- Учителю
- Бояулар әлемі сабақ жоспары
Бояулар әлемі сабақ жоспары
Абдуллаева Дамели Жумановна
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, МККҚ №2 «Туберкулез ауруынан сауықтыру» балабақшасы
«Бейнелеу өнері» пәні мұғалімі
Тақырыбы: "Бояулар әлемі"
Мақсаты: Бейнелеу өнеріне қызығушылықтарын арттыру, бейнелеу
материалымен ойын ойнауға ынталандыру, балаларға қуаныш сыйлау,
шығармашылық шабыт ахуалын қалыптастыру.
Көрнекі құралдар: Қылқалам, бояу, губка, трафарет, орамал, су
құйғыш құрал.
Сөздік жұмыс: Гүл, бетперде, трафарет.
Шаттық шеңбері
Қуан, шаттан алақай!
Қуанатын күн келді!
Қайырлы таң!
Қайырлы күн!
Сәлеметсіздер ме, достарым!
Ән - күй ойнап тұрады, балалар қарындаштың суреті бар бетпердені
киіп бояулар патшалығына қонаққа барады.
Бояу ханшайымы: Сәлеметсіңдер ме қарындаштар! Келгендеріңе
қуаныштымын. Менің патшалығым өте үлкен оның тұрғындары сурет
салады. Сендер сурет салуды ұнатасыңдар ма?
- Балалар қараңдаршы, бояу ханшайымының көйлегі өте әдемі.
Бояу ханшайымы: Иә, балалар сендер мұқият қараңдаршы, менің
көйлегімде бояудың әртүрлі түстері бар. Сендер түстерді ажырата
аласыңдар ма? Олай болса айтып берейікші қандай түстер бар
екен.
- Мынау ненің суреті?
- Кемпірқосақ бірнеше бояу түстерінен тұрады. Қандай?
- Балалар қазір біз екі бояуды араластырып үшінші түс шығарып
көрсетеміз.
Ақ + көк = көгілдір
Сары + қызыл = қызғылт сары
Сары + көк = жасыл.
Бояу ханшайымы: Жарайсыңдар.
- Бояу ханшайымы қарындаштар сізге сыйлыққа гүлдің суретін салып
бермекші.
- Балалар гүлдің суретін салып береміз бе?
- Гүлдің не екенін білеміз бе? Иә, гүлдер өте әдемі болады және
оның көптеген
- Гүлді біздер трафареттің көмегімен саламыз.
Сергіту сәті.
Қызыл, жасыл, қарамыз,
Қолға кезек аламыз.
Қарындашпен әртүрлі,
Алуан сурет саламыз,
Қарындаштың көмегі,
Міне қандай көп еді.
Ұстай біл де, ұстай біл,
Түрлі өрнек салу біл.
Бояу ханшайымы: Жарайсыңдар, қарындаштар сендер қандай ертегі
білесіңдер? Біздің патшалығымыздағы тұрғындар ертегі кейіпкерлерді
бейнелейді, қараңдаршы. Ой, мына суретті қиып тастаған кім?
- Бояу ханшайымы мұңаймаңыз қарындаштар сізге көмектеседі.
Көмектесеміз бе?
- Олай болса қазір біздер ертегі кейіпкерлерін құрастырамыз.
Дидактикалық ойын: «Ертегі кейіпкерлерін құрастыр»
Бояу ханшайымы: Қандай тамаша, әдемі суреттер! Рахмет.
Бояу ханшайымы сіздерде рахмет. Біздердің кететін уақытымыз болды.
Сау болыңыз!
Рефлексивті коррекциялаушы
(Балалар бетпердесін шешіп топқа оралады.)
- Балалар сендерге саяхат ұнады ма?
- Біздер қайда қонаққа бардық?
- Бояу ханшайымының көйлегінен қандай түстер көрдік?
- Бояу ханшайымына ненің суретін салып бердік?
- Жарайсыңдар, балалар белсенді қатысқандарыңа рахмет.
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: Бояу түстерін ажырата білуі.
Болуы керек: Бейнелеу өнеріне деген қызығушылығы
Баланың қолынан келуі: Қылқаламмен ұқыпты, таза жұмыс жасай білуі.