеу өнері және сызу пәні мұғалімі: Жұмақұлов Б.А.

Пән: Сызу.

Сыныбы: 9 «А».

Өткізілген күн: 04.10.2016 ж



Сабақтың тақырыбы:Шеңберді тең бөліктерге бөлу.

Сабақтың мақсаты:

а)Білімділік: оқушылардың білімін қалыптастырып қана қоймай, оларға тың мәліметтер беру.

ә)Дамытушылық: жеке тұлғаны дамыту, талдау, салыстыра білу қабілеттерін дамыту.

б)Тәрбиелілік: сызу арқылы оқушыларды тазалыққа, ұқыптылыққа үйрету.

Сабақа керекті құралдар: А4 пішіміндегі қағаз, қарындаштар, сызғыш, өшіргіш, шеңберсызар және тағы басқа.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Үйге берілген тапсырманы тексеру.

Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Тапсырмаларды орындау.

Сабақты бекіту.

Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.сұрақ-жауап

Түйіндесу дегеніміз не? Іштей және сырттай түйіндесулердің айырмашылығы қандай? Тікелей түйіндесу деп нені атайды?

ІІ.Жаңа сабақ.Шеңберді тең 3,4,5,6,8,12 бөліктерге бөлу.

Ең алдымен оқушыларға шеңберді тақтаға сызып, содан соң оны тең бөліктерге бөлу жолдарын көрсетемін.

  1. Шеңберді тең 3, 6, 12 бөлікке бөлу. Ең алдымен шеңберді тең 6 бөлікке бөлуді қарастырайық. Берілген шеңберді тең 6 бөлікке бөлу үшін

(18, а-сурет) шеңберсызардың сирақтарының алшақтығын шеңбердің радиусына тең етіп аламыз. Шеңбердің диаметрін жүргізіп, оның шеткі нүктелерін А және В деп белгілейік. Шеңберсызардың инесін А нүктесіне қадап, оның сирақтарының алшақтығын өзгертпей шеңбер жүргізсек, екі шеңбер С және D нүктелерінде қиылысады. Шеңберсызардың инесін А нүктесінен В нүктесіне көшіріп, осы айтылғанды қайталап, Е және Ғ нүктелерін аламыз. Алынған А, С, В, Ғ, D нүктелері шеңберді тең алты бөлікке бөледі. А, Е және Ғ немес С, В және D нүктелері шеңберді тең бөлікке бөледі.

Шеңбердің АВ диаметріне перпендикуляр МN диаметрін салайық. М нүктесі центрі болатын және О нүктесі арқылы өтетін шеңбер жүргізсек, ол алғашқы шеңберді К және L нүктелерінде қияды. Шеңберсызардың инесін N нүктесіне қадап, салуды қайталау нәтижесінде Р және Т нүктелерін аламыз. Енді шеңбер тең 12 бөлікке бөлінді. (18, ә-сурет).

  1. Шеңберді тең 4, 8, 16 бөлікке бөлу. Шеңберді тең 4 бөліке бөлу оңай. Ол үшін өзара перпендикуляр АС және ВD диаметрлерін жүргізсек болғаны (18, б-сурет). А, В, С және D нүктелерін қосатын хордалар жүргізсек, шеңберге іштей сызылған шаршы шығады. Шеңбердің центрінен шаршының қабырғаларына түсірілген перпендикуляр түзулер шеңберді тағы да төрт нүктеде қияды. Сонда шеңберді A, L, B, E, C, F, D, K нүктелері тең 8 бөлікке бөледі. (18, в-сурет). Көршілес нүктелерді қосатын хордалардың ортасын центрмен қосатын түзулер арқылы шеңберді тең 16 бөлікке бөле аламыз.Шеңберді тең бөліктерге бөлу. 9 сынып

  2. Шеңберді тең 5 және 10 бөлікке бөлу. Шеңберге іштей дұрыс бесбұрыш салу үшін оның өзара перпенлдикуляр АК және MN диаметрлерін жүргіземіз. NO кесіндісінің ортасын табамыз. (18, г-сурет). [NL] = [LO]. L нүктесін центр етіп алып, А нүктесі арқылы шеңбер жүргізеді. Міне, осы шеңбер MN диаметрін Ғ нүктесінде қияды. Сонда АҒ кесіндісі берілген шеңберге іштей сызылатын дұрыс бесбұрыштың бір қабырғасының ұзындығын береді. Шеңберсызар сирақтарының бір ұшын А нүктесіне, екінші ұшын Ғ нүктесіне орнатып, одан кейін шыңберсызар сирақтарының аралығын өзгертпей шеңбер бойынша, мысалы, А нүктесінен бастап төрт рет өлшеп салу арқылы B, C, D және Е нүктелерін аламыз. А және Е нүктелерінің аралығын А және Ғ нүктелерінің аралығымен салыстырып көреміз. Бұл аралықтар өзара тең болуы қажет. Егер соңғы теңдік сақталмаса, онда салу жұмысының дәл орындалмағаны. Сондықтан тұрғызуларды кем дегенде әртүрлі екі әдіспен орындап, оның дәлдігін қадағалап отыру керек.

ІV.Тапсырма: Шеңберді тең бөліктерге бөлу ережелерін пайдаланып, ою-өрнектерді орындаңдар. (65-сурет)

Шеңберді тең бөліктерге бөлу. 9 сынып

V. Сабақты бекіту. Алғашқы ұйымдастыруды бекіту сұрақтарға жауап беру.

Шеңберді тең бес бөлікке бөлудің тәртібін айтып беріңдер. Шеңберді кез келген тең бөліктерге қалай бөлуге болады?

</ VІ.Бағалау.

VІІ.Үйге тапсырма беру: сызбаларды аяқтап әкелу.









 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал