7


  • Учителю
  • Махмуд Қашғари - ХІ ғасырдың ғұлама ғалымы

Махмуд Қашғари - ХІ ғасырдың ғұлама ғалымы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

7-сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: Махмуд Қашғари ХІ ғасырдың көрнекті ғұлама ғалымы

(1680-1126ж)

Сабақтың мақсаты:

  • Орта ғасырда ғылымның дамуы мен оған үлес қосқан ғылымдардың еңбектерімен оқушыларды жан-жақты таныстыра отырып, шығармалардың тарихи маңызы туралы түсінікті қалыптастыру;

  • Оқушылардың тарихи-ғылыми еңбектерді талдап, салыстырып, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту;

  • Қазақ халықына қатысты тарихи шығармаларды өмірде орынды қолдана білуге, олардан тәлім-тағлым, білім алуға, өз Отанына қатысты деректерді ізденуге, тарихи құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас

Әдісі: сұрақ-жауап, әңгіме,тест, карта мен жүмыс.

Көрнекілігі:карта ,сызба т,б.

Сабақтың барысы: . Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Үй тапсырмасын сұрау:

ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:

1.Махмуд Қашғари- «Түрік тілдерінің сөздігі».

Туған жері

Махмұд Қашқари ( 1029-1101) - түркі ғалымы, әйгілі « («Түркі сөздерінің жинағы») атты еңбектің авторы. Толық аты жөні Махмұт ибн әл Хұсейн ибн Мұхаммед. Туған жері қазіргі жеріндегі жағасындағы (кей деректе Шу бойындағы) қаласы. Ыстықкөл маңындағы болған Барысхан қаласында әскерилер отбасында дүниеге келген. нен. Қашқарда, Бағдатта білім алған. Византия, Түркия, Қытай және басқа елдерді аралаған. Түркі тілімен қатар, араб және парсы тілдерінде де еңбектер жазған. «Диуани лұғат ат-түрік» - Қ. ең ұлы шығармасы. Онда көшпелілердің ой әлеміне қатысты да тамаша мұра жинақталған. Бұл тамаша энциклопедиялық туынды 1072-1078 жылдары Бағдатта жазылған. Түпнұсқасы жоғалып кеткен. 1206 жылы М.А.Абулфатх жасаған жалғыз көшірмесі Стамбулда сақтаулы.

Өмірбаяны

Махмұдтың әкесі белгілі қолбасшы, Барсханның әмірі болған. Ол кейін билеген мемлекеттің мәдени саяси орталықтарының бірі ауысқан. Махмұд осында дәріс алған, ұзақ жылдар тұрған. Оның аты жөніне қай жерден шыққанын көрсететін дәстүрмен «Қашқариді» тіркеуінің мәнісі де содан.

Ғалымның туған, қайтқан жылы белгісіз. Ол жөнінде өзі де, басқа зерттеулер мен сол тұстағы жазбаларда да ештеме айтылмайды. Ол Қашқарда алған білімін одан әрі толықтыру мақсатымен, , , қалаларында болады, түркі тілінің сыртында араб, парсы, тілдерін жетік меңгереді. Өз заманының аса білімдар филологы, тарихшысы, этнографы, географы ретінде танылады.

Түркі ғалымы

Махмұд Қашқари түркінің тұңғыш тіл маманы, түркі тілінің оқулығын жасаған, грамматикасын түзеп, жалпы түркі әлемінің тіл өнерінің өрісін кеңейтіп, өркенін өсірген ғұлама. Түркология тарихында ол тұңғыш тарихи салыстырмалы әдісті қолданып, түркі тілдері тарихи диалектологиясының негізін салды. Оның осы тілдерді салыстырмалы түрде зерттеу тәсілі бүкіл Шығыс тілшілеріне ортақ зерттеу тәсілі ретінде өзінше бір мектеп болып қалыптасты.Түркі жұртының бай тарихы, географиялық жағдайы, әдебиеті мен өнері, этнологияық ерекшеліктері «Диуани лұғат ат түркте» нақты тарихи деректілік сипатпен танылған. Ол көптеген ұлыстардың, тайпалардың тіл ерекшеліктерін саралап, түркі тілінің бітімін ежіктей түсіндіреді, тұрмыс салтын, әдет ғұрпын баяндайды, сол кездегі бір қатар қаламгерлердің, ғұламалардың, тарихи адамдардың аттары мен өмірбаяндық деректерін, түркі халықтарының байырғы жырларын, мақал мәтелдерін береді. Сонымен қатар ол көне дәуірдегі түркінің әлемдік қартасын жасап, онда Барсхан, , , , Қашқардан бастап, түркі дүниесінің ежелгі шаһарларын, елді мекендерін түгел дерлік көрсетеді. Бұл ретте оны түркі жұртының тұңғыш энциклопедиялық анықтамалығы десе де болады.

Жаңа сабаққа кіріспес бұрын оқушылардың ынтасын, ойын сабаққа бейімдеу мақсатында сұрақтар қоямын.

1.Ғылым дегеніміз не?

2.Ғылымның қандай түрлерін білесіңде?

3.Ғылым, білім туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?

«Оқу-білім азығы,

Білім-ырыс қазығы»,

«Оқусыз білім жоқ,

Білімсіз күнің жоқ» деген мақалдарды мысалға келтіре отырып, кесте бойынша түсндіремін


Ғалымдардың аты-жөні

Зерттеген салалары мен бағыттары

Еңбектері


ІҮ. Сабақтың бекіту:

1.Махмуд Қашғаридің еңбегі туралы орыс ғалымдары қандай пікір білдірді?

Ү. Бағалау:

ҮІ. Тақырып соңындағы сұрақтарға жауап беру. Ғұламалардың өмірбаянына қатысты қосымша кітаптар оқу.

7-сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: §41. Тәуке хан қазақ ханы, туғанына 335 жыл. (1680-1718ж)

Сабақтың мақсаты:

  • Тәукенің хан болу қарсаңындағы және хандық құрған кезіндегі қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайы туралы, Тәуке ханның «Жеті Жарғы» заңдары және жасауға қатысқан қазақтың ұлы билері туралы мәліметтермен оқушыларды жан-жақты таныстыру;

  • Оқушылардың оқулықпен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын, тарихи ұғымдарды талдау, салыстырып, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту;

  • Тәуке ханның және ұлы билердің мемлекетті нығайту үшін атқарған қызметтерін көрсете отырып, оқушыларды адамгершілікке, елін, туған жерін құрметтеп, оның дамуына үлес қосуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Көрнекілік:карта, билердің суреті

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • Есім ханның алғашқы кездегі саяси жағдай қандай болды?

  • Бұхар хандығы мен Қазақ хандығының арасындағы талас-тартыс немен аяқталды?

  • Есім хан мен Тұрсын хан арасындағы қайшылық неден басталды?

  • Тұрсын ханның бүлігі немен аяқталды?

  • «Есім ханның ескі жолының» қандай тарихи маңызы болды?

  • Тақырыптың тарихи-тәрбиелік маңызын неден байқауға болады?

Жаңа сабақтың жоспары:


  1. Тәукенің хан билігіне отыруы.

  2. Тәуке ханның тұсындағы қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы.

  3. «Жеті Жарғы» заңы

  4. Ұлы билер

Тәуке хан хандық билікті нығайтты

Тың өзгерістер енгізді

Тәуке хан

«Хандық кеңестің» және «билік кеңестің» рөлін арттырды

Феодалдық талас-тартыс пен бытыраңқылықты жойып, бір орталыққа бағынған қуатты қазақ хандығын құруға күш салды

Хан мен билер ғана соттық сансапты атқаруға тиіс болды

Билер жергілікті атқарушы өкіметке айналды

Тәуке хан кезеңі

1680 ж. Жәңгірдің баласы Тәуке (1680-1718) хан болды. Оның тұсында «Жеті жарғы» деген заңдар жинапы құрастырылды. Жеті жарғы көшпелілердің ел билеу заңы болып табылады. Оның негізгі баптарының мазмұны: қанға қан алу, яғни біреудің кісісі өлтірілсе, оған ердің құнын төлеу (ер адамға 1000 қой, әйелге 500); ұрлық, қарақшылық, зорлық-зомбылыққа өлім жазасы кесіледі, жазаны ердің құнын төлеу арқылы жеңілдетуге болады; денеге зақым келтірсе, оған сәйкес құн төленеді (бас бармақ 100 қой, шынашақ 20 қой); егер әйел ерін өлтірсе өлім жазасына кесіледі (егер ағайындары кешірім жасаса, құн төлеумен ғана құтылады, мұндай қылмысты екіқабат әйел жасаса жазадан босатылады); төре мен қожаның құны қарашадан 7 есе артық төленеді; егер ері әйелін өлтірсе, әйел құнын төлейді.

Сабақты бекіту:


Жеті жарғының бөлімдері

Мәні мен мазмұны


  • Қосымша әдебиеттерді пайдалана отырып, жауап беру.

Бағалау:

Үйге тапсырма: Қосымша мәлімет жынып келу.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал