- Учителю
- Астана 4 класс по изо
Астана 4 класс по изо
Пән: бейнелеу өнері .
4- сынып күні---------
Сабақтың тақырыбы: Астана бейбіт пен бақыт қаласы атты сурет салу.
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділігі :
Еліміздің жаңа елордасы - Астана қаласын дәріптеу.
2.Дамытушылығы:
Оқушыларды өз Отанын сүюге , елордасы - Астанасын мақтаныш ете отырып , алған білімдерін дамыту.
3.Тәрбиелілігі :
Жаңа астананың ерекшеліктерін тани білуге ,тәуелсіз Қазақстанның
тарихындағы орнын сезіне білуге және отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекіліктері : Интерактивті тақта, қанатты сөздер, суреттер
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі, журналмен жұмыс жүргізу.
ІІ.Үй тапсырмасын қайталау,сұрақ-жауап қолдану.
ІІІ.Жаңа сабақ.Астана бейбіт пен бақыт қаласы атты сурет салу.
Біздің Отанымыз- Қазақстан Республикасы. Біз Қазақстанда бәріміз бақытты, тату- тәтті тұрамыз.
Біздің Елбасы -Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Біздің бас қала - Астана.
Астананы бүкіл әлем , дүниежүзі таныды. Астананың келбеті бар аймен , күнмен таласқан әсем қалаға айналды.Ол - ең бірінші, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың арайлы Астанама , еліміздің бас қаласына деген ыстық ықыласы , сүйіспеншілігі мен махаббаты емес пе ?
Астана қаласы туралы мынадай өлеңдер бар:
О, Астанам , Астанам !
Жарқыра күндей бас қалам.
Қарыштай бер, қанат қақ ,
Ғасырларға бас қадам.
Достық пейіл - татулықтың тірегі ,
Біздің халық бейбіт өмір сүреді.
Бар әлемді бір өзіне қаратқан ,
Елордамыз - Еуразия жүрегі.
Өзіндік жұмысы: кезінде Астана қаласының суретін салу, әсем қаланы бейнелеу, ерекше жерлерін көрсете білуіміз керек.
Сабақты қорытындылау: Бүгін барлығымыз Әсем қала- Астанаға барғандай болдық .
Оқушыларды бағалау,суреттері бойынша.
Үйге тапсырма: суретті аяқтау.