7


  • Учителю
  • Ашық сабақ тақырыбы: Тәуелсіздіктің жариялануы алдында

Ашық сабақ тақырыбы: Тәуелсіздіктің жариялануы алдында

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы:Тәуелсіздіктің жариялануы алдында

Білімділік:Одақтас республикалардың тәуелсіздікке қол жеткізуі,Қазақстандағы саяси өзгерістер,республика атауының өзгертілуі,президент сайлауы туралы айтып,оқушылардың білімін арттыру

Тәрбиелік: Тәуелсіздікке ұмтылған халықтың азаттық жолындағы күресі,Қазақстандағы ұлттар арасында болған жіктелу,Қазақстанды басқарған адамдар өмірі туралы мағлұмат келтіре отырып,адамгершілікке,инабаттылыққа,достыққа,ынтымақтастыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық:Қазақстандағы одақтан шығар алдында болған оқушыларға тоқтала отырып,одақтан шығу,тәуелсіздікке ұмтылуы туралы оқушылардың пікірін тыңдау,ойларын жетілдіру.

ПАБ: Қазақстан тарихы,Қазіргі дүние тарихы,құқық,математика,музыка

Сабақтың әдісі: әңгіме,сұрақ-жауап,баяндау,топпен жұмыс

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Көрнекілігі: КСРО-ның саяси картасы,портреттер,баяндамалар,сызба,кесте,слайд,тест жұмыстары,

карточкалар

Ұйымдастыру (Оқушыларды отырғызу,түгендеу)

Үй тапсырмасын сұрау: «Ой қозғау» сәті

1.Жаңа одақтық шарт қандай мемлекеттер арасында жасалды?

2.Тамыз бүлігі қандай саяси оқиғаларға түрткі болды?


Жаңа сабақ жоспары:

1.КСРО-ның ыдырауы, оның себептері

2.Қазақстанда қалыптасқан саяси ахуал

3.Республика атауының өзгеруі

4.Бүкілхалықтық президент сайлауы


«Өз тобыңды тап» ойыны

Оқушыларға түрлі түсті қағаздар беріледі.Сол қағаз қиындыларының артында тобының номері жазылған.Әр оқушы өз тобына барып орналасады.


Термин сөздермен жұмыс

КСРО-Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы

Қазақ КСР- Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы

ТЖМК-Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитет

ТМД- Тәуелсіз мемлекеттер достығы


КСРО-ның ыдырау себептері:

1.1980 жылдың бас кезінде Кеңес Одағының экономикасы тоқырауға ұшырауы.

2.Кеңес жүйесін реформалауға тырысуы, КСРО-ны дағдарысты жағдайға алып келуі.

3.Халықтың саяси белсенділігі және ұлттық партиялар мен қозғалыстардың пайда болуы.

4.Қазақстанда желтоқсан қозғалысы, Балтық теңізі жағалауы елдерінде ,Кавказ республикаларында халықтың жаппай бас көтерулері .

5.Экономика тұралап қалуына байланысты шахтерлердің, кеншілердің, мұғалімдер мен студенттердің, дәрігерлердің үкіметтің саясатына қарсы ереуілдерге шығуы.

6.Барлық Одақтас Республикалардың, соның ішінде Ресей елінің де егемендік алуға қадам жасауы


Сызбамен жұмыс

1991 жылы 13 желтоқсан

Ашхабадта,

Орта Азия республикалары мен Қазақстан басшылары


1991 жылы 8 желтоқсан Минскіде,славян мемлекеттерінің басшылары

1922 жылғы КСРО -ны құру туралы шарттың күшін жоюға байланысты келісімшарт


Украина

Леонид Кравчук


Ресей

Борис Ельцин

Беларусь

Станислав Шушкевич

ТМД - Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы

ТМД - Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы

Картамен жұмыс КСРО ның картасы ілінеді слайдпен жұмыс

Жанды сұрақтар 2 топқа

Сызбамен жұмыс

Картамен жұмыс КСРО ның картасы

Топпен жұмыс Тарихи диктант

  • 1- топ.

«Біз, , , 1922 жылғы Одақтық шартқа қол қоюшы,яғни КСР Одағының халықаралық құқық субъектісі ретінде және геосаяси ақиқат тұрғысында өзінің өмір сүруін тоқтатқанын мәлімдейміз»

2-топ.

Сонымен қатар аталған үш мемлекеттің басшылары Тәуелсіз ___ ___ құрылғандығы туралы мәлімдеді.

1991 жылы 25 желтоқсанда М.С.Горбачев КСРО президенттігінен кетіп, __ құлады.

Сәйкестендіру кестесі

IV.Бекіту кезеңі: «Кім жылдам?» ойыны
1-топ сұрақтары:

1.1922 жылғы КСРО-ны құру туралы шарттың өз күшін жойғанын жариялаған қандай мемлекеттер ?

2.Ашхабад келісімі қашан жасалды?

3.1991 жылы 10 желтоқсанда қандай өзгеріс болды?

4.Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің 1 хатшысы болып қандай жылдары тағайындалды?

5.Алғаш бүкілхалықтық президенттік сайлауы қашан болды?

6.1991 жылы 1 желтоқсан Қазақстанда қазақтардың үлес салмағы қандай болды?


2-топ сұрақтары:

1. ТМО қашан құрылды?

2.Кеңес Одағының құлау себебі?

3.Қазақстанның тәуелсіздік алуына қарсы болған күштер қандай әрекет жасады?

4.Қазақстан елінің астаналарын ата.

5. Н.Ә.Назарбаев қай жылы Қазақ КСР-нің Президенті болып сайланды?

6.КСРО-ның құрылуы мен құлаған уақыты?


VI.Үйге тапсырма: §36-оқу,
ТМД- ның құрамындағы мемлекеттердің тарихы
туралы баяндама жазу





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал