7


  • Учителю
  • Конспект урока ИЗО Үйлестіру заңдылықтары

Конспект урока ИЗО Үйлестіру заңдылықтары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақ: №5

Сабақтың тақырыбы:

Үйлестіру заңдылықтары.

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Композиция жайлы жалпы мағлұмат беру.

ә) Дамытушылық: Қағаз бетіне затты үйлестіріп бейнелеуге үйрету. Бірнеше

заттарды қағазға ретпен орналастыруға жаттықтыру.

б) Тәрбиелілік: Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты

түсіне білу.

Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: Қағаз, қарындаш, өшіргіш, бояу, қылқалам, қаламұш тағы басқалар.

Сабақтың өту барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

4. Тапсырмаларды орындау.

5. Сабақты бекіту.

6. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:Ең алдымен оқушыларға үйлестіру заңдылықтары жайлы түсіндіріп өтемін. Суретші айтпақ ойын әсерлі көрсету үшін көркем шығармада бейнеленетін кейіпкерлер мен қоршаған ортадағы нәрселерді белгілі бір тәртіппен орналастыруға көңіл бөледі. Осындай айрықша тәсілді үйлестіру заңдылыгы деп атауға болады.

Үйлестіру заңдылығының бейнелеу өнерінде атқаратын маңызы зор. Кез келген көркем тапсырманың әдемі, көрнекті, әсерлі болып шығуы үйлесімділік заңдылықтарына байланысты.

Компоновка дегеніміз - нәрсенің біріктірілген ұсақ, жеке бөлшектерінің біртұтас, бүтін болып көрінуін камтамасыз ету. Суреті салынатын нәрселердің кеңістікте өзара орналасуын дұрыс белгілеу үшін тіке, көлденең, көлбеу сызықтар пайдалану керек. Әрбір нәрсенің көрініп тұратын формасын жақсы білу үшін нәрсенің құрылысына талдау жасаған жөн. Нәрсенің құрылысын дүрыс білу үшін оның қандай геометриялық денелерден тұратынын анықтау керек. Сол үшін ең

алдымен жеке-жеке геометриялық денелерді үйретуіміз қажет. Нәрсенің суретін салып отырғанда оны әйнектен істелген мөлдір нәрсе деп қарасақ, оның формасын жақсы түсінеміз. Куб, цилиндр, призма, параллелепипед, т. б. геометриялық денелерді салғанда осы әдісті қолданған орынды. Куб, призманы сым темірмен жасап, сыртқы, ішкі көріністерін анықтау арқылы формасын, нәрсенің құрылысын толық білуге болады. Суретші шығармасында айтпақ ойы әсерлі болуы үшін бейнелейтін заттар мен адамдарды қоршаған нәрселерді белгілі тәртіп, үйлесімділік заңдылығы бойынша орналасуға көп көңіл бөледі. Бұл деген - композиция. Композиция - латын сөзі, «ойлап шығару», «құрастыру» деген үғымды білдіреді. Әдетте шығармада оқиғаның негізі өтетін және басты кейіпкерлер араласатын белгілі бір орталық болады. Әсіресе қайта өрлеу дәуірінің шеберлері өз шығармаларында бас кейіпкерлерін қақ ортаға орналастырған және ол негізгі рөл атқарған. Композиция шығарманың құрылымы тұрғысынан мазмұнның неғұрлым айқын, нанымды, әсерлі шығуына жағдай жасайды. Яғни

ол шығарманың құрылысы, оның негізгі бөлшектерінің орналасуы, оқиғалардың баяндалу реті. Қарапайым сөзбен айтқанда, көркем шығарманың ішкі құрылысы толып жатқан бөлшектерден тұрса, үйлесімділік (композиция) сол бөлшектерді өзара құрастырып, біртұтас етеді. Композиция мен сюжет өзара тығыз байланыста болады.Кейіпкер өз ортасына лайық іс-әрекетте бейнеленеді және олардың іс-әрекетін, психологиялық ішкі толғанысын, бояу ерекшеліктерін композицияның жалпы тақырыбына байланысты көріп байқауға болады.

</ Натюрморт (қарындаш, қагаз).

Үйге тапсырма беру: Өз бетіңмен еркін тақырып бойынша шығарма орында.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал