- Учителю
- Бейнелеу өнерінің жанрлары мен түрлерін еске түсіреміз (4 класс)
Бейнелеу өнерінің жанрлары мен түрлерін еске түсіреміз (4 класс)
Сабақтың тақырыбы: бейнелеу өнері 4-класс Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрларын еске түсіреміз.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Бейнелеу өнерінің түрлерімен және жанрларымен
оқушыларды жүйелі таныстыру.
ә) Дамытушылық: Бейнелеу өнері жанрларына сурет салған суретшілердің
шығармаларын талдап үйрену.
б) Тәрбиелілік: Сурет салдыру арқылы оқушыларды тазалыққа,
ұқыптылыққа үйрету.
Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: Альбом, открытка, дидактикалық құралдар, қарындаш, фотоальбом, бояу, қылқалам, т. б.
Сабақтың өту барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі.
-
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
-
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
-
Тапсырмаларды орындау.
-
Сабақты бекіту.
-
Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Бейнелеу өнерінің тарихымен, сан-салалы тармақтарымен таныстыруда бейнелеу өнерінің түрлеріне тоқталудың орны ерекше. Атап айтқанда: графика, живопись, мүсін, сәндік қолданбалы өнер, сәулет өнері.
Графика - қағаз, картон бетіне қарындаш, қаламұш, көмір, тушь арқылы орындалатын сурет.
Живопись - қағаз, тақтай, картон, кенеп бетіне әр түрлі бояумен орындалатын шығарма.
Мүсін - әр түрлі материалдармен дөңгелек көлемді кеңістікте сомдалған көркем шығарма.
Сәндік қолданбалы өнер - халық тұрмысында кеңінен қолданылатын түр-түрі көп өнер. Әрбір халықтың творчествосымен байланысты өнер.
Сәулет өнері - үйлер, ғимараттар, көшелер жобалау және оны жасау өнері.
Бейнелеу өнері түрлеріне, орындалу тәсіліне байланысты бірнеше жанрға бөлінеді.
Натюрморт - жансыз заттар мен бұйымдар бейнеленген көркем шығарма.
Портрет - адаиның тұлғалық келбеті бейнеленген көркем туынды.
Пейзаж - табиғат көрінісі бейнеленген көркем шығарма.
Тарихи - белгілі оқиғалар мен белгілі кезеңді көркем бейнелеп көрсететін шығарма.
Батальды - соғыс оқиғалары бейнеленген көркем туынды.
Анималистік - хайуанаттар мен жан-жануарлар бейнеленген көркем сурет.
Мына өнер туындыларына қарашы. Суретшілердің туындыларын бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрларына қарай, альбомда кесте құрып, бөліп жаз.
Үйге тапсырма беру: Жанрларға байланысты тақырып бойынша сурет сал.