7


Откритыи урок по изо

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


№30 бастауыш мектеп

Бейнелеу өнері пәні мұғалімі:Керимбекова Роза Тайланқызы

Пәні: Бейнелеу өнері. Сыныбы: 4 «Г»


Сабақтың тақырыбы: Сәулет өнері.Қала суретін салу.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділігі: Қазақстан қалалары туралы танымдық білімін арттыра отырып

әңгімелей білуге үйрету.

2.Дамытушылығы: Оқушылардың қызығушылығын арттырып, ой-

қиялдарын дамыту.

3.Тәрбиелігі: Оқушыларды әдемілікке , ұқыптылыққа , еңбексүйгіштікке

тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдіс-тәсілі: топтау , әңгімелеу, ой қозғау

Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта

Күтілетін нәтиже: Өз бетінше жұмыс жасай білуі,

Сәулет өнері туралы жалпы түсінік қалыптастыру.

Сабақтың барысы

І.Ұйымдастыру кезеңі. (2 мин)

ІІ.Өткен сабақты сұрау. (5мин)

ІІІ.Жаңа сабақ (10мин )

ІV.Практикалық жұмыс (15мин)

V.Сабақты бекіту. (5мин )

VІ.Сабақты қорыту (5мин )

VІІ.Бағалау (2мин )

VІІІ.Үй тапсырмасы (1мин )

І.Ұйымдастыру .Топқа бөлу.

Ынтымақтастық орта қалыптастыруда « Әріптер сөйлейді » әдісін қолдану арқылы психологиялық тренинг арқылы топтастыру.

І-топқа -Астана

ІІ-топқа- Тараз

ІІІ- топқа-Алматы

Психологиялық дайындық.

Мейірімді жүрекпен,

Ақ пейілді тілекпен

Амандасып алайық,

Бір жадырап қалайық!

ІІ.Сұрақ - жауап әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау . Қызығушылықты ояту « Ой шақыру » слайдтар бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары туралы сұрақтар қойып ,суреттер арқылы табу.

1.Натюрморт дегеніміз не?

2.Пейзаж деп нені айтамыз?

3.Портрет дегеніміз не?

4.Анималистік жанр дегеніміз не?

5.Мүсін өнері деген не?

Қалалар туралы мәліметтер жинақтау.

ІІІ.Жаңа сабақ . Сәулет өнері. Қала суретін салу.


Сәулет өнері - адам өміріне қажетті ғимараттар мен тұрғын үйлерді , өзге де нысандарды ,оның атқаратын қызметіне қарай жаңа үлгідегі техникалық мүмкіндіктер мен әдемілік туралы түсініктерге сай жобалау және салу.

Сәулет өнері « архитектура » деп те аталады.Ол латын және грек тілінде «бас құрылысшы» деген мағынаны береді.

Сәулет өнері төмендегідей типтерге бөлінеді:

Тұрмыстық-қалалық және ауылдық үйлер, сарайлар.

Кәсіби - фабрика ,зауыт құрылыстары ,электр торабы ,теңіз порты ,вокзал , метро т.б.

Шаруашылық - қоймалар ,гараж ,автотұрақтар .

Қоғамдық - оқу-ағарту, білім үйлері ,театр ,ескерткіштер ,мәдени демалыс үйлері ,стадион т.б.

І-топ :Астана қаласы

ІІ-топ :Тараз қаласы

ІІІ-топ:Алматы қаласы үш топ өз қалалары туралы мәліметтер жинап келіп өздерін таныстырады.

І-топ :Астана өзін таныстырады:

Астана- Қазақ елі болашағының мәдениеттің ошағы ,ғылым мен білімнің ордасы. Еліміздің көгілдір туы желбіреген тәуелсіздігіміздің ордасы.Жаңа Астанамыздың құрылысының ,бүкіл қоғамымыздың жаңаруының ерекше символына айналған құрылыс. Ғасырлар бойы бабалар арманын іске асырып бас-аяғы төрт -бес жылда Астана салған мемлекет тарихта болған емес.Адамзат тарихында астанасын жаңғыртқан Қазақстан.

ІІ-топ: Тараз қаласы өзін таныстырады:

Тараз -Талас өзені бойындағы ежелгі қала, салынған уақыты v ғасырдан бері емес. Тараздың Ұлы Жібек жолының бойында тұрған маңызды сауда орталығы деп атайды. 8ғасырда Тараз Арғу-Талас ,Талас- ұлыс атауларымен мәлім.Әмір-Темір заманында Тараз қаласы жаңа Талас аталады да ,15ғ соңында мүлде құлдырайды.15-18ғғ - Мирзоян қалада аздаған үйлер сақталып 19ғ оның Әулиеата шаһары салынады.1938-1997жж Жамбыл қаласы аталып 1997жылы ғана ежелгі тарихи «Тараз» аты қалпына келтірілді ( Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен) .

ІІІ-топ: Алматы қаласы

Бұрын Алматы Қазақстан Республикасының астанасы болатын , мәртебесін өзгерткеннен соң (1997 жыл)бейресми түрде Қазақстанның « Оңтүстік астанасы » деп аталады.Қаланың атауы « Яблоневое » мағынасын береді.Өйткені Алматыны алма қоршап жатыр.Қазір де алма қаланың белгісі болып есептеледі т .б

ІV.Практикалық жұмыс : А3 қағазына « Мен сәулетші болсамын » деп

арман , мақсатпен қаламызда қандай үлкен ғимараттар салынып , қаланың көркейіп өсуіне қандай өз үлесімізді қосар едік деп көрінісін бейнелеп,суретін салу.Әр топ салған суреттерін таныстырады.

ІV. «Сергіту сәті»

V.Сабақты қорытындылау: Геометриялық денелер қиындыларынан сұрақтар қойып жауабынан үй жасау

Сәулет өнері дегеніміз не?

Сәулет өнеріндегі тұрмыстыққа не жатады?

Қоғамдық тақырыбына жататындарды ата?

Кәсібиге нелер жатады?

Шаруашылыққа нелер жатады?

Қандай көне ескерткіштерді білесің?

Топтың салған суреттерін таныстыру , жетістігі мен кемшілігін өздері талдау.

VІ.Бағалау: Суреттерін талдау арқылы бағалау. Балдық жүйемен бағалау.

VІІ. Үйге тапсырма: Қаламыздың көрікті жерлерін бейнелеу және тақпақ жазу.

Сабақтың тақырыбы: Таңғажайып әлемді бейнелеу

Сабақтың мақсаты:

1.Оқушыларға бейнелеу өнерінің қыр-сырын жан-жақты үйрету.Олардың дүниетанымын,эстетикалық талғамын кеңейту.

2.Сурет салу дағдысын, логикалық ойлау,еске түсіру, елестету қабілеттерін және шығармашылығын арттыру.

3.Өнерді құрмет тұту, сүйіспеншілігін арттыру. Өнерге баулу, шығармашылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес.

Сабақтың әдісі:топтық сайыс, сұрақ-жауап , топпен жұмыс,құрастыру, тақырыпқа сурет салу.

Сабақтың көрнекілігі: өнер жайлы нақыл сөздер,слайдтар, құрастырма суреттер, суреттер.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

ІІ «Таңғажайып әлемді бейнелеу »атты сайыс сабағына қош келдіңіздер !

Жүзден жүйрікті, мыңнан тұлпарды анықтайтын әділқазы алқасымен таныстыру.

Үш топ сайысқа түседі.

І топ - «Бояулар»

ІІ топ- «Қарындаш»

ІІІ топ- «Субояқтар»

Өнер десе өртеніп жанып тұрар,

Сусындап сол өнерден қанып тұрар.

Сегіз қырлы, бір сырлы сайыскерлер,

Кез келді өзін-өзі таныстырар, - дей келе,сайысқа түспекші топпен танысайық.

«Бояулар »тобы:

Көрікті ашық бояумыз.

Өнерге ғашық баламыз.

Бәрінің өңін келтірер

Сурет болмас бояусыз.

«Қарындаш» тобы:

Біздің есім «Қарындаш»,

Өнерсіз бала қарны аш

Сайысқа келген достарым,

Сурет сал , міне қарындаш.

«Субояқтар »тобы:

Субояқтар тобымыз

Сурет салар қолымыз

Сумен бояу болса егер

Келістірер шеберміз

Өнерпазды жарау аттай баптасын,

Халқымыздың асыл мұрасын сақтасын.

Өнерімен танылып бүлдіршіндер,

Ел сенімін еңбекпенен ақтасын,-

Сайыс кезеңдері:

-Кезеңдермен таныс болсақ сайысымызды бастайық.

1-кезеңмен . « Суреттің айырмашылығын тап ».Әр топқа суреттер таратылады сол суреттің бес айырмашылығын табу керек.

2-кезең. « Кім шапшаң, кім жылдам? » ( пазла құрастыру )

Заттардың бейнесін .

Бір-бірімен суреттер,

Табу керек үйлесім.

Быт-шыт болып шашылған

Құрайды екен кім жылдам?-деп сайысымыздың « Кім шапшаң, кім жылдам? » кезеңіне берейік.Қиылған суреттерді құрастырып , ненің бейнесі екенін табу.


3-кезең. « Біз суретші баламыз қалауымызды саламыз ».

Әр топтан екі бала шығады , бір оқушының көзін байлаймыз ,екінші оқушы айтып тұрады ол суретін салады.

4-кезең. Сөзден түс аттарын шығару.

І-топқа: лызық ( қызыл ) , діргілкө ( көгілдір ), ырқоң (қоңыр).

ІІ- топқа: лысаж , (жасыл ), ырса (сары ), көксия (сиякөк).

ІІІ-топқа:ғылтқыз (қызғылт), гінкүл (күлгін ) , рұс (сұр).

5-кезең: « Суретші суретті неліктен салады ? » ( топпен жұмыс )

Сұрақ төңірегінде ойлану ұсынылады. Ол сұраққа қалжын жауап беріледі. Сұрақ екі мәрте қойылады.

6- кезең .Жұмбақ шешу.

Үш топқа жұмбақтар айтылады. Шешуін қағаз бетіне сурет арқылы түсіндіреді.

  1. Мен арамын , арамын,

Қара орманға барамын.

Қимастан бір бұтағын,

Қара орманды тарадым.

(шаш пен тарақ )

  1. Қалқиып ұзын құлағы,

Елеңдеп қорқып тұрады. (қоян )

  1. Күні - түні сөйлеймін,

Өлең айтам , билеймін.

Бәрін- бәрін көрсетем,

Бірақ ойлай білмеймін.

( теледидар )

4 ) Қыста киімді тастайды,

Көктемде киіне бастайды.

(ағаш )

  1. Сан ойлантады ,сан мұнайтады,

Үндемей-ақ әңгіме айтады.

(кітап )



  1. Үйір -үйір денесі,

Сахараның кемесі,

Ащы шөптер тамағы,

Шөлге шыдап бағады

(түйе )

Сайысты қорытындылау: Сөз кезегін әділқазы алқасына береміз.Сайысқа қатысушы топтарды марапаттау.



№ 30 бастауыш мектеп



Сыныптан тыс жұмыс

« Таңғажайып әлемді бейнелеу »

Бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі: Керімбекова Р.Т

Сынып : 3 «Ә»





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал