7


  • Учителю
  • Сурет пәні. Тақырыбы: Қозғалыстағы адамның жалаңаш денесі

Сурет пәні. Тақырыбы: Қозғалыстағы адамның жалаңаш денесі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Пән: Сурет

Күні: 4.11.2016ж.

Тобы: «СҚӨ және дизайн» 3-курс



</ І. Сабақтың тақырыбы: «Қозғалыстағы адамның жалаңаш денесі».



ІІ. Сабақтың мақсаты - дидактикалық міндеттері:

  1. Білімділік:Қозғалыстағы жалаңаш адам тұлғасының конструкциялық құрылымын ұйымдастырудағы әдіс-тәсілдерін меңгеру;

  2. Дамытушылық: адам тұлғасының анатомиялық құрылымын жіктеп, танысып, айыра білу, салып үйрену, дамыту;

  3. Тәрбиелік: адам тұлғасын бейнелеуде әсемділікке, адамның сыртқы табиғи сымбатына көңіл аудару, сурет салу барысында эстетикалық тәрбиеге баулу.



ІІІ. Қолданылатын көрнекіліктер - адамның жалаңаш денесі, көрінісі-тұлға сүйектері, сурет салу реттілігі, суреттер.



ІV. Сабақтың түрі - практикалық.



V. Пән аралық байланыс - сызу, анатомия, геометрия.



VІ. Сабақтың өту әдісі - 1) хабарлама;

2) көрнекілік;

3) сұрақ-жауап;

4) практикалық жұмыс.



VІІ. Сабақтың жоспары - 1) ұйымдастыру кезеңі;

2) тақырып түсіндіру;

3) практикалық жұмыс;

4) сабақты қорытындылау;

5) үйге тапсырма.



VІІ. Сабақтың өту барысы:



1) Ұйымдастыру кезеңі - дәрісхананың сабақ өткізілуіне дайындығын қадағалау, оқушылардың сабаққа әзірліктерін тексеру, жоқ оқушыларды тексеру.



2) Тақырып түсіндіру:

Сабақтың тақырыбы - «Қозғалыстағы адамның жалаңаш денесі»

Адам тұлғасы өзінің ерекше жаратылуымен, құрылысымен өте күрделілігімен көзге түседі.

Тұлға салу барысында сызықтық-құрылымдқ сызықтар анықталып болғаннан кейін білімгер бөлшектердің жарық-көлеңке, көлем және массасына көңіл бөле бастайды. Ол сызықтық-құрылымдық жағдайдан жарық-көлеңке ауысады. Мұнда жарық-көлеңке бөлшектеудің бетінде сызықтармен белгіленеді. Мысалы, кеудедегі, бастағы, қол-аяқтардың жарық пен көлеңкесін бөледі де, жарықтың және көлеңкенің реңдерін сызықпен белгілеп, штрихпен көрсете бастайды.

Нәрсеге қарап сурет салуда негізгі пішінге немесе центрге көп көңіл бөлінеді. Қойылатын мақсат-негізгіні көрсете білу. Ол үшін дене қажетті реңдермен штрихталып біткеннен кейін жалпылау жұмысын білімгер өзіне мақсат етеді. Жалпылау жұмысына келгенде білімгер кеңістік перспективасымен кіргізеді. Кеңістік перспективасы реңмен штрихпен көрсетіледі. Кеңістік перспективасы адам тұлғасын аядан бері шығарп алу үшін жасалады.

Бұрын да айтылғандай, академиялық суретті үйренушіге, біріншіден, сызықтық-құрылымдық тұрғызуды дұрыс және перспектива заңдылықтарымен көрсете білу, оның ішкі немесе көрінбейтін артқы контур сызықтарын көрсете сызумен қатар сүйек құрылыстарын жеңіл түрде көрсете білу мақсат. Бұл мақсаттан көптеген қателіктердің көрәінбейтіндігі жылдапр бойғы тәжірибелерден айқын.

Көптеген қателіктерді тексеруде құрылымдық таңдаумен ғана перспективаның көмегімен айқын көріп, қателіктерді түзетуге болады. Бізге белгілі бейнеленетін кезі оның жалпы пішініне көңіл қойып назар аударады, соадн кейін оның бас, қол-аяқ бөліктерінің, олардың бөлшектерінің анық-қанығын көре бастайды.

Сурет әдеттегідей қағазға композициялық шешімде орналастырудан басталады. Сонымен бірге, жалпы пішінннің қалыбы мен масса және қимылды ұстау керек, қалай нәзік ишара пайда бола бастағаннан кейін-ақ лезде анатомиялық заңдылықтарды сақтай отырып адам тұлғасын сала бастайды. Бұл жерде сіздің алдыңызда екі тапсырма тұрады: 1/ адам тұлғасын дұрыс тұрғызу, ол қисайып немесе шалқайып па, еңкейіп пе қалмауы керек; 2/ адам дене мүшелерінің бір-біріне пропорционалды үйлестіре білу. Естен шығаруға болмайтын тағы бір жайт- салынып жатқан бейнені ол адамға, нақнұсөаға ұқсастығы.

Суреттің қағазға орналасуын, композициялық құрылымын алғашқы долбар сызықтармен шешкеннен кейін скелеттің құрылысын тұрғызуға көшеміз.

Сурет салу кезеңінде жалпы белгілеуден жекеге көшу заңдылықтарыныңа сүйенеміз. Ең алдымен үлкен бөлшектерге пропорциялық қатынастарды анықтай отырып, адам денесінің мүшелерін түгелдей біржола анықтауға көшеміз. Жарық пен көлеңкесін айқындаймыз. Бастан табанға дейінгі аралықта жарық біртіндеп қоюланып, көлеңкеге ұласады.

Адам тұлғасын бейнелеуде оның формасы мен пропорциясына назар аударған жөн.

Сурет пәні. Тақырыбы: Қозғалыстағы адамның жалаңаш денесі

Адам тұлғасын салудың бірінші, екінші кезеңдері





Сурет пәні. Тақырыбы: Қозғалыстағы адамның жалаңаш денесі

Адам тұлғасын салудың үшінші, төртінші кезеңдері



3) Практикалық жұмыс.

Жоғарыда айтылған түсініктемелерді ескере отырып, оқушылар өз бетімен практикалық жұмысқа кіріседі. Сурет 50*70 см көлеміндегі планшетке орындалады. Сурет натурадан қарап салынады. Натура - кіші көлемдегіжалаңаш адам бейнесі. Жоғарыдан, сол жақтан шам сәулесі түседі. Практикалық жұмыс барысында оқушыларды дұрыс жолға бағыттау, қателіктері болса айтып, түзету.

Сабақ аяқталуына жақындағанда жұмыстарын тексеру. Үй тапсырмаларын бағалау, үйге жаңа тапсырма беру.

4) Үйге тапсырма: А4 форматында жалаңаш адам бейнесінен долбарлар, суреттемелер орындау.

5) Сабақты қорытындылап, аяқтау.











«СҚӨ және дизайн» бөлімінің

оқытушысы: М.М.Тулепова



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал