7


  • Учителю
  • Разработка по ИЗО на тему 'Натюрморт. Затқа қарап сурет салу' 4 класс

Разработка по ИЗО на тему 'Натюрморт. Затқа қарап сурет салу' 4 класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сабақтың тақырыбы: Натюрморт жанры. Затқа қарап сурет салу.Сабақтың мақсаты:Білімділік: Оқушыларды заттардың өзіне қарап бейнелету арқылы сауатты сурет салуға үйрету. Натюрморт салдыру арқылы жарық пен көлеңкені, заттың пішінін салудың заңдылықтарына баулу.Дамытушыл
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Натюрморт жанры. Затқа қарап сурет салу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды заттардың өзіне қарап бейнелету арқылы сауатты сурет салуға

үйрету. Натюрморт салдыру арқылы жарық пен көлеңкені, заттың пішінін салудың

заңдылықтарына баулу.

Дамытушылығы: Оқушылардың көркемдік талғамын қалыптастыру, акварель бояуымен

жұмыс жасау қабілеттерін дамыту. Натюрморт жанры туралы білімдерін тереңдету.

Тәрбиелігі: Эстетикалық тәрбие беру, еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Қазақ

халқының салт - дәстүрлері тарихын біліп, құрметтеуге тәрбиелеу.

Түрі: Затқа қарап, сурет салу

Әдісі: Әңгімелеу, үйрету, көрсету.

Пәнаралық байланыс: Геометрия, сызу, биология.

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: Натуралық постановкалық заттар, суретшілер шығармаларының иллюстрациясы, үздік сурет салатын оқушылар шығармалары, өнер жайлы сөзжұмбақ, альбом, қарындаш, бояулар, бейнелеу, құрал-жабдықтары.

Сабақтың жоспары:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үй тапсырмасын тексеру.

  3. Білу, түсіну. «Кубизм» әдісімен, «Ыстық орындық» әдісі

  4. Талдау, қолдану. Практикалық жұмыс. «Жемістер мен шырыннан құралған натюрморт»

  5. Жинақтау, бағалау. Сурет бойынша әңгіме. Ассоциация құру арқылы тест.

  6. Үйге тапсырма беру. Суретті аяқтап келу.

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

- Оқушылармен амандасу; -түгелдеу, -құрал-жабдықтарын қадағалау.

- Барлығының назарын сабаққа аударту.

Оқушыларды топқа бөлу. «Түс таңдау» арқылы. Қызыл, жасыл, сары, көк - түстерге сипаттама беріп кету.

Көк түс - жан тыныштығын, молшылықты, татулықты, сенімділікті білдіреді.

Сары түс - жеңілдік пен қуанышты, сабырсыздықты, тұрақсыздықты, нұр сәулені білдіреді.

Қызыл түс - белсенділікті, жігерлілікті, күрескер, батылдықты құлшынысты білдіреді. Жасыл түс - еркіндікке деген жігерлікті, табандылықты, мақсаткерлікті, өзімшілдікті, «Мен» деп өзіне жоғары баға берушілікті білдіреді.

Оқушылар таңдаған түстері бойынша топтарға бөлініп отырады.

Интерактивті тақтадан «Түстер терапиясы» слайдын қарайық

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

Оқушылардың салған суретерін тексеріп, жақсы шыққан суреттерді сыныпқа көрсетіп кету. Қосымша материалдарын, сөз жұмбақтарын шештіру.

ІІІ. Білу, түсіну. «Кубизм» әдісі бойынша сұрақ - жауап арқылы өткенді қайталау.Оқушылардың өткен материалды қалай меңгергенін тексеру.

  1. Кескіндеменің (Живописьтің) басты құралы не?(Түс)

  2. Табиғат әлемінде кездесетін түс дақтары екі топқа бөлінеді, ол қандай? (жылы және суық)

  3. Кескіндемелік (Живописьтік) түс дегеніміз не? (нәрселердің алыс - жақындығын, күннің әсеріне байланысты түстердің өзгеруі).

  4. Қарындаштың әр түрін штрихта пайдаланып, қалам, тушьпен салынған өнер не

деп аталады? (графика).

  1. Бейнелеу өнерінің қанша түрі бар? Қайталап еске түсірейікші.

  1. Кескіндеме

  2. Графика

  3. Мүсін

  4. Сәулет өнері

  5. Сәндік қолданбалы өнер

  6. Дизайн өнері

  1. Акварель дегеніміз қандай? (Суда еритін мөлдір бояулар және осы бояулармен орындалған

шығарма)

  1. Үйлестіру дегеніміз не? (Дұрыс әрі ыңғайлы орналастыру).

  2. Бейнелеу өнерінде сурет салудың бірнеше түрі бар.

  • Затқа қарап сурет салу

  • Елестету арқылы салу

  • Еске сақтап сурет салу

Суретші болу үшін осының үш түрінде дұрыс игеру керек.
Бүгін, біздер осылардың ішінен затқа қарап сурет салуға тоқталамыз.
Затқа қарап сурет салу дегеніміз - суретшінің алдында тұрған затты, құбылысты өзінен аудармай нақтылы бейнелеуі болып табылады.

Натюрмортты кезеңдерге бөліп орындаймыз.
ІІІ.1. «Ыстық орындық» әдісі бойынша сурет салу кезеңдерін еске түсірейік.

1 - кезең. Жалпы жобасын схема түрінде көрсетеміз.
Компоновка - қағаз бетіне бейнеленетін затты үйлесімді орналастыру деген сөз.
Пропорция бейнеленетін заттардың үлкенді-кішілі бөлігінің арақатынасын салыстырып белгілеу деген ұғымды білдіреді. Ең алдымен бейнелейтін геометриялық денелердің жалпы нұсқасын тұтастай қабылдап, оны қағаз бетіне орналастыруға баса назар аудару. Сонан кейін әрбір геометриялық денелердің биіктігі мен енін шама жағынан салыстыра отырып бейнелеу. (зат бейнесінің орналасуын анықтау компоновка деп аталады.)
2 - кезең. Құрылымын саламыз.
Бейнеленетін заттың көлемі және формасы жарық пен көлеңке арқылы беріледі.
Сондықтан затты қарапайым қарындаш арқылы бейнелеуде сурет салу ережелеріне сүйенген дұрыс. Сурет салуға үйрету бейнелеу өнерінің ең негізгі міндеті болып табылады. Сондықтан сызық арқылы нобай, долбар жасауға үнемі жаттығамыз. Көзбен көрген нәрсесін есте сақтап, жылдам бейнелеуге үйренеміз. Тек қана әрбір заттың пішіндік ұқсастығын тауып қана қоймай, оның реңдік қатынасына да баса назар аударған жөн. Реңдік қатынастар жарық пен көлеңке бөліктерін беру арқылы шешіледі.
Суреті салынатын геометриялық денелердің конструкциялық құрылымына назар аудару керек. Бейнелейтін заттардың өлшем бірліктері қатынасының дұрыс болуына айрықша көңіл бөлу қажет. Сурет салу барысында әрбір затты салыстыра қарау үшін көмекші жіңішке сызықтар пайдаланған жөн. Заттардың негізгі конструкциялық құрылымы табылған соң жарық пен көлеңкенің шекараларын көмекші сызықпен белгілеп қою керек. Суретті штрихтау ісі көлеңкеден басталады.
3 - кезең. Пішінін сомдаймыз.(жарық, көлеңке, жылт, түспе көлеңке)
Заттардың жарық көлеңкесін штрихтау арқылы олардың пішінін, көлемін шығарамыз. Заттың өңі жарық пен көлеңке арқылы айқындалады. Әрбір заттың өңінің көмескі не қараңғы болуы жасанды және табиғи жарықтың түсуіне байланысты. Суреттің өңін айқындағанда заттың ең жарық, ең қараңғы жерін анықтап алу керек. Яғни реңдік қатынасты дұрыс айқындауға үйрену керек. Затты штрихтауды меншікті көлеңкеден бастаған жөн. Меншікті көлеңке дегеніміз - заттың сәуле түспеген бетінде пайда болған көлеңке.
Жарық деп - табиғи сәуле мен жасанды жарық түскен бетті айтамыз. Жылт дегеніміз - жарықтың аса мол мөлшерде түскен жері. Мұны шыны немесе жылтыр темір ыдыстарда айқын байқауға болады. Көлеңке дегеніміз - заттардың бетіне жарық түспеген бөлігі. Яғни ол меншікті көлеңке деп те аталады. Түспе көлеңке дегеніміз - нақты бейнеленген заттан жазықтықтың бетіне түскен көлеңке. Жартылай көлеңке дегеніміз - меншікті көлеңке мен жарықтың арасында пайда болған көлеңке. Рефлекс дегеніміз - заттың меншікті көлеңкесінің шет жағында, артқы жазықтық арасында пайда болған көмескі жарық тәріздес құбылыс. Сонымен затты штрихтау арқылы өңін, пішінін, көлемін анықтауда жоғарыда аталған сурет салу заңдылықтарына сүйену керек.
4 - кезең. Суретті аяқтаймыз.
Бұл бейнелеген заттарды толықтай анықтау кезеңі деп аталады. Мұнда сурет салу ережелеріне сүйене отырып, кейбір елеулі артық кеткен жарық пен қараңғы дақтарды бәсеңдетеміз. Біртұтас реңдік қатынасқа бағындырамыз. Орындалған суреттің жарасымды болып шығуына баса назар аударамыз.

IV. Практикалық жұмыс. Тақта алдына қойылған нұсқаға қарап натюрморт салу.

(10 -15 минут). Топ болып бірігіп, топ ережесін ескере отырып, плакатқа натюрморт салу.

Постер қорғау.

Топтар

Үйлесімділігі

1-3

Құрылымы

1-3

Пішіні, жарық, көлеңке

1-3

Тазалығы, бояу шеберлігі

1-3

Жалпы балы

І топ

ІІ топ


ІІІ топ


ІV топ


V. Ой толғаныс. (5мин) Көңіл күйімізді сергітіп алу үшін, ойымызды дамытып, ойлау қабілеттерімізді арттырайық. Ол үшін алдарыңдағы суреттерді жүйелеп, құрастырып, суретке тақырып қойып, қанатты сөздер, тақпақтар айтыңыз.

Енді, сергіту сәті ретінде тақтаға назар аударып, Қазақстан суретшілерінің натюрморт жанрына салған туындыларын тамашалайық.

Ассоциациялық тест. 3

1. Натюрморт қандай ұғымды білдіреді?

а) пейзаж

в) өлі табиғат

с) портрет

2. Натюрморт бейнелеу өнерінің жанры ма немесе түріне жатады ма?

а) түрі

в) графика

с) жанры

3. Қай елде натюрморт жанры кеңінен дамыды?

а) Голландия

в) Франция

с) Германия

4. Натюрморт қанша топқа бөлінеді?

а) 5

в) 3

с) 2

5. Күрделі натюрморт қанша заттың жиынтығынан құралады?

а) 1 - 3

в) 4 - 5

с) 5 - тен жоғары

Жауабы: 1-в, 2-с, 3-а, 4-с, 5-с.

VI. Оқушыларды бағалау. Бағалау парағы.

Оқушылардың

аты - жөні

Үй

тапсырмасы

5 балл

Білу, түсіну

(қайталау сұрақтары)

2 балл

Қолдану, талдау

Практикалық жұмыс.

Әр кезең

1 - 3 балл

Жинақтау, бағалау

5 балл

(Әр дұрыс жауап

1 балл)

Жалпы балы

Баға





Үйге тапсырма. Суретті аяқтап келу.


ПӘНІ

бейнелеу


КЛАСЫ 4

КҮНІ 29.04.2015ж

ТАҚЫРЫП

Натюрморт жанры. Затқа қарап сурет салу.

МАҚСАТЫ

Оқушыларды заттардың өзіне қарап бейнелету арқылы сауатты сурет салуға үйрету. Натюрморт салдыру арқылы жарық пен көлеңкені, заттың пішінін салудың заңдылықтарына баулу.

Оқушылардың көркемдік талғамын қалыптастыру, акварель бояуымен жұмыс жасау қабілеттерін дамыту. Натюрморт жанры туралы білімдерін тереңдету.

Эстетикалық тәрбие беру, еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Қазақ халқының салт-дәстүрлері тарихын біліп, құрметтеуге тәрбиелеу.


КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ


КЕЗЕҢДЕРІ


МҰҒАЛІМ ӘРЕКЕТІ ОҚУШЫ ӘРЕКЕТІ

БАҒАЛАУ

РЕ

СУРСТАР


Ұйымдастыру кезеңі

-Оқушылармен амандасу; -түгелдеу, -құрал-жабдықтарын қадағалау.

-Барлығының назарын сабаққа аударту.

Оқушыларды топқа бөлу. «Түс таңдау» арқылы. Қызыл, жасыл, сары, көк - түстерге сипаттама беріп кету.

Оқушылар таңдаған түстері бойынша топтарға бөлініп отырады.

«Түстер терапиясы» слайдын қарайық.

Бағалау парағын түсіндіріп кету.


Баға

лау парағытоп басшысы баға

лайды, топтар бір - бірін баға

лайды



Интер

активті

тақта, плакат, стикер, бояу

лар, жеміс

тер, шырын, слайд


Қызығушылық

ты ояту


Оқушылардың салған суретерін тексеріп, жақсы шыққан суреттерді сыныпқа көрсетіп кету. Қосымша материалдарын, сөз жұмбақтарын шештіру.

«Кубизм» әдісі бойынша сұрақ - жауап арқылы өткенді қайталау.Оқушылардың өткен материалды қалай меңгергенін тексеру.

  1. 1. Кескіндеменің (Живописьтің) басты құралы не?(Түс)

  2. Табиғат әлемінде кездесетін түс дақтары екі топқа бөлінеді, ол қандай? (жылы және суық)

  3. Кескіндемелік (Живописьтік) түс дегеніміз не? (нәрселердің алыс - жақындығын, күннің әсеріне байланысты түстердің өзгеруі).

  4. Қарындаштың әр түрін штрихта пайдаланып, қалам, тушьпен салынған өнер не

деп аталады? (графика).

  1. Бейнелеу өнерінің қанша түрі бар? Қайталап еске түсірейікші.

  1. Кескіндеме

  2. Графика

  3. Мүсін

  4. Сәулет өнері

  5. Сәндік қолданбалы өнер

  6. Дизайн өнері

  1. Акварель дегеніміз қандай? (Суда еритін мөлдір бояулар және осы бояулармен орындалған шығарма)

  2. Үйлестіру дегеніміз не? (Дұрыс әрі ыңғайлы орналастыру).

  3. Бейнелеу өнерінде сурет салудың бірнеше түрі бар.

  • Затқа қарап сурет салу

  • Елестету арқылы салу

  • Еске сақтап сурет салу

Суретші болу үшін осының үш түрінде дұрыс игеру керек.

Бүгін, біздер осылардың ішінен затқа қарап сурет салуға тоқталамыз.

Затқа қарап сурет салу дегеніміз - суретшінің алдында тұрған затты, құбылысты өзінен аудармай нақтылы бейнелеуі болып табылады.

Мағынаны тану


Натюрмортты кезеңдерге бөліп орындаймыз.

«Ыстық орындық» әдісі бойынша сурет салу кезеңдерін еске түсірейік.

1 - кезең. Жалпы жобасын схема түрінде көрсетеміз.

2 - кезең. Құрылымын саламыз.

3 - кезең. Пішінін сомдаймыз.(жарық, көлеңке, жылт, түспе көлеңке)

4 - кезең. Суретті аяқтаймыз.


Ой толғаныс

Бағалау


Рефлексия

Үйге тапсырма.


Көңіл күйімізді сергітіп алу үшін, ойымызды дамытып, ойлау қабілеттерімізді арттырайық. Ол үшін алдарыңдағы суреттерді жүйелеп, құрастырып, суретке тақырып қойып, қанатты сөздер, тақпақтар айтыңыз.

Енді, сергіту сәті ретінде тақтаға назар аударып, Қазақстан суретшілерінің натюрморт жанрына салған туындыларын тамашалайық.

Қазақстан суретшілері арасында А. Ғалымбаеваның ұлттық натюрмортын, мың құбылта бояулармен салған жұмыстарын тамашалауға болады. Сондай - ақ қазіргі кездегі қазақ суретшісі Ботагөз Ақанаеваның натюморттарын атап айтуға болады.

Практикалық жұмыс.

Тақта алдына қойылған нұсқаға қарап натюрморт салу (5 - 10 минут). Топ болып бірігіп, топ ережесін ескере отырып, плакатқа натюрморт салу. Постер қорғау.

Топтар

Үйлесім

ділі

гі

1-3

Құ

ры

лы

мы

1-3

Пішіні

жарық, көлеңке

1-3

Таза

лығы,

бояу

шебер

лігі

1-3

Жалпы балы

І топ

ІІ топ


ІІІ топ


ІV топ


Ассоциациялық тест.

1. Натюрморт қандай ұғымды білдіреді?

а) пейзаж в) өлі табиғат с) портрет

2. Натюрморт бейнелеу өнерінің жанры ма немесе түріне жатады ма?

а) түрі в) графика с) жанры


3. Қай елде натюрморт жанры кеңінен дамыды?

а) Голландия в) Франция с) Германия

4. Натюрморт қанша топқа бөлінеді?

а) 5 в) 3 с) 2

5. Күрделі натюрморт қанша заттың жиынтығынан құралады?

а) 1 - 3 в) 4 - 5 с) 5 - тен жоғары

Жауабы: 1-в, 2-с, 3-а, 4-с, 5-с.


Оқушылардың

аты - жөні

Үй

тапсырмасы

5 балл

Білу, түсіну

(қайталау сұрақ

тары)

2 балл

Қолдану, талдау

Практикалық жұмыс.

Әр кезең

1 - 3 балл

Жинақ

тау, бағалау

5 балл

(Әр дұрыс жауап

1 балл)

Жалпы балы

Баға




Кері байланыс. Стикерлерге сабақтан алған әсерлерін, ойларын, тілектерін жазып, Бағдаршамға жапсыру.


Суретті аяқтап келу.






 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал