- Учителю
- 'ҰЛы Жібек жолы'. Ашық сабақ жоспары.
'ҰЛы Жібек жолы'. Ашық сабақ жоспары.
Сабақтың тақырыбы: «Ұлы Жібек жолының Қазақстандағы тармақтары»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Ұлы Жібек жолының Қазақстандағы тармақтарымен және сілемдерімен таныстыру. Оңтүстік Қазақстанның Батысқа шығатын, Жетісудың Шығысқа шығатын басты қақпа екені ретіндегі маңызын түсіндіру.
Дамытушылық мақсаты:Оқиғаларға қатысты тарихи танымын қалыптастыра отырып, ойлау, талдау, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту, өзіндік жұмыстар жасай білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік мәні:Барлық салада Отанының ілгері дамуы үшін үлес қосуға, ұлтжандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақ: әдебиетпен, дүниежүзі тарихымен пәнаралық
байланыс негізінде жүргізіледі.
Сабақ түрі: саяхат сабақ.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру , түгендеу.
Кіріспе сөз: Мұғалім Ұлы Жібек жолының басталуына тоқталады.
«Психологиялық тренинг» онда оқушыларға «сергіту сәті» ретінде қолданылады.
Жаңа сабақ: «Түйе» жануарымен саяхат басталады:
1-бекет: Қытай мемлекеті, Ұлы Қытай қорғаны, Хуанхэ өзені.
Тапсырма:"Тарихи сынақ хат" оқушы шиыршықталған қағаздан сұрақтар
оқиды.
Ұлы Жібек жолының Шығысқа шығатын бір бағыты оңтүстік-батыс Жетісу жерінен Тараз қаласы арқылы Алматыға жеткен.
2-бекет: Тараз қаласы.
Тапсырма: "Теңгедегі сыр" Ұлы Жібек жолы кезіндегі теңге мен ҚР теңгесін салыстыру.
3-бекет: Алматы қаласы.
Тапсырма: "Тарихи диктант"
Берілген сөздерден тарихқа қатыстысын жазу немесе айту;
Күнделік; Түрік; Қаған; Әлем; Хабар; Таншу; Тараз; Сарай; Қала; Мәдениет; Топ; Көшпелі; Мемлекет; Саяси; Қажет; Қағаз; Ескерткіш; Қимақ; Жақсы; Суяб; Дың; Якка; Қобыз; Етік; Бұрыш; Айна; Тарақ; Сабын;
4-бекет: Қойлық қаласы
Тапсырма: "Сен маған, мен саған"
Оқушылар даярлап келген сұрақтарын бір-біріне қояды.
5- бекет: Отырар қаласы
Тапсырма:"Отырардан кімдер шықты?"
"Қандай оқиғалар болды?"
Мұхтар Шахановтың «Отырар туралы» өлеңін оқу.
6- бекет: Түркістан қаласы
Тапсырма:
"Қазақ хандығының-550 жылдығы"мерейтойына байланысты
«Фото жұмбақ» бірнеше хандардың суреттері көрсетіледі кім екенін оқушылар айтады.
7- бекет: Сауран қаласы
Тапсырма:
«Діндер тоғысы». Онда : манихейлік дін, христиан діні және ислам діні туралы айтады.
8-бекет: Испиджаб (Сауран) қаласы
Тапсырма:
"Венн диаграммасы" Оқушылар «түйе», «ұшақ», «машина» суреттеріне қарап ерекшелігі мен ұқсастығын айтады.
Бекіту бөлімі: «Сәйкестендір». Берілген тапсырмаларды реттеп қояды.
Қорытынды: Жерорта теңізіне жеткен Ұлы Жібек жолының тарихи
маңызы туралы айтылады.
Оқушылардың сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып «түйе», «ұшақ», «машина» суреттерінің тұсына қояды.
Бағалау бөлімі:
Үйге тапсырма: оқу, әліде тың материалдар іздеу тапсырылды.