7


  • Учителю
  • Сабақтың тақырыбы: 'Жүннен сәнді әшекейлер жасау'

Сабақтың тақырыбы: 'Жүннен сәнді әшекейлер жасау'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Шебер-кластың өңдемесі


Мұғалімі: Құрманова Н.М.

Тақырыбы: Жүннен сәнді әшекейлер жасау.

Мақсаты: Жүнді сулы түрде басу әдісін үйрету. Түсті жүнді үйлесімді араластыра білуге үйрету.

Міндеті: Жүннен сәнді әшекей бұйым жасап үйрету. Бұйымның пішімін, үйлесімді түсін бере білу. Эстетикалық талғамын дамыту.

Қажет құралдар:

Мұғалім үшін - көрнекі құралдар (әртүрлі әшекей бұйымдар)

Тыңдаушыларға - жүн (түрлі-түсті), сеткі, сабын, жылы су, ыдыс, целлофан, бедерлі целлофан, резеңкі қолғап, моншақ, зергерлік түйреуіш, шаш кептіргіш, сүлгі.

Шебер-класс жоспары:

  1. Ұйымдастыру бөлімі (2-3 минут)

  2. Мақсаты мен міндетін айту (2-3 минут)

  3. Тақырыпты көрнекі құралдармен түсіндіру бөлімі (10-15 минут)

  4. Тәжірибелік жұмыс

Тақырып бойынша әшекей бұйымды жасау

  1. Сабақ барысында жеке тыңдаушыларға көмек көрсету, кеңес беру.

  2. Қорытындылау.

Шебер-кластың барысы:

Жүн-бұрынғы заманнан қолданыс материал. Одан киіз үй жабуынан бастап киім түрлерін, төсеніштер, киіз үйдің ішкі жабдықтарын, ойыншыққа дейін жасаған.

Қазіргі таңда көне дәстүр қайта жананып, ол қолданысқа енгізіліп жатыр. Көптеген дизайнер, модельерлер оны сәндік бөлшек ретінде өте ұтымды қолдануда.

Сәнді әрі қазіргі заманғы сәндік қолөнердің бірі бұл жұмыс адамның шығармашылық шабытын, эстетикалық талғамын дамытады.

Жүннен жасалған бұйымдар сәндік-қолданбалы өнердің көне түрі болса да, қазіргі таңда ол өте танымал, әрі қызықты материал болып отыр.

Киіз басу-қазақтың қол өнер саласындағы ұлттық өнерінің ерекше бір түрі. Сырмақ, киіз басуда болсын, халықтың қол өнерінің қайсыбір саласында болмасын, қазақ әйелдерінің шеберлік, көркемдік талғамы өзінің шығармашылығымен көз тартады. Киіз басуда да,сырмақ жасауда да, басқа нәрсе жасауда да негізінен оюдың композициялық құрылысының маңызы ерекше.

Қолөнер саласында басқа да түрлері сияқты киіз басуды үйрететін арнаулы оқу орындары бұрынғы кезде болмаған. Сондықтан тек ұрпақтан-ұрпаққа салт-дәстүр бойынша жалғасын тауып отырған.

Жүннен жасалатын заттар: киіз, тұскиіз, қоржын, бас киім, байпақ, дорба, пима т.б.

Қазіргі заманда жүнді қолданудың дәстүрлі сабынды-сулы, ыссы-сулы басумен қатар, құрғақ жүнді фильцтеу әдісі (арнайы инемен) кең танымал болып жатыр. Себебі, бұл жаңа тәсіл кез-келген оқу бөлмесінде, үйде пайдалануға ыңғайлы.

Сулы түрде басу-бұл бұрыннан келе жатқан әдіс, алайда қазір киіз басудың жеңіл түрі- ол сабынды сұйықты пайдалану. Жүнді сабынды сумен ысқылау және қысудың арқасында жүн талшықтары бір-біріне жақсы байланысады.

Ықшам түрінде жасалатын сәнді бұйымдар:




Моншақ, білезік, омырауға тағатын гүл (брошка), тұмар, қалта телефонына арналған қап, т.б.

Бүгінгі шебер-класта жасайтын жұмысымыз -сәнді әшекей бұйымды сулы түрде басу.

Бұйым жасау үшін қойдың, түйенің боялған немесе боялмаған түрі қолданылады. Жүнді алдымен жақсылап жуады, кептіреді. Кепкен жүнді арнайы станокта немесе қолмен түтеді. Түтілген жүн қолданысқа жарайды. Жұмысты бастамас бұрын қажетті құралдарды, материалдарды дайындап алайық.

І кезең. Алдымен омырауға тағатын гүлдің жоба суретін аламыз. Гүлдің түсін анықтап аламыз. Гүлдің түсіне сәйкес келетін моншақ түсін де ұмытпауымыз керек және гүлдің көлемі де ескерілу керек.

ІІ кезең. Жұмыс орнын дайындаймыз.

Үстелдің үстіне целлофанды төсеп, бір ыдысқа жылы су құйып сабынды соған саламыз. Мөлшермен қажетті түтілген түсті жүнді аламыз. Бір нәрсе ескеруіміз қажет, жүнді сабынды сумен басқан кезде ол 3-4 есе кшішірейеді. Сондықтан болашақ жасалатын бұйымның пішімін ескере отырып жүнді 3-4 есе көбірек аламыз. Алған жүнді сәл түтіп бірін қиғаш, бірін көлденең етіп бірінің үстіне бірін салады. Содан соң сабынды суды үстіне бүркіп, көпіргенше ысқылаймыз. Бірінші бір жағын, сосын екінші жағынан сабынды сумен ысамыз. Енді жүнді алақанға салып саусақпен гүлдің күлтешелерінің пішімін шығарамыз. Айналдыра отырып тегістейміз. Осы әдісті бірнеше рет қайталау қажет, сонда жүн талшықтары бір-бірімен қабысып, жақсы бірігеді.







Жұмыс барысында әр тыңдаушыға жеке көмек беріп, жұмыстарын тексеру, кеңес беру.

Уақытымыз аз болғандықтан, бұйым тез кебу үшін, шаш кептіргішпен кептіреміз (былайша уақытта оны кептіруге 2-3 күнге қоюға болады)

ІІІ кезең. Кепкен гүлдің одан әрі әдемі, әрі тартымды болуы үшін моншақпен әшекейлейміз. Моншақтың түсі жасалған гүлдің түсімен үйлесімді, жарасымды болуы қажет. Дайын гүлді зергерлік түйреуішке ине жіппен қадаймыз.


ІV кезең. Сәнді әшекейіміз дайын.

Гүлді омырауымызға тағатын әшекей ретінде де, бас киімді әдемілеу үшін де тағуға болады. Осындай әдемі гүл әр адамның көңілінен шығып, киімді сәндеп тұратынына сенімді.

Алдағы уақытта сіздер бұдан да басқа нәрселер жасап үйренетіндеріңізге тілектеспін.

Бәріңізге де рақмет, сау болыңыздар!




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал