7


  • Учителю
  • Сабақтың тақырыбы: «Қазақтың ұлттық киімдері»

Сабақтың тақырыбы: «Қазақтың ұлттық киімдері»

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сабақтың мақсаты: а) білімділігі: оқушылардың сәндік қолданбалы өнері жайында білімдерін толтыру, қазақтың ұлттық киімдері туралы түсінік беру;б) дамытушылығы: оқушылардың ой-өрісін дамыту, ұлттық киім түрлерін дұрыс бейнелеуге баулу;в) тәрбиелігі: оқушылардың эстетика
предварительный просмотр материала

Батыс Қазақстан облысы

Тасқала ауданы

Ы.Алтынсарин атындағы ЖББОМ

Бірінші санатты бейнелеу өнері және сызу пәнінің мұғалімі

Насемов Нурлан Тулегенович


Сабақтың тақырыбы: «Қазақтың ұлттық киімдері»

Сабақтың мақсаты:

а) білімділігі: оқушылардың сәндік қолданбалы өнері жайында білімдерін толтыру, қазақтың ұлттық киімдері туралы түсінік беру;

б) дамытушылығы: оқушылардың ой-өрісін дамыту, ұлттық киім түрлерін дұрыс бейнелеуге баулу;

в) тәрбиелігі: оқушылардың эстетикалық талғамын арттыруға, ұлттық дәстүрге тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс: еңбек, тарих, әдебиет.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: шығармашылық топпен жұмыс.

Көрнекілігі: ұлттық киімдер түрлері көрсетілген слайд, сөзжұмбақ, үлестірмелі тапсырмалар, жұмбақтар.

Қажетті құрал-жабдықтар: қарындаш, формат, түсті қағаз-картондар, қайшы, желім, түсті қарындаштар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушылармен амандасу, түгелдеу, сабаққа назарын аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру: оқушылардың білім жетілдіру мақсатында қойылатын парақтар арқылы топ жұмысын ұйымдастыру. Әр топ берілген сұрақтарға жауап береді.

1 топ. Сәндік қолданбалы өнер дегеніміз не?

2 топ. Киіз үй жабдықтарын ата?

3 топ. Ісмер дегеніміз не?

4 топ. Ою-өрнектер неше топқа бөлінеді?

ІІІ. Жаңа сабақты меңгеру.

Қазақы киім көненің көзі. Қазақ киімдері көп, үлгісі де көп. Кейбірінің сырт көріністерімен атаулары өзбек, қырғыз ағайындардың киімдеріне ұқсас болғанымен, біздің халықтың киім пішіндері мен нақыштары өзгеше.

Қазақ киімдерін күнделікті тұрмыстық және салтанаттық-сәндік деп екіге бөлуге болады. Біріншісі арзанқол, бірақ шаруа жұмысқа берік, қарапайым үлгіде тігілсе, ал екіншісі бағалы, көргенде көз тартатын әдемі, сапалы маталармен сәнді пішіліп, үлгісіне лайық безендіріліп әсем тігіледі. Жалпы алғанда, қазақы киімдер етек-жеңі мол, қарапайым жұмысқа, жүріп-тұруға үйлесімді, дене сымбатын ашады.

(оқушыларға интерактивті тақтамен ұлттық киімдерді көрсете отырып таныстыру).

IV. Практикалық жұмыс: оқушыларды төрт топқа бөлу, бөлінген топқа тапсырма беру.

1 топ. Ер адамның сырт киімдерін бейнелеу.

2 топ. Әйел адамның сырт киімдерін бейнелеу.

3 топ. Батырлар киімдерін бейнелеу.

4 топ. Қазақтың ұлттық бас киімдерін бейнелеу.

Тапсырманы орындай отырып төмендегі жұмбақтарға жауап берейік.

  1. Адамның сәні, онсыз жоқ мәні. /киім/

  2. Дорбаға тығып бас жағын,

Байлай салдым бас жағын. /тымақ/

  1. Іші егіс, сырты тегіс. /тон/

  2. Аузы бір құбыр. /шалбар/

  3. Дөңгелек өзі, төртеу көзі,

Ұстайды мықтап, тұрғанды сырттан. /түйме/

  1. Әшекейлі күбіні,

Үюлі тұрған шөмеле,

Кигіздім биік төбеге. /сәукеле/

Сергіту сәті: «Баскиім» сөз жұмбағын шешу.



Б


А


С


К


И


І


М


1. Әйелдер де, ер кісілер де киетін бас киім. (бөрік)

2. Ерлердің қыстық бас киімі. (тымақ)

3. Қалыңдық бас киімі. (сәукеле)

4. Жас келін балалы болған соң киетін бас киім. (кимешек)

5. Тұрмыс құрмаған қыз балалар киетін бас киім. (тақия)

6. Орамал тәрізді тоқылған әйел бас киімі. (шәлі)

7. Елбасы, ел ағалары киетін қалпақ түрі. (мұрақ)

V. Сабақты қорытындылау: оқушылардың жұмысын тексеріп шығу.

Жақсы салынған суреттерді үлгі етіп көрсетіп, талдау жасау, бағалау.

VІ. Үйге тапсырма: Басқа ұлттық киімдер туралы мәлімет іздестіру.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал