7


  • Учителю
  • Урок на тему 'Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері' (5-сынып)

Урок на тему 'Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері' (5-сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Қазақстан тарихы пәнінен қысқа мерзімді жоспар.

Мұғалім: Жаксымбетова Сания Манатовна

Сынып: 5 «а»

Өткізілетін күні: 04.05.2015ж

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері

Мақсаты: Рәміздердің тарихымен таныстырып, мемлекеттік рәміздеріміздің белгілеріне түсініктеме беруге үйрету

Күтілетін нәтиже: Рәміздердің маңыздылығын түсініп, авторларын атай алады, рәміздердің белгілеріне түсініктеме бере алады


КЕЗЕҢДЕР

МҰҒАЛІМНІҢ ӘРЕКЕТІ


ОҚУШЫНЫҢ ӘРЕКЕТІ


УАҚЫТ

Дереккөздер


білу түсіну



Сәлемдесу, түгендеу, «Австралиялық жаңбыр».


«Қарлы кесек» тәсілін түсіндіру


Автомобиль, поезд, ұшақ, жылқы ойынын ойнатып 4 топқа бөлу .


Интербелсенді тақтадан үш мәтіннің үзінділер көрсетіп және әр топқа сол үзінділерді тарату

Сұрақ: қалай ойлайсындар біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай?

Тақырыпты айту.


Мақсат қойғызады.

Амандасады, көңіл-күйлерін «Австралиялық жаңбыр» арқылы жағымдық ахуал туды.

«Қарлы кесек»-әдісі: қағазға сұрақ жазып, бір-біріне лақтырады, ұстап алған оқушы жауап жазып қайтарып береді. - Неліктен Қазақстан КСРО құрамында өз экономикасын еркін дамыта алмады?

- Қазақ халқының өз рухани байлығынан айырылу қаупін неден көруге болады?

- Бүгінде егеменді Қазақстан қандай жетістіктерге жетті?


Автомобиль, поезд, ұшақ, жылқы қимылдарын көрсетіп, 4 топқа бөлінеді.


Мәтінде не туралы жазылғандығын анықтау

Дауыстап оқиды

Сұраққа жауап береді.


Тақырыпты айтады

Сабаққа мақсат қояды.

1 мин


5 мин

2 мин


Қолдану

талдау

ДЖИГСО әдісі

Тапсырма таратылады.

Топтарды аралап, оқушылардың жұмысын қадағалайды

Оқушыларға тапсырма,А-3 қағаздарды, маркерлер, тапсырманын орындауға көмек көрсету

«Кластер» әдісін түсіндіру


«Иә-жоқ» әдісі арқылы оқушыларға дұрыс, кейбіреулері дұрыс емес пікірлер қатарын ұсынады


Жуан және жіңішке сұрақтар

ДЖИГСО әдісі.

1 қадам. Әр топ оқушылары төртке саналады.

2. Эксперттер топтарына бөлініп отырады. Әр топ тапсырма алып, топтың ішінде талқылайды.

1) Эсперттер тобы. «Рәміздер тарихы»

2) Эсперттер тобы. «Қазақстан Республикасының Туы»

3) Эсперттер тобы. «Қазақстан Республикасының Елтаңбасы»

4) Эсперттер тобы. «Қазақстан Республикасының Әнұраны»

Эксперттер өз топтарына оралады, кезекпен жаңа материалды түсіндіреді.

Әр топ кластер құрастырып қорғайды

Қимыл арқылы топтардың жұмысын бағалау

Оқушылар жеке жұмыс жасап, дүрыс немесе бұрыс жауапты белгілейді, топпен нәтижелерін талқылайды, жөндейді.

Әр топ бір жуан және бір жіңішке сұрақ құрып, сағат тілі арқылы бір-біріне қояды

10 мин


8 мин



3 мин

4мин

Ж.О.Артыкбаев, Ә.Ә.Сабданбекова, Е.А.Әділ. Қазақстан тарихынан әңгімелер, 5-сыныпқа арналған оқулық,


Жинақтау

бағалау

«Екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдісін түсіндіру.

Стикерлер тарату.



«Екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдісі



3 мин

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері» тақырыбындағы үшінші сабағымда оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамытуды ең бірінші интербелсенді тақта арқылы үш мәтіннің үзінділер көрсетіп және әр топқа сол үзінділерді таратудан бастадым: «Ежелден түркі халықтары үшін көк түс қасиетті ұғым болып келеді. Еліміздің ашық аспан астындғы еркін ел екендігін көрсетеді», «Шаңырақ - қасиетті ұғым. Еліміздің шаңырағы астында халықтар бейбіт, тату-тәтті өмір сүріп жатқандығының белгісі», «Грек тілінен аударғандағы мағынасы - «салтанатты ән». Еліміздегі азаматтарды әлеуметтік - саяси бірігудегі дыбыстық нышан.». «Бұл мәтіндерде не туралы айтылған? Жауаптарынды негіздендер» деген тапсырма бердім. Тапсырманы топ ішінде талқылап, бұл мәтінде мемлекеттік рәміздерінің сипаттамалары берілгендігін айтты. Неліктен солай ойлайсыңдар деген сұрағыма В деңгейлі оқушым жауап берді: «себебі мемлекеттік Туымыздің түсі көк, Елтаңбамыздың ортасында шаңырақ суреті бейнеленген, ал үшінші мәтінде мемлекеттік әнұранымыз туралы айтылған» деп жауап берді. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің авторларының суреттерін көрсетіп, мемлекеттік рәміздер мен авторларының суреттерін сәйкестендіруді сұрадым. Олар ауызша авторларын атай алса да рәміздердің авторларының түр-келбетін білмейтінін бұл тапсырма арқылы көрдім, сондықтан алдыңғы уақытта оқушыларға тарихи тұлғалардың портреттерін көрсетіп, оқушыларға тарихи тұлғаның есімін атауды ғана емес, оның түр-келбетін тануға көңіл бөлуім керек екен деген ой түйдім. Бірінші сабағымда «жуан және жіңішке сұрақтар» әдісін оқушыларым жақсы түсінбегендіктен, үшінші сабағымда бұл әдісті тағы қолдануды көздедім. «Жуан және жіңішке» әдісі оқушының қойған сұрағы оның мәтінге ену деңгейі мен алған біліміне диагностика жүргізу тәсілі болып табылатындықтан, оқушылардың сұрақ қою мәнерін дамытады, сыни тұрғыдан ойландырады деп есептеймін. «Жіңішке» сұрақтар - бір сөзді, сыңаржақты жауап талап ететін сұрақтар, ал ойлауды, қосымша білімді тарататын, талдай білуді талап ететін сұрақтар - «жуан» сауалдар деп аталады. Оқушылардың бұл тәсілді жақсы түсінулері үшін «жіңішке» сұрақтарды қойғанда қолданылатын сұраулы сөздер, «жуан» сұрақтарды қойғанда қолданылатын сұраулы сөздерді кесте түрінде тақтаға іліп қойдым.

Қолдану кезеңінде оқушылардың ойлау қабілетін дамыту мақсатында «Кластер» әдісін қолдандым. Бұл әдіс бойынша оқушылар мәтінмен жұмыс жасады, әр оқушы тіректі ұғымдарды жазып алып олардың байланысын көрсете алуы керек болды. Бұл жерде оқушылар топта жан-жақты талқылап, дұрыс байланыс орната алуын көрсете алды. Тапсырма орындау барысында С деңгейлі оқушы А деңгейлі оқушыдан көмек сұрады, сол кезде А деңгейлі оқушы оған тапсырманы орындауда тек бағыт берді. С деңгейлі оқушы тапсырманы өзі орындап шықты. Бұл жерде А деңгейлі оқушының С деңгейлі оқушыға тапсырманы істеп берсе, ол тақырыпты түсінбейтіндігін ұғынып, бағыт-бағдар беру арқылы С деңгейлі оқушыға тапсырманы орындатқызғаны оның көшбасшылық қасиеттерін де ашып берді.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал