- Учителю
- 9 Сынып д. ж. тарих. Сабақ жоспары
9 Сынып д. ж. тарих. Сабақ жоспары
9 сынып. Қазіргі дүние жүзі тарихы Күні:10.09.2015
Сабақтың тақырыбы: §2. Соғыстан кейінгі әлемді қайта құрудың Версаль-Вашингтон жүйесі.
Сабақтың мақсаты:
-
Париж бітім конференциясында жеңген мемлекеттердің қандай мақсат көздегенін әңгімелеп, Ұлттар Лигасының не үшін құрылганын және мандат жүйесін құрудың мәнін ашып көрсету.
-
Тарихи фактылерді ұғымдарды анықтап, талдап,қорытынды жасап өз пікірін айтуға баулу.
-
Оқущыларды бейбіткерлікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: баяндау,сұрақ жауап.
Көрнекілік: карта
Сабақтың жоспары I. Ұйымдастыру кезеңі
II Үй тапсырмасын тексеру
III Жаңа сабақ
IV Жаңа сабақты бекіту
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
-
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
-
Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
-
Бірінші дүниежүзілік соғыстың басталу себептері қандай болды?
-
Соғыстың қандай ірі шайқастарын білдіңдер?
-
Германия неліктен «Шлиффен» жоспарын жүзеге асыра алмады?
-
АҚШ неге 1917 жылы ғана соғысқа кірді?
-
Бірінші дүниежүзілік соғыс майдандарында соғыс қимылдарын тоқтату жөнінде келісімге қол қою қашан және қай жерде болды?
-
Бірінші дүниежүзілік соғыстағы жалпы адам шығыны қанша болды?
Жаңа сабақтың жоспары:
-
Ұлттар Лигасын құру
-
1921-1922 жылдардағы Вашингтон конференциясы
Бірінші дүниежүзілік соғысты жеңген мемлекеттер 1919 жылдың 18 қаңтарында Парижде бітім конференциясын бастайды. Бітім шартын жасауға Германия мен жеңілген мемлекеттер сонымен қатар Кеңестік Ресей қатыстырылмады. Негізгі мақсаты Германиямен бітімшартын дайындау болды. Конференцияны Францияның, Ұлыбританияның және АҚШтың президенттері жетекшілік етті.
Халықаралық мәселелерді талқылау үшін жыл сайын Ұлттар Лигасының Ассамблиясы шақырылатын болды. Кеңестің тұрақты мүшелері қатарында - АҚШ,Ұлыбритания, Франция ,Италия және Жапония болды. .
Сабақты бекіту:
-
Бірінші дүниежүзілік соғыс барысында бұқаралық қозғалыстардың өрлеуін қандай себептер туғызды?
-
Соғыстан кейінгі Еуропаның саяси өмірінде, дамудың екі жолы қанда себептермен айқындалды?
-
1917 жылғы Ресейдегі Қазақ төңкерісі Бірінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейінгі Еуропа халықтарының бұқаралық қозғалыстарының өсуіне қалай ықпал етті?
-
І джс кейінгі жұмысшы қозғалыстарының жіктелу себептерін түсіндіріп беріңдер
-
ІІІ Интернационалды (Коминтерн) кім басқарды және осы ұйымның орталығы қайда болды?
Бағалау:
Үйге тапсырма: §2