- Учителю
- История Казахстана для 8 классов
История Казахстана для 8 классов
Сынып: 8-сынып
Пәні: Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: Ресейдің Қазақстандағы ХҮІІІ ғ. 30-50 жж. саясаты, қазақ жерлерінің тартып алынуы
Сабақтың мақсаты:
-
Әбілқайыр қайтыс болғаннан кейін Кіші жүзде қалыптасқан жайдайды түсіндіру, Ресейдің Қазақстандағы отаршылдық саясатын ашып көрсету;
-
Құжаттармен, картамен жұмыс жасау тәсілдерін жетілдіру, саяси қайраткерлердің қызметіне талдау жасау және баға беру арқылы оқушылардың логикалық ой-өрісін жетілдіру, танымдық қызығушылықтарын дамыту;
-
Халық тарихына құрметпен қарауға, достыққа, бір-бірін түсіне білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндірмелі-баяндау, оқулықпен жұмыс, сипаттама беру, тест
Көрнекілік: Карта, сызба, суреттер
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
-
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
-
Оқушы зейінін сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
-
Сипаттама беру
-
Сұрақ-жауап.
1)Әбілқайыр хан неліктен Ресейден көмек сұрауға мәжбүр болды?
2)Кіші жүздің Ресей құрамына кіруіне байланысты қалыптасқан негізгі оқиғаларды әңгімелеңдер.
3)XVIII ғасырдағы Қазақ хандығының саяси, экономикалық, мәдени өміріне бодандық қалай әсер етті?
-
Хронологиямен жұмыс
ІІ. Өткен материалды қорытындылау.
ІІІ. Жаңа материалды баяндау:
Жаңа тақырыпты оқытудың жоспары:
-
Әбілқайыр хан қаза тапқаннан кейін Кіші жүздегі жағдай.
-
Қазақ-башқұрт қатынастарының ерекшеліктері
-
Шекара аймақтарында әскери бекініс шептерінің салынуы.
Мазмұны:
1)Үй тапсырмасын бірден Әбілқайыр қаза тапқаннан кейінгі Кіші жүздің жағдайын талқылауды бастаймын:
Кіші жүз
-
Экономикалық жағдай
Саяси жағдай
Орта жүздің шекара аудандарында жер дауының онан әрі шиеленісуі.Патша үкіметі қазақ жерін ашық басып ала бастады:
А) шекара аудандарында әскери бекіністер тұрғызу;
Ә) 1755 ж. патша үкіметі Орта жүз қазақтарына Ертістен өтуге тыйым салды;
Б) 1765 ж. Он шақырымдық белдеу межеленді.
В) Қазақстарға орыс бекіністеріне 30 шақырымға дейін жақындауға тыйым салынды.
-
10 шілде, 1749ж. Ресей үкіметі ресми түрде Нұралыны Кіші жүз ханы етіп бекітті. Оған жылына 600 сом жалақы тағайындалды. (Бірақ Кіші жүз тәуелсіз екі бөлікке бөлінді. Солтүстік-батыс бөлігін Нұралы, ал оңтүстік-шығысын Батыр биледі.)
-
Қазақ-башқұрт жанжалдары;
-
Жоңғарлардың Қазақстан аумағына әскери жорығы;
-
Осы жағдайға байланысты Ресей ұстанымы:
А) қазақтар мен башқұрттардың Ресейге қарсы күресте бірігіп кетпеуі үшін араларына от салу, ол үшін кез-келген қолайлы сәтті пайдалану.
-
2) Осыдан кейін оқушыларды қазақтардың башқұрттармен қарым-қатынастарының ерекшеліктерімен таныстыра отырып, Қазақстан тарихы хронологиясындағы материалдар негізінде кесте жасау, сол арқылы оқушылардың салыстырмалы талдау жасау, тақырыптағы әр түрлі деректерді пайдалана отырып қорытынды шығаруын дамыту.
-
Қазақ-башқұрт қатынастары
(Башқұртстан)
Осы халықтар арасындағы қатынастарға байланысты Ресейдің ұстанымы (құжаттарды пайдалану)
3)Қазақстанның солтүстік-шығысында XVIII ғ-дың 30-40 жылдарында әскери бекіністер салу мәселелерін қарастырғанда картамен жұмыс жасау пайдалы:
-
Салынған бекіністердің аты мен салыну себебі
-
Орналасқан жері
-
Алып жатқан аумағы
-
Маңызы
Жүргізілген жұмыстарды қорытындылай келе, Ресейдің жер мәселесі жөніндегі отарлық саясатын ашып көрсету.
ІҮ.Сабақты бекіту: 1.сұрақ-жауап
2.Құжатпен жұмыс
Ү. Бағалау.
ҮІ. Қорытындылау
ҮІІ. Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу, сұрақтарға жауап дайындау. Картамен жұмыс