7


  • Учителю
  • Сыныптан тыс сабақ 'Мамандықтың бәрі жақсы'

Сыныптан тыс сабақ 'Мамандықтың бәрі жақсы'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

20.11.2015. 9«А», 9«Б» сыныбы

І.Тақырыбы: «Мамандықтың бәрі жақсы»


ІІ.Мақсаты: Оқушыларға кәсіптік бағдар бере отырып, болашақ мамандық

алу үшін бағыт-бағдар беру, әр мамандықтың қызығы мен

қиындығын жете ұғындыру. Ойлау, сөйлеу мәдениетін

қалыптастыру.


ІІІ.Міндеті: Оқушылардың бойына Отансүйгіштік қасиетті сіңіру,

қоғамдағы әр түрлі мәселелерді жеңе білуге тәрбиелеу.

Еңбекті дәріптеу.


І.Ұйымдастыру:1.Пікрталасқа қатысатын қонақтар мен оқушылыардың

дайындығын қадағалау.

2.Пікірталас тақырыбын, мақсаты мен жүрісін таныстыру.


ІІ.Негізгі бөлім: 1.Таныстыру.

2.Мамандық иелерін пікірталасқа шақыру.

3.«Мен таңдаған мамандық» (қонақтар пікірі)

4.Сергіту сәті (ән, би,күй)

5.Мамандық туралы ойлар.

6.Кәсіп туралы сән үлгісі.


1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті көрермендер, ұстаздар мен оқушылар!

2-жүргізуші: Қош келдіңіздер, бүгінгі пікәірсайыс қатысушылары мен сыйлы

қонақтар!


1-жүргізуші: Ең алдымен бүгінгі пікірталасты ұйымдастырушы және

жүргізушілермен таныс болыңыздар!

2-жүргізуші: Мектебіміздің тарих пәнінің мұғалімі 9«Б» сынып жетекшісі

Беисекенов Айбек Шалабайұлы.

1-жүргізуші: Мектебіміздің психологы, ағылшын пәнінің мұғалімі

Ибрагимова Әлия Қазыкенқызы

2-жүргізуші: Әр адам өз қаблетіне, икемділігіне қарай сәйкес мамандық

таңдауы тиіс. Бұл бүгінгі таңдағы заңдылық, яғни бұл нарық

заңы демекпіз.

1-жүргізуші: Ендеше, оқушылар қай мамандықты қандай кәсіп жолдарын

таңдауды дұрыс деп шешу мақсатында, әркім өз пікірін білдіріп

ой толғайды.

Алдымен оқушылар қандай мамандықты таңдап отыр екен,

бірінші солардың пікірін тыңдайық.


Таныстыру


1-жүргізуші: Қамалбаева Айсұлу қаржыгер өмірдегі ұстанымы:

«Адам ынтамен жұмыс істейтін болса, онда жұмысы анағұрлым

жеңіл және нәтижелі болады».

2-жүргізуші: Оспанов Айдос тіс дәрігері өмірдегі ұстанымы:

«Еңбек мұратқа жеткізер, жалқаулық абырой кеткізер».

1-жүргізуші: Жүнісахунова Анель дәрігер өмірдегі ұстанымы:

«Еңбегің қатты болса, тапқаның тәтті болады...!».

2-жүргізуші: Сұртаев Мерей жолсерік өмірлік ұстанымы:

«Егер мал керек болса, қолөнер үйренбек керек...!».

1-жүргізуші: Сұлтанова Дана әнші өмірдегі ұстанымы:

«Іздену, іздніп жүру!»

2-жүргізуші: Кемелтай Еркежан мұғалім өмірдегі ұстанымы:

«Еңбек етпесең, елге өкпелеме, егін екпесең, жерге өкпелеме!».

1-жүргізуші: Кежетеава Мөлдір журналист өмірлік ұстанымы:

«Еңбек түбі береке...!».

Қорытынды: Түбінде баянды еңбек егін салған,

Жасынан оқу оқып, білім алған.

Би болған, болыс болған өнер емес,

Еңбектің бұдан өзге бәрі жалған.


Осымен «Мамандықтың бәрі жақсы» атты пікірталас кешіміз

аяқталды.Пікірталасқа қатысқандарыңызға көп рахмет!!!



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал