7


  • Учителю
  • Открытый урок на тему 'Қазақ билері' (5 класс)

Открытый урок на тему 'Қазақ билері' (5 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Оқушыларды қазақ халқының бұрынғы сот төрелігі, билік айту жүйесімен таныстыру, қазақ билерінің өмірі, олардың тарихта алатын орны, өнегелі істері жайында мәлімет беру. Төле би, Қазбек би, Әйтеке билердің өмірі, қызметі, даналықтары туралы білімдерін толықтыру. Би деген
предварительный просмотр материала

Пәні

Қазақстан тарихынан әңгімелер

Өтілетін мерзімі

09.12.14

Сабақтың тақырыбы

Қазақ билері

Мақсаты

Оқушыларды қазақ халқының бұрынғы сот төрелігі, билік айту жүйесімен таныстыру, қазақ билерінің өмірі, олардың тарихта алатын орны, өнегелі істері жайында мәлімет беру.

Міндеттер:


1. Оқушылардың қызығушылығын ояту

2. Жаңа тақырыпқа оқушылардың білетін білімі арқылы кіру

3. Оқушылардың өздерін-өздері оқыту арқылы білім беруге ықпал жасау, сыни тұрғыдан ойлау процестері арқылы әр баланы қамтуға жағдай жасау

4. Жаңа сабаққа белгілі бір ой қорытындылар жасау

Күтілетін нәтиже

1. Оқушы XVII- XVIII ғасырда өмір сүрген қазақтың бір туар билері туралы білім алады;

2. Қара қылды қақ жарған әділ билік айтқан билер өмірін мысалға келтіре отырып әділдікке, адамгершілікке, адалдыққа тәрбиелеу, құкықтык тәрбие беру.

Сілтеме

Б.Қ.Әбдіғұлова, А.Т.Қапаева, Ғ.Қ.Кенжебаев «Қазақстан тарихынан әңгімелер» 5-сынып оқулығы

Ресурстар

Постер, түсті қағаз, маркерлер, дидактикалық таратпа материалдар, компьютер, проектор, оқулық, бейнефильм, білім тексеруге арналған таратпа материалдар,

өзін-өзі бағалау парақтары

Сабақ

кезеңдері

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушы іс-әрекеті

Берілетін тапсырма

Қолданылатын модульдер

Ұйымдастыру кезеңі

2мин

Топқа бөлу:

«Әр-түрлі жұлдызшаларды оқушылар өздері таңдау арқылы топқа бөліну»

Ортаға шығып топ атауы жазылған қиындыларды алып, сол топқа барып отырады.


СТО, диалогтық оқыту

Үй тапсырмасы

13 мин

Оқушыларға арнайы дайындалған логикалық сұрақтарды және тапсырмаларды таратып беру.

Логикалық сұрақтарға А3 қағазына салып жауап береді.

Дәптерде тарихи диктант пен тесттік жұмысты орындайды.

І. Логикалық сұраққа жауап беру.

Қазақ ордасында хан сайлау дәстүрі.

Қазақ хандарынан кімдерді білесіңдер және олардың ерекшелігі.

Хан және президенттің ұқсастығы.

Қазақ хандығының қалыптасуын карта бойынша түсіндіру.

ІІ. Тарихи диктант.

Соғысқұмар ханның қатал билігіне бағынғысы келмеген Керей мен Жәнібек сұлтандар Әбілхайыр ханға қарсы шықты.

Ханның төңірегіндегі сұлтандар мен тайпа көсемдері хан кеңесіне мүше болды.

Өмір тәжірибесі мол, сот мәселесін жетік білетін әділ, шешен, дана адамдар ғана би бола алатын.

ІІІ. Тесттік жұмыс

1. Қазақ хандығы қай ғасырда құрылды?

А. XV ғасырда

B. XIV ғасырда

C. XVI ғасырда

2. Қазақ хандығының тұңғыш ханы кім?

А. Жәнібек хан

В. Қасым хан

С. Керей хан

3. Қасым хан қай жылдары билік құрды?

А. 1566-1587

В.1511-1518

С. 1496-1500

4. Есім ханның заңдар жинағы қалай аталды?

А. Жеті жарғы

В. Есім ханның ескі жолы

С. Қасым ханның қасқа жолы

5. Мыңдаған малы бар дәулетті адамды қалай атаймыз?

А. Бай

В.Батыр

С. Би

СТО, диалогтық оқыту

Сергіту сәті

2 мин

Арнайы парақтарды оқушыларға беріп, ішіне өздері естігісі келетін жылы сөздерді жазуды сұраймын.

Оқушылар өздері естігісі келетін жылы сөздерді немесе сөйлемді бір параққа жазып, басқа топтың оқушысына лақтырады.

«Жылы сөздер бұрқасыны»


І.Қызығушы--лықты ояту

(3 мин)

Бейнефильм көрсету

«Төле би» бейнефильмін тамашалайды

«Төле би» бейнефильмі

СТО


ІІ.Мағынаны тану

«Ой қозғау» -жаңа тақырыпты меңгеру

13 мин

Жаңа сабақты топтық жұмыс барысында өз бетімен меңгеру, топта талдау.


а)Жеке оқиды, жұппен, топпен талқылай отырып толық ақпаратты іріктейді, жаңа пәндік терминдер мен сөздіктерге тоқталып дәптерге жазады.

в)түсініксіз болған жағдайда белгіні көтеріп мұғалімге сұрақ қояды.

І топ: Би туралы түсінік

ІІ топ: Төле би

ІІІ топ: Қазыбек би

ІV топ: Әйтеке би

Диалогтік оқыту, СТО

ІІІ.Ой толғаныс


5 мин

Тақырыпқа байланысты арнайы дайындалған ортақ бір логикалық сұрақ қоямын.

Ауызша жауап береді.

І. Билер мен хандардың айырмашылы-ғы қандай?

ІІ. Сот ғимараттары алдында неліктен үш бидің ескерткіштері орналастырылады?

СТО

Оқушылардың бағалануы

5 мин

Бағалау парағымен салыстыра отырып, сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау.

Бағалау парағын толтырып, орташа бағасын шығарып тапсырады.


Формативті бағалау, суммативті бағалау

Үй тапсырмасы

2мин

Интерактивті тақтада көрсету

Оқушылар «Тұлғаға хат» бойынша таңдаған биіне ұсыныс, тілек білдіру немесе сұрақ қою формасында хат жазып келеді.

«Тұлғаға хат»

СТО

Рефлексия


Оқушылар стикерге өзінің көңіл-күйін жазып іледі.






 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал