7


  • Учителю
  • Рабочие програма на тему 'Қарақытайлар' 7 сынып

Рабочие програма на тему 'Қарақытайлар' 7 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Қазақстан тарихы пәні .Сабақты жүргізген Жетпісбай Майра Ықсанқызы

Сабақтың тақырыбы:Қарақытайлар 1128-1213жж 7 класс

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қарақытайлар мемлекетінің құрылуын,қарақытайлардың Жетісуға ұоныс аударуын,қоғамдық құрылысын,алым салық жүйесін,сыртқы жағдайын топтық жұмыс барысында зерттеу.

Міндеті:Ақпаратты өз бетінше оқу және ойлауға,кластастарына меңгерген ақпаратын түсінікті жеткізе білуге,мәтінмен өз бетінше жұмыс жасау дағдысын дамытуға,ақпаратпен жұмыс жасауға дағдыландыру.

Күтілетін нәтиже: Қарақытайлар мемлекетінің саяси және экономикалық ерекшеліктерін зерттейді,ақпаратты өз бетінше оқиды және ойлайды,кластастарына менгерілген ақпаратты түсінікті жеткізеді,мәтінмен өз бетінше жұмыс жасау дағдысын дамытады.

Сабақ «Көршіңнің жақсы қасиетін ата» атты тренингінен басталды.Бұл тренинг оқушылардың арасында өзара жақсы қарым қатынас орнатылсын деген мақсатымен жүргізілді.Жыл мезгілдерімен топтарға бөлінді.(жаз,күз,қыс,көктем) Топтар өздерінің көшбасшыларын сайлады және бағалау критерийлерін анықтады.Өтілген тақырып «Хан тағы»атты тәсілімен сұралды.Оқушылар автор орындығына отырып өзге топ оқушыларының сұрақтарына жауап берді.Оқушылар жіңішке жуан сұрақтар қою барысында таным процесіне әрекет етеді.Хан тағына отырған оқушы тез,тереңірек сұрақтарға жауап беруге тырысты.Оқушылар олардың жауабын бармақпен бағалады.Жаңа тақырыпты өтер алдында мен оқушыларға мынадай сұрақ қойдым :наймандар,керейіттер,жалайырлар тайпаларынан кейін тарихи сахнаға қандай тайпа шықты?Олар қарақытайлар деп жауап берді.Қарқытайлар мемлекеті тақырыпшаларын топтарға бөліп беру үшін мен кубизм әдісін пайдаландым.Бірінші топқа:Қарақытайлардың Жетісуға қоныс аударуы. Екінші топқа:Қоғамдық құрылысы ,алым-салық жұйесі.Үшінші топқа:Сыртқы жағдайы.Төртінші топқа:Интернеттен қосымша мәлімет табу.Жаңа тақырып орындау барысында «Біреу ұйде,үшеуі қонақта»әдісін қолдандым.Әр топ өздеріне берілген тапсырма аясында постер жасады.Топ мәселелерді талқылады,тұжырымдады.Әр топтан бір оқушы қалды ,үшеуі қонаққа кетті.Топта қалған оқушы кластастарына өзі меңгерген ақпаратты түсінікті жеткізу керек болды.Ол кластастарының және өз оқуына жауапты екендігін сезінді.Қалған кластастары оны тыңдап,сұрақтар қойды.Содан соң Әр тобына қайтып келген соң өздерінің постеріне презентация жасады.Бүкіл топ оқушылары сөйледі.Топ мүшелері бір керемет,бір тың идея,бір әттегенай мен бағаланды.Сергіту сәті өткілді.Семантикалық карта арқылы білім пысықталды.Бір топ тапсырманы орындап болғаннан кейін ,екінші топқа тексеруге берді.Сабақ бағдаршам арқылы қорытындалды.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал