7


  • Учителю
  • Урок на тему: ' Үздік тарихшы сайысы '

Урок на тему: ' Үздік тарихшы сайысы '

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Бекітемін:

« Ұлағат » бірлестігінің жетекшісі: Бекова Г.М.

« Үздік тарихшы » сайысы.


Білімділік: Оқушыларды өз ойларын шапшаң, тұжырымды, жинақы әрі

ашық айтуға, ұтымды түрде сөйлей білуге, білімдерін тиімді

пайдалануға баулу.

Дамытушылық: Ой - әрекетін дұрыс талдай отырып, топтастыруға,

жинақтай, нақтылай білу, арнайы есте сақтау, шапшаң

ойлау, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойын

сауатты түрде айта білуді қалыптастыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды бір - бірін силауға, сын көтере білуге баулып, өз

мүмкіндігін дұрыс пайдалана алатын, бәсекеге қабілетті,

ұжымшыл зерделі тұлға тәрбиелеу.


Түрі: Танымдық ойын.

Әдіс - тәсілі: Сұрақ - жауап, пікір талас.

Көрнекілігі: Нақыл сөздер.


« Өз тарихын сыйламаған халық өзін де сыйламайды ».

Н.Ә. Назарбаев.


« Жаста оқыған оқуың - тасқа жазғанмен бірдей,

Егде тартқанда оқыған щқуың - мұзға жазғанмен бірдей ».


« Наданмен дос болғанша,

Кітаппен дос бол ».


Жүргізуші сөзі: Адамзат тарихында қай кезеңде болмасын ғұламалар

ғылым мен білім мәселелеріне ерекше көңіл бөлген.

Қазіргі ғаламдық заманда 50 елдің қатарына қосылу үшін

білімнің аса қажет екенін Елбасы Н. Ә. Назарбаевта

Жолдауында баса көрсетті. Қазақстан Республикасы

өркениетті ел болу үшін ең бастысы - білім.

Білім - патриотизм негізі. Білімді болу жүйелі түрде

үйренудің, оқығанды зердеге, миға тоқудың нәтижесі.


Бүгінгі сайысымыздың ұраны:

Білекті бірді жығады,

Білімді мыңды жығады.


Жүргізуші сөзі: Құрметті аяулы көрермендер,

Білімнен сусындаған жас өрендер.

Қош келдіңіз бүгінгі кешімізге,

Бұл кеш қалсын мәңгі есіңізде - дей отыра бүгінгі « Үздік тарихшы »

атты білімділер сайысын бастауға рұқсат етіңіздер.


Жүргізуші сөзі:

Әділеттік болмаса егер шығар алға

Бұл дүние жақсылардан қалар ада

Әділқазы алқасы сеніп тұрмыз

Мықтыларға берер деп әділ баға - дей келе, бүгінгі

ойынымызға төрешілік жасайтын әділ - қазы алқаларымен таныс болайық.

1. Мектеп директоры Ахметкалиева Айгүл Оразайқызы.

2. Тәрбие ісінің меңгерушісі Тоқтамысова Райхан Қайратқызы.

3. « Ұлағат » бірлестігінің жетекшісі Бекова Гүлдана Мақсотқызы.


Жүргізуші сөзі:

Шақырамыз сайыскерді ортаға,

Қол соғады көрермендер таңдана.

Сайыскер өнеріңді ортаға сал,

Осы кеште біліміңді сынап ал.

Білмегеніңді осы кеште біліп ал. Олай болса ойынымызға қатысушы

сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз.

1 - сайыскер 7 сынып оқушысы Әжігереева Айтолқын Дәулетбайқызы.

2 - сайыскер 8 сынып оқушысы Темірболатова Жандос Абайұлы.

3 - сайыскер 9 сынып оқушысы Маликов Әділбек Ханатұлы.

4 - сайыскер 9 сынып оқушысы Есмағұл Мадияр Қанатұлы.


Жүргізуші сөзі:

Таныстырып өздерін,

Ұрандарын айтады.

Білімдерін көрсетіп,

Әділ баға алады.

Ойынға қатысушы сайыскерлеріміз өздерін таныстырып өтеді.

Сайыскерлерді таныстыру.


Жүргізуші сөзі: Құрметті сайыскерлер, сайысымыздың шарттарымен таныс

болыңыздар.

1 - кезең: Бәйге.

2 - кезең: Жеті жұрттың тілін біл.

3 - кезең: Сандарды сөйлет.

4 - кезең: Шешендік өнер.

5 - кезең: Жорға.


Бір ескере кететіндігі әр бір екі кезеңнен кейін ұпайлары төмен екі

оқушымен қоштасып отырамыз.

Жүргізуші сөзі:

Бәйгеге түсіп жарыспай,

Жүйріктің бағы жана ма.

Біліммен өнер жарысып,

Тәрбие - тәлім табар мән.

Бұл бәйге ойдың бәйгесі,

Кім жүйрік ойға, сол алда !


Деп сайысымыздың бірінші кезеңі: « Бәйге ».

Шарты: Әр оқушымызға жеке - жеке бес сұрақтан қойылады. Әр бір

дұрыс жауапқа 10 ұпай. Онда сәт сапар тілейміз !


1 - Сайыскер:

1. Еліміздің оңтүстік астанасы: Жауабы: Алматы.

2. Астана қаласының символы: Жауабы: Бәйтерек.

3. 1993 жылы 15 - қарашада болған оқиға: Жауабы: Валюта енгізілді.

4. Тарихтың атасы: Жауабы: Геродот.

5. Қазақстан Республикасының

« Мәдениет және спорт » министрі: Жауабы: Мұамедиұлы

Арыстанбек.


2 - Сайыскер:

1. « Мен қазақпын » поэмасының авторы: Жауабы: Жұбан

Молдағалиев.

2. Елбасымыздың мамандығы: Жауабы: Инжинер -

металлург.

3. Қазақтың соңғы ханы: Жауабы: Кенесары

Қасымұлы.

4. « Алтын адам » қайдан табылды ? Жауабы: Есік қорғанынан.

5. Қазақстан Республикасының « Денсаулық

сақтау және әлеуметтік қорғау » министрі: Жауабы: Тамара

Босымбекқызы

Дүйсенова.


3 - Сайыскер:

1. Жоғарғы Заң шығарушы органы: Жауабы: Парламент.

2. Қазақстанды алғаш тәуелсіз деп таныған

мемлекет: Жауабы: Түркия.

3. « Екінші ұстаз » атанған ғұлама: Жауабы: Әл - Фараби.

4. 2009 жылы 25 - ақпан мен 6 - наурыз

аралығында Қазақстанда болған оқиға: Жауабы: Халық санағы.

5. Қазақстан Республикасының « Ішкі істер »

министрі: Жауабы: Қалмұханбет

Нұрмұханбетұлы

Қасымов.


4 - Сайыскер:

1. 100 жылды өтпелі кезеңді қалай атайды ? Жауабы: Ғасыр.

2. Қ. Р - ның туының авторы: Жауабы: Шәкен Ниязбеков.

3. Қазақтың жазба әдебиетінің негізін

салушы: Жауабы: Абай Құнанбаев

4. Астана қаласының бұрынғы атауы: Жауабы: Ақмола,

Целиноград.

5. Қазақстан Республикасының « Білім және

ғылым » министрі: Жауабы: Аслан Бәкенұлы

Сәрінжіпов.

ІІ - кезең: « Жеті жұрттың тілін біл ».

Шарты: Ойыншыларға жалпылама мақал - мәтелдер айтылады. Сол

мақал - мәтелдер мен жұмбақтарды шешіп жауабын үш тілде айтуы керек. Бір

ескерте кететіндігі осы 2 - кезеңнен кейін ұпайлары төмен екі ойыншымен

қоштасамыз.


1. Тіл тас жарады, тас жармас бас жарады.

Жауабы: Бас - голова - хед.

2. Өнер алды қызыл тіл.

Жауабы: Қызыл - красный - ред.

3. Қыстың қамын жаз ойла.

Жауабы: Жаз - лето - самме.

4. Денсаулық зор байлық.

Жауабы: Байлық - богатство - уелс.

5. Білім өмір шырағы.

Жауабы: Өмір - жизнь - клен.

6. Кітап білім бұлағы.

Жауабы: Білім - знание - чолидж.

7. Батыр қол бастар,

Шешен сөз бастар.

Жауабы: Сөз - слова - ут.

8. Ер бір рет өледі,

Қорқақ мың рет өледі.

Жауабы: Мың - тысяча - уан таузент.

9. Туған елдей ел болмас,

Туған жердей жер болмас.

Жауабы: Жер - земьля - өз.

10. Алуан сурет салады,

Көргендер сурет салады, бұл не ?

Жауабы: Аяз - мороз - уери колт.

11. Ұстай қалсаң еріп кетер,

Әуре болма теріп бекер, бұл не ?

Жауабы: Қар - снег - снөу.

12. Жазудан бір жалықпаған,

Жаза - жаза арықтаған.

Жауабы: Бор - мел - шок.


Жүргізуші сөзі: Олай болса келесі сөз кезегін әділ - қазы алқаларына

берейік.


Жүргізуші сөзі: 3 - кезең « Сандарды сөйлет » деп аталады.

Шарты: Бұл кезеңде жылдар беріледі. Әр жылдың өз ұпайы болады, сол

жылдда қандай оқиға болғанын тапса ұпай сол адамға беріледі. 10 нан 30 қа

дейінгі сандар жазылған. Әр ұяшықтың астында ұпайларға сәйкес жылдар

жапсырылған.



30



30


30



20



20


20


10



10


10


10 ұпай - 1991 жыл - Жауабы: Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік

күні.

10 ұпай - 1945 жыл - Жауабы: Жеңіс күні.

10 ұпай - 1997 жыл - Жауабы: 2030 бағдарламасы. Елбасның бірінші

жолдауы.


20 ұпай - 1939 жыл - Жауабы: Екінші Дүниежүзілік соғыстың басталуы.

20 ұпай - 1465 жыл - Жауабы: Қазақ хандығының құрылған жылы.

20 ұпай - 1961 жыл - Жауабы: Ю.А. Гагариннің аспанға ұшуы.


30 ұпай - 1916 жыл - Жауабы: Ұлт - азаттық көтеріліс жылы.

30 ұпай - 1940 жыл - Жауабы: Елбасының туған жылы.

30 ұпай - 1995 жыл - Жауабы: Конституция қабылдаған жыл.

Жүргізуші сөзі: Сайысымыздың келесі кезеңі, яғни 4 - кезеңі « Шешендік

өнер ».

Жақсы сөзге жүрегі жай табатын,

Өз ойын дәлелдеп нақты айта алатын.

« Егер мен деп » шәкірттер шықсын алға.

Шарты: Ойыншыларымыз қима қағаздарды таңдайды, қандай тақырып

шықса, сол тақырып бойынша өз ойын айтады.

1. Егер мен ауыл әкімі болсам........

2. Егер мен ауылдан шыққан депутат болсам..........

3. Егер мен президент болсам..........


Жүргізуші сөзі: Сайысымыздың соңғы кезеңі, яғни 5 - кезеңі « Жорға ».

Шарты: Сайыскерлеріміз конверт таңдайды. Ол конвертте қай нұсқа

көрсетілсе, сол нұсқаның сұрақтарына жауап береді. Әр бір дұрыс

жауапқа 10 ұпай. Сұрақтарға тез әрі толық жауап беру керек.


А - нұсқасы:

1. Қазақ алфавитінде неше әріп бар ? Жауабы: 42.

2.Елтаңбаларды зерттейтін ғылым: Жауабы: Геральдика.

3. Партизан жазушы: Жауабы: Жұмағали Саин.

4. Исатайдың ақын досы: Жауабы: Махамбет.

5. Абылай тұсындағы атақты жырау: Жауабы: Бұқар жырау.

6. Қазақтың музыкалық аспабы: Жауабы: Домбыра.

7. Жиренше шешеннің жары: Жауабы: Қарашаш.

8. Абылайдың шын есімі: Жауабы: Әбілмансұр.

9. Адай күйінің авторы: Жауабы: Құрманғазы.

10. Ежелгі адамдардың ең алғашқы кәсібі: Жауабы: Терімшілік.


Б - нұсқасы:

1. Нақыл сөз түріндегі сөз мәйегі: Жауабы: Мақал.

2. Қазақ хандығының негізін салушы: Жауабы: Керей мен Жәнібек.

3. Шығыстың қос жұлдызы атанған Кеңес

Одағының батырлары: Жауабы: Әлия мен Мәншүк.

4. Абылайдың лақап аты: Жауабы: Сабалақ.

5. Мемлекеттік тудың авторы кім ? Жауабы: Ш. Ниязбеков.

6. Қазақтың соңғы ханы: Жауабы: Кенесары Қасымұлы.

7. Қобыландының жүйрік аты: Жауабы: Тайбурыл.

8. 1986 жылы болған оқиға: Жауабы: Желтоқсан оқиғасы.

9. Шыңғыс ханның шын есімі: Жауабы: Темучин.

10.Ежелгі " Тік жүретін адам " өкілі: Жауабы: Синантроп.


Жүргізуші сөзі: Ойынның шешуші сәті, әділ - қазы алқалары сөз кезегі

өздеріңізде.

Осымен бұл қызықты тамамдайық,

Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ.

Үйрендік білмегенді осы жолы,

Тағы да үйренеміз аман болсақ.


Құрметті ұстаздар, оқушылар бүгінгі көріп тамашалаған зердені жетілдіру

« Үздік тарихшы » атты танымдық сайысымыз өз мәресіне жетті.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал