- Учителю
- ХХ ғасырдың басыңдағы Қазақстанның әлеуметтік –экономикалық дамуы.
ХХ ғасырдың басыңдағы Қазақстанның әлеуметтік –экономикалық дамуы.
ХХ ғасырдың басыңдағы Қазақстанның әлеуметтік -экономикалық дамуы.
(8 сынып)
Үсенқұлова С.Е., №29 Александр Герцен орта мектебі
Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Б.Момышұлы ауылы
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның экономикалық жағдайын, оның ерекшеліктерін, патша өкіметінің аграрлық саясатын көрсету. Елдегі әлеуметтік жіктелуді, отаршылдық қанаудың күшеюін түсіндіру;
Дамытушылық: Оқушыларды талдап салыстыруға, қорытынды жасауға дағдыландыру;
Тәрбиелік: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру,
өз елінің тарихи құндылықтарын құрметтеуге үйрету, елін, жерін
сүйетін дарынды ұрпақ тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: баяндау, әңгімелеу және сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: «ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның», «Қазақстан Республикасының » карталары, интерактивті тақта, слайд, кесте, әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар.
Сабақтың барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі
-
Үй тапсырмасын сұрау
-
Білімін жан-жақты жетілдіру
-
Жаңа сабақ
-
Жаңа сабақты бекіту
-
Қорытындылау
-
Бағалау.
-
Үй тапсырмасын беру.
І Ұйымдастыру кезеңі:
а) Сәлемдесу, түгелдеу
б) Құрал-жабдықтарын тексеру
в) Оқушылардың назарын сабаққа аудару
г) Оқушыларды топқа бөліп отырғызу.
1 топ - « Ақиқат» тобы
2 топ - « Тапқыр» тобы
ІІ Үй тапсырмасын сұрау
Екі топқада ортақ және жеке тапсырмалар беріледі. Қай топ жылдам және
дұрыс жауап берсе, ұпай сол топқа беріледі. Екі топтың жарысы сабақтың
сонына дейін жалғасып отырады. Топтардың ішінде белсене қатысып отырған оқушылар бағаланады.
1 тапсырма: Сандар сөйлейді /қатесін табады/
Саяси жер аударылғандардың біршама шоғырланған өңірі Шығыс және
Орталық Қазақстан.
-
№
Сандар
Мәліметтер
1
54
1882 жылы Семей облысында революционер қоныстанды
2
23
1883 жылы Ақмола облысында революционер қоныстанды
3
44
1886 жылы Акмола облысында революционер қоныстанды
4
48
1889 жылы Семей облысында революционер қоныстанды
5
32
1890 жылы Ақмола облысында революционер қоныстанды
2 тапсырма Деңгейлік тапсырма
А) екі топтың 1 оқушысына картотека тапсырмасын беру
1. Азаттық қозғалыстың ағымындағы көрнекті тұлғаларды жаз.
Н.И. Долгополов, А.В. Леонтьев, Е.П. Михаэлис, А. Блек т.б.
2. 1881 жылғы тамыз айының 29 күні патша үкіметі қандай шешім шығарды? Саяси жер аударуды Қазақстанның Далалық губернаторларына тарату туралы арнайы шешім шығарды.
Б) Қалған топтың оқушыларына деңгейлік тапсырмалар беру
Күрделі сұрақтар
1. Қай жылдары Польшадағы ұлт-азаттық қозғалыс көп ұлтты Ресей империясының қоғамдық-саяси өмірінде ерекше орын алды? 1863-1864жж
2. ХІХ ғ 40-жылдарында бір поляк Абайдың әкесі Құнанбаймен жүзбе-жүз кездескендігі туралы өз жазбаларында қызықты сипаттайды. Осы поляк акыны кім? Адольф Янушкевич
Орташа сұрақтар
1. Польша азаттық күресінің 60-жылдарда Қазақстанда болған өкілдері ішінен ерекше көзге түскен кім? Северин Северинович Гросс
2. Саяси жер аударылғандардың ұсынысы бойынша 1884 ж Семей облыстық статистикалық комитетіне кім мүше болып сайланды?
Абай Құнанбайұлы
Жеңіл сұрақтар
1. ХІХ ғ 80- 90 жылдарда қай жерлерде көпшілікке арналған
кітапханалар ашылды? Верныйда, Оралда, Семейде
2. ХІХ ғасырдың 40-жылдары Густав Зелинскийдің жазған поэмасын ата.
«Қырғыз» («Қазақ»)
Екі топ бір - біріне 2 сұрақтан қояды
3 тапсырма: «Бұл кім білесің бе?» ойыны /сәйкестендіру керек/
1. 1. Е.П. Михаэлис
2. 2. Ә.Бөкейханов
3. Н.Ф.Дмитриев
3.
4.
4. К.А.Вернер
5.
5. Н.Я. Коншин
6. 6. Ф.А.Щербина
7.
7. Л.Чермак
ІІІ Білімін жан-жақты жетілдіру
4 тапсырма: «Домино ойыны» Екі топқа бірдей тапсырма /конверт/ беріледі. Конвертті ашу үшін алдымен конветтің сыртындағы тапсырманы дұрыс орындау керек, конверттің ішінде домино ойынынын шешімін қай топ дұрыс орындаса ұпайды сол топ иеленеді.
Конветтің сыртындағы сұрақ:
Қай ғалымның Тарбағатай таулары мен Қалба жотасын зерттеудегі еңбектері, ғылымға қосылған зор үлес болды? Михаэлис Евгений Петрович
Конветтің ішіндегі тапсырма /домино/
Сонымен біздің бүгінгі жаңа тақырыбымыз ХХ ғасырдың басыңдағы Қазақстанның әлеуметтік -экономикалық дамуы.
ІV Жаңа сабақ
Жоспары:
-
Өлкедегі жалпы экономикалық ахуал.
-
Аграрлық даму ерекшеліктері.
-
Өлкедегі жалпы экономикалық ахуал.
1893-1895 жылдары салынған ұзындығы 3 138 шақырым Сібір теміржолының 178 шақырымы қазіргі Қазақстан шекарасын басып өтетін.
1893-1897 жылдары салынған Рязань-Орал теміржолының 194 шақырымы Қазақстанның батыс аудандарын басып өтті.
-
Аграрлық даму ерекшеліктері
1853-1905жж
1906-1907жж
1853-1905жж 4 млн десятина жер тартып алынса.
1906-1907жж 17 млн жер тартып алып, қоныс аударған шаруаларға берілді.
Келімсек шаруалардың арасындағы мүліктік айырмашылық күннен-күнге байқалды.
№
Мүліктік айырмашылық
Тиесілі шаруалар
1
1 десятина егістік жері бар
Батырақ
2
4 десятинаға дейін
Өте кедей шаруа
3
5-8 десятинаға дейін
Кедей
4
10 десятинаға дейін
Шамалы орта шаруа
5
15 десятинаға дейін
Ауқатты орта шаруа
6
15 десятинадан асса
Кулакқа жатты
V Жаңа сабақты бекіту
5-тапсырма. «Мәтіндегі қатені табыңдар»
/Екі топқа бірдей тапсырма беріледі/
ХХ ғасырда Қазақстанда өнеркәсіптің жеке салаларының біраз дамуы, әлеуметтік-экономикалық жағдайға әсер еткен жоқ. /етті/ Теміржол құрылысы өлкенің Сібірмен іргелес орналасқан өңірін қамтуы, Қазақстанның солтүстік-шығыс аудандарының жаңа экономикалық қатынастарға тартылуын тоқтатты. /тездетті/
6-тапсырма. «Тарихи сынық хат»
Ұзындығы --------(1656) шақырым Орынбор - Ташкент теміржолының
салынуы өте маңызды оқиға болды. Оның Орынбор - Кубек, ---------(Ташкент)
- Кубек бөлімдері -------- жылдың қаңтар айында пайдалануға берілді. Енді Қазақстанның негізгі экономикалық аудандары --------- (Ресейдің) өндірістік аудандарымен байланыстырылды.
VІ Қорытынды.
7-тапсырма
Бір сәт картаға үңілсек
8-тапсырма: «Кім жылдам» тест
1. 1902жылы қазіргі Қазақстанның шекарасында 8 878 өндіріс орындары бар
жоқ (8 887 өндіріс)
2. 1893-1895 жж салынған Сібір теміржолының 187 шақырымы қазіргі Қазақстан шекарасын басып өтеді жоқ (178 шақырымы)
3. 1902-1904 жылдары Орынбор- Ташкент теміржолында жұмысқа тартылғандар саны 30 мыңға дейін жеткен. Ия
4. 1906-1907жж көшпенді қазақтардан 17 миллион десятина жер тартып алынды.
Ия
5. 1893-1895 жылдары салынған Сібір теміржолының ұзындығы 3 136 шақырым.
жоқ (3 138)
6. 4 десятинаға дейін егістік жері бар - кедей шаруаларға жатты
жоқ (өте кедей шаруалар)
VІІ Бағалау. Жеңімпаз топты анықтап, марапаттау және жеке оқушыларды бағалау
VІІІ Үй тапсырмасын беру.
1) §37. ХХ ғасырдың басыңдағы Қазақстанның әлеуметтік -экономикалық дамуы бет 208.
2) Ғаламтордан тақырып бойыншы мәліметтер жинау.
3) Оқулық соңындағы тапсырмаларды орындау