7


  • Учителю
  • Сақтар тарауы бойынша қорытындылау

Сақтар тарауы бойынша қорытындылау

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сақтардың тарихы, мекендеген жері, шаруашылығы, тұрмысы, мәдениеті мен өнері елі үшін тәуелсіздік жолында күрестері жайында алған білімдерін толықтыру, өткен сабақтарды пысықтау ретінде қосымша деректерді пайдаланып, сақтар тақырыбы бойынша қорытындылау. Оқушының ой-
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Сақтар тарауы бойынша қорытындылау

Сабақтың мақсаты:

Сақтардың тарихы, мекендеген жері, шаруашылығы, тұрмысы, мәдениеті мен өнері елі үшін тәуелсіздік жолында күрестері жайында алған білімдерін толықтыру, өткен сабақтарды пысықтау ретінде қосымша деректерді пайдаланып, сақтар тақырыбы бойынша қорытындылау.

Оқушының ой-өрісін, ойлау, сөйлеу қабілетін ашатын сұрақтар қою, сұрақ-жауап әдісі бойынша сабақтың тақырыбына сай білімін толықтыру.

Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, оқушыларды өз елінің тарихи құндылықтарын құрметтуге үйрету, елін, жерін сүйетін отансүйгіш, дарынды ұрпақ тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Білім, білік, дағдыларын қалыптастыратын ойын сабағы.

Сабақтың түрі: Білімді жинақтау, қорытындылау.

Сабақта қолданылатын стратегиялар: Ой қозғау, топтастыру,

Сабақтың көрнекілігі: 1. Қазақстан картасы;

2. Слайдтар:

- Сақтардың зергерлік бұйымдары;

- Сақтардан қалған ескерткіштер;

- Сақ қоғамындағы тұлғалар;

- Экспедиция жетекшісі З.С.Самашев;

- Алтын адам;

3. Түрлі ойындар:

-Сызбаны толтыру;

- Жұлдызды сәт;

- Тарихи тұлғаларды танисынба?;

- Мына сөздерді кім айтқан?;

4. Кесте;

5. Жинақтау тесті;

Сабақтың барысы:

1. Оқушыларды ұйымдастыру.

А) Сабақтың мақсатымен таныстыру.

Ә) Оқушыларды сабаққа тарту, әрі қызығушылығын ояту мақсатында «Жұл-дызды сәт» ойынын пайдалану.

«Жұлдызды сәт» ойыны

1. Сақтар қашан, қай жерде мекендеген?

2. Тайпа көсемі қандай мәселелермен айналысады?

3. Сақтарды неге жауынгер тайпа дейді?

4. Сақ қоғамында адамдар неше топқа бөлінеді және оларды ата?

5. Жылқының неше түрі болды?

6. Кентаврлар деген кімдер?

7. Массагеттер деген кімдер?

8. Апасиактардың астанасы қай қала болды?

9. Сақ қоғамында мүлік теңсіздігі болды ма?

Кестені дұрыс толтыру.

1. Сақ сөзінің мағынасы

Парсы жазбалары

Иран жазбалары

Грек авторлары

2. Алтын адам

Алтын адам

Алтайдың алтын адамы

Үшінші алтын адам 3. Сақ топтары

Теңіздің арғы жағындағы сақтар (парадарайа)

Шошақ бөрік киіп жүретін сақтар (тиграхауда)

Хаома сусынын дайындайтын сақтар (хаумаварга)

«Тарихи тұлғаларды танисын ба?» ойыны.

  1. Тарғытай деген кім?

  2. Страбон деген кім?

  3. Ишпақай деген кім?

  4. Иданбарыс деген кім?

Мына сөздерді кім айтқан?

1. Не мақсатпен сен осындай патшаны алдап, ұшқан құс, жүгірген аңы жоқ шөл далаға әкеп, оның қалың әскерін қырғынға ұшыратпақсың?

2. Жеңіс деген осы! Ата жұртымызды жаулап алмақ болған қан-құйлы жауды жалғыз өзіміз шөлге қамап, дымын құртып тұрмын, - деді.

3. Сақ әйелдері ержүрек келеді, соғыс қаупі төнгенде ерлеріне көмек көрсетіп ұрысқа араласады.

Сақтардың тәуелсіздік жолындағы күресі

Кімдер шапқыншылық жасады?

Қашан?

Сақтардың қолбасшысы

Нәтижесі


Сабақты жинақтау тесті


1. Сақтар б.з.б.нешінші мыңжылдықта өмір сүрді?

а) І мыңжылдықта

ә) ІІ мыңжылдықта

б) ІІІ мыңжылдықта

2. Сақтар қандай үйде тұрған?

а) ағаш үй

ә) киіз үй

б) кірпіш үй

3. Мал шаруашылығымен бірге сақтар тайпаларында

те қатар дамыды?


4. а) Соқа мен қамыт

ә) Найза мен садақ

б) Жайпақ тостаған

Сарбаздарға

Абыздарға

Егіншілерге

5. Кирдің Томириске елші жіберу мақ-саты не еді?

а) жерін кеңейту

ә) әйелдікке

б) баласын өлтіру


Оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма:

Картамен жұмыс: Сақ топтарының мекендеген жерлерін контур картаға түсіру.

Шығармашылық тапсырма: Шырақ, Иданбарыс, Сыпатай (Спита) ерліктері жөнінде оқып келу




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал