7


  • Учителю
  • Тарих сабағынан сабақ жоспары тақырыбы: Қола дәуіріндегі Қазақстан

Тарих сабағынан сабақ жоспары тақырыбы: Қола дәуіріндегі Қазақстан

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ашық сабақ

Тақырыбы: Қола дәуіріндегі Қазақстан

Өткізген: Бодан А.


Ильичевка орта мектебі

2013-2014 оқу жылы

Сынып: 6
Қазақстан тарихы
Тақырыбы: Қола дәуіріндегі Қазақстан
Мақсаты: оқушыларға қол дәуіріндегі Қазақстан тарауы бойынша алған білімдерін жинақтап қорытындылау. Оқушылардың білім деңгейлерін анықтау. Оқушыларды танымдық ойындар арқылы пәнге деген қызығушылықтарын арттыру. логикалық ойлау, тарихи оқиғаларды оқып үйрену, есте сақтау қабілеттерін арттыру.
Достарын тыңдай білуге, пікірін дұрыс жеткізуге үйрету, өз елінің тарихын танып, оны құрметтей білуге тәрбиелеу.
Түрі: ұжымдық, іздену сабағы сабақ
Әдіс - тәсілдері: танымдық ойын, топпен жұмыс, сұрақ - жауап.
Көрнекілік құралдар: таратпалар, бағалау парағы, венн диаграммасы.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. ( 2 минут)
1) оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, сабаққа барысын тексеру;
2) сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын айту.
ІІ. Жаңа сабақ.
Балалар! Бүгінгі сабағымыз күнделікті сабағымызға қарағанда өзгешелеу өтеді. «Қола дәуіріндегі Қазақстан» деп аталатын тарау бойынша алған білімдерімізді пысықтаймыз, еске түсіре отырып, қола дәуірінің ерекшелігі мен ескерткіштері туралы мәліметтер аламыз. Біз сендермен ойын әлеміне аттанамыз. Ойын арқылы сендердің білімдеріңді тексеремін.
Таныстыру. Сыныпты үш топқа бөлу. Бағалау парағын тарату.
- «Андрондықтар» тобы;
- «Беғазы - Дәндібай» тобы;
- «Қола дәуірі»
1 - кезең. «Сенемін - сенбеймін».( 5 минут)
Кезең шарты: әр топқа кезекпен үш - үштен тоғыз сұрақ қойылады. Бірінші топ жауап бермесе келесі топ жауап беруге болады.
1 - топ:
- Қола дәуірінде адамзат баласы металл өңдеуді игерді ( сенемін)
- Қола мыс пен қалайының қосындысы ( сенемін)
- Қола дәуіріндегі петроглифтерде аң аулау сәттері мен сарай өмірін бейнелеген
(сенбеймін)
2 - топ:
- Қазақстан жеріндегі қола дәуірі б. з. б. 2 мыңыншы жылдық - б. з. б. 8 ғасыр аралығын қамтиды (сенемін)
- Тұрмыста тұңғыш пайдаланған металл - күміс ( сенбеймін)
- Қола дәуіріндегі ыдыс жасаудың ең бір өрістеген кезі еді (сенемін)
3 - топ:
- Өндіріске металл құралдардың енуі еңбек өнімділігін арттырды, шаруашылықтың жаңа түрлерінің пайда болуына әкелді (сенемін)
- Қола дәуірі кезінде жеке меншік қалыптасты (сенемін)
- Қола дәуіріндегі шаруашылықтың негізгі түрі - терімшілік ( сенбеймін)
2 - кезең: «Ойыңды аяқта» ( топтарға карточка беріледі) ( 5 минут)
Кезең шарты: берілген карточкаларға 5 минут ішінде жауап беруі тиіс. Карточканың жауабын топ мүшесі оқиды.
1 - топ. «Ойыңды аяқта».
Еуразия даласындағы қола дәуірінің жетістіктері........... (Андрон мәдениеті) деп аталады. Осы мәдениеттің алғашқы ескерткіштері.............. (Андроново) деген селоның маңынан табылған. Бұл село Сібірдегі........... (Ачинск) қаласының жанында орналасқан. Селоның атына қарай бұл қола мәдениет «.................» деп аттанып кетті. Андрон тектес қола мәдениеті............. ( Орал) өзенінен бастап, Енисей өзеніне дейінгі,................ (Батыс Сібір) алқабынан бастап, Памир тауларына дейінгі аралыққа тараған. Ғалымдар Солтүстік және Батыс Қазақстаннан........... (80) аса Андрон мәдениетінің қоныстарын зерттеді.
2 - топ. «Ойыңды аяқта».
Қола дәуіріне жататын.................... (Солтүстік) Қазақстандағы............... (Петровка) мен................... (Боголюбов) қоныстары орлармен және дуалдармен қоршалған. Сондай - ақ ғалымдар Орталық Қазақстан аумағынан қола дәуіріне тән...... (30) қонысты,...... ( 150) обаны зерттеді. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудағы........... (Таңбалы - тас) пен............... (Қаратау) жартастарынан табылған суреттер бұл аймақта да қола дәуірінде адамдар мекендегенін білдіреді. Сырдарияның төменгі ағысындағы, қола дәуірінің соңғы кезеңіне жататын.................. (Түгіскен) кесенесі. Өздерінің дене құрылысы жағынан андрондықтар............... (еуропеоидтерге) ұқсаған.
3 - топ. «Ойыңды аяқта».
Андрондықтардың басты кәсібі........ (мал бағу),................... (егіншілік) пен........... (балық аулау) болған.............,.............,..........,.......... (Есіл, Ертіс, Тобыл, Бұқтырма) өзендерін бойлай қоныстанған. Қоныстардың маңындағы егістікке..........,..............,............. (бидай, арпа, тары) еккен. Андрондықтар жерді тесемен өңдеген,...........,.......,......... мен.......... (сиыр, қой, ешкі, жылқы) өсірген. Сазбалшықты...... (ыдыс) жасауға пайдаланды. Ыдыстар әр алуан пішінде жасалған. Андрон тайпалары шаруашылық саласының бірін кен ісі мен............ (металл өндеу) құрады.
3 - кезең. «Сөздер сөйлейді».(3 минут)
Кезең шарты: терминдер жазылған карточкалар көрсетемін. Ойынның шарты бойынша ешкім үндемейді, қол көтеріп айтады.
- Қола дәуірі - (қола құралдардың өндіріске енген кезеңі)
- Соқа (егін егу үшін жер жыртуға арналған металл тісті негізгі жер өңдеу құралы)
- Оба (қабір үстіне топырақтан үйілген төбешік)
- Жеке меншік (жекелеген отбасылардың байлығы)
- Абыздар (рудың ежелгі салт - дәстүрі мен әдет - ғұрыптарының бұлжымай орындалуын қадағалады)
- Тотемизм (шығу тегін жануарлармен байланыстыру)
- Фетишизм (жансыз дүниеге сеніп, соның қасиетіне табыну)
- Анимизм ( жанға, рухқа сену)
4 - кезең. « Кім білгір, кім жылдам?». (7 минут)
Кезең шарты: жалпы оқушыларға сұрақтар қойылады. Кім бірінші қолын көтерсе, сол жауап беру құқығын иеленеді.
1) Нешінші мыңжылдықта тайпалар қола бұйымдар жасау ісін меңгерді? (б. з. б. 2 мыңж.)
2) Андрондықтардың сырт бет - бейнесін сипаттаған академик? (В. Алексеев)
3) Беғазы - Дәндібай мәдениетінің обалары қайда орналасқан? (Орталық Қазақстан)
4) Қола дәуірін жоспарлы зерттеу қай жылы басталды? ( 1946 жылы)
5) Қазақстан жеріндегі қола дәуірі ескерткіштерінің сырын ашқан қазақтың ғалымы (Ә. Марғұлан)
6) Андрон мәдениетінің неше ерекшелігі болды? (3)
7) Қола дәуіріне жататын түйе сүйектері табылған аймақтар? ( Орталық және Батыс Қазақстан)
8) Қола дәуірінің қоныстары көбінесе қай жерлерде орналасты? ( өзендердің жағасында)
9) Тұрғын үйлері неше түрге бөлінді және қандай - қандай? ( 2 түрге: жартылай жертөле, жер бетіне салынған үйлер)
10) Қола дәуірінің соңына қарай қолданған қола және мыс орақтар қай жерлерден табылды? (Шығыс Қазақстан Мало - Красноярка, Батыс Қазақстан Алексеев, Солтүстік Қазақстан Степняк, Жетісу)
11) Қола шалғы табылған жер? (Көкшетау жеріндегі Шағалалы)
12) Өлген адамдарды қалай жерледі? (мүрдені қабірге сол, не оң жамбасымен бір қырынан жатқызған, өлікпен бірге барлық заттарын жерлеген)
5 - кезең. «Салыстыру кестесі». (8 минут)
Кезең шарты: «Тас дәуірі», «Мыс - тас ғасыры», «Қола дәуірі» кезеңдерін салыстыру. Венн диаграммасын сызу.
6 - кезең. «Бекіту. Тест сұрақтары». (10 минут)
7 - кезең. «Қорытынды». (3 минут)
ІІІ. Үй тапсырмасын беру. І - ші жартыжылдық бойынша тестке дайындалу (1 минут)
ІV. Бағалау. (1 минут)


Ашық сабақ

Тақырыбы: Қазақ хандығының құрылуы

Өткізген: Бодан А.



Ильичевка орта мектебі

2013-2014 оқу жылы


Өткізілген күні:12.11.2013ж

Сабақтың тақырыбы: Қазақ хандығының құрылуы.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділігі: Ұзақ ғасырларға созылған этникалық процестер арқасында, қазақ жерін мекендеген қандас-туыс ру-тайпаларының өзара экономикалық,мәдени және саяси қарым-қатынастары мен тәуелсіз жеке ел болсақ деген тілектері нәтижесінде дүниеге келген тұңғыш қазақ мемлекетінің құрылу тарихы оқушылардың білімдік сапасын арттырады. Қазақ хандығының құрылу тарихымен таныстыру, қазақ жеріндегі тұңғыш дербес мемлекеттің жаулап алушылық соғыстар нәтижесінде емес, халықтың ғасырлар бойы армандаған арман-тілегі мен өзара туыстастығы нәтижесінде дүниеге келгенін түсіндіру.

2.Дамытушылығы: Оқушының логикалық ойлау қабілетін арттыру үшін сабақ барысында көрнекі құралдар пайдаланылып,пікір сайыстар ұйымдастырып отыру қажет.

3.Тәрбиелігі: Тұңғыш қазақ мемлекетінің құрылуына негіз қалаған қоғам қайраткерлерінің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу,өз елінің тарихына, адал ұлдарына деген құрмет сезімін қалыптастыру.

Көрнекі құралдар: Қазақ хандығының және Қазақстан Республикасының карталары, Жәнібек-Керей портреттері, түрлі кестелер,карточкалар.

Сабақтың түрі:Аралас сабақ (пікірсайыс,баяндама)

Сабақтың барысы.

І.Ұйымдастыру кезеңі:

а) Сәлемдесу.

б) Оқушыларды тізім бойынша тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

1.Қазақстанда қазақ хандығының құрылуы қарсаңындағы саяси жағдай қандай дәрежеде еді?

ХҮ ғасырдың орта кезінде қазақ жерінің батысында Ноғай Ордасы, Жетісу аймағында Моғол хандығы, Сыр бойы, Орталық Қазақстанда Әбілқайыр хандығы өмір сүрген.Олар жер және билік үшін бір-бірімен соғысып жатты.Оған қосымша Әмір Темірдің ұрпақтарыда қазақ жеріне шабуылдар жасап жағдай мүлде нашарлады.1428 жылы Барақ ханның белгісіз жағдайда қаза табуы Ақ Орданың саяси жағдайын мүлде әлсіретеді.Қазақ жеріндегі саяси бытыраңқылық әсіресе Әбілқайырдың билігі тұсында өзінің шарықтау шегіне жетеді.Тарихи деректерге қарағанда Әбілқайыр хан Ақ Орда билігін өз қолыга алу үшін 20 жылға жуық күрес жүргізген.Ал Ақ Орданың мұрагерлері Ұрыс хан мен Барақ ханның ұрпақтары Жәнібек пен Керей сұлтандар Әбілқайырдың билігін мойындамады.Сұлтандардың алдарына қойған басты мақсаты өздерінің жеке ұлттық мемлекетін құру еді.Міне,Қазақ хандығының құрылу қарсаңындағы елдегі саяси жағдай осындай бытыраңқы, аумалы-төкпелі болды.

2.Біртұтас қазақ мемлекетінің құрылу қарсаңындағы этникалық жағдай қандай болды?

Біртұтас ұлттық мемлекеттің құрылуының басты бір белгісі оның халқының этникалық құрамы бірыңғай болуы тиіс.Қазақ жеріндегі ру-тайпалардың тілі,ділі,діні,әдет ғұрпы,салт-саналары жағынан ұқсас келуі қажет.Хандықтар арасындағы талас тартысқа ру-тайпалар қарсы болып,елде наразылық туа бастайды.Олар өзара бірігіп,ел болуды көздеген жағдайлар жиі-жиі көрініс табады.Оны Әбілқайыр хандығындағы саяси бытыраңқылыққа қарсы болған ру-тайпалардың Жәнібек пен Керей сұлтандарға бірігіп, Жетісу аумағына ауып кеткен жағдайдане анық байқауға болады.Қазақстандағы ру-тайпалардың негізгі этникалық құрамы (қыпшақ, арғын, найман, керей, алшын, қоңырат, үйсін, дулат, жалайыр, албан, суан т.б.) басты үш аймаққа шоғырланды.Олар Шығыс Дешті Қыпшақ пен Жетісу аймағы, Оңтүстік Қазақстанның Түркістан аумағында орналасты.Көрсетілген ру-тайпаларды ХҮ ғ. өмір сүрген Фазлаллах Ибн Рузбихан қазақтар,олар дүние жүзіндегі ең күшті, саны көп халық деп атаған.Аталған аймақтағы негізгі үш этникалық топ қазақ халқын құрады.

3.Қазақ ұлттық мемлекеті құрылуының алғышарттары жөнінде әңгімеле.

Әбілқайыр хандығы мен Моғолстан хандығының күш-қуаты әлсіреп, күйреу дәрежесіне жетті.Рулар мен тайпалар көсемдерінің арасындағы өзара талас тартыстар тоқтамады.Қазақ тайпалары мен руларын мемлекет етіп біріктіру міндеті алға тартылды.

Керей мен Жәнібек сұлтандар Батыс Жетісу жері Қозыбасыда Қазақ хандығының ұлттық туын тігіп, 1465-1466 жылдары Қазақ хандығын құрды.Бұл жағдайлар Қазақ мемлекетін (хандығын) құрудың негізіг себептері мен алғышарттары еді.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Сабақтың жоспары:

а) Керей мен Жәнібек сұлтандырдың Қазақ хандығын құру жолындағы күресі.

б) Қазақ хандығының аумағы мен халқы.

в) Қазақ хандығының ішкі-сыртқы жағдайы.

Отан тарихын игеру барысында оқушының тарихи танымын арттырып,отаншылдыққа,адамгершілікке тәрбиелеуде жаңа тақырыптың маңызы зор.

1.Қазақ хандығының шаңырақ көтерудің негізін қалаушылар кімдер?

Осы жайында әңгімеле.

1-оқушы. Қазақ халқының саяси бытыраңқылығын жойып, мемлекет етіп құру Ақ Орданың билеушісі Ұрыс ханның ұрпақтары Керей мен Жәнібек сұлтандардың үлесіне тиді.Қазақ хандығының дербес мемлекет болып қалыптасуына түрткі болған алғышарттардың бірі елдегі бей-берекетсіздік еді.ХҮ ғасырдың орта шенінде Әбілқайыр хандығында тоқтаусыз өршіп отырған қантөгіс соғыстар мен ішкі феодалдық қырқысулардың үдей түсуі болды.ХҮ ғасырдың басында Әбілқайыр ханның ойраттардан жеңілуі оның ел ішіндегі беделін түсірді. Керей мен Жәнібек сұлтандар бұл тарихи жағдайды дер кезінде,өз мақсаттарына шебер пайдаланды.Сөйтіп Әбілқайыр ханның үстемдігіне қарсы күрескен қазақ тайпалардың көсеміне айналды.Қазақ тайпаларын бастап, Қазақ хандығының болашақ негізін салуға Батыс Жетісуға көш батсады. Сұлтандардың Жетісуға қарай ойысудағы басты мақсаты - Орталықжәне Оңтүстік Қазақстанның қазақтарын Ұлы жүз тайпаларымен біріктіру еді.Керей мен Жәнібек сұлтандар қазақтардың саяси тұрғыдан бірігуіне,Қазақ хандығының құрылуына негіз қалады.

Моғолстан ханы Есен-Бұға Керей,Жәнібек сұлтандарды құшақ жайа қарсы алады.Сұлтандарға Моғолстанның батыс аймағы - Шу бойынан қоныс бөліп береді. Керей мен Жәнібек сұлтандар Есен-Бұға берген Батыс Жетісуды құтты мекен ете отырып,Қозыбасыға Қазақ хандығының ұлттық туын тігіп,1465-1466 жылдары Қазақ хандығын құрды.

2. Алғашқы Қазақ хандығының алып жатқан аумағы жөнінде не айтасыңдар?

2-оқушы. Хандықтың алғашқы құрылған кездегі алып жатқан жері М.Х.Дулатидің хабары бойынша Қозыбасы мен Шу аймағы еді.Бұл аумақ Жетісудың батысы,Қозыбасы тауы,атақты Үшқоңыр жайлауы қырғыз жерімен шектесетін.ХҮ ғ. аяғында қазақ хандығының жері солтүстігінде Балқаш көлінің Қаратал өзенінің құйылысына және өзеннің шығыстағы жағалауына дейін кеңейген.Әбілқайыр ханығынан, Моғолстан хандығынан, Ноғай Ордасынан және Сібір хндығынан Қазақ хандығының құрамына ағылып келіп қосылушы қазақ тайпаларының саны ешқашан тоқтаған жоқ.Бұл жағдай Қазақ хандығының нығаюына және хандықтың жер көлемінің кеңейіп ұлғаюына ықпал етті.

3.Хандық халқының этникалық құрамы қандай ру-тайпалардан тұрды.

3-оқушы. ХІҮ-ХҮ ғ.ғ. Қазақстан жерін мекендейтін қазақ тайпалары Ертістен Жайыққа,Алтайдан Каспий мен Аралға,Қараталдан Сырдарияға,Тянь-Шаньнан Қаратауға дейінгі кең байтақ,жазық даланы қоныстанған еді.Қазақ даласының негізгі тұрғындары үйсін,қаңлы,қоңырат,қыпшақ,найман,керей,маңғыт т.б. көптеген тайпалар болды.Бұл тайпалар түркі дәуірінен кейін қазақ жеріндегі түркі тілдес тайпалармен бірігіп тілі,ділі,наным-сенімі жағынан бір-бірімен араласып кетті.Олар қазақ халқының біртұтас мемлекет болып құрылуына,оның ұлттық этникалық құрамына үлкен үлес қосты.Бұл тайпалар экономикалық әлеуметтік - мәдени жағынан бір-біріне толық сай келген этникалық топтар еді.

4.Алғашқы Қазақ хандығының көрші жатиқан елдермен қарым-қатынасы туралы не білесіңдер?

4-оқушы. Қазақ хандығының алғашқы қарым-қатынас жасаған елі Моғолстан ханы Есен-бұға Керей және Жәнібек сұлтандарды не себептен құшақ жайа қарсы алды?ХҮғ. басында Есен-бұға хан Жетісу мен Моғолстанның басқада аудандарын мазалай бастағңан ойраттардың шабуылына тойтарыс беру үшін қазақтардың күшін пайдаланбақ болды.

Жәнібек пен Керей хандар қырғыз халқымен де өзара тату қарым-қатынас орнатты.Тарихи аңыздарда қырғыздар өздеріне хан болу үшін Жәнібек ханның бір баласын сұрағаны айтылады.Бұл жағдай қырғыздар мен Моғол хандығының арасында қарама-қайшылықтың туындағанын,қырғыздардың Қазақ хандығымен жақсы қарым-қатынас жасаауға бет бұрғандығын байқатады.Қырғыздар мен қазақ ханы Тақырдың кезінде достық қарым-қатынас нығайды.

Міне,жаңа құрылған Қазақ хандығының алғашқы кезіндегі өзімен көрші жатқан басқа елдермен қарым-қатынастарының дамуы осындай дәрежеде еді. 5.Жаңа құрылған хандықты басқару ісі қалай ұйымдастырылды?Елді кім басқарды?

5-оқушы.Жаңадан құрылған ҚАзақ хандығының тағына Шыңғысқанның ұрпағы болғандықтан,Керей,Жәнібек сұлтандардың екеуінің де отыруға құқылы болды.Бірақ сол кездегі орныққан тәртіп бойынша,хан тағына отырғызарда мұрагерлікпен қатар,жасының үлкендігі де ескерілген.Сондықтан хан тағына Керей отырып,билік тізгінін қолға алады.Ақылдасар тірегі Жәнібек болды. Жәнібек хан - Барақ ханның бел бласы, Керей хан болса Барақ ханның ағасы Болат сұлтанның баласы,яғни екеуі немере еді. Керей хан мен Жәнібек ханның Шудағы Қозыбасыға Орда тігуі ең алдымен, көшпелі қазақтардың ел болып, еңсе көтерсек деген ынта үмітін жүзеге асырды. Керей хан хандықтың басқару ісін Жәнібекпен келісе отырып, ойдағыдай жүргізген.

6.Алғашқы кездегі Қазақ хандығының ішкі жағдайы қандай болды?

6-оқушы. ХҮ ғ. екінші жартысында Қазақ хандығы қоныс теуіп, Орда тіккен Жетісу жеріне 200 мың жан саны бар көшпелі тайпалардың жиналуы кең өріс-қонысты керек етті. Жаңадан шаңырақ көтерген Қазақ хандығы өз алдына мынандай тарихи міндеттер қойды:

1)Көшпелі шаруалардың жайылымдарды пайдаланудағы Дешті Қыпшақ даласында бұрыннан қалыптасқан тәртібін қалпына келтіру;

2)Шығыс және батыс арасындағы сауда керуен жолы үстіне орналасқан Сырдария бойындағы Сығанақ, Созақ, Отырар, Йасы т.б. қалаларды Қазақ хандығына қарату;

3)Қазақ тайпаларының басын қосып, Қазақтың этникалық аумағын біріктіру.

7.ХҮ ғ. соңғы кезінде Қазақ хандығы сыртқы саясатта қандай бағыт ұстанды?

7-оқушы.ХҮ ғ. аяғында - ХҮІ ғ. басында Орта Азия мен Қазақстан жеріндегі саясим өмірде айтарлықтай тарихи оқиғалар болды. Моғолстан хандығы іс жүзінде бірнеше иеліктерге ыдырай түсті. Шығыс Дешті Қыпшақта Әбілқайыр билігі жойылды. Қазақстан жеріндегі бір кезде әлемді дүр сілкіндірген Алтын Орда хандығы ыдырап, жаңа мемлекеттер - Сібір хандығы, Қазақ хандығы, Астрахань хандықтары тарих сахнасынан орын алды.ХҮ ғ. 70-жылдарында қазақ хандары Сырдария бойымен оған жалғас жатқан Қаратау өңірін басып алды. Нәтижесінде Қазақ хандығының жер көлемі әлде қайда ұлғайды, оған тұс-тұстан қазақ тайпалары келіп, қосылып жатты. Сыр бойындағы қалалар Сығанақ, Сауран, Созақ Қазақ хандығының күш-қуатын, саяси беделін нығайтып, әлемге танытты. Сондықтан қазақ хандары бұл қасиетті-қадірлі жерді басып алуға ұмтылғандарға жол бермеді.

8. Қазақ хандығының құрылуының тарихи маңызын қалай түсінесіңдер?

8-оқушы. Қазақ халқының тарихында Қазақ ұлттық мемлекеті құрылуының орасан зор маңызы болды.Біріншіден, әр хандықтың билігінде ел болуды аңсап жүрген ру-тайпалардың қазақ ұлты болып қалыптасуы аяқталы. Қазақтың этникалық аумағын біріктіруде, қазақтың ерте заманнан басталған өз алдына жеке тәуелсіз ел болып қалыптасуын біржолата аяқтауды аса маңызды және түбегейлі шешуші рөл атқарды.Екіншіден, осы қалыптасқан ұлтты басқару, оны сырт жаудан қорғау үшін Қазақ мемлекетінің біртұтас ұлттық саяси-әкімшілік жүйесі құрылды.Үшіншіден, бұл құрылған мемлекет өзінің шаңырақ көтерген жерінде отырып қалмай, бүгінгі таңдағы шекарамызға дейін жер аумағымызды кеңейтті. Төртіншіден, өзін қоршап жатқан үлкенді-кішілі мемлекеттермен терезесі тең дәрежеде қарым-қатынас орнатты. Бесіншіден, әлеуметтік экономиалық және мәдени жағынан өзіндік салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы, ділі, діні бар ел санатында даму жолына түскен азат,еркін елге айналды.

ІҮ. Бекіту сұрақтары.

а) Қазақ хандығы қандай саяси жағдайлар нәтижесінде дүниеге келді?

ә) Тұңғыш Қазақ хандығын құрған қай сұлтандар еді?

б) ХҮ ғ. Орта Азия жерлерінде қандай саяси жағдайлар қалыптасты?

в) Керей мен Жәнібек қай хандықтан бөлініп, қай мемлекеттің жеріне қоныс аударды?

г) Қазақ хандығы қай жерде құрылды?

Жаңа тақырыпты түсіндіру кезеңінде мұғалім пікір алысу тәсілін қолданып, оқушылардың шығармашылық бағытта жұмыс істеуде жағдай жасайды.Жәнібек пен Керей ханның жүргізген саясатына баға беру үшін «Жәнібек» сөзжұмбағын қолданамыз.

Сұрақтары: 1. Қазақ хандығына енген рулардың бірі. (Жалайыр). 2. Шайбани әулетінен шыққан хан (Әбілқайыр). 3. ХІІІ-ХҮ ғ. ауызша поэзия өкілі (Асан қайғы). 4. Қазақстандағы жер атауы (Жетісу). 5. Қазақ хандарымен 30жыл соғсықан Орта Азиялық билеуші (Шайбани). 6. Жәнібекпен бірге Қазақ хандығының шаңырағын көтерген сұлтан (Керей). 7. Қазақтың қаласы (Түркістан).

Тест алу. Оқушылардың Қазақ хандығының құрылуы тақырыбын қалай меңгергенін тексеру.

Ү. Қорытындылау.

Алғаш қазақ тайпаларының басын қосып, мемлекет құрған ұлы сұлтандар Жәнеібек пен Керейдің тарихи қызметіне бүгінгі күн тұрғысынан баға бере келіп, қазіргі кезде Қазақстан Республикасында жалғасын тауып отырған тәуелсіз идеясы мен оын жеңісті жолдары дәлел бола алады.Қазақ хандығының қалыптасу, даму, нығаю кезеңдерін өзара сабақтастықта қарастыра отырып, қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасының ішкі сыртқы саясатымен, парламентаризм жүйесімен ұштастырса, тәрбиелік және дамытушылық мақсаттардың жүзеге асары сөзсіз.

ҮІ. Оқушыларды бағалау.

ҮІІ. Үйге тапсырма беру. 35-36 параграфты оқып келу



Ұлы Жібек жолы слайд,презентация

Мақсаты: Оқушыларға Ұлы Жібек жолы тарихымен таныстыру
Ұлы Жібек жолының маңызын, халықтар бірлігі мен мәдениеттің өзара алмасуына әсерін сезіндіру арқылы дүниетанымын кеңейту
Түрі: саяхат сабақ
Құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: дербес компьютер-1, бейнепроектор-1, АctivBoard, ActivPen, Power Point бағдарламасындағы слайд, дәмдеуіштер, карта, үлестірмелі қағаздар, жануарлардың суреттері, қайшы.
Ойынның шарты:
Әр топ белгілі бір түстермен берілген әріптермен «ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ» деген сөз құрастырылады. Әрбір тапсырманы орындаған соң жеңіске жеткен топ өз әріптерін Еуразия картасына орналастыру қажет. Саяхат соңында «ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ» деген атау шығады және қай түстегі әріптер картада көбірек болса, сол топ жеңіске жеткен болып саналады.
Ұ - Дала жануарларын әңгіме желісі бойынша орналастыру
Л - Жол, сауда, базар, ақша жөнінде мақал-мәтел
Ы - қала (Испиджаб)
Ж - Тауарларын өткізу
І - қала (Тараз)
Б - Дәмдеуіштерді анықтау
Е - қала (Отырар)
К - ұлттық киім үлгісін көрсету
Ж - қала (Баласағұн)
О- Ою-өрнек ойып, мәнін түсіндіру
Л - қала (Яссы, Түркістан)
Ы - Ұлттық ойын ережесін таныстыру
Жаздың аптапты ыстық күндері сырттай қарағанда даладан ешбір тіршілік нышанын байқай алмайсың. Анда - санда бұта түбінен пыр етіп ұшқан бозторғай мен аспада қалықтаған бүркіттен басқа ештеңе көзге түсе қоймайды. Сонымен қатар даланың нағыз сәні - дуадақ.
Шөл даланы мекендейтін тасбақа, кесіртке, тышқан, саршұнақ, қоян сияқты жануарлар азықтың құрамындағы ылғалмен сусындайды. Құлан, бөкен, сияқты желдей жүйрік жүретін жануарлар суды жер-жерді шарлап, іздеп, тауып ішеді.
Иен даладан түлкі, қарсақ, қасқыр сияқты жыртқыштарды да кезіктіруге болады.
Бір көпестің сауда сапарын ортағасырлық Шығыс ақыны Фирдауси былай деп суреттейді:
Таңдаулы мыңға жуық түйе тізген,
Жүк артқан келе жатыр бай керуен.
Жүз жирен түйесіне дирхем артқан,
Тағы да қырық түйе динар артқан.
Мускус пен таңдаулы алой теңдері бар,
Қызықтырып сәндікпен жібектер сал.
Осыларды Шын мен Мысыр, Иран сатып,
Керуенге ерген отыз түйе алған артып.
Ия, керуен жолдары, базар алаңдарындағы сауда мен ақша айналысы бізге тек ақындар мен жазушылардың шығармалары арқылы ғана емес, өмірден түйген ойлары халық даналығы - мақал-мәтелдер түрінде де жеткен.
Әлем айнасы - Шығыс базарларында түрлі халықтардың өкілдері бір-бірімен түсінісу үшін тілмаштарың көмегіне жүгінген. "Жеті жұрттың тілінбіл, жеті түрлі білім біл" деген мақал осы кезеңнен туындаған болса керек.

Олай болса, жол, базар, сауда, ақша жайлы мақал-мәтелдерді қаншалықты білетіндігімізді сынап көрелік.
Бз-дың І-ХІХғ аралығында өмір сүрген бұл қала тарихи-археологиялық нысанның бірі ретіде "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасына енді.
Ірі қалалық орталық болған бұл қала алғаш 629 жылы Сюань Цзянның сапарнамасында "Ақ өзен бойындағы қала" ретінде аталады.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал