7


  • Учителю
  • Суретшілер шығармаларын талдау. Сабақ жоспары. 6 Сынып

Суретшілер шығармаларын талдау. Сабақ жоспары. 6 Сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Мұғалімнің аты-жөні Амирова Гульжан Медетқызы Д.Нұрпейісова атындағы орта мектеп Сыныбы: 6 а Пәні: Бейнелеу өнері Сабақ тақырыбы: Суретшілер шығармаларын талдау Сілтеме: ҚР Білім беру стандарты,пән бағдарламасы, Авторы:З Айдарова Баспасы: Алматы «Атамұра» 2011
предварительный просмотр материала

Мұғалімнің аты-жөні

Амирова Гульжан Медетқызы

Д.Нұрпейісова атындағы орта мектеп

Сыныбы:

6 а

Пәні:

Бейнелеу өнері

Сабақ тақырыбы:


Суретшілер шығармаларын талдау

Сілтеме:

ҚР Білім беру стандарты,пән бағдарламасы, Авторы:З Айдарова

Баспасы: Алматы «Атамұра» 2011

Жалпы мақсаты:

Оқушыларға тың мәліметтер беріп, білімді қалыптастыру, жаңа мағлұмат беру .Сабақ оқытудың негізгі үрдісін есте қалдыру,оқушы санасына терең сіңіру.
Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты
түсіне білу.

Әдіс- тәсілдер:


Блум таксономиясы , сыни тұрғыдан ойлауға үйрету

Күтілетін нәтиже

Эстетикалық тұрғыда бейнелеуге үйрету

Тапсырманы орындағанда бастапқы біліміне сүйеніп, алға қарай да өмірде пайдалану;

Сыни ойлау арқылы терең білім алу қабілетін дамыту

Негізгі идеялар


Оқушыларды өнертанушылыққа, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу

Дереккөздер

Интерактивті тақта, электрондық оқулық, иллюстрация,дидактикалық материалдар.

бейнебаян

Сабақ кезеңдері


І Ұйымдастыру

Ынтымақтастық атмосферасын орнату үшін шеңберге тұрып, «Жылы лебіз » тренингін өткіземін

Тапсырмалар


Үй тапсырмасын тексеру:

-- Кескіндеме жасау техникаларының қандай түрлерін білесің?
- Майлы бояу арқылы жұмыс жасауда қандай ерекшеліктер бар?
- Сендер қандай суретшілерді білесіңдер?
- Олардың қандай шығармалары сендерге таныс?



ІІІ Білу ,тану

Бейне баян көрсету Суретшілер шығармаларын көріп, қабылдауда суреттегі табиғат көрінісі, заттар тобы, оқиғалар, адамдардың көңіл күйі, яғни қуанышқа, қайғыға, қорқынышқа икемдігін түсініп, автордың бейнеленген бейнеге, оқиғаға әсерленуін, сүйіспеншілігін, ренішін аңғару қажет. Суретші С. Мәмбеевтің шығармасына назар аударып көрелікші.
Қазак халқының мақтаныш етер шебер суретшілерінің бірі Сабыр Мәмбеевтің көркем шығармалары ең алдымен көрерменнің эстетикалық сезіміне әсер етеді. Түстердің әсемдігі, композицияның анықтығы, бояу колоритінің байлығы суретшінің әрбір шығармасында әлемді әуезді кабылдауға бейімділік байқалады. Суретші шығармалары көрген адамның жан дүниесін тебірентпей қоймайды.
Мысалы, оның «Жолға шыққанда» атты шығармасына назар салып, мұқият зерделеп көрейік. Бұл шығарманы сендер оқулық беттерінен талай рет көріп, таныс болғансыңдар. Суретшінің салған суретінде алдыңғы планда жол жүріп, шаршаған бір топ адамның демалып отырған кезі бейнеленген. Суретте сол жақта сәби көтерген ақ көйлекті ана бейнеленген. Оның жанында ашық түсті киім киген ер адам отыр. Сары және көгілдір жейде киген екі ұл бала тура көрерменге карап, көк шалғынның үстінде жатыр. Көк-жасыл түсті көйлек киген кыз бала ең шетте отыр.
Суреттегі көріністі суретші көлденең жазық қалпында бейнелеген. Суретте аспан, тау, адамдар үстіндегі киімдері де көлденең жатық сызықты бояулармен жазылған. Суретші шығармасында биік таулардың әсем табиғаты бейнеленген. Алыстағы таулардың көрінісі, аппақ қар басып биіктей түскен шыңдар аспанмен бірігіп кеткендей. Тау басындағы бір қарағанда аппақ болып көрінетін қарға назар салып, бақылап мұқият қарасақ, ондағы ақ түстерден өзге сары, күлгін, қызғыш, жасыл, көкшіл түстердің де барлығын байқаймыз. Бұл суретшінің түс жарасымдығын
табуда, бояу колоритін байыту әдісін жақсы меңгергенін байқатады. Біз қашықтан ақ түстерді жақындағы сияқты таза аппақ күйінде көре алмаймыз, одан басқа ақ түс құрамында сары түстер реңктері, тіпті қызыл-сары түстер де пайда болады. Ара қашыктық алыстаған сайын жасыл түстер өте қатты өзгеріске енеді. Осы өзгерістер суретші шығармасындағы жасыл түсті қыраттар мен ойпаттар көрінісінде орын тапқан. Заттар арасындағы қашықтықты бояу арқылы беру үшін оларды бақылап, жақындағы табиғи түстерді алыстағымен салыстыру қажет.
Суретшілер кеңістік, ауа, жарық түс, адам денесінің көлемі мен мүше бөліктерін бере білу шеберлігін меңгере отырып, өнердің биік те таңдамалы шығармаларын жасай біледі. Мына суретте суретші жаңбырлы күнгі ауа райын бейнелеген. Біздің түстерді қабылдауымызға, әдемі «сабақтас» түстің пайда болуына жарық, қашықтық, яғни ауа қабаты және түстік ортаның қатар тұруы шешуші ықпал жасайды. Мысалы, жазғы ашық ауада жарық түскен жерлерде түстер өзінің қанықтылығын жоғалтады. Бұлтты күндері түстер өзінің қанықтылығына ие болады да, біздің көзі
міз түстік алмасулар мен реңктерді әлдеқайда көбірек қабылдайды. Бұл суретте суретші көбіне шектеулі палитраны пайдаланған. Нағыз суретші ең елеусіз және күнделікті нәрсенің өзінен көп жағдайда қызықты нәрсені көріп, оны өз шығармасында көрсете біледі. Кейбір суретшінің тек бір тақырып бойынша ой-өрісі шексіз болады. Суретші И. К. Айвазовскийдің теңіз тақырыбына арналған белгілі «Тоғызыншы толқын» атты шығармасын сендер 5-сыныпта көріп, тамашалаған болатынсыңдар.

Ол күнмен бірге тұрып, таңертеңгілік астан кейін қолына өзінің қылқаламын алған. Суретін түске дейін салып, одан кейін барып теңіз жағалауында демалуды жөн көрген. Тынығып алып, кешке дейін жұмысын жалғастырған. И. К. Айвазовскийдің ішкі жан дүниесі мен еңбекқорлығы ерекше таң қалдырады. Ол бірнеше күндер бойы жалғыз өзі кеменің үстінде отырып, теңіз жағалауында сурет салған. И. К. Айвазовскийдің суретінде тынымсыз дабыл қаққан қатыгез теңіз бейнеленген. Ашулы толқынын аспанға атқан теңіз кемені сан бөлікке аяусыз бөлшектеп сындырды.
Жасыл-көк толқынның арасында тек бірнеше адамдардың жан ұшырып тірі қалғанын көруге болады. Олар кемеден қалған соңғы қалдықтарға жабысып, ең қорқынышты зардапты күтуде. Адамдар соңғы сынақтан тірі қала ма, жоқ әлде ауыр толқын оларды жұта ма? Міне, қою бұлттардың арасынан күннің сәулесі үшкір найзағайдай жарқырап көрініп келе жатыр. Күн, жарық күн. Бар үміт осы жаратылыста. Ол үмітін үзген жандарға катыгез теңізді жеңуге көмек көрсетеді. Суретшінің бұл драмалық көрінісін қарап отырып, жан дүниең ақтарыла тебіренеді.Теңіздің иісі мұрныңа келіп, оның толқынынан шашыраған тамшылары бойыңды серпіп өткендей болады. Құлағыңа ауыр толқынның тулап барып құлаған даусы естіліп, бір мезет ойыңнан селт ете қаласың. Өйткені суретші теңіздің сұлулығын, оның күштілігін суреттейді. Сонымен қатар суретші, суретте тынымсыз теңіздің көрінісін бейнелеу арқылы адамзаттың өмір үшін күресін, қайсарлығын көрсете білген.
Ә. Ысмайыловтың «Жуалы атырабында» атты шығармасында мұнар басқан қат-қабат таулар, өмірдің шексіздігі мен салтанатын білдіретін жайлау, өзен бейнеленген. Бір қарағанда таулардың бәрі бірдей сияқты, ал түстері әр түрлі. Әдетте таулар бізден қашықтаған сайын олардың түстік бояулары да ашығырақ, көгілдірлеу болып көрінеді. Біз көретін түстердің әрдайым өзгерісте болуына тәулік мезгілі, ауа райы құбылыстары да әсер етеді. Кешке қарай күн сәулесі ауа қабатының тығыз бөлігін көлденең қия отырып қиғаш түседі. Себебі жерден көтерілген бу ауаны қоюландыра түседі де, күн батарда сары және қызғылт реңктер пайда болады. Суретші шығармасын анықтап қарасаңдар, осы кезде қызғылт сары жылы түстермен бар әлем жаңғырады, ал көлеңкелер мұндай кезде басқа реңктерге, яғни салқындау суық түске енеді.
Қашықтан қарағанда түрлі түстер әр түрлі күйде өзгеретінін аңғаруға болады. Бұл әдетте бұйымдардағы табиғи түстердің өзгеруін бақылау кезінде кездеседі. Егер күн біздің артымызда немесе төбемізде тұрған болса, алыстағы кара түстер бізге ағарып көрінеді. Осы өзгерістер «Жуалы атырабында» жақсы көрсетілген.
Суретші Қ. Телжановтың «Көкпар» атты шығармасында қазақтың кең-байтақ даласында көкпар шауып, тартысқа түскен ер-азаматтар бейнеленген. Ширыққан ат үстінде шыныққан көкпаршы жігіттер. Суретші бұл шығарманы жасау үшін ең алдымен эскиздер салып, аттардың әр түрлі қозғалыс кезіндегі қимыл-қалыптарын қағаз бетіне түсіреді. Одан кейін кең дала табиғатын, адамның бастары мен қолдарын, денесін сан түрлі кейіпте жеке-жеке орындап шығады. Бұл шығармадан біз орындалу техникасының және адам ойының мазмұнға бай көрінісін көре аламыз.Суретші шығармасындағы алдыңғы планда аттылардың бәрінен озып келе жатқан негізгі көкпаршы өзінің алғыр да күш-жігеріне сенімі мол екендігінен хабардар етеді. Суретшінің басты назарын жарық пен көлеңкеге көбірек бөлетіні сезіледі. Осы жарық пен көлеңке алдыңғы қатардағы көкпаршының бет әлпетін жандандырып, өңін аша түскен. Суретші шығармадағы әрбір кейіпкердің өзіне тән бейнесін ашып көрсету үшін оларды көгілдір фонда күн сәулесінің жарығымен айқындай түседі.

.





Сабақты бекіту

І тапмырма:-Айвазовскиидің «Тоғызыншы толқын» картинасында бейнеленген оқиға туралы

не айтуға болады?

-Суретші өз картинасында қандай түстерді көбірек пайдаланған?

ІІ тапсырма:Сәйкестендіру тестісі.

а/ Қ Телжанов б/Жуалы атырабында

Ә Ысмайлов Тоғызыншы толқын

И Айвазовскии Көкпар

С Мәмбиев Жолға шыққанда

Сарамандық жұмыс

Қ Телжанов « Көкпар» шығармасын орындау


Үйге тапсырма беру

Әр түрлі суретшілер шығармаларын салыстыра отырып, ерекшеліктерін ашуға тырыс





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал