7


  • Учителю
  • Қазақ хандығының тарихи орны

Қазақ хандығының тарихи орны

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛҒАНЫНА 550 ЖЫЛ

Мақсаты: Қазақ хандығының дербес мемлекет ретінде құрылуына негіз болған хандар мен тарихи оқиғалар туралы нақты түсінік беру. Саяси оқиғаларды өз бетінше тұжырымдай білуіне бағыт беру.Хандықтың негізін қалаған Жәнібек пен Керей сұлтандар тұлғалық қасиеттері арқылы оқушылардың тұлғалық қасиетін қалыптастыру. Тәуелсіздіктің бізге оңай келмегенін, тәуелсіздікке жетер жолда қанша боздақтардың қиылған жаны мен төгілген қанын айта отырып, өз елін, өз жерін сүюге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: слайд - презентация, нақыл сөздер


ІІ. Қазақ хандығының құрылуы жайлы оқушыларға түсіндіру


Қазақ халқының бүгінгі қол жеткізіп отырған тәуелсіздігі бізге көктен түсе қалған сый емес.

Тәуелсіздік дегенде ұлан-байтақ жерімізді анталаған жауларынан қызғыш құстай қорғап, ат үстінде арыстандай арпалысып өткен асыл бабаларымыз ойға оралады. Ұшқан құстың қанаты талатын қазақтың байтақ даласын ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен ата жауларынан қорғап қалған ардақты бабаларымыз-ай! Сендерге байтағымыздың төріндегі барлық қалалардың орталық алаңдарында алтыннан еңселі ескерткіш тұрғызып қойсақ та артық болмас еді.

Ал биылғы жылы Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бұл зерттеулерден ортақ шешім қабылдап, қазақ хандығының құрылған мерзімін нақтылап айтып, «Қазақ хандығына - 550 жыл» деп атап көрсетіп, Республика көлемінде атап өтуді нақтылады.

Ал енді нақтыланған 550 жылға тоқталып көрелік. Бұл жылдар қуанышты, табысты жеңістер мен қайғы қасіретке толы жеңілілістерден құралғаны баршамызға аян. Осындай ұлан-байтақ жерімізді сақтап, оны ұрпақтан-ұрпаққа аманат етіп жеткізу оңай соққан жоқ. Талай қазақтың қаны төгіліп, біреулер үшін ауласы, біреулер үшін даласы ал енді біреулер үшін жүрегі отта лаулады. Талай қазақ ел бірлігі мен тұтастығы үшін, ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен ұлан байтақ даланы жаудан қорғады. Тәуелсіз, дербес ел болуды аңсады. Бұдан бес жарым ғасыр бұрын даңқты Керей мен Жәнібек бабаларымыз іргетасын құрып берген Қазақ хандығы талай тар жол, тайғақ кешулерді бастан кешті. Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы, әз Тәукенің Жеті Жарғысы халқымыздың Темірқазығы болды.

Алты Алаштың айбынды әміршісі Абылай хан бастаған, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Жәнібек, Баян, Олжабай, Өтеген, Ақтанберді, Байғозы, Жанатай, Жауғаш, Малайсары, Елшібек батырлар қостаған қазақ сарбаздарының қолы талай мәрте туған жер төсінде ат ойнатып, ата жауларымен кескілескен шайқастар өткізді.

Қызыл күнді шаң жапты, қара жерді қан жапты. Ажал оғы құлатты талай батыр саңлақты. Бірақ, Абылай хан бастаған айбынды батырлар қазақ хандығының туын құлатқан жоқ! Бұл еліміздің тәуелсіздігін қорғап қалу жолындағы жан алысып, жан беріскен қиян-кескі майдан болатын.

Абылай ханның жаужүрек немерелері Кенесары мен Наурызбай төрелер бастаған, Ағыбай, Жанайдар, Иман, Жоламан, Бұғыбай, Жәуке, Сұраншы, Бәйсейіт, Жеке батырлар қостаған қазақ сарбаздары да Ресей империясының бодандығынан бас тартып, туған жер төсін тұлпарларының тұяқтарымен дүбірге бөледі. Арыстандай айбат, жолбарыстай қайрат көрсетті.

Қазақтың ең соңғы ханы Кенесарыны Ресей империясының мұздай қаруланған әскері жеңе алмай діңкеледі. Ер Кене сырттағы жаудан емес, іштегі жаудан қапыда кетті ғой. Әйтпесе ата жауларына әлі де талай ойранды салар еді.

Кене ханның тұсында,

Қарт бурадай жарадық.

Жауды жасқап жапырып,

Жауған қардай борадық.

«Абылайлап» ат қойып,

Дұшпанның алдын орадық.

Кене хан опат болған соң,

Шіл боғындай тарадық.

Кене мен Науан кеткен соң,

Заманым қалды тарылып.

Салтанатты хандардан,

Жетім қалдым айырылып.

Екі бірдей қанатым,

Топшыдан сынды майырылып.

Балағы алтын ақ берен,

Тасқа тиді қайырылып,-деп атақты Нысанбай жырау кеудесін кернеген өкініштен өзегі өртене жырлағандай, қазақ халқы Кенесары мен Наурызбай сынды біртуар баһадүрлерінен қапыда айырылған соң жаудың құрсауында қалды.

Тек асылдың сынығы Сыздық сұлтан ғана ондаған жылдар бойы қасқырдай қайрат көрсетіп барып тынды. Бұл қазақ халқының тәуелсіздігін сақтап қалу жолындағы жанкешті шайқастардың соңы болатын.

Қазақ халқының өз алдына дербес мемлекет болуын, өз тағдырына өзі қожалық етуін аңсап өткен Алаштың арыстары Әлихан Бөкейханов, Әлімхан Ермеков, Жақып Ақбаев, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Тұрар Рысқұлов өз бастарын өлімге байлап, елім деп еңіреп өткен ерлер еді. НКВД түрмесінде азап шегіп, туған халқының азаттығы жолында атылып кетті. Жандары жәннатта, тәндері рахатта болып, пейіште нұры шалқығай Алаштың осы сайдың тасындай аяулы арыстарының!

Қазақ халқының тәуелсіздігі үшін арпалысқан соңғы ұрпақ - 1986-жылдың қаралы да жаралы желтоқсан айында жалаудай желбіреген қазақтың өрімдей қыздары мен жігіттері.

Мұздай қаруланған ОМОН солдаттары қазақтың қаракөз қыздарын іштен теуіп, шашынан сүйреді. Көкөрім жігіттерді таяққа жығып, қасқыр иттерге талатты.

Алматының алаңындағы ақ қар қызыл қанға боялды. Күш тең емес еді. Албырт жастар сонда да алған беттерінен қайтпады.

Менің елім, менің елім,

Гүлің болып егілемін.

Жырың болып төгілемін, елім,

Туған жерім менің, Қазақстаным!-деп Шәмші ағаларының асқақ әнін алаңға беттеген қазақ жастарының Әнұраны етіп шырқап, мұздай қаруланған солдаттарға қасқайып, қарсы шықты. «Мызғымас Одақтың» қабырғасын осылайша тұңғыш рет біздің қазақ жастары қақыратқан болатын!

Алып бәйтеректей тамырын тереңге жайған Қазақ мемлекетінің келешегі кемел, болашағы жарқын. Себебі мейірімді де меймандос Алаш жұртына Алланың өзі нұрын төгіп келеді.


Қорытынды

Аз ғана уақыттың ішінде елімізді, халқымызды шар-тарап танып үлгерді. Шартарапқа таныстырған Елбасымыз: « Керей мен Жәнібек 1465 жылы алғашқы хандықты құрды, қазақтың мемлекеттілігінің тарихы сол кезден бастау алады. Бәлкім ол бүгінгі шекарасындағы, бүкіл әлемге осынша танымал әрі беделді, осы ұғымның қазіргі мағынасындағыдай мемлекет болмаған да шығар. Бірақ бұлай деп сол кезеңдегі басқа да барлық мемлекеттер туралы да айтуға болады. Ең маңыздысы, сол кезде оған негіз қаланды, біз - бабаларымыздың ұлы істерінің жалғастырушыларымыз. Бүгінде біздің еліміз барлық таяу мемлекеттермен көпғасырлық достық және тату көршілестік дәстүрлерін сақтап отыр. Осы қарым-қатынасты әрдайым сақтағанымыз жөн», - деді «Менің тірегім - байтақ Қазақстан» деп маң-маң басатын болды. Елміз өркениетті замана ағысына қосылды.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал