7


  • Учителю
  • Индуизм және оның негізгі бағыттары. Индия және Жапониядағы діни көзқарастар

Индуизм және оның негізгі бағыттары. Индия және Жапониядағы діни көзқарастар

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Тема урока: Индуизм и его направления. По предмету Религиоведения. Цель урока: понимание учащимися особенностей индуизма как неотъемлемой составляющей религиозной культуры и цивилизации Индии.Задача урока: Образовательные: дать понятие об индуизме и его направлениях,
предварительный просмотр материала

Сабақ жоспары

Тақырыбы: Индуизм және оның негізгі бағыттары. Индия және Жапониядағы діни

көзқарастар

Мақсаты: 1. Оқушыларға Индуизм, оның бағыттары, діннің негізгі мәні мен Индия

және Жапониядағы діни көзқарастар туралы мәлімет беру;

2. Оқушылардың ойлау, өз ойын еркін жеткізу, талдау, қорытынды жасай

білу қабілетін жамыту;

3. Оқушылардың бойында басқа халықтық дінге деген құрмет сезімін

қалыптастыру, оның мәнін танып білуге деген қызығушылығын ояту.

Сабақ типі: Жаңа сабақты меңгерту

Сабақ түрі: Саяхат сабақ

Сабақ әдісі: әңгімелеу, талдау, ой-қозғау, кестемен жұмыс, жұптық жұмыс, қосымша

деректермен жұмыс

Сабақ көрнекілігі: кесте, Дүние жүзінің саяси картасы, кескін карта, суреттер,

слайдтар, тірексызбалар, перфокарта.

Сабақтың құрал-жабдығы: интербелсенді тақта

Пәнаралық байланыс: Тарих, География, Адам Қоғам Құқық пәндері

Қосымша материалдар:

  1. «Әлем діндері» Балалар энциклопедиясы

  2. Е. Ғарифолла «Дінтану негіздері»

  3. Ғаламтор мәліметтері

  4. Қазақ Ұлттық энциклопедиясы

  5. "Народы и религии мира" (М.,1998)


Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, сабаққа дайындық деңгейін анықтау


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

(5 минут)

Үй тапсырмасы тест арқылы тексеріледі:

  1. Толықтыру тесті

  1. Жансыз заттардың табиғаттан тыс қасиетіне, олардың магиялық қуатына деген сенімге негізделген - _____________________________

  2. Ру-тайпаларының бір-бірімен жануарлармен, өсімдіктермен тылсым туыстық байланысы бар деп білген ежелгі наным-сенім - ___________________

  3. Жан мен рухты тірі мен өлі табиғаттың сезіммен қабылданатын барлық заттары мен құбылыстарында жасырынып жататын, оларды басқарып отыратын жаратылыстан тыс күш деп санайды - __________________

Жауаптары: І. Фетишизм ІІ. Тотемизм ІІІ. Анимизм


  1. Сәйкестік тесті

І. Магияның тарихы және дүниетанымдық А. Э.Б. Тейлор

эволюциясын зерттеген адам

ІІ. Анимистік теорияның негізін қалаған В. Э. Дюркгейм

ғалым

ІІІ. Дін-адамның рухани даму жолының С. Дж.Фрезер

алғашқы сатысы деген теорияның авторы

ІV. Дін социологиясының негізін қалаушы D. О. Конт

Жауаптары: І. С; ІІ. А; ІІІ.D; ІV. В

ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту

(30 минут)

1. Оқушылар сабақтың мақсатын анықтайды

2. «Миға шабуыл» стратегиясы






САЯХАТ МАРШРУТТАРЫ: сабақ 5 маршрут жолынан тұрады. Әр маршрут аялдамасының шектеулі уақыты бар, әр маршрутқы қорытынды жасап отыру шарт

1. Индуизм (3 минут)

  • Индуизм пайда болған уақыт______

  • Индуизмнің негізгі постулаттары: (Сызбанұсқаны толтыру)

2. Индуизмдегі конфессиялар. Кестемен жұмыс (5 минут)



  1. Индуизмдегі негізгі төрт жағдаят (7 минут)

  • қасиетті кітаптар туралы

  • о сверхъестественных существах,

  • жан туралы

  • өлгеннен кейінгі өмір туралы

Индуизмнің діни ескерткіштерін слайд түрінде көрсету:


  1. Дүниежүзіндегі индуизмнің таралу аймақтары (Диаграмма түрінде көрсетіп, индуизм таралған елдерді кескін картаға түсіру) (7 минут)

Бұл дінді ұстанушылар саны әлемде 800 миллион, яғни әлем халықтарының 14%-ын құрайды. Қазіргі таңда бұл дін Индия мен Непалда басым болып табылады(80%). Сонымен қатар Азияның басқа елдерінде де тараған, оның ішінде: Бангладеште (15 млн.), Индонезияда (4 млн.) Шри-Ланка (2,5 млн.), Пакистанда (1,3 млн.), Малайзияда (1,1 млн.). Африка құрлығындағы ең ірі индустар қауымдастығы ОАР (700 мың), Амаерикада-АҚШ (575 мың), Еуропада-Ұлыбритания (500 мың)

5. Индия және Жапониядағы діни көзқарастар (Венн диаграммасыбойынша көрсету) (5 минут)

ІV. Бекіту

«Футбол» ойыны

  1. 4 немесе 2 топқа бөлу

  2. Команда лидерін сайлау, оқушыларды бағалау

  3. Топ бойыншасұрақтар беру арқылы, командалар гол (дұрыс жауабы) соғады

  4. Команда мүшелері жеке-жеке сұрақтар қояды

V. Рефлексия

Шығу парағын толтыру

Не білдік?

Не үйрендік?

Не білгіміз келеді?





VІ. Үй тапсырмасы

Тақырып бойынша сөзжұмбақ, сөзтізбе, криптограмма, викториналар дайындап келу


VІІ. Қорытынды

Бағалау

Бағалау параға сабақ басталар уақытында алдын-ала сайланған эксперт топқа беріледі.

Бағалау парағы

Оқушының

аты-жөні

Баға

Ортақ ұпай

1 маршрут

2 маршрут

3

маршрут

4 маршрут

5

маршрут

Дайындаған: Альдекенова А.Т.

Ақсу қаласының дарынды балаларға арналған гимназиясы




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал