7


  • Учителю
  • Қазақстан тарихы пәнінен 'Әлемдік өркениет, саяси география және геосаясат ұғымдары. Халықаралық ұйымдар' тақырыбының сабақ жоспары

Қазақстан тарихы пәнінен 'Әлемдік өркениет, саяси география және геосаясат ұғымдары. Халықаралық ұйымдар' тақырыбының сабақ жоспары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Пән: География Сыныбы: 10

Тақырыбы: Әлемдік өркениет, саяси география және геосаясат ұғымдары. Халықаралық ұйымдар.

Мақсат-міндеттер:

Білімділік мақсаты - Саяси география мен геосаясат туралы жалпы түсінік беру, алғашқы геосаяси теориялар туралы білімді жүйелеу, қазіргі заманғы геосаяси ағымдар Дүние жүзінің саяси картасының объектілері, тәуелсіз мемлекеттердің мемлекеттік құрылымы мен басқару жүйесі бойынша топтастыруын түсіндіру, тәуелді аймақтар туралы білімді одан әрі меңгерту мен бекіту, халықаралық ұйымдар туралы білімді қалыптастыру.

Дамытушылық мақсаты - Оқушылардың географиялық ой-өрісін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, танымдық қызығушылығын дамыту, географиялық ойлауын қалыптастыру.

Тәрбиелік мақсаты - Экологиялық тәрбие беру, еңбек тәрбиесін, патриоттық тәрбиесін беру, оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: Оқулық, 10 сынып Атлас, Дүние жүзінің саяси картасы, Еуропаның саяси картасы, Сабақ түрі: Аралас сабақ

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Оқушылар сабаққа даяр отырады.

ІІ

Ең алдымен мұғалім дүние жүзінің саяси картасында объектілері қатарына мемлекеттік мәртебесі жарияланған және жарияланбаған 267 ел мен аумақ жататынын айтады. Олар 2-ге бөлінеді: тәуелсіз мемлекеттер мен тәуелді аймақтар.

Одан кейін балаларға оқулықтағы 6-сызбанұсқа көмегімен мемлекеттер мемлекеттік құрылымы мен басқару формалары бойынша топтастыратынын айтып түсіндіреді.

Сосын мұғалім балаларға халықаралық ұйымдарды өз беттерінше оқып шығыңдар деп тапсырманы береді.

Оқушылар мұғалімді тыңдап, қысқаша конспект жазып отырады.

Оқушылар төменгі сыныптарда алған білімдерін еске түсіріп, монархиялар мен республикаларға анықтама береді. Ал монархиялар өз ішінен үшке бөлінетінін айтады: абсолюттік, конституциялық, теократтық. Сонымен республикалар өз ішінен 2-ге бөлінеді: президенттік және парламенттік. Олардың барлығына мысал келтіреді.

Сол сияқты тәуелді аумақтар өз ішінен отырларға, протеократтарға, мандаттық аумақтарға, шалғайдағы департаменттер мен аймақтарға, ассоциациялық мемлекетерге бөлінетінін айтады.

Сосын оқушылар халықаралық ұйымдарды өз беттерінше оқып шығып, мұғаліммен бірге талдайды.

ІІІ

Тақырыпты бекіту үшін келесі тапсырманы береді:

Атластағы дүние жүзінің саяси картасын пайдаланып, келесі кесте бойынша сұрақтарға жауап жазыңдар.

Сұрақ

Жауап

1. Дүние жүзіндегі жер көлемі ең үлкен 7 ел


2. Жер көлемі өте кіші мемлекеттер


3.Халқының саны жөнінен 100 млн адамнан асатын 10 ел


4. Географиялық орнының ерекшелігіне қарай топтасқан елдер


5. Теңіз жағалауындағы елдер


6. Түбекте орналасқан елдер


7. Аралдар мен топаралдарда орналасқан елдер


8. Теңізге шығу мүмкіндігі жоқ елдер (40 мемлекет)

Тақырыпты бекіту үшін оқушылар ең алдымен оқулық мәтінін оқып шығады, сосын оқулық соңындағы статистикалық мәліметтерге қарап, атластағы дүние жүзінің саяси картасын пайдаланып, берілген кестені толтырады.

ІV

Үй тапсырма:

1. §17, 18 оқып, мазмұнын айту.

2. Кескін картаға барлық мемлекеттер мен олардың астаналарын түсіру.

3. Тапсырманы аяқтау.

4. Оқулық соңындағы «Халықаралық ұйымдар» 5-кесте дәптерге сызу және жаттау.

Оқушылар үй жұмысын жазып алады, түсінбеген сұрақтарды сұрайды.

V

Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды.

Оқушылар мұғалімді тыңдап, бағаланады.

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушылармен қоштасады.

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін мұғаліммен бірге талдайды. Мұғаліммен қоштасады.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал