7


Ашық сабақ 'Сүйікті ертегі'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Күні/айы:

Пәні: бейнелеу өнері

Сыныбы: 3 сынып

Сағ. Саны: 1

Сабақтың тақырыбы: Сүйікті ертегі

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларды ертегі әлемімен таныстыру. Ертегінің түрлері жайлы мағлұмат беру. Ертегілердің құрылымы мен қалыптасу тарихы туралы білімдерін жетілдіру

Дамытушылығы: Ойлау қабілетін, логикасын дамыту, суретке деген ынтасын, қызығушылығын арттыру. Ертегі кейіпкерлерінің суреттін өз қиялымен сала білу арқылы, қиялын дамыту.

Тәрбиелігі: Оқушыларды эстетикаға, әсемдікті сезіне білуге тәрбиелеу. Ертегі кейіпкерлерінің жағымды және жағымсыз қасиеттерін ажырату арқылы этикалық тәрбие алу.

Сабақтың түрі: Топтық жұмыс.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, сергіту сәті, машықтық жұмыс.

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың көрнекілігі: Ертегі кейіпкерлерінің, ертегілердің суреттері. Сконворд, ребус, плакат.

Керекті құрал-жабдықтар: сурет дәптері, өшіргіш, қалам, акварель, түрлі-түсті карандаш.

Сабақтың барысы:1. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындықтарын тексеру, өтілетін жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.

- Оқушылардың оқу-құралын түгендеу.

- Кезекші мәліметін тыңдау.

Психологиялық сәт:

Әрбір адам-досым, туысым, жұрағат.

Әрбір адам-үйрену, ұғу, ұлағат.

Әрбір адам- шындық, бірлік, адамдық.

Әрбір адам-тілек, тірлік, адалдық

Үйге берілген тапсырманы сұрау, қайталау:

Сынып болып жұмыстарын қарау, кемшіліктерін түзету, бағалау.

Өткен сабақтарға байланысты сұрақтар қою

  1. Адам тұлғасын салуға байланысты Египет суретшілері қандай өлшем қолданды? (канон)

  2. Ал өткен ғасырда өмір сүрген орыс суретшісі А.Сапожников адам тұлғасын қандай биіктікпен өлшеуді ұйғарған? (толарсақ)

  3. Адам тұлғасына байланысты Микеланджелоның өлшем бірлігі қандай? (тұлғаны адам басының биіктігімен өлшеуді ұсынды)

  4. Адам скелеті негізінен қанша бөлікке бөлінеді? Оларды ата. (бас сүйегі, кеуде бөлігі және қол-аяқ сүйектері)

  5. Омыртқа діңгегі қанша омыртқадан тұрады? (33-34)

  6. Омыртқа діңгегі қандай үш бөлікке бөлінеді? (мойын, кеуде, бел омыртқы)

Оқушылар алдына мақсат қою:

Оқушылардың субъекті тәжірибесін өзектілеу кезеңі


Жаңа сабақ: «Ребус шешу»

, , ,,,

5

,,,, ,,

2

,,

Ой қозғау: Сұрақ-жауап.

-Ерте, ерте, ертеде деп не басталатын еді, балалар?

Әрине ертегі басталады. Дұрыс айтасыңдар.

Жаңа сабақтың тақырыбын тақтаға жазу.

Ерте, ерте, ертеде... жазу-сызу, кітап оқу болмаған заманда біздің ата-бабаларымыз, әйгілі жыршыларымыз өздерінің ойдан шығарған қиял әңгімелерін, тарихи оқиғаларды ұрпақтан-ұрпаққа ауызша мұра етіп қалдырған. Оларға қазақтың халық ертегілері жатады.
Ертегілер - халықтың ауыз әдебиетінен мол орын алады. Шынайы және ойдан шығарылған ауызша тараған оқиғаларды ертегі дейміз.
Ертегілер көбінесе ауызша айтылатын болғандықтан, оны ерте замандағы көркем әңгіме деуге де болады.
Жыршылардың қызықты, үлгі-өнегеге толы ертегілерін естуге еңкейген кәріден, еңбектеген балаға дейін жиналып, тыңдаған, естерінде сақтаған.
Ертегілерден біздің бабаларымыздың тұрмысын, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрлерін көреміз. Ертегілерде жауыздық пен әділдік, қастық пен достық, жамандық пен жақсылық күресіп, ақыры, соңғылары жеңіп шығады. Халық қиялының нәтижесінде ғылым мен техника қарыштап өсіп, аспанға ұшатын, айға қонатын корабльдер, теңіз астында бірнеше ай жүзетін сүңгуір қайықтар, жер шарының әр түпкірінен хабар алатын телетайп, телеграф, телевизорлар, жер астындағы метролар, т.б. ойлап табылды. Бұл - халықтың ой-қиялының іске асуы, адамның ақыл-ойының керемет күші.
Ертегілердің негізгі кейіпкерлері хан, оның уәзірі, шал, кемпір, мерген, тазша, қойшы, өнерпаз жігіттер, дәулер, мыстан-жалмауыз кемпірлер, айдаһар, самұрық құс, т.б. Жағымды кейіпкерлер өз жолында қорқынышты құбыжықтарға, алдырмас кедергілерге тап болады. Ер Төстік, Нан-батыр, Әбдірахман патшалар тіптен жер асты әлеміне де түсіп кетеді... Еркемайлар сиқырлы күштердің көмегімен өліп, қайтадан тіріледі. Ал Күнікей қыз оттан күймей аман шығады...
Қазақ ертегілері адамды сиқырлы күштерімен таңқалдырады: Самұрық құстың алыптылығы, адамша сөйлейтін Шалқұйрық, жәндіктер де бар... Бұл ғажайып кейіпкерлер ертегіден ертегіге «көшіп» жүреді. Ертегі мен кейіпкерлердің аттары әртүрлі, сюжеттері ұқсас бола береді.

Ертегінің мақсаты - тыңдаушыға ғибрат ұсынумен бірге эстетикалық беру. Ертегінің атқаратын қызметі кең: ол әрі , әрі -эстетикалық қазына. Ертегінің бүкіл жанрлық ерекшелігі осы екі сипатынан көрінеді. Сондықтан ертегілік прозаның басты міндеті - сюжетті барынша тартымды етіп, көркемдеп, әрлеп баяндау. Демек ертегі шындыққа бағытталмайды, ал ертекші әңгімесін өмірде болған деп дәлелдеуге тырыспайды.Ертегінің композициясы бас қаhарманды дәріптеуге бағындырылады, сөйтіп, ол белгілі бір сұлба бойынша құрылады. Мұның бәрі ертегіге идеялық, мазмұндық және көркемдік тұтастық береді. Осы тұтастық бұл жанрға басқа да қасиеттер дарытады: композиция мен эстетикалық мұраттың бірлігі әрі тұрақтылығы, көркем шарттылықтың міндеттілігі, ауызекі сөйлеу тіліне сәйкестігі, тұрақты тіркестердің қолданылуы, т.т.

Құрылымы

Ертегінің поэтикасы мен композициясы көркем әрі жүйелі. Композициясы бірнеше бөлшектен тұрады: бастама - эпикалық баяндау - аяқтау. Бастама, әдетте, өлең немесе ұйқасқан проза түрінде бас кейіпкердің ата-анасы, оның дүниеге келуі туралы айтып, тыңдаушыларды бас кейіпкермен таныстырады. Эпикалық баяндау қаhарманның өсуін, үйлену тарихын, оның бастан кешкендерін әңгімелейді. Аяқтауда кейіпкердің сүйгенін алып немесе ойлағанын іске асырып, мұратына жеткені хабарланады. Бастама мен аяқтау, көбінесе тұрақты тіркес болып келеді. Өзінің ұзақ тарихында ертегі жанры әр дәуірдің, әр қоғамның болмысы мен түсініктерінің, нанымдарының әр түрлі іздерін сақтап қалып, біздің заманымызға жеткізген. Қазақ ертегілерінде хандық заманның шындығы, сол шақтағы әдеттер мен нанымдар, салт-дәстүрлер, тұрмыс кейпі көбірек көрініс тапқан.

Ертегілер жанрлық әрі сюжеттік құрамы жағынан әр алуан. Ол іштей бірнеше жанрға бөлінеді:

1) туралы ертегілер - адам бойындағы келеңсіз қасиеттерді көрсету.
2) ертегілер, батырлық ертегілер - табиғат сырларын білсек деген тілектен туған.
3) тұрмыс -салт ертегілер - еңбек, адалдық, қарапайым ертегілер

Сюжеттері тек қазақтың өзіне тән ертегілермен қатар, басқа елдермен ортақ сюжетке құрылған ертегілер де бар. Олардың көбі тарихи-типологиялық жағдайда пайда болған, біразы тарихи-генетик., яғни туыс халықтарға ортақ болып табылады, кейбірі тарихи-мәдени байланыс нәтижесінде қазақ жұртына тараған. Сол себепті қазақ ертегілерінде таза ұлттық та, халықар. та, көшпелі сюжеттер де қатар өмір сүрген.
Негізгі кейіпкер мен мазмұны және қияли әдістердің қаншалықты пайдаланылуына қарай бұл салалардың әр қайсысы тағы бірнеше топқа бөлінеді. Бұлардың ішінде: , , , болады.

Қалыптасу тарихы

Ертегі жанрының пайда болып, қалыптасу тарихы өте ұзақ. Оның түп-төркіні - алғашқы қауымда туған көне , әңгімелер, , әр түрлі мен . Өзінің қалыптасу барысында ертегі осы жанрлардың көптеген белгілерін бойына сіңірген. Бұл жанрлардың кейбірі өз бітімін мүлде жоғалтып, толық ертегіге айналған. Солардың бірі - миф жанры. Мифтің ертегіге айналу процесі бірнеше кезеңнен өткен.
- алғашқы қауымның қасиетті деп саналған құпия әңгімесі мен шежіресі. Оны ол кезде әркімге және әр жерде айта бермеген. Мифте қоршаған ортаның, дүниенің жаратылуы мен аспан әлемі жайында, рудың тотемдік бабасы, ілкі атасы мен жасампаз қаhармандар туралы, олардың іс-әрекеттері жөнінде фантастикалық түрде баяндалған. Алайда ол заманда осының бәрі ақиқат деп қабылданған, мифке жұрт кәміл сенген. Бірақ уақыт өтіп, адам санасы мен мүмкіндігі жетілген сайын миф өзгеріске ұшырап, бірте-бірте «қасиетті» сипатынан айрылған, құпия болудан қалған. Осының нәтижесінде мифке сенушілік те әлсіреген, ондағы оқиғалар мен кейіпкерлер басқа сипат қабылдаған, тіпті мифті айтушы бара-бара өз жанынан да қосатын болған. Соның салдарынан іс-әрекеттердің де нәтижесі баяғы мифтік сипаттан айырылған. Мифтің себеп-салдарлық белгісі жоғалған. Бірте-бірте мифтің бұрынғы масштабы тарылып, әңгіме жеке бір адамның тағдырын баяндайтын жағдайға келеді. Сөйтіп, миф хикаяға, содан соң ертегіге айналады. Ертегінің тағы бір тамыры - алғашқы рулық қауым адамдарының аңшылық әңгімелері мен хикаялары. Алғашында шын болған оқиғалар негізінде айтылған әңгімелер бірте-бірте ел арасына тараған сайын қоспалармен толықтырылып, хикаяға, одан ертегіге айналып кеткен. Осындай аңшы мергендер жайындағы әңгімелер қазақ ертегілерінің құрамында аз емес. Әрине, олар біздің ертегіде сол ежелгі замандағы күйінде емес, көркем фольклорға айналған формада көрінеді. Алғашқы қауымдағы мифтік ұғымдар туғызған небір ғаламат (, жалғыз көзді дәу, албасты, жалмауыз кемпір, т.б.) бұрынғы әңгімесіне кірігіп, хикая туғызады. Хикая жанры мифтің өзімен бірге ертегіге де айналады. Оның ертегі құрамында жүретіні де сондықтан. Бірақ мифтің ертегіге айналу жолында мен ертегі қатар өмір сүреді, сол себепті миф, әсіресе, хикая өзінше жеке айтылып, елге жайылады.

Ертегілер бейнелеу өнерінің төмендегідей түрлерінде кездеседі: графика, кескіндеме, мүсін, кітап иллюстрациясы

Иллюстрация дегеніміз - ертегі мазмұнына байланысты сурет салу.

  1. Қандай ертегілерді білесіңдер?

  2. Сол ертегідегі кейіпкерлерді атай аласыңдар ма?

  3. Өзінің қулығымен байларды алдап, кедейлерге көмектесетін қазақ ертегісінң кейіпкері кім? (Алдар көсе)

  4. Таусоғар,Көлтауысар, Желаяқ, Бапы хан, Ерназар, перінің қызы Бекторы қай ертегі кейіпкерлері?

  5. Ер Төстік, Керқұла атты Кендебай, Сырттан жігіт барлығын бір сөзбен қалай атауға болады? (ержүрек батырлар)

  6. «Керқұла атты Кендебай» ертегісінің кейіпкерлерін ата.

  7. Хайуанаттар ертегісі кейіпкерлеріне кімдер, әлде нелер деп сұрақ қоямыз ба ?

  8. 40 өтірік айтқан бала кім?


Машықтық жұмыс: Сөзжұмбақ шешу


1. Табиғат көрінісі бейнеленген көркем шығарма (пейзаж)
2. Суға жаксы еритін бояу, сулы бояу (акварель)
3. Қазақстанның тұңғыш кәсіпқой суретшісі (Қастеев)
4. Әшекей бұйымдар жасайтын адам? Алқа, білезік, сақина (зергер)
5. Көркем шығармалар қоры жинақталған орын? (галерея)
6. Түрлі түсті жіптен тоқылған бұйым? (кілем)


Сергіту сәті: Жұмбақ жасыру.


Басына өскен тарбиып,

Жапырақсыз бұтағы.

Алады одан қан құйып.

Емге шипа бұл дағы. (Бұғы)


Айбарлы сұсы бар,

Қанжардай тiсi бар.

Тұла бойында

Тасыған күшi бар,

Күжiрейген жалды,

Бiлсең айт бұл аңды? (Арыстан)


ҰЙҚАСЫН ТАП


Өзiнше ноян,

Қорқақ кiм?.. (Қоян)


Тұмсығымен шымшып,

Құрт тередi… (Шымшық)


Жүндi жайып өрнектеп,

Шиге орап тептiк төпелеп.

Сосын аштық көрмек боп,

Дап-дайын тамаша… (Текемет)

Практикалық жұмыс. Шығармашылық іс-әрекет

Жұмыстың нобайын түсіріп алған соң, оқушылар безендіруді бастай алады. Балалармен жеке жұмыс жасағанда мынандай ақыл-кеңес беруге болады.

  • Композицияның параққа (тік немесе көлденең) орналасуын мұқият ойластырып ал;

  • Сурет салғанда ұсақ-түйекке көңіл аударма, тек ең маңызды және айқын дүниелерді нақтылап, стильге келтіруді есте ұста;

  • Суретті бояғанда түстің де мағыналық жүк көтеретінін, суреттегі әсерлі көңіл күйді ашуға көмектесетінін ұмытпа.


Сабақты бекіту:

1. Ертегі дегеніміз не?

2. Ертегі мазмұнынына қарай қандай топтарға бөлінеді?

3. Ертегінің бізге пайдасы.

Бағалау, қорытындылау:

«Жоба қорғау» - әр топ бір-бірінің аяқтаған суреттерін талдап, кемшіліктері мен жетістігін айтып бағалайды.

Үйге тапсырма:

1.Жұмысты аяқтау.

2. Өз ойларынан шағын ертегі құрастыру.

Нәтиже:

1. Пәнге қызығушылығы артады;

2. Ойлау, қиялдау қабілеттері дамиды;

3. Шығармашылықпен жұмыс жасау қабілеті артады;




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал