7


  • Учителю
  • Конспект урока Әдеби шығармаларға иллюстрация.Композициялықтың ортасы. Фактураның мүмкіндіктері

Конспект урока Әдеби шығармаларға иллюстрация.Композициялықтың ортасы. Фактураның мүмкіндіктері

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Күні ______ Пән: Бейнелеу өнері. Сабақ: Сынып : 4





Сабақтың тақырыбы: Әдеби шығармаларға иллюстрация.Композициялықтың ортасы.

Фактураның мүмкіндіктері.



Сабақтың мақсаты: мәтіннің не туралы екенін түсінуге,оның мазмұнын ашуға көмектесу,оны көрнекі түрде беру жайлы мағлұмат таныстыру.

Көрнекі құралдар: кітап,суреттер.

Қажетті құрал-жабдықтар: қағаз,жай қарындаш,түрлі түсті фломастер.

Сабақтың мазмұны

Конспект урока Әдеби шығармаларға иллюстрация.Композициялықтың ортасы. Фактураның мүмкіндіктері

Сен оқығанды ұнататын боларсың. Өзіңнің сүйікті кітабың мен сүйікті кейіпкерің бар шығар. Олай болса, сол шығармаға иллюстра­ция жасап көрейік

Конспект урока Әдеби шығармаларға иллюстрация.Композициялықтың ортасы. Фактураның мүмкіндіктері



Иллюстрация - көрнекі түрде бейнелеу. Кітап, газет, журналдардан мәтіннің жанына салынған суретші туындысын немесе фотосурет көреміз. Міне, бұл - иллюстрация деп аталады. Иллюстрацияның міндеті - мәтіннің не туралы екенін түсінуге, оның мазмұнын ашуға көмектесу, оны көрнекі түрде беру.

Жұмысқа кірісер алдында бұл әдеби кейіпкер өзіңе несімен ұнайтынын ойла. Ол көрікті, бәлкім ержүрек батыр шығар. Мүмкін ол күшті немесе көңілді, тапқыр болар. Осы сұрақтарға жауап беру үшін туындының мазмұнын әбден түсініп, кейіпкердің басынан кешкендерін елестету қажет.

Салатын суретіңнің сюжетін анықтап ал. Бірақ алдымен суреттің жалпы композициясының нобайын жаса. Кейіпкер табиғат аясында ма, үлкен сарай ішінде ме, әлде үңгірде ме? Алдымен әрекет орнын, қай уақытты, қандай ауа райын салатыныңды белгілеп ал. Бұл келешек иллюстрация сюжетін беруде өте маңызды болуы мүмкін.

Туынды кейіпкерлерінің келбетін дәл бейнелеу де өте маңызды. Кейіпкердің келбеті автордың берген сипаттамасымен сәйкес келуі тиіс. Кейіпкердің бойының ұзын не аласа, денесінің толық не арық кенін,киімін,шаш қою үлгісін,қозғалыс,жүріс-тұрыс ерекшелігін анықтап ал.Кейіпкердің жеке қасиеттерін анықтап берген сайын ол бар қырынан ашыла түседі.









 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал