7


  • Учителю
  • Урок по историй на тему 'Қола дәуірі'

Урок по историй на тему 'Қола дәуірі'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала






«№4 орта мектебі » мемлекеттік мекемесі


Қазақстан тарихы 6-сынып



Тақырыбы: Қола дәуірі тұрғындарының қоғамдық және мәдени өмірі

(ашық сабақ)


Дайындаған: Кемалова А.


2011 жыл

Сабақтың күні: 17.11.11

Сабақтың тақырыбы: Қола дәуірі тұрғындарының қоғамдық және мәдени өмірі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік- Қола дәуірі тұрғындарының қоғамдық сипаттама беру,мәдени өмірі мен діни көзқарастары туралы таныстыру.

Дамытушылық- Оқушылардың дағдысын,танымын,сөйлеу мәдениетін,ойлау қабілетін дамыту. Тәрбиелік-Отанға деген сүйіспеншілікке,адамгершілікке,азаматтыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,түсіндірмелі

Сабақтың көрнекілігі:

Карта

Интерактивті тақта,слайд.

Үлестірмелі материалдар.

Топтастыру

Тірек-сызба: Қазақстан аумағындағы қола дәуірінің ерекшеліктері.

Андрондықтардың шаруашылығы мен кәсібі.

Діни көзқарастары.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: -Сәлеметсіздер ме, оқушылар!

Сәлемдесу.

Таныстыру.

Сынып оқушыларын түгендеу.

Сабақтың мақсатын хабарлау.

II. Үй тапсырмасын сұрау.

Сұрақтар мен тапсырмалар

Кім жылдам? (Ауызша сұрақтарға тез жауап беру)

1.Андрондықтардың басты кәсібі (мал бағу,кетпенді-теселі егіншілік,балық аулау).

  1. Қола дәуірінде ыдыс жасаудың ең бір өрнектеген түрі(көзе құмыралар жасау)

  2. Ғалымдар қазақтың киіз үйлерін кімдердің баспаналарына ұқсатады (андрондықтардың баспаналары)

  3. Андрондықтар не еккен?(бидай,арпа,тары)

  4. Мыс рудасына қалайы қосу арқылы өндірілген металл(қола)

«Үлестірмелі материалдар» тарихи диктант

Қола дәуірі тұрғындары табиғи мысты пайдаланудан біртіндеп оны қорытуға көшті.

Адамдар мыс рудасына қалайы қосу арқылы қола өндіруді үйренді.

Жертөле үйлердің қабырғасы жартылай таспен қаланып шегенделетін.Төбесін жуан сырғауылдармен төртжаппа етіп жауып, содан соң арасын қурай,шөп араласқан шыбықтармен шегендеп тастаған.

Андрондықтардың шаруашылығы мен кәсіб

Мал бағу Кетпенді-теселі Балық аулау

1.отырықшылық егіншілік

2бақташылық (бидай,арпа,тары)

(сиыр,қой,ешкі,жылқы)


Беғазы-Дәндібай тұрғындарының кәсібі мен тұрғын үйлері

Мал шаруашылығы Тұрғын үйлері

(жылқы) жертөле жартылай жер

бетіндегі үйлер


Жаңа сабақ.

Күн жады: Қарашаның он жетісі § 10. Қола дәуірі тұрғындарының қоғамдық және мәдени өмірі.

Жоспар:

1.Климаттың өзгеруі

2.Қоғамдық құрылысы

3.Діни көзқарастары

4.Зергерлік өнер

1.Жаңа сабақты жоспар бойынша түсіндіру

Климаттың өзгеруі.

Бұдан үш мың жыл бұрын еліміздің табиғаты құрғақ, қысы қатал әрі ұзақ, жазы қысқа әрі ыстық болған. Мұндай жағдайда ел тұрғындарының егіншілікпен айналысуы қиынға соқты.

2.Қоғамдық құрылысы.

Қола дәуірінде Қазақстан жерін мекендеген тұрғындар рулық-тайпалық құрылымында өмір сүрген.

Бұрын үстем болып келген аналық рулық қатынас толық күйреді. Оның орнынан әкелік рулық қатынас қалыптасты.


3.Діни көзқарастар.

Қола дәуірі тұрғындарының діни көзқарастары қарапайым болды.Олар өлген адамдарын белгілі бір рәсімдермен жерледі.Адамды қабірге сол не оң жамбасымен бір қырынан жатқызған.Андрондықтардың түсінігінше өлген соң да «о дүниеде» тіршілік жалғасады.

Топтастыру

Діни көзқарастары

1.Тотемизм 3.Анимизм


2. Фетишизм

  1. Жанға,рухқа табыну.

  2. Шығу тегін жануармен байланыстыру.

  3. Жансыз дүниеге сеніп,соның қасиетіне табыну.


4.Зергерлік өнер.

Қола дәуірінде Қазақстанды мекен еткен адамдар зергерлік өнер туындыларын да қалдырды. Олар,негізінен қоладан жасалған әр түрлі әшекей бұйымдар сақина,білезіктер,салпыншақ әшекейлер,сырғалар,моншақтар т.б. қолданған.

Бекіту тапсырмалары

1.Сәйкестендіру тесті

2.Тестпен жұмыс

Тапсырмалар

Дұрыс жауап тізімі

Қате жауаптар тізімі

1

Бұдан үш мың жыл бұрын еліміздің табиғаты


Егін пісіп үлгермедің

2

Күзгі жаңбырдың салдарынан


Екі аяқты арбаны бейнелеу кең тараған

3

Қола дәуірі петроглифтерінде


Арбалар көп бейнеленген

4

Қаратаудағы жартасқа салынған суреттің ішінде


Күн басты адамдар бейнеленген

5

Тамғалыдағы тасқа шекілген суреттерде


Мәңгіліктің символы

6

Күн басты бейнелер рухани құндылықтарды сақтаушы


Құрғақ,қысы қатал әрі ұзақ,жазы қысқа әрі ыстық болған.

Тестпен жұмыс


Жеке меншік қалыптасқан кезең

а)ерте палеолит

б)қола дәуірі

2.Рудың ежелгі салт-дәстүрі мен әдет ғұрыптарының бұлжымай орындалуын қадағалағандар

а)абыздар

б)байлар

3.Андрондықтар әр түрлі жыртқыш аңдардың тісін тізіп мойындарына не таққан

а)тұмарша

б)моншақтар

Бағалау.

Үй тапсырмасын беру

1.§10 (45-48беттер)

2.Сұрақтар мен тапсырмалар (48бет)

3. «Қола дәуірінің зергерлік өнері» шығармашылық эссе.

Қорытынды.

Қола дәуірінде жартастар бетіне салынып, жұқа, қоңыр қабықшақ басып қалған суреттердің өзіндік ерекшеліктері бар. Ертедегі адамдар жартастардың тегіс бетіне қатты, үшкір тас сынықтарымен жануарлардың, күн бейнелі адамдардың суретін, соғыс арбалары мен шайқас көріністерін салған. Бұлар адамдардың рухани мәдениеті мен оның дүниетанымы жөніндегі аса бағалы құндылықтар болып табылады. Қазақстан - жартастағы суреттерге, яғни әр алуан петроглифтерге бай елдердің бірі. Қола дәуірінің адамдары мифологиялық ойлау сатысында болған. Олар күн мен түннің теңелуі, жер жырту, егін егу, оны жинау, төрт мезгілдің ауысып отыруы Жаратушының қолында деп есептеген. Осы үйлесім бұзылмауы үшін құрбандық атар, дұға қайырып, жөн-жоралғылар жасап отырған.

Тарихи маңызы бар ескерткіштерді қорғауымыз қажет. Оңтүстік Қазақстан жеріндегі осы күнге дейін сақталған ж Қазақстан Тәуелсіздік жолында.

Егемендік пен тәуелсіздік еркіндік сүйген халқымыздың ежелден аңсаган арманы. Бүгінгі таңда тәуелсіздікке қол жеткізген еліміз талай асудан өтіп, небір қиын - қыстау кезеңдерді бастан кешіп, етек - жеңі жиылган, әлемнің түкпір - түкпіріндегі елдерге танылган, өз мақсаты мен міндетін анық байыптаган жас мемлекеттердің қатарына кірді

артастағы суреттер келер ұрпаққа мол мұра





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал