7


Поурочный план по историй

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Асылканова Гульнур Капоровна

Тарих пәні мұғалімі

ШҚО, Семей қаласы

«№38 жалпы орта білім беретін мектеп-лицей» КММ

Семей қаласы, қазақ тобы.

САБАҚ ЖОСПАРЫ №1


Сынып: 7 «Ә»

Күні:15.10.2015

Пән:Тарих

Сабақ тақырыбы

Орта ғасырлардағы дамыған мемлекеттер.Қарахан мемлекеті(942-1212ж).

Сілтеме

10-сынып оқулығы, әдістемелік нұсқаулық.

Мақсаты

- Қарахан мемлекеті туралы өз ойларын түсіндіру, қорыту.

- Қарахан мемлекетініңқұрылуы,қоғамдық құрылысы, өзіндік ерекшеліктерін,мемлекеттің саяси жағдайы,

шаруашылығымен,мәдениетімен танысу .

- Оқушыларды сыни ойлау, есте сақтау қабілеттерінің, топта және жұпта жұмыс істеу дағдыларының дамуына жағдай жасау.

- Өзара және өзін бағалауға дағдыландыру.

Күтілетін нәтиже

- Қарахан мемлекетініңқұрылымын анықтайды, мемлекеттің ерекшелігін жатқа айта алады;

- Қарахан мемлекетінің саяси жағдайы, шаруашылығымен мәдениеті жөнінде жан-жақты білім алады.

- Жұппен, топпен жұмыс жасау арқылы сыни ойлауға ынталанады, пікірлесу арқылы ойын еркін жеткізеді;

Сабақтың түрі

Аралас сабақ, СТО, АКТ

Көрнекіліктер мен

құрал-жабдықтар

Интерактивті тақта, оқулық, карталар, постерлер, слайдтар.

Әдіс-тәсілдер

Жұптық, топтық жұмыс, диалог, сын тұрғысынан ойлау, топ басшысының бағалауы.

Кезең

Берілетін уақыт (45мин)

Мұғалімнің әрекеті

Оқушы әрекеті

І кезең

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру

(3 мин)

Сәлемдесу. Түгендеу

Қиылған «Қарахан мемлекеті» картасын сұрыптау арқылы топқа бөліну. Топ ережесін анықтап алу.

Жағымды психологиялық ахуал туғызу. «Шаттық шеңбері» тренингі.

Оқушылармен бірге бағалау критерийлерін анықтап алу.

Үй тапсырмасын тексеру

(2 мин)

Диалог. Әр топ екі сұрақтан дайындап,бір-біріне сұрақ қояды

ІІ кезең

Жаңа тақырып бойынша тапсырмалар

«БІЛУ» теориясы:

Кім? Не? Нені? Қашан? Қандай? Қалай? Не істеді?

(5мин)

Мұғалім жаңа сабақтың тақырыбын айтады.

«Миға шабуыл»

1.Қарахан мемлекеті қайаймақта құрылды?


2. «Қарахан мемлекеті» сөзін айтқанда көз алдымызға не келеді?

3. Көзімізді жұмып, көз алдымызға шаруашылығы мен мәдениетінің әсем көріністерін елестетейік.Әсем мәдениет,шаруашылық көріністеріне не жатады екен?

4. ББҮ кестесін толтыру. Қарахан мемлекеті туралы туралы білетіндеріңізді «Білемін» бағанына толтырамыз.

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім


Оқушылар бүгінгі күнді және жаңа тақырыптыдәптерлеріне жазып қояды.

  1. Қарахан мемлекеті Жетісу аймағы менШығыс Түркістанның бір бөлігінде Қарахан мемлекеті құрылды.

  2. Жеке жұмыс.Оқушы Қарахан мемлекеті жөнінде не білетінін дәптерге жазады.

  3. Шаруашылығы 2-бағытта жүргізілді1.Тараз,Талхир,Баласұғын сияқты ірі қалаларда және оның маңайындағы қытақ-кенттерде отырықшы халық егін,бау-бақша өсірумен айналысты.2.Далалы,таулы,қыратты жерлерде жартылай көшпелі,жартылай отырықшы мал шаруашылығы дамыды

  4. Алдымен жұпта, сосын топта талқылап, әр топтан бір оқушы жазғандарын оқиды.

«ТҮСІНУ» теориясы:Неге? Неліктен? Себебі? Не үшін?

(8 мин)

«Қызығушылықты ояту»

Осы тақырыпты білуіміз үшін нені меңгеруіміз керек? Қазір «Білгім келеді» бағанын толтыра қойыңыздар.

Дәптерлеріне кестені толтырады. Сосын топта талқылап,топтан бір оқушы ойын айтады.

- Қараханмемлекеті туралы не білгіміз келеді екен?

- Қандай мақсат қояр едіңдер?

- Осы мақсаттарға жету үшін тапсырмаларды орындайық.

-Қарахан мемлекеті туралы не білгілері келетіндігін айтады.

- Мемлекеттің құрылуын, өзіндік ерекшелігін түсіну.

- Кескін картаға Қараханмемлекетінің орнын, шеткі нүктелерін түсіреді.

- Шаруашылығы мен мәдениетінің ерекшелігін түсінеді.

ІІІ кезең

Деңгейлік тапсырмаларды орындау

«ҚОЛДАНУ» практикасы:

қарапайым тапсырмалар

(5 мин)

«Мағынаны тану»

Енді оқулығымызды ашып, тақырыпты оқиық.Оқулықпен жұмыс.

Тірек-сызба арқылы Қарахан мемлекетінің қоғамдық құрылысын жазу.


Тақырыпты оқып болған соң, оқушылар түсінгендерін тізбектей айтып шығады.


«ТАЛДАУ» теориясы:

Салыстыр, айырмашылығы неде? Ұқсастығы неде? Тақырыптың басты идеясын жаз, деген болу керек

(7 мин)

  1. Картамен жұмыс.Қарахан мемлекетінің ерекшеліктерін ноутбук,компьютерлерге түсірту.


  1. ВЕНН диаграмасы арқылыТүрік қағанаты мен Қарахан мемлекетініңшаруашылығы мен мәдениетіндегі ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу,салыстыру.

  1. Оқушылар алдарындағы ноутбук,компьютерлерге Қарахан мемлекетінің ерекшеліктерін түсіреді.

  2. ВЕНН диаграмасы арқылы Түрік қағанаты мен Қарахан мемлекетініңшаруашылығы мен мәдениетін салыстырады, Ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ажыратып жазады.

Сергіту сәті

(2 мин)

«От шашу» ойыны. Барлығымызорнымыздан тұрып төменнен жоғары қарай шапалақтаймыз, жоғары көтергенде қаттырақ шапалақ ұрамыз. 3-4 рет орындау.

«ЖИНАҚТАУ» теориясы: Қорытынды шығар, анықтама бер, мазмұнды жүйелі, кесте, сызба, т.б. түрінде

(10 мин)

Қарахан мемлекеті туралы бүгінгі сабақтан алған жаңалықтарымыздың барлығын ой елегінен өткізіп Қарахан мемлекеті туралы постер жасау тапсырылды.

Топ мүшелері әрқайсысы өз ойларын жазады.Топта талқылап, постер жасайды.

«БАҒА БЕРУ» практикасы: Сен қалай ойлайсың? Не істер едің?

(3 мин)

-Қарахан мемлекетінің құрылуыжәне қайда орналасқан?

-Мемлекеттің орталығын сыртқы мемлекеттер мен қарым-қатынасын ата.

Қорытынды:

-Балалар, бүгінгі сабақта өз білімдеріңді көрсеттіңдер. Бүгінгі сабақтан не түйдіңдер?


Үйге тапсырма: §10.«Қарахан мемлекеті(942-1212ж)»


Білімдерін бағалау.

Жұмыс дәптерінде берілген бағалау картасы бойынша өз-өздерін бағалады.

Қарахан мемлекетінің орнын,орталығын сыртқы мелекеттермен қарым-қатынасының ең,ең... деген ерекшеліктерін атап көрсетеді.

Кері байланыс. Жұмыс дәптері соңында берілген рефлексияны толтырды.


Күнделіктеріне жазып алады.

Ашық сабақтан көріністер






 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал