7


  • Учителю
  • Ұлы жібек жолының қалыптасуы 7 сынып

Ұлы жібек жолының қалыптасуы 7 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ,

АҚСУ АУДАНЫ,

М.МӘМЕТОВА АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕП.

М.Р.ҚҰРМАНҒАЛИЕВА


Сабақтың тақырыбы: Ұлы Жібек жолы, оның тарихи маңызы.

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Ұлы Жібек жолының пайда болуы, қай аймақтарға таралғандығы, Қазақстан жеріндегі тармақтары жайлы, Жібек жолын басып өткен қалалар, ол арқылы тараған діндер және Ұлы Жібек жолының маңызы жайлы білім беру.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, алған білімдерін жетілдіруге жағдай туғызу.

Тәрбиелік: білім алуға деген құштарлыққа, қазақ халқының мәдениеті мен салтын құрметтеуге тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Сатылай комплексті талдау технологиясы ,

баяндау, бейнелеп түсіндіру, сұрақ - жауап.

Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан картасы, бейнефильм, суреттер, сызба- нұсқалар.

Пәнаралық байланыс: География, мәдениеттану.


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: (3 мин.)

Оқушылармен амандасу.

Қазақстан Республикасының Әнұранын орындау,

Оқушыларды түгендеу, сабаққа деген зейіндерін қалыптастыру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: (15 минут).

Оқушылардан: карточкалық тапсырмалар, сызбаны , кестені толтыру және сөзжұмбақ шешу арқылы үйге берген тапсырманы тексеру.


а) карточкалық тапсырмалар арқылы сұрау.


1

Геродоттың көшпелілер тұралы жасаған тұжырымдамасы.


2

Қытай ғалымдарының бастапқы кезде көшпеліліер тұралы қалыптасқан көз- қарастары


3

Рацель, Гумплович, Тойнби көшпелілер жайлы қандай тұжырымдар айтты?


4

1930-шы жылдардағы көшпелі қазақ жағдайының халі қандай болды?


5

Көшпелілердің және түркілердің Еуразия даласында орны ерекше деп қай ғалым айтты?

Сызбаны толтыру:

Көшпелі мал шаруашылығы неше түрге бөлінді?







Жартылай көшпелі мал шаруашылығы Қазақстанның қай бөлігіне тарады?






Көшпелілердің материалдық мәдениетінде қандай мүліктер болды?






Б

Кестені толтыру


Үйсіндердің мал шаруашылығы қай аймақта дамыды?


Көшпелілер қандай мал түрлерін өсірді?


Отырықшылармен көшпелілердің арасындағы байланыс, қандай қалалардың дамуына септігін тигізді?


Көшпелілерде қандай діндер наным-сенімдер болды?


в)Сөзжұмбақ арқылы сұрау:

қ


а


з


а


қ


Сұрақтар


1. Аң стилі дамыған тайпа.

2. IX - X ғасырларда қазақ даласына тараған дін.

3. Соғдылықтардың келуімен оңтүстік Қазақстанда тараған дін.

4. Малдың етін жеуге тиым салған, керісінше өсімдікті жеуге уағыздаған дін.

5. Ата-баба аруағына табынған наным - сенім.

ІІІ. Білімдерін бағалау

Баға

2

3

4

5

Оқушының аты-жөні

Оқушылар, өткен сабақта Қазақстанда көшпелі өркениеттің пайда болуы мен мәдениеті, оның дамуы және отырықшы өркениетпен байланысы деген тақырыпта сабақ өттік. Енді бүгінгі жаңа тақырыпты бастайық.

ІV. Жаңа сабақты түсіндіру (15 мин.).

Тақырыбы: Ұлы Жібек жолы және оның тарихи маңызы.

Жоспар:

1.Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихы

2.Сауда және тауар алмасу

3.Ұлы Жібек жолының халықаралық мәдениеттің дамуына тигізген әсері.

4.Ұлы Жібек жолының халықаралық қарым-қатынастағы тарихи маңызы және әлеуметтік- экономикалық маңызы.

Insert кестесін толтыру:

Не білемін?

Не білгім келеді?

Не білдім?


1.Ұлы Жібек жолының хронологиясы б.з.б. ІІІ-ІІ ғасырлар мен б.з. XV ғасыр аралығы. Жолдың аты жібек саудасына байланысты шыққан. Ал «Ұлы» сөзінің қосылуы жолдың кең - байтақ шығыс өлкелері мен батыс өлкелерін қосып, байланыстырып жатуынан, жол бойындағы елдердің тіршілігін жандандыруынан. Сондықтан бұл Ұлы Жібек жолы болып тарихқа енді.

2.Жібек жолы бастапқыда Қытай жібегін батыс елдеріне шығаруға қызмет етті. Өз кезегінде, онымен Римнен, Византиядан, Үндістаннан, Ираннан, Араб халифатынан, ал кейініректе Еуропа мен Ресейден осы елдерде өндірілетін тауарлар тасылды. Мысалы, жасмин суы, мускат жаңғағы, айдахардың өті, кілемдер мен маталар, алмас пен маржан, піл сүйегі, садақтар мен жебелер т.б. көптеген заттар тасылды. Жібек жолымен сату үшін Ферғананын, арабтардың асыл тұқымды аттары, түйелер мен пілдер, тотықұстар мен түйеқұстар алып жүрген. Жүзім, шабдалы, тәтті тағамдар, көкөністер Жібек жолы арқылы тарады. Алайда, сауда жасайтын негізгі зат жібек болып қала берді.

3.Сауда кезінде жол бойындағы елдер бір-бірімен қарым-қатынас жасаудың барысында өздерін тек тұтыну бұйымдарымен қанағаттандырып қоймады. Олар өзара мәдени жағынан байланысқа түсті. Шығыс және батыс елдерінде қолданбалы және сәулет өнерлері таралумен қатар, музыка мен би өнері, қызықты ойын - сауықтар орта ғасырларда өзінше бір өріс алды. Қызықты ойын -сауықтар, музыканттар мен бишілердің, жабайы аңдарды үйретушілердің, акробаттар мен сайқымазақтардың, фокусшы сиқыршылардың өнер көрсетуі ерекше таралды.

4.Жібек жолы халықтар арасындағы сауданың дамуына ғана пайдасын тигізіп қойған жоқ. Ол шығыс пен батыс елдерінің арасындағы қарым-қатынастың дамуына әсерін тигізді. Сауда жолына байланысты қарым-қатынасты 568 жылы түрік қағанаты мен Византия мемлекетінің арасында болған келісімдерден байқауға болады. Мысалы, Иран шахына Қытай императының атынан жібектен жасалған әшекейлі киімдер жіберген. Ұлы Жібек жолының сауданы дамытуда ғана емес, мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастың өрістетуінде де тарихи маңызы зор.

Лазурит жолы Нефрит жолы Дала жолы

Қазақстандағы тармақтары


Жетісу бағыты

Шығыс бағыты: Тараз, Алматы, Шелек, Сүмбе, Жаркент.

Солт.- Шығыс бағыты: Алматы, Қапшағай, Шеңгелді,Алтынемел,Дүнгене,Қойлық, Алакөл маңы, Жоңғар қақпасы

Солт.-Шығ.Қазақстан бағыты: Тараз,Құлан, Хантау,Балатопор,Айнабұлақ, Сарқан. Бұл бағытпен Рубрук Моңғолиядағы Мөңке ханға барған.

Осы үш бағыт Жетісу тұрғындарына өте маңызды болды.


Шығысқа шығатын қақпа

Оңтүстік Қазақстан арқылы Солтүстік Жаркент:Солт.Қазақстан

және Орталық Қазақстан өтетін жолдар Сәйнақ: Ақсүмбе, Орт Қаз

Сауран:Қарақұм

Орт.Қазақстан: бұл тармақтар

Қазақстанның ішкі аудандарына апарады.


Оңтүстік Қазақстанның

Батысқа шығатын жолы Отырар,Шауғар,Отырар, Васидан. Қызылқұм,

Хорезм,ҮргенішЕділ,Кавказ,Алтынорда кезінде

гүлденді. Шаш,Самарқан,Бұхара батысқа шығады

Шымкент,Отырар,Түркістан,

Сауран,Сығанақ,Барқынкент, Хорезм.


Ж

Ілебалық,Екі оғыз (Эквиус)

Алматы,Талғар,Шеңгелді

Алтынемел,Қойлық,Таразібек жолын Жетісу

басып өтетін қалалар қалалары


Отырар,Испиджаб (Сайрам)

Шаш (Ташкент),Шымкент

Түркістан,Сауран,Сығанақ

Баршынкент,Жаңакент


Оңтүстік

Қазақстан

қалалары


Будда Үндістаннан Жетісуға таралған Ақбешімнен

Ұлы Жібек жолы діні. екі храм табылды .Сирия,Иран,Аравиядан келген.

арқылы тараған Христиан діні Қарлұқ қағанатыда тараған Тараз

діндер VII-VIII ғ.Мерке шіркеу табылды.

Манихейлік діні таратушы нестор

Соғдылар таратты:Екі негіздің қасиеті

кітап ғимараттар Баласұғұн, Шілікба-

лықтан табылды

Зароастризм діні Қастөбе

Қызылөзен от мұнарасы

Отырар құрбандық ошақ


Ислам діні Оңтүстік Қазақстан (VIII-IХ ғ.ғ. )

Қарлұқ (760жылы),Қарахандар (960 жылы)мемлекеттік дін ретінде қабылдады

ІХ -ХІІ ғ.ғ.Қыпшақтарға тарады

VI. Бекіту: (5 мин.)

1. Ұлы Жібек жолы бойынша қандай жануарлар тасымалданды?

2. Қандай мәдени өсімдіктер Жібек жолы арқылы таралды?

3. Ұлы Жібек жолы арқылы таралған діндер.

4. Ұлы Жібек жолы бойындағы ірі сауда орталықтарын ата.

5. Ұлы Жібек жолының тарихи атаулары.

6. Не себептен ХV ғасырда Ұлы Жібек жолының әлеуметтік - экономикалық маңызы жойылды?

7. Insert кестесін талдау.

VII. Қорытындылау:(5 мин.)

Б.з.б. ІІІ-ІІ ғасырларда пайда болған Ұлы Жібек жолы батыс пен шығысты байланыстырған негізгі сауда жолы болды.Ұлы Жібек жолының өз кезіндегі маңыздылығы мемлекеттер арасында дипломатиялық қарым-қатынасты орнықтыруға септігін тигізді. Бұл жол арқылы тек сауда қарым-қатынасы дамыған жоқ, сонымен қатар мәдени - экономикалық қатынастар дамыды.

VIII.Үйге тапсырма: (3 мин.)

1. Ұлы Жібек жолымен тараған діндерді талдау.Ұлы Жібек жолының халықаралық маңыздылығын ашу.Жібек жолы бойындағы қалаларға сатылау комплексін жасау.

2.Виллем Рубрук және Джиовании Плано Карпенидің жүрген жолдарын картаға түсіру.

Бағалау (2 мин.)





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал