7


  • Учителю
  • Композицияда туындының болмысын ашу. Ертегі кейіпкерлері (5-класс)

Композицияда туындының болмысын ашу. Ертегі кейіпкерлері (5-класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ақтөбе облысы, Темір ауданы,

Ә. Молдағұлова атындағы негізгі мектебі

Бейнелеу өнері пәні мұғалімі:

Рамазан Ақылбек Арыстанбайұлы



Сабақтың тақырыбы: Композицияда туындының болмысын ашу. «Ертегі кейіпкерлері»

Сабақтың мақсаты: композициядағы туындының болмысын ашу, яғни ертегілердегі кейіпкерлерді композициялық тұрғыдан қарастырып оқушыларға түсіндіру.

Білімділігі: оқушыларға бейнелеу өнеріндегі ертегілер кейіпкерлері туралы жалпы мағлұмат беру, тақырыптың мәнін ашып түсіндіру.

Дамытушылығы: оқушылардың танымдық қасиетін дамыту, логикалық ойлау, дұрыс сөйлеу, есте сақтау, ойдан құрастыру қабілетін дамыту.

Тәрбиелілігі: оқушыларға эстетикалық тәрбие беру, кезеңдер бойынша суретті тез әрі оңай салуға дағдыландыру.

Көрнекілігі: ертегі кейіпкерлері салынған суреттер.

Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты меңгерту.

Әдіс - тәсілдері: түсіндіру, сұрақ - жауап.

Пәнаралық байланыс: әдебиет



Сабақтың өту барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

4. Тапсырмалар орындау.

5. Сабақты бекіту.

6. Үйге тапсырма.



Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі: оқушылармен амандасып, кезекшіні анықтап, оларды түгендеу, құрал - жабдықтарын тексеру. Барлығының назарын сабаққа аударту.



2. Үй тапсырмасын тексеру: композициядағы қарама - қарсы заңдылықты пайдаланып, «күннің батуы» тақырыбында салған суреттерін тексеру. Сұрақ - жауап арқылы өткенді қайталау. Оқушылардың өткен материалдарды қалай меңгергенін тексеру.

Сұрақтар: 1) композицияда неше заңдылық бар? (4 заңдылық бар).

2) композиция заңдылықтарын атаңдар? (бүтіндік, үлгі, қарама - қарсы және композицияның барлық заңдылықтары мен амалдарының негізгі идеялық түпкі ойға бағынуы заңдылықтары).



3. Жаңа тақырыпты түсіндіру: Ақындар өмірді өлең - сөзбен, күйшілер музыка ырғағымен баяндайтын болса, бейнелеу өнері өмірді қолмен ұстап, көзбен көргендей етіп бейнелер арқылы баяндайды. Бейнелеу өнерінің ерекшелігі суретшінің өз көзімен көріп, түсінген шындығын сол сәтімен айқын көрсетуінде. Адам өмірінде бейнелеу өнерінің маңызы өте зор. Бүгін бейнелеу өнеріндегі ертегі кейіпкерлерімен таныса отырып олардың суреттерін саламыз. Яғни белгілі бір өзімізге таныс ертегіні көз алдымызға елестетіп, қара қарындаш арқылы өзіміздің альбомымызға суретін бейнелеп саламыз. Мысалға, мына бір ертегіге көз салып қарайтын болсақ, бұл «қарттың ұлына өсиеті» деген тақырыптағы ертегі, ал мына жерде сол ертегіні суреттер арқылы көрсеткен. Мысал ретінде осы ертегіні сіздерге баяндап берейін, содан соң сендер өздерің білетін ертегіге сурет саласыңдар. Міне мына жерде: Бір бай о, дүниеге кетер уақытында, яғни өлер уақытында ұлын шақырып алып:



- Ұлым, мен өлген соң жұма сайын қыз алып, қала сайын үй сал. Ас жесең, бал же, - деп, өсиет айтыпты.



Бай дүниеден өтіп, ұлы атасының өсиетін орындай бастайды, жұма сайын қыз алып, қала сайын үй салады. Ас ішсе, бал ішіп, ақшасын бітіреді. Сөйтіп, жігіт далаға шығып біраз жүріп, бір үйілген тастың тасасына отырып, бөркін қолына алып, басын ұстап отырған уақытта, бір жақтан бір шал келіп жігітке сәлем береді. Жігіт сәлемін алған соң, ол адам жанына отырады да, жігітке:

- Неғып отырсың? - дейді.

Жігіт: Жәй отырмын, деп жауап береді.

Шал:- Шыныңды айт! - деп қыса бастайды.

Жігіт еш нәрсе айтпайды.

Шал:- Сырыңды жасырма! Мен саған жақсылық көрсетемін, - дейді.

Жігіт: Менің атам бай адам еді, сол атамның өлер алдында айтқан өсиетін орындаймын деп, кедей болдым дейді.

Шал: - Қандай өсиет айтып еді? - дейді.



Жігіт: - Әуелгі өсиет: «Мен өлген соң жұма сайын қыз ал». - деп еді, мен атамның сол өсиетін тұтып, жұма сайын қыз алдым. Екінші өсиеті: «Қала сайын үй сал», - деп еді. Мен қала сайын үй салдым. Үшінші өсиеті: «Ас ішсең, бал же». - деп еді. Мен бұл өсиетін де орындап, әр күні бал жедім. Солай етіп, үш жылда барлық ақшам таусылды, - дейді.

Шал тұрып жігітке: - Сен атаңның өсиетін ұқпаған екенсің, өйткені атаңның: «Жұма сайын қыз ал» - дегені: «Әйеліңмен сыйлас бол, қадіріңді кетірме. Сонда ғұмыр бойы тату - тәтті өмір сүресің» - дегені. «Қала сайын үй сал» - дегені. «Қала сайын достарың болсын, барғанда түсетін» дегені еді. «Ас ішсең, бал же» - дегені: «Еңбек істеп ас ішсең, балдан тәтті болады» - дегені еді, - деп қарт өз жөніне кетіпті.

Жігіт әкесінің терең мағыналы өсиетіне сонда ғана түсініпті.



4. Сарамандық жұмыс: оқушыларға өз ойларынан белгілі бір ертегіні пайдаланып «ертегі кейіпкерлері» тақырыбында сурет салдыру.



5. Бекіту кезеңі: оқушыларға сұрақ қою арқылы, сөзжұмбақ арқылы бүгінгі сабақты бекіту.

п Е й з а ж

т ө Р т

и л л ю с Т р а ц и я

к е з Е ң

н е Г і з г і

ү й л е с т І р у



1. Табиғат көрінісі бейнеленген көркем шығарма?

2. Композицияда неше заңдылық бар?

3. Ертегі мазмұнында салынған сурет қалай аталады?

4. Суретті рет ретімен салынуын қалай атайды?

5. Қызыл, сары, көк бұлар қандай түстік шешімдерге жатады?

6. Композиция сөзі латын тілінен аударғанда не деген мағынаны білдіреді?



6. Бағалау: оқушыларды бағалау

7. Үйге тапсырма: берілген тірек сөздерді қолданып, өз ойыңнан ертегі құрастырып дәптерлеріңе жазыңдар және сол бойынша сурет салыңдар. Тірек сөздер: жігіт, сақина, сиқырлы сандық, сұлу қыз, жол.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал