- Учителю
- Тақырыбы: «Проекциялау әдісі. Орталық ж/е паралель проекциялау»
Тақырыбы: «Проекциялау әдісі. Орталық ж/е паралель проекциялау»
Батыс Қазақстан облысы
Тасқала ауданы
Ы.Алтынсарин атындағы ЖОББМ
Бірінші санатты бейнелеу өнері және сызу пәнінің мұғалімі
Насемов Нурлан Тулегенович
Тақырыбы: «Проекциялау әдісі.Орталық ж/е паралель проекциялау»
Мақсаты: Оқушыларға проекция туралы білім беру, орталық және параллель проекциялау әдісін үйрету, сызба сызу дағдыларын арттыруға, сұрақтарға жауап іздеуге, бір-бірінің пікіріне құрметпен қарауға мүмкіндік туғызу.
Күтілетін нәтиже: 1. Бірлесіп ойларын ортаға сала алады;
2. Сұрақтарға еркін жауап бере алады;
3. Мысалдар және сызбалар арқылы проекция туралы түсінік алады.
Сабақтың түрі: СТО, ой қозғау стратегиясы
Әдістері: сұрақ-жауап,
Құрал-жабдықтар: оқулық, тақта, сызба құралдары, жұмыс дәптері, суреттер.
Сабақ барысы
І. Қызығушылықты ояту
Алма мен қағаз аламыз. Алмадан қағазға көлеңке түседі. Міне, қағаздағы фигура (көлеңке) - проекция, ал процестің өзі - проекциялау. «Проекция»-латын сөзі, ол «алға лақтыру» деген мағынаны білдіреді.
ІІ Мағынаны тану
Проекциялаудыңтөрт түрі бар: орталық, параллель, аксонометриялық және тікбұрыштап проекциялау. Егер нәрсенің кескінін салуға көмектесетін проекциялаушы сәулелер бір нүктеден шықса, мұндай проекция орталық проекциялау деп аталады. Орталық проекциялаудың қасиеттері:
-
нүктенің проекциясы нүкте болады;
-
түзудің проекциясы түзу болады;
-
фигуралардың өзара тиесілі проекциялау кезінде бұзылмайды.
Практикада жиі қолданылатын орталық проекциялаудың түрінің бірі параллель проекциялау.
Егер проекциялаушы сәулелер өзара параллель болса, параллель проекциялау деп атайды. Параллель проекциялаудың екі түрі бар: қиғашбұрыштап проекциялау және тікбұрыштап проекциялау.
Проекциялаушы сәулелер проекция жазықтығына перпендикуляр болса, проекциялауды тікбұрыштап проекциялау дейді.
Оқушыларға тақтаға сызба құралдар арқылы түзудің, фигураның және қисық сызықтың проекцияларын салу тәсілі түсіндіріліп, көрсетіледі.
А
В В
S S S
А С
α
α
α
2-слайд: Нүктені проекциялау тәсілі көрсетіледі
4-слайд: Үш нүктені бір проекция жазықтығына проекциялау тәсілі көрсетіледі
6-слайд: Кесіндінің түрлерін проекциялау тәсілдері көрсетіледі
8-10 слайд: Нәрсенің түрлі жағдайда орналасқан қырларының проекциясы көрсетіледі.
Параллель проекциялау кезінде қандай қасиеттер сақталатындығына тоқталайық:
1-қасиет. Нүктенің проекциясы да нүкте болады.
2-қасиет. Проекциялау бағытына параллель емес түзудің проекциясы да түзу болады. Проекциялау бағытына параллель түзу нүктеге проекцияланады.
3-қасиет. Түзудің бойында жатқан нүктенің проекциясы сол түзудің проекциясы бойында жатады.
4-қасиет. Параллель түзулер параллель түзулерге проекцияланады.
5-қасиет. Параллель түзулердің немесе бір түзудің бойынан алынған кесінділердің қатынасы параллель проекциялау нәтижесінде өзгермейді.
ІІІ. Ой толғаныс 2.3, 2.4, 2.5 суреттерді сызу
ІҮ Бағалау
Ү Үй жұмысы §2.1, 2.2, 2.3, орталық және параллель проекциялау мысалдар келтіру.