7


  • Учителю
  • Ағаш бұтақтарының суретін салу.

Ағаш бұтақтарының суретін салу.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



Сабақтың тақырыбы:Ағаш бұтақтарының суретін салу.

Сабақтың мақсаты:Білімділігі:Көзге көрініп тұрған нәрсені салудың нәрсені алыстаған сайын кішірейтіп көрсетуді,жақын жердегі көріністермен салыстыруды үйрету.

Тәрбиелігі:Айналадағы қоршаған ортаны бейнелеуде ұйымшылдыққа,дербестікке,достыққа тәрбиелеу.

Дамытушылығы: Ұлы пейзажист суретшілердің туындыларымен таныстыру.

Түрі:Аралас сабақ.

Әдісі : Сұрақ-жауап,түсіндіру.

Пәнаралық байланыс :Әдебиет,ән-күй,жаратылыстану.

Қолданылатын құралдар:Пейзаж суреттері,жұмбақ,плакат,смайлик,ойлан тап суреттері.

Сабақтың барысы:Ұйымдастыру кезеңі.

Үй тапсырмасын тексеру.

Жұмбақтар шешу.

Жаңа сабақ.

Сергіту сәті.

Дәптермен жұмыс.

Ойлан тап.

Қорытынды.

Үйге тапсырма.



Кім жылдам?(блец-турнир)

1.Бейнелеу өнерінің түрлерін ата?(Сәулет ,мүсін,кескіндеме)

2.Тастан қашалып жасалған өнер түрі-мүсін дейді

3.Қазақтың тұңғыш кәсіби суретшісі - Ә. Қастеев.

4.Құрылыстар салу өнері - Сәулет өнері.

5.Ісмер деп кімдерді айтамыз? Ұлттық киімдер тігетін,қолынан іс келетін адамдарды айтамыз.

6.Жануарлар суретін салу жанры-анималисті жанр.

7. Табиғат көрінісін бейнелеу - пейзаж дейді.

Оқушылар сурет салудың алдында хормен айтады.

Сергіту сәті.

Орнымыздан тұрайық,

Қолды,қолға ұрайық.

Әсем сурет салайық,

Әдемілеп бояйық.

Жаңа сабақ

Жиын терін болатын.

Қамбаға астық толатын,

Қызыл қырман ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсың.(Күз)

-Енді балалар,осы алтын күз туралы сендердің өз ойларынан туған жазба жүмыстарың немесе шығармаларың бар ма?

(оқушылардың жазған шығармаларын оқу)

-Сонымен,балалар , бүгінгі тақырыбымыз осы алтын күзге байланысты күздегі ағаштардың бұтақтарын, жапырақтарын сурет дәптерге саламыз.

Ағаш бұтақтарына сипаттама беру.

-Біздің елімізде ағаштардың түрлері өте көп.Соның ішінде жеміс ағаштары да бар,Мысалы:алма,шие,қараөрік,қарақат т.б. бұл ағаштар көктем айында гүлдеп,күзде жемісін беретін ағаштар.

Бізді қоршаған жаратылыс адам үшін тек өмір сүретін ортаға ғана емес оған күнделікті әсер ететін құдіретті күш.Сондықтан да шығармаларының түгелге жуығын осы жанрға арнаған орыс пейзажистері Левитан,Шишкин,Васильев.т.б.Қазақстан суретшілерінің ішінде табиғатты бейнелеуге көп көңіл бөлетін,суретшілер деп Ә.Қастеевті, Ү.Әжиевті,Ә Ысмайыловты,С.Мәмбеевті .т.б.айтуға болады.Міне, балалар, осындай табиғаттағы әдемі көріністерді суреттеп көрсете білген суретшілердің жұмысын немесе туындыларын картиналар деп атаймыз.

Енді балалар тақтаға қарап ағаш бұтақтарының суретін салыңдар.

1-кезең. Ең әуелі көкжиек сызығын көлденең ,жүргізген соң, төменгі бөлігі жер беті болып есептеледі.Көз ұшындағы көк -жиекпен астасқан ормандарды сызықтар мен қарындашпен салу керек.Жақын тұрған ағаштың бұталары,жапырақтары көрсетілуі тиіс.

2-кезең. Көріністерді толығымен бояп. Пейзазждың толық көрінісін бояп аяқтаймыз.

Қ Қорытынды:

1.Пейзаж дегеніміз не?

2.Пейзажист суретшілерді ата?

3.Адам бейнесі пейзажға жатама?

Үйге тапсырма

Күзгі табиғат бейнесін бейнелеу.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал