- Учителю
- «§30 Орта ғасырлардағы Түркия»
«§30 Орта ғасырлардағы Түркия»
Сыныбы: 7ә Пәні: Дүние жүзі тарихы
Сабақтың тақырыбы: «§30 Орта ғасырлардағы Түркия»
Дидактикалық мақсат- міндеттері:
Білімділік: оқушыларға Осман империясының құрылуы жайында және сұлтандардың билігі жөнінде толық мағлұмат беру. Түркияның мәдениетін, саяхатшыларын, ғылымы мен өнерінің ерекшілігін түсіндіру.
Тәрбиелік: оқушыларға етене жақын түрік халқы жайлы, олардың мәдениеті жайында түсіндіре отырып, оқушыларды бірлікке тәрбиелеу. Дамытушылық: оқушылардың ой қабілетіне әсер ету арқылы өздіктерімен жұмыс жасауға дағдыландыру. Дидактикалық құралдары: интерактивті тақта, кесте,тақырыптық карта. Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақты өткізудің әдістері: түсіндіру, суреттеу- аналитикалық суреттеу, сюжеттік әңгімелеу.
Сабақтың құрылымы: І. Ұйымдастыру кезеңі. ІІ. Жаңа білімді игерту.
ІІІ. Сабақта алған білімді бекіту және қолдану.
ІV. Сабақты қорытындылау
V. Үй тапсырмасын беру.
Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
а) оқушының сабаққа қатысуын бақылау.
ә) сынып бөлмесінің тазалығын қадағалау.
ІІ. Жаңа білімді игеру:
Тақырыбы: Орта ғасырлардығы Түркия. а)Осман империясының құрылуы. Құрылған жылы: 1299 жыл. Негізін қалаған: Ертоғрылдың (1220 ж.) баласы Осман сұлтан (1258- 1326) «Осман империясындағы жаулаушылық соғыстары» кестесі.
Жылы
Соғыстың жүру барысы
Нәтижесі
1352-1354жж.
Даннелл жағалауына, Галлиполь
қалаларын басып алады.
1363ж.
І Мұрад
Андринопольды алады
Өз астанасын осы қалаға көшіреді.
1389 ж.
І Мұрад
Сербияға шабуылдайды. Шайқас Серб королі Лазарь түрік сұлтаны І Мұрад арасында өтті. Серб сарбазы Милош Обилич І Мұрадты ту сыртынан қанжармен өлтіреді
Түріктер жеңді. Шешуші шайқас 15 маусымда Косово даласында болды. Лазарь тұтқындалып, өлтірілді.
Иылдырым Баязит (1360-1403)- І Мұрадтың баласы
Әкесінің Балқан түбегіне жасаған жорықтарын жалғастырады.
Балқан түбегін және болгардың Тырнова патшалығын бағындырды. Майдандағы ерлігі үшін Иылдырым ( Найзағай ) деген ат берген.
1453ж.
ІІ Мехмед сұлтан
200 мың әскермен Константинаполь қаласын қоршайды.
1453ж. 29мамыр түрік әскерлері қаланы жаулап, Византия мемлекетінің соңғы императоры Константин ХІ Палеолог (1444-1453) қаза табады.
Түркия Осман империясы болып жарияланды.
Астанасы - Стамбұл (бұрыңғы Константинаполь қаласы).
Империяның өмір сүру уақыты - ХІV- XVII ғасырдың бірінші жартысы.
Діні - ислам діні. Серб, болгар жеріндегі христиан шіркеуіне тыйым салынды. Балқан түбегінде мұсылмандандыру саясаты жүргізілді.
Мемлекет меншігі
Түрік сұлтаны иелілігі
санжақтарға бөлінді. Бейлер басқарды.
Вакуф - мешіт иелігіндегі жер
Спахи - феодалдық жер иелігі. Уақытша берілген. Ол жер - Лен деп аталады.
Салық түрлері:
1. Харадж - жер салығы. Кәпірлерге салынған. Шаруалар- спахилік жер иесінің меншігі. 2.Үшір - өнімнің түсімінен алынатын салық. 3. Испандже - барлық халыққа салынатын салық. 4. Жизия - христиан ер адамдарға салынатын салық.
ә)Осман империясының құрылымы.
- Империя уәлаяттарға ( облыстарға ) санжақтарға бөлінді.
- Сот жұмысын мұсылман қазы (кадилар) жүргізді. Жоғарғы сотты - уәзір, діни бағыттағы сот ісін - шейх- уль- ислам жүргізді.
- 4 әлеуметтік топ: 1) Рухани феодалдар; 2) Әскери феодалдар;3) көпестер мен қала тұрғындары; 4) шаруалар.
Серб, болгар көтерілістерінің хронологиялық даталары:
1389ж. Косово даласындағы шайқас.
1444ж. Варна қаласында шайқас.
1593- 1598 ж. Орыс- түрік соғысы болды.
1598ж. Тырново қаласында көтеріліс болды.
1594ж. Серб халқы түріктерге қарсы шабуылдады.
б) Түрік мәдениеті.
Жазба әдебиет ХІІІ ғасырда пайда болды. Алғашқы шығарма - сопылық сарында жазылды.
ІІІ. Сабақта алған білімдерін бекіту және қолдану.
1)Кестеге түрік авторларын және олардың шығармаларын жаз.
Авторлары
Ахмед Факих
Шығармалары
«Тағдыр кітабы»
Шейад Хамза
«Жүсіп пен Зылиха»
Ашик паша
«Қуғындалушының кітабы»
Низами Гәнжауи
Бес дастан («Құпия қазына», «Хұсрау мен Шырын», «Ләйлі мен Мәжнүн», «Жеті ару», «Ескендірнама»)
Лютфи Такади
Философия, математика, астрономияны дамытқан
Пири Реис географ
1513ж. Дж. картасын, 1523ж. «Бахрийе» теңіз атласын жасаған.
??????????????????
«Оғызнама», «Китаб Дәдәм Коркуд», «Көрұғлы» шығармалары.
2) «Кім жылдам?» Сұрақтарға тез, әрі жылдам жауап бер.
-Осман империясы деп неге аталды?
-Түрік осман империясы қашан құрылды?
-Византия империясы қашан құлады?
-Осман империясында феодалдық қатынастар қандай болды?
-Түрік эпостарын атаңдар.
ІV. Сабақты қорытындылау.
Бағалау: оқушыларды сабақта көрсеткен білімдері мен біліктеріне баға беру және қойылған бағаға түсініктеме беремін.
№
Оқушылард. аты -жөні
Не білемін?
Не білдім?
Не білгім келеді?
V. Үй тапсырмасын беру.
Орта ғасырлардағы Түркия. 128- 132 беттер аралығын түсініп оқу.
Түрік мәдениетінің дамуы кестесін толтыру.
Түрік әдебиеті
Ғылым мен білімі
Архитектура мен өнер