- Учителю
- 'Жиб-Жица күресі' (4-сынып)
'Жиб-Жица күресі' (4-сынып)
Сыныбы: 4
Пәні: Ана тілі
Мерзімі: 20.10.2012ж
Сабақтың тақырыбы: Жиб - Жица күресі.
Сабақтың мақсаты: Оқушының сын тұрғысынан ойлауын және шығармашылық қабілетін
дамыту. Сөздік қорын, ой - өрістерін, тіл байлықтарын арттыру, есте
сақтау, талдау, салыстыру, өз бетімен ойлау, қорытындылау
дағдыларын жетілдіру.
Негізгі идеялар: Оқушыларға мәтіндегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру. Сұрақ қою
арқылы жан - жақты ойлауға, топпен жұмыс істеуге, өзіндік
жұмыс жасауға үйрету. Батылдыққа, қайсарлыққа,ерлікке баулу.
Күтілетін нәтиже: Болжау стратегиясын пайдаланып дәлелді сөйлейді; мәтінді
мәнерлі, мазмұнды оқуға дағдыланады; өз білімдерін бағалай
білуге машықтанады; спортқа деген қызығушылығы оянады.
Тапсырма №1: Көркем сөз оқу: «Өткен күн» өлеңін мәнерлеп оқу, «Түркістан»
өлеңдерін мәнерлеп оқу. Топтар арасында өлеңді мәнерлеп оқудан
жарыс ұйымдастырылады .
Тапсырма №2: Спорт тақырыбындағы суреттерді көре отырып, спорт түрлерін
ажырату (бокс, футбол, теннис, штангы көтеру, жеңіл атлетика).
Күреске байланысты слайдтарды көру арқылы жаңа тақырыптың
мазмұнын ашу
Тапсырма№3: Болжау стратегиясы: әрі қарай не болады?
Сұрақ - жауап.
Шығармада қандай спорт түрі айтылған?
Негізгі кейіпкері кім?
Жиб - Жица әдісін білмейтін Қажымұқанды бұл сайыста жеңуге
Қазіргі заманның Қажымұқандары қандай деп ойлайсыңдар?
Тапсырма №4: Қажымұқанға өзіңше сипаттама (сөзбен суреттеу немесе суретін
бейнелеу) бер.
.
Көрнекіліктер: Суреттер, слайд, көкөністер, жеміс - жидектер, қағаз, АКТ.
Дерек көздері: «Қазақтың спорт жұлдыздары» дидактикалық материалдар,
«Ұлттық ойындар» дидактикалық материалдар, «Қазақ балалар
әдебиеті» хрестоматиясы, ғаламтор.
№
Мұғалімнің іс - әрекеті
Оқушының
іс - әрекеті
Күтілетін нәтиже
Уақыты
1
Ұйымдастыру кезеңі:
А) Оқушыларды топқа бөлу
Ә) Сыйлықтар жинау арқылы өзін - өзі бағалайтындығын және сол ұпайлар арқылы топтың бағаланатындығын айтып өту.
Оқушылар көкөністер суретін жинау арқылы топтасады. Яғни әр түрлі көкөністер артында: алғырлар
Тапқырлар
Ойшылдар
Жүйріктер болып топтасады.
Сабаққа деген мотивациясы оянады
2
минут
2
Өткенді еске түсіру:
Өткен тақырып бойынша топты жарыстыру
Тапсырма:
Көркем сөз оқу: «Өткен күн», «Түркістан» өлеңдерін мәнерлеп оқыту
Оқушылар өлеңді мәнерлеп оқып жарысады.
Белсенділігі артады. Көркем сөз оқуға дағдыланады
6
минут
3
Жаңа сабақ:
Ой қозғау: Суреттер арқылы жаңа сабақтың мазмұнын ашу.
Күрес туралы не білесіңдер?
Қазақстанда спорт түрінен даңқы шыққан жеңімпаздарымызды білесіңдер ме?
Олар кімдер?
Оқушылар суреттерге қарап спорт түрлерін ажыратады
-
Бокс
-
Футбол
-
Тенис
-
Штанга көтеру
-
Жеңіл атлетика
Оқушылар сұрақтарға өз білгендерінше жауап береді.
Зейіні, танымдық қабілеті,
ой - өрісі дамиды.
5
минут
4
Бүгінгі тақырыптың мазмұнын ашу:
ЖИБ - ЖИЦА күресі. Әңгімені үш бөлікке бөліп, бірінші бөлігін оқып, осы бөлім бойынша оқушыларға сұрақ қоямын:
1. Дүниежүзілік балуандар күресі қай қалада болды?
-
Жапониядан кім келді?
-
Оның мінезі қандай еді?
-
Ол қандай күрес түрімен күресемін деді?
Қандай талап қойды?
Болжау стратегиясы: Әрі қарай не болуы мүмкін?
2-бөлігін оқып, сұрақтар қоямын.
-
Онымен күресуге кім шықты?
-
Олардан неге тілхат алды?
-
Жапонның іс-қимылы қандай?
-
Залда отырған орыс балуандары жапонға неге ұтылды?
Болжау стратегиясы: Әрі қарай не болуы мүмкін?
3-бөлігін оқып, сұрақтар қоямын:
-
Басқарушы неге ашуланды?
-
Қажымұқан қандай іс-әрекет жасады?
-
Қажымұқан неге емделіп шықты?
-
Шығармада қандай спорт түрі айтылған?
-
Негізгі кейіпкері кім?
-
ЖИБ-ЖИЦА әдісін білмейтін Қажымұқанды бұл сайыста жеңуге итермелеген не деп ойлайсыңдар?
-
Қажымұқанның орнында болсаң, сен не істер едің?
-
Қазіргі заманның Қажымұқандары қандай деп ойлайсыңдар?
-
Қажымұқанды өзіңше сипатта: Сөзбен және суретпен,
Топпен кесте толтыру:
Қажымұқан Сар-Кек-Ки
Айырмашылығы
Айыр
машы
лығыҰқсастығы
Оқушылар мына сұрақтарға жауап береді.
Болжам жасайды, пікірлерін білдіреді.
Оқушылар мына
сұрақтарға жауап береді.
Болжам жасайды.
Оқушылар сұрақтарға жауап береді. Болжам жасап пікірлерін білдіреді.
Оқушылар өз ойларын, пікірлерін білдіреді.
Оқушылар Қажымұқанның
түр - тұлғасын сөзбен көркемдеп суреттейді немесе суретін бейнелейді.
Топпен бірлесе отырып кестені толтырады. Өз пікірлерін ойларын тұжырымдап жазады.
Сөйлеу мәнері дамиды, болжам жасап үйренеді, пікірін білдіреді.
Көшбасшылыққа ұмтылады.
Сыни тұрғыдан ойлау қабілеті артады.
Оқушының мотивациясын арттыру.
Диологтық қарым - қатынас жасайды.
Сөйлеу мәдениеті қалыптасады.
Өзгелердің пікірін тыңдауға және оны құрметтеуді үйренеді
4
Минут
4
Минут
4
Минут
4
Минут
3
Минут
5
Минут
5
Минут
5
Бағалау: өзін - өзі бағалау бойынша оқушылар жинаған ұпайларын санайды. Барлығын қосып топтың ұпайын шығарады.
Оқушылар ұпайларын есептейді
Өзін - өзі бағалап үйренеді
6
Үйге тапсырма: «Батылдық», «Шынықсаң шымыр боласың» тақырыбында эссе жазу
Оқушылар берілген тапсырма бойынша материалдар қарастырады.
Өзіндік жұмыс істеу қабілеті артады.
3
Минут