7


  • Учителю
  • применение дополнительного материала в изучении истории в 9 классе

применение дополнительного материала в изучении истории в 9 классе

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: статья нацелена на оказание методической помощи учителям истории и обществознания. на своих уроках я стремлюсь к постоянному усовершенствованию методических приемов преподавания. к примеру, при изучении материала в 9 классе по теме "Освоение целины и залежных земель" я
предварительный просмотр материала

Жайлыбай Мақсат Рамазанұлы

Еңбек орта мектебі

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы

Қосымша материалдарды пайдалана отырып Қазақстан тарихын оқытудың тиімділігін арттыру

  • мақсаты: тарихтан алған оқушы білімінің жүйелілігін қамтамасыз ету мақсатымен оқулықтардағы маңызды тарихи құбылыстарды, оқиғалар мен фактілерді толық ашып көрсету үшін қосымша материалдарды пайдаланып, оқушыларға қазіргі талаптарға сай білім беру;

  • міндеттері:

  1. қосымша материалдардыпайдалану арқылы оқушыларда қалыптасатын негізгі ұғымдар мен түсініктерді кеңейту;

  2. түрлі деректерді: анықтамалық әдебиет , көркем шығарма, баспасөз материалдарымен өздігінен жұмыс істеу және алған білімдерін сабақта, сабақтан тыс жерде пайдалана білуге үйрету;

  3. баяндама, конспект, тезис т.б . дайындау үшін қажетті материалдарды таңдай білуге үйрету;

  4. оқиғаларды салыстыру, олардың ұқсас белгілерін немесе айырмашылықтарын таба білу;

  5. деректерге сүйеніп оқиғаларға , құбылыстарға сипаттама беру;

  6. қосымша деректер арқылы тарихтан терең де тиянақты білім беру.

Тақырыптың өзектілігі мынада: тарих пәнін оқытудың өзіндік ерекшілігі бар; Үлкен өзгерістер (1991 жылдың желтоқсанында дүние жүзіндегі ең қуатты ұлы державалардың бірі болып келген КСРО -ның ыдырауы, оның сәл алдында дүние жүзілік коммунистік қозғалыстың рухтандырушысы әрі дем берушісі КОКП-нің өмір сүруін тоқтатуы т.б.) тарихтағы ақтаңдақтардың бетін ашты. бұрмаланған фактілердің бетін ашу қосымша деректерсіз мүмкін емес, сондықтан да тақырып актуальды деп ойлаймын.

Оқушылар арасында өз ойларын тұжырымды айтып бере алмайтын, екі сөздің басын құрап сөйлей алмайтын оқушыларды кездестіруге болады. сөздің ойдан туатындығы , ал ойдың білімнен нәр алатындығы түсінікті. бала неғұрлым білімді болса, өз ойын да еркін, ұғынықты тілмен айтып жеткізе алады. жоғарыда аталған міндеттерді шешу үшін өз жұмысымды көлемді 3 (топқа) бөлдім:

1

2

3

Баспасөз материалдарын сабақта пайдалану

Тарихи көркем әдебиетті сабақта пайдалану

Қосымша ізденістерді талап ететін әртүрлі ойын элементтерін пайдалану

Баспасөз материалдарын сабақта пайдалану тәжірибемнен мысал келтірейін. әрбір сабақ - оқу үдерісіндегі шешуші буын, оқу жоспарларын орындау барысындағы белгілі саты, олай болса әрбір сабақты өткізуге жауапкершілікпен қараған жөн. мысалы, 9-сынып бағдарламасындағы "Қазақстанда тың жерлерді игеру" атты тақырыпты оқыту барысында баспасөз материалдарын салыстыра отырып, тың игеруге берілген кешегі және бүгінгі бағасына талдау жасату және осы бағыттағы білімдерін қосымша деректермен дамыту мақсатын қойып, мына деректермен жұмыс жүргіздік:

  1. Ж.Қуанышев Талқаны шыққан тың дала... //Арай №5,6 1991 жыл

  2. А.Нысаналин "Даңқ пен дабыра" // алматы ақшамы №14 1998 жыл

3. М.Жылқайдаров "Біз неге шеттен астық сатып аламыз" //Арай №8 1990 жыл

Баспасөз беттерін сараптай отырып, оқушылардың тақырыпқа дұрыс көзқарасын қалыптастыруға, сол кездегі саяси жағдаймен танысуға мүмкіндік алдық.

Өз тәжірибемде оқу үдерісін түрлендіру мақсатында сабақта және сыныпан тыс жерлерде ойын элементтерін, көркем тарихи әдебиеттерге шолу жасауды жиі қолданамын

Қорыта айтқанда , қосымша деректерді пайдаланудың оқушы үшін де, мұғалім үшін де маңызы зор. олар оқушының сараптамалық , сыни тұрғыдан баға беру , шығармашылықпен ойлау дағдыларын арттыратындығына ешкімнің күмәні жоқ. олай болса, баланың жас ерекшелігі мен білім деңгейін ескере отырып, қоғам дамуының күрделі мәселелерін ұғыну үшін көркем әдебиетті, баспа материалдарын пайдалану оқытудың тиімділігін арттырудың бірден -бір жолы.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал