- Учителю
- Махамбет Өтемісұлы 'Мен едім'
Махамбет Өтемісұлы 'Мен едім'
Сабақтың тақырыбы: Махамбет Өтемісұлы «Мен едім»
Сабақтың мақсаты: Махамбет Өтемісұлы өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат алып, ақын өлеңіндегі батырдың өз бейнесіне және тарихи деректер бойынша тұжырым жасай білуге үйрету, Махамбет өлеңін талдау арқылы әдебиет теориясы ұғымдарын меңгерту;оқулық пен қосымша материал деректерін пайдаланып өз пікірлерін қорғай білуін, шешен де дәлелді сөйлеу шеберлігін дамыту; Махамбет өлеңдері арқылы оқушылардың бойындағы тарихи ұлттық сана қалыптастыру, ерлікке, патриотизмге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: Тақырыпты меңгеріп,білім деңгейін Махамбет шығармашылығымен толықтырады.Өлеңнің басты тақырыбы мен идеясын талдай алады.Өз ойын еркін жеткізуге, шығармашылық жұмыстарға дағдыланады.
Түйінді идеясы: Өлеңге мазмұндық талдау жүргізу арқылы оқушы бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға ,деңгейлік сұрақтар арқылы оқушыны ойлануға, салыстыруға,өзіндік бағалау дағдысын қалыптастыру, өзін−өзі бағалау.
Сабақ берудегі әдіс−тәсілдер: СТО стратегиялары, еркін жазу стратегиясы, жеке жұмыс, топтық жұмыс,бірін−бірі бағалау,топты бағалау.
Қамтылатын модульдер: СТО, АКТ, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, оқуды бағалау және оқыту үшін бағалау;
Тапсырмалар : 1.Өлең мәтінімен таныса отырып , сатылай кешенді талдау жасау,өлең мазмұны мен идеясына, өлең құрылысына талдау. 2.Оқулықпен жұмыс жасау, әдеби теориялық ұғымдардың мәнін ашу. 3.Шығармашылық жұмыстар.
Пән аралық байланыс: тарих, музыка,гиография,қазақ тілі
Дереккөздер : оқулық ,сөздіктер,интербелсенді тақта, ресурстар, маркер, стикер,бағалау парақшалар
Сабақ барысы
Мұғалімнің іс−әрекеті
Оқушының іс−әрекеті
1.Ұйымдастыру
Амандасу. Оқушыларды түгендеу.
Психологиялық ахуал туғызу.
Топқа бөлу
Оқушылар сабаққа назар аударады.Бір−бірлеріне жақсы тілектер айту арқылы көңілдерін көтереді. Сандарды қазақша ,орысша, ағылшынша айту арқылы топқа бөлінеді
2.Үй тапсырмасы
Оқушыларға өткен тақырып бойынша сұрақтар қойып, жауап алу.
1.Ұлт -азаттық көтеріліс қай кезде болды.?
2.Көтерілісті ұйымдастырушылар кімдер?
3.Көтерілісті ұйымдастырудың басты себебі?
4. «Қызғыш құс» өлеңінің тақырыбы?
5. «Баймағамбет сұлтанға айтқаны» өлеңінен қандай ой түйдіңдер?
6.Махамбет кімнің қолынан қаза табады.
Оқушылар өткен тақырып бойынша берілген сұрақтарға жауап беру арқылы алған білімдерін дәлелдейді.
Өлеңді жатқа оқиды
Сергіту сәті
Жаңа сабақ
Мұғалім әрекет жасайды
Жаңа тақырыпты оқушылардың өздеріне тапқызу.
Оқушыларға ресурстар таратып, тапсырмалар беру.
Оқушылар орындайды
Оқушылар өткен тақырыпты жаңа тақырыппен байланыстыра отырып,жаңа тақырыпты өздері ашады.
Топтық жұмыс
Оқушыларға тапсырмалар орындату.Топтарға ресурс тарату.
I топ
Махамбет кім?
II топ
«Мен едім» өлеңінің мазмұні
III топ
Махамбет батырдың Алпамыс, Қобыланды батырларға ұқсастығы.
Оқушылар бір−бірімен топтасып постер арқылы орындайды, орталарынан бір оқушы ортаға шығып қорғайды.
Махамбетті жан−жақты таниды.Білімдерін ортаға салады.
Талдау жұмыс
Оқушыларға Махамбет шығармасын жан−жақты талдату.
I топ
«Мен едім» өлеңін құрылысына талдату.
II топ
«Мен едім» өлеңін сатылай кешенді талдау
III топ
Сөздікпен жұмыс
Оқушылар топ болып ақылдасып,бір− бірлерінің пікірлерін тыңдайды.Өлеңді құрылысына,сатылай кешенді талдайды,ішіндегі сөздердің мағынасын ашады
Шығармашылық
жұмыс
Төмендегі сөздерді пайдаланып,
тақырыпқа байланысты әңгіме құрастыру.
Исатай, Махамбет, соғыс, мақсат, жау қарасы, дайындық, қамал, жүрегін оятты, қайсар батыр.
Оқушылар өз ойларын жинақтап әңгіме құрастырады, әр оқушы жеке дәптерлеріне орындайды.
Рефлексия
Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін сұрау.
Үй жұмысы: өлеңді жатқа мәнерлеп оқу. « Мен таныған Махамбет» тақырыбына өзіндік жұмыс.
Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып,әр түрлі көріністегі
смайликтерге жапсыру арқылы білдіреді.
Үйге берілген тапсырманы күнделіктеріне түртіп алады.
«Манашы орта мектебі» ММ
Махамбет Өтемісұлы « Мен едім »
Өткізген : Алешова Салтанат
Сыныбы : 9 «А»
2014-2015 оқу жылы