7


  • Учителю
  • Мұстафа Шоқай және ашылмаған деректер

Мұстафа Шоқай және ашылмаған деректер

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Абстракт


Ғылыми жұмыстың мазмұны: Ғылыми жұмыста Мұстафа Шоқайдың ұлағатты өмір жолы, Шоқай туралы ашылмаған деректер, түркі халықтары үшін атқарған еңбектері жайлы баяндалады. Жалпы алғанда, ғылыми жұмыс тек нақты фактілерді беріп қана қоймай, жаңашылдық ретінде әркездегі түрлі ғалымдардың зерттеулеріне сүйене отырып, Мұстафа Шоқайдың өмір деректеріндегі ашылмаған тағылымы мол ерліктерін ашып көресту.

Ғылыми жұмыстың өзектілігі: Көпке дейін бірпартия жүйесінен шыға алмай келген, шыңдығын айтқанда біржақты өгей идеологиямен кеңес одағының халқын тәрбиелеп келген КСРО-ның құлауы тарихта үлкен бетбұрыс болып, оның құрамындағы он бес одақтас Республикалар тәуелсіздікке ұмтылды. Солардың қатарында Қазақстан Республикасы да бар еді.

Бүгінгі таңдағы енді зерттеушілердің алға қойған міндеті деректерді сыни тұрғыдан талдап, халыққа шыңдықтың бетін ашу. Бұл тұрғыда Мұстафа Шоқайға қатысты көптеген мәселелер, әсіресе біздің зерттеуіміздің нысанасына айналған - Мұстафа Шоқайдың ашылмаған деректерін талдаудан өтіп, баспасөз беттерінде жариялануда. Сондықтан осы тақырыптың өзектілігі әлі сан ғасырлар бойы қазақ халқы үшін жоғалмақ емес. Осы заманның тарихына әлі де талай жаңалықтар қосу - болашақтың ісі.

Ғылыми жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Біздің зерттеуіміздің мақсаты соңғы кездері кеңінен зерттеліп жатқан Шоқайдың ұлағаты еңбектерін ашып, қат-қабат мәселерін қазіргі зерттеп жатқан ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, жан-жақты саралап, сол заманға сай обьективті бағасын беру. Осы мақсатты шешу барысында мынадай міндеттер қойылады:

- Мұстапа Шоқай кім еді? Деген сұрақты талқылау және зерделеу;

- 1891 -1941 жылдары өмір сүрген алаш зиалысының қазақ тарихында алатын рөлі жөнінде жалпы ақпарат беру;

-Жаңашылдық көзқарас ретінде қазіргі заман тарихшы - авторлардың еңбектеріне сүйене отырып, Мұстапа Шоқайдын белгісіз жағдайда дүниеден өтуі жайлы ой қозғау;

Ғылыми жұмыстың зерттелу обьектісі:Мұстафа Шоқай тағлымы және ашылмаған деректері

Ғылыми жұмыстың зерттеу методикасы:

Зерттеу объективтік, тарихилық, жүйелік, салыстырмашылық және талдау мен жинақтау, даму сияқты ғылыми таным принциптеріне негізделеді.

Ғылыми жұмыстың зерттелу деңгейі: Тарих қашанда жаңалықтарын болашағынан күттіретін ғылым. Әйтсе де, бүгінгі күнде халық назарына беріліп отырған фактілер мен тарихи ескерткіштер, сондай - ақ әдебиеттерге сүйене отырып, өз заманымызда өткенге тұжырымдар жасаймыз. Мұстафа Шоқай бейнесін ұлағатты жолын ашып көрсетіп, толық зерттеп білу бір ғылыми жұмыстың еншісіне тимейді. Сондықтан, тек бүгінгі күнгі қолданыстағы фактілер мен тарихшылардың зерттеулеріне сүйене отырып тақырыпты ашуға тырыстық.

Кіріспе

Алаш алыптары шоғырына жататын арыс­тарымыздың әрқайсысының тарихтағы орны айрықша. Әйтсе де, Мұстафа Шоқайдың өзге қайраткерлерден, замандастарынан ерекшелігі неде дейтін болсақ, ең әуелі, Мұстафа Шоқай - Түркістанның тұтастығына толық сенген, сол жолда басын бәйгеге байлаған қабырғалы да сан қырлы қайраткер. Екіншіден, Алаш арысы - көреген көсем. Көптеген қайраткерлер большевиктермен ымы­раға келуге болады деп шешкенде, Шоқай жаңа биліктің алдамшы уәделеріне сенбеген. Тіпті Ташкентте билікті қолға алған большевиктер Шоқайдың Түркістан Халық комиссарлары кеңесінің (Үкімет) төрағасы болуын сұраған. Алайда, олардың түпкі пиғылын ерте аңғарған Шоқай бұл ұсыныстан бас тартқан. Кейінірек Тбилисиде, Ыстамбұл мен Еуропада жүргенде де большевиктерден арнайы шақыр­ту алғанына қарамастан, олармен ымыраға келмеген.
Шоқайдың тағы бір қыры, ол - қазақтың, тіпті Түркістанның тарихында саяси эмиграция­ны алғаш бастаған тұлға. Оған дейін біздің тарихымызда шет елдерге шыққан адамдар бол­ғанымен, саналы түрде, күрес жүргізу үшін эмиграцияға кеткен.
М.Шоқай қызметін жөнімен әділ бағалау тұрғысында, бұл тақырыпқа сонау кеңес зама­ны­ның өзінде-ақ алғаш түрен салған жазушы Әнуар Әлімжанов еді. Тәуелсіз заманда тарих ғылымдарының докторлары Мәмбет Қойгелді, Көшім Есмағамбетов, Дархан Қыдырәлі, Гүл­жауһар Көкебаева, академик Досмұхамед және Тимур Кішібековтер, жазушы-тарихшы Бейбіт Қойшыбаев, зерттеуші мұрағатшы Ғазиза Исахан, жазушылар Әкім Тарази, Оразбек Сәр­сенбай, ақын Қасымхан Бегманов, Байбота Серікбайұлы Қошым-Ноғай, журналистер Жа­рыл­­­­қап Қалыбай, Әбдімүтәл Әлібеков және бас­­қалары Мұстафа Шоқай қызметінің әр қырынан келіп қалам тартты. Бұл орайдағы жұмыстарды тұжырымдай келе тарихшы Талас Омарбеков: ғылыми жұмыстар өзімізде де, шетелде де қорғалды. Бір адамның өмірін зерт­теу­ге қатысты біраз жұмыс жасалды. Орта Азия мұсылмандарын отаршылдықтан босатып, тәуелсіз ел - Түркістан Республикасын орнатуға бел байлады. Яғни, мұстафатану саласы ғылыми тұрғыдан алғанда бір жүйеленді.
Ең күрделі мәселе - «Мұстафа Шоқай гитлершілермен ауыз жаласқан, азиялық тұт­қындарды кеңес өкіметіне қарсы соғысуға үгіттеп, олардан «Түркістан легионы» деген жасақ құруға қатысқан, Отанын сатқан опасыз, дұшпан» деп кеңес өкіметі таққан айып. Бұл айып шындықты бұрмалау екендігі қазір дәлелденіп отыр. Жазушы, қоғам қайраткері Ә. Әлімжанов «Мұстафа Шоқай. Ол кім?!» деген мақаласында «Мұстафа Шоқайұлы ешкімнің ақтауына мұқтаж емес. Ол өзін-өзі шығар­маларымен, ерлігімен ақтап отыр. Оны тарих пен уақыт ақтады. Түркі тілінде сөйлейтін халықтар оның өзіне лайық бағасын беруде» деп жазған екен. Әнуардай көрнекті қайрат­кердің бұл тұжырымының дұрыстығын өмірдің өзі көрсетті. Енді Мұстафа атамыздың өмір жолын, қызметін талдайық.

Ғылыми жұмысының құрылымы: зерттеу жұмысы абстрактан кіріспеден, екі бөлім, бес тармақшадан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.


ІІ. Негізгі бөлім

  1. Алаш зиялысы Мұстафа Шоқайдың өмір деректері

Мұстафа Шоқай (1890-1941) - Алаш қозғалысының қайраткері, Түркістан өлкесі халықтарының азаттық күресі жетекшілерінің бірі, публицист. Қызылорда облысының Шиелі ауданы Сұлутөбе ауылында Сыр өңірі қазақтары арасындағы беделді кісі ? Шоқайдың отбасында дүниеге келген. Шоқайдың әкесі Торғай Сыр қазақтары Ресей патшалығының қоластына кірмей тұрғанда Хиуа ханының уәлиі, ал нағашылары Хиуа хандығын орыстардан қорғауда ерекше көзге түскен әйгілі әскербасылар болған. Мұстафа Шоқай жазу-сызуды өз анасынан жасы беске толмай жатып үйренген.Сұлутөбе станциясындағы орыс мектебінде бастауыш білім алған ол 1902 жылы Ташкенттегі гимназияға түсіп, 1910 жылы үздік бітіріп шығады. Болашақ қайраткер 1910 жылы Санкт-Петербор университетінің заң факультетіне оқуға түсіп, оны 1917 жылы бітіреді. Студент шағынан қоғамдық-саяси өмірге белсене араласып, түркі-мұсылман студент жастарының қозғалысына қатысады. Балқан соғысына байланысты 1912 жылы Санкт-Петербордағы қазақ, татар, өзбек, башқұрт және әзірбайжан студент-жастары арасында Түркияны қолдау қозғалысы өріс алған кезде оның арасында Мұстафа Шоқай да болады. Ол 1915 жылы түркі-мұсылман халықтарының азаттық қозғалысына іріткі салу мақсатында орталық билік орындары құрған «Сират-ул-мустақим» («Тура жол») партиясына алғаш қарсылық танытқандар қатарында болып, студент жастар тобымен бірлесе отырып, зиялы қауым өкілдеріне «Сират-ул-мустақим» партиясын қолдамау жөнінде үндеу тастады. Бұл үндеу сол кезде татар тілінде жарық көріп тұрған «Сөз» газетінде жарияланды. 1916 жылы Ә.Бөкейхановтың ұсынысымен Мемлекеттік думадағы Мұсылман фракциясы жанындағы бюроға мүше болып, онда хатшылық қызмет атқарды. Түркістандағы көтерілістің себеп-салдарын тексеруге Мемлекеттік дума Ташкентке арнайы комиссия аттандырғанда, оның құрамында депутаттар А.Керенский, Тевкелевтермен бірге Мұсылман фракциясы жанындағы бюро мүшелері Ш.Мұхамедияров пен Мұстафа Шоқай болды. Жергілікті халықтың жағдайымен терең танысу мақсатында Мұстафа Шоқай Ташкентпен ғана шектелмей, Самарқанд пен Әндіжанда болып, жергілікті жағдаймен танысты. Петроградқа оралғаннан кейін өзі жинаған материалдар негізінде 1916 жылғы көтеріліс кезінде билік орындарының Түркістан халқын аяусыз қуғын-сүргінге ұшыратқаны туралы Мемлекеттік думада Мұсылман фракциясы атынан жасалатын мәлімдеме мәтінін әзірледі. 1917 жылы Ақпан революциясы нәтижесінде патша өкіметінің құлауын зор қуанышпен қарсы алып, қалыптасқан саяси ахуал Ресей империясында ұлттық езгінің тауқыметін тартқан түркі-мұсылман халықтарының бостандыққа жетуіне мүмкіндіктер туғызады деп үміттенді. 1917 жылы сәуірдің 16-21-і аралығында Ташкентте өткен Түркістан өлкесі мұсылмандарының 1-ші съезіне қатысып, оның төралқасына мүше болып сайланды. «Бірлік туы» газетінің негізін қалап, оның алғашқы редакторы болды. Түркістан өлкесі жергілікті халқының мүддесін қорғауды мақсат еткен қоғамдық-саяси ұйымдардың қызметін үйлестіру үшін құрылған «Түркістан өлкесі мұсылмандарының орталық кеңесіне» төрағалық етті. Бірінші жалпықазақ съезіне қатысып, Бүкілресейлік құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылды. 1917 жылы Қазан төңкерісінен кейін Ташкенттегі жұмысшы-солдат депутаттар кеңесі жергілікті халықтың өзін-өзі басқару құқығын мойындаудан бас тартып, қарашаның 15-22-інде өткен кеңестердің 3-ші съезі қабылдаған «өлкедегі барлық билік еуропалық нәсіл өкілдерінен кұралған Түркістан Халық комиссарлар кеңесіне көшеді» деген қаулысын Мұстафа Шоқай нағыз әділетсіздік деп бағалады. Ұлттық қоғамдық-саяси ұйымдарды кеңестердің қырына алуына байланысты Мұстафа Шоқай жетекшілік еткен «Түркістан өлкесі мұсылмандарының орталық кеңесі» Ташкенттен Қоқанға көшіп, онда өлке мұсылмандарының төтенше съезін тез арада өткізу ісін қолға алды. 1917 жылы қарашаның 28-інде өткен Түркістан өлкесі мұсылмандарының төтенше 4-ші съезінің төралқасына басшылық етті. Осы съезд шешімімен құрылған Түркістан (Қоқан) автономиясының 54 адамнан тұратын Уақытша Халық Кеңесі құрамына сайланды және жаңа Уақытша үкіметтің Сыртқы істер министрі болды. Уақытша үкіметінің төрағасы М.Тынышбаев қызметінен кеткеннен кейін оның орнына Мұстафа Шоқай сайланды. Ол сондай-ақ 1917 жылы желтоқсанда Екінші жалпықазақ съезіне қатысып, Алашорда құрамына сайланды. Съезд аяқталғаннан кейін Мұстафа Шоқай біртұтас автономия құру мәселесін қарау үшін Сырдария қазақтарының құрылтайын шақыру туралы тиісті қайраткерлерге жеделхат жолдады. Онда: «Сырдария халқына өз тарапымнан айтарым, тегінде Алаш баласының басы қосылатын кезі осы бүгін. Айрылсақ, мұнан соң жұрттың басын қосуымыз қиын. Алаш ұранына шаппайтын қазақ баласы болмас. Сырдария қазағы кешікпей Алаш туының астына жиналар деген үміттеміз делінген еді. Мұстафа Шоқайдың Сырдария өңірі қазақтарын Алаш автономиясына қосу жолындағы әрекеті нәтижесіз болған жоқ. 1918 жылдың бас кезінде өткен Сырдария облысы қазақтарының съезі «Алашорда өз алдына автономия жариялап, Түркістан (Қоқан) автономиясымен одақ болса, Сырдария қазақтары Түркістан автономиясынан шығып, Алаш автономиясына кіреді» деген қаулы қабылдады. Қоқан қаласын большевиктер жаулап алып, Түркістан (Қоқан) автономиясын құлатуына байланысты Мұстафа Шоқай шет елге эмиграцияға кетуге мәжбүр болды. 1918 жылы мамырда зайыбы Мария Горина ? Шоқаймен бірге Ақтөбеге, одан Екатеринбургке жетті. Онда кеңестік билікке қарсы оппозиция күштермен байланыс орнатып, большевиктер үстемдігіне қарсы күрес жүргізудің жолдарын қарастырды. Бүкілресейлік Құрылтай жиналысының Самарадағы комитеті мәжілістеріне қатысты. Осы комитеттің ұйымдастыруымен 1918 жылы қыркүйекте Челябинскіде шақырылған съезге қатыспақ болып барғанында өзге делегаттармен бірге Колчак әскерлері тарапынан тұтқынға алынды. Сәті түсіп, тұтқыннан босап шыққан соң 1919 жылы көктемде Маңғыстау арқылы Бакуге, одан Тбилисиге келді. Мұстафа Шоқай онда 1921 жылғы ақпанның 25-іне дейін болып, осетиндік белгілі қайраткер А.Цалыковтың редакторлығымен шығатын «Вольный горец» және Грузия меньшевиктерінің «Борьба» газеттерінде істеді. 1920 жылы Тбилисиде украиндықтармен бірлесе отырып «На рубеже» журналын шығаруды жолға қойып, оның редакторы қызметін атқарды. Сонымен бірге ол «Шафақ» («Таңсәрі») газетіне бас редактор болды. Тбилиси қаласы Кеңес өкіметінің қолына өткен соң Мұстафа Шоқай зайыбымен бірге Түркияда біраз аялдап, соңынан Францияға ауысты. Шетелдік эмиграция жылдарында көптеген қиыншылықтарды жеңе отырып, ол кең ауқымды, терең мазмұнды саяси күрес жүргізді. А.Керенскийдің «Дни» және П.Милюковтың «Последние новости» газеттерінде қызмет етті. 1927 жылдан Зәки Уәлиди Тоғанның редакторлығымен Парижде шығып тұрған «Иени Түркістан» журналына атсалысып, «Туркестан милли бирлиги» («Түркістан ұлттық бірлігі») ұйымына жетекшілік етті. Эмиграцияда жүрген түркі-мұсылман халықтарының Ә.Топчибашев және Г.Исхаки секілді өкілдерімен жиі араласып, пікірлес болды. Оларды Ресейдегі түркі-мұсылман халықтарын азаттыққа жеткізуде күш біріктіре әрекет етуге үндеді. 1929 жылдан «Яш Туркестан» («Жас Түркістан») журналын шығаруды қолға алды. Бұл журналдың алдына қойған міндетін Мұстафа Шоқай: «Егер біз халқымыздың ұлттық тәуелсіздік жолындағы талаптарының мән-мағынасын сол күйінде әлсіретпей «Яш Туркестан» беттерінде бере алсақ, онда бәріміз үшін қасиетті және аса ауыр жауапкершілік артқан міндеттердің бір бөлігін өтеген болар едік», деп сипаттады. Ол «Яш Туркестанда» Түркістан халқының мәдениеті, кеңестік биліктің бұл өлкедегі саясаты және 2-ші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы халықаралық қатынастар, т.б. тақырыптағы қоғамдық-саяси мәні өткір зерттеу мақалаларын жариялады. Оның атсалысуымен жарық көрген басылымдарда тек Түркістан өлкесі ғана емес, Әзірбайжан, Солтүстік Кавказ, Еділ-Жайық бойы, Қырым халықтары жөнінде қоғамдық-саяси мәні бар материалдар басылып тұрды. Мұстафа Шоқай Орталық Азия кеңістігінде ұлттық-аумақтық межелеу негізінде бірнеше кеңестік республикалардың өмірге келуін құптаған жоқ. Ол большевиктер бұл өлкеде бөле отырып билеу саясатын ұстанып отыр деп түсінді. Ал республикаларды «ұлттық» емес, «ұлыстық» республикалар ретінде қабылдады. Түркістанда кеңестік биліктің орнауы және оның қызметі, іске асырылған жер-су реформасы, мемлекеттік мекемелерді жергіліктендіру, байлар меншігін тәркілеу, көшпелілерді отырықшы тұрмысқа көшіру, ауыл шаруашылығын ұжымдастыру мәселелерін талдауда нақтылы мәліметтерге жүгіне отырып, тоталитарлық жүйені сынға алды және оның солақай саясатын әлем жұртшылығына паш етті. Кеңес өкіметі басшылығына Мұстафа Шоқай сыны өте жайсыз тиді. Сондықтан да кеңес өкіметінің үгіт-насихаты Мұстафа Шоқай сынына қарсы мақсатты түрде жұмыс істей бастады, ал бұл істің басында И.Сталиннің өзі тұрды. Мұстафа Шоқайдың еңбектерінде фактілік материал ретінде пайдаланылған түркістандық қазақ және орыс тіліндегі басылымдарды кеңестік билік орындары қатаң бақылауға алды. 1925 жылы мамырдың 29-ында И.Сталин РК(б)П Қазақ өлкелік комитетіне жолдаған хатында «Ақ жол» мен ақ гвардияшыл эмигрант Мұстафа Шоқай арасында идеялық бірліктің байқалатындығын жазды. Мұстафа Шоқай қайда және қандай ауыр жағдайда жүрсе де бүкіл түркі-мұсылман халықтарының қамқоршысы болуға тырысты. Түркі-мұсылман халықтарын «Батыс Түркістан», «Шығыс Түркістан» немесе «Орыс Түркістаны», «Қытай Түркістаны» деп бөле қарауға қарсылық танытты. «Тұтас Түркістан» идеясын, түркі халықтарының бірлікте болуын насихаттады. Ұлттық езгідегі түркі-мұсылман халықтарының азаттыққа қол жеткізуі мен өзіндік құндылықтарын сақтап қалуы олардың өзара ынтымақтастығы мен бірлігіне байланысты екендігін дәріптеді. Эмиграциядағы түркі-мұсылман қайраткерлері арасындағы ұлттық мүддені жалпы түркілік мүддеден жоғары қоюшылармен қызу пікірталасқа түсті. 1940 жылы Парижге неміс әскері кіргенде, Мұстафа Шоқай тұтқынға алынып, бірнеше ай концлагерьде отырып шығады. Түрмеден босаған оны неміс-фашистері түркістандық соғыс тұтқындарынан құрылуға тиіс Түркістан легионын ұйымдастыруға тартпақ болды. Мұстафа Шоқай бұл ұсынысты соғыс тұтқындарының жағдайын жақсарту үшін пайдалану жолдарын қарастырып, нақтылы әрекеттерге барды. Бірақ көп ұзамай Мұстафа Шоқай Берлиндегі «Виктория» ауруханасында күмәнді жағдайда көз жұмып, қаладағы мұсылмандар зиратына жерленді. Мұстафа Шоқай Түркістандағы кеңестік биліктің отаршылдық сипатын алғаш таныған және онымен күресуге бүкіл ғұмырын арнаған, түркі халықтары тарихында жаңа интеллектуалды көкжиекке көтерілген қайраткер болды. Алматы қаласында Мұстафа Шоқай есімімен аталатын көше бар. Қызылорда қаласындағы Экология университетіне Мұстафа Шоқай есімі берілген. Қайраткердің туған ауылына ескерткіші қойылған.

  1. Танымал саяси дода ортасында


Шоқайдың саяси күресінің ең маңызды құралдарының бірі - баспасөз болып табылады. Ол саяси идеяларын тарату құралы ретінде газет-журналдарға әрдайым үлкен мән беріп, күрес жылдарының кезеңінде мақала жазып отырған. Шоқай мақала жазумен ғана шектелмей, Түркістанға қатысты жеке газет немесе журнал шығаруға да күш жұмсады. Әйтеуір, Шоқайдың баспасөз саласынан сырт қалған кезеңі жоқ десе де болғандай.

Шоқай студент кезінен-ақ баспасөздің қоғамның саяси және мәдени өміріне тигізер ықпалы мол, пәрмені күшті екендігін байқаған еді. Сол себепті ол кейінгі кезеңдерде баспасөз тірлігінен қол үзбеген. 1917 жылғы Ақпан төңкерісінен кейін Түркістанда атқарған қауырт саяси жұмыстары кезінде де мақала жазуға уақыт бөлді. Ол Ташкентте Ұлттық орталықтың төрағалығымен қатар «Бірлік туы» газетін басқарып жүрді. Большевиктер Түркістанға өз биліктерін орнатқаннан кейін Тбилиси мен Бакуге барып уақытша тұрақтағанда баспасөзге мақала жазумен қатар журналдар да шығарды. Тбилисиде біреуі түрік тілінде және екіншісі орыс тілінде екі газеттің шығуына мұрындық болды. Тбилиси большевиктердің қолына өткеннен соң, Стамбулға кетіп бара жатып жолшыбай біраз күн Батумиге аялдады. Бір жергілікті газетке Тбилисидегі саяси жағдайға байланысты бірнеше мақала жазып үлгерді. Содан ағылшындардың қол астындағы Стамбулға өтіп, бірнеше апта «Таймс» газетіне мақалалар беріп тұрды.

Шетелдердегі өмірінің соңғы аялдамасы - Париж қаласында Шоқайдың саяси шығармашылық тәжірибесінің шырқау шегіне жеткені байқалады. Оның мақалалары орыс, француз, түрік және ағылшын тілдерінде шығатын әр түрлі газет-журналдарда басылды. Сондай-ақ, екі журналдың жарыққа шығуына жетекшілік етті. Стамбулда «Йени Түркістан» атты журналды З.У.Тоғанмен бірге ТҰО-ның баспасөз органы ретінде жариялады. Кейіннен Түркістан мәселесі тақырыбын терең әрі батыл қамыттаған «Яш Түркістан» журналын жарыққа шығарды. Журнал шет елдердегі ресейлік түркі халықтары өкілдерінің II дүниежүзілік соғыстан бұрын ұзақ уақыт шығып тұрған және ең ықпалды баспасөз органдарының бірі ретінде тарихта із қалдырды. Бұл жетістікке кездейсоқ қол жеткізілген жоқ. Ол Шоқайдың студенттік жылдарынын бастап баспасөз саласында жинақтаған тәжірибесінің бір жемісі еді. Шоқай мақала жазу әдетін II дүниежүзілік соғыстың ең қызып тұрған күндерінің өзінде де тастамады. Шоқай өз өмірінің ең қасіретті, ауыр күндерін бастан өткерген тұтқын лагерьлеріндегі жұмыстары кезінде де естеліктері мен алған әсерлерін қағазға түсіре білді. Міне, тап осы кезеңде, немістерге Түркістанның мәдени және философиялық қырын таныстыру үшін «Түркістан» атты мақала жазды. Бірақ Шоқай бұл мақалаларын басып үлгерместен қайтыс болды. Осы екі қолжазба мақала оның соңғы мақалалары болды. Мария жұбайының баспасөзге ынта-ықыласын жақсы білгендіктен, кейіннен бұл мақалаларды жариялады. Сөйтіп, Мария әрі Шоқайдың мұрасына құрметпен қарап, оның қиын-қыстау кезеңдердегі ой-сезімдерінің із-түссіз жоғалып кетуіне жол бермеді.

Шоқайдың баспасөз саласындағы қызметі туралы осы жалпы мәліметтерден кейін, оның алғашқы атсалысқан газеттері «Бірлік туы» мен «Улуғ Түркістаннан» бастап шығармаларына шолу жасауымызға болады.

«Бірлік туы» - «Улуғ Түркістан» (Ташкент)

Ташкентте 1917 жылдың маусымында шыға бастаған «Бірлік туы» газеті Шоқайдың алғашқы газет басқару тәжірибесі болып табылады. Газет Ташкентте тұратын қазақтар құрған «Ықтият одағының» баспасөз органы еді. Аптасына бір рет шығып тұрған газеттің баспасөз саясаты - Түркістан халқының ынтымақтастығын қамтамасыз ете отырып, саяси таным-түсінігін толықтыру, осылайша Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына дайындалу еді. Газет осы орайда Бөкейхановтың жетекшілігіндегі «Алашорда» қозғалысының баспасөз органы «Қазақ» газетімен үйлесімді әрекет етті. «Алаш» қозғалысына қарсылардың бірі - Сәкен Сейфуллин Түркістандағы қазақ зиялыларының Ташкенттегі «Бірлік туы» газеті арқылы «Алаш» қозғалысына қолдау көрсетіп, кеңес өкіметінің саясатын сынағандықтарын айтады.

«Бірлік туы» жарыққа шықпас бұрын Ташкент қазақтары үшін 1916 жылдың 26 қарашасынан бері «Алаш» деген газет шығып тұрған еді. Оны Көлбай Төгісов басқарды. Бірақ газет Ташкенттегі қазақтардың талап-тілектерін тілге тиек етуде табысты бола алмады. Бұл жағдай уақыт өте келе Ташкенттегі қазақ зиялыларының наразылығын туғызды. Олардың кейбіреулері наразы бола тұра, газет басшылығына қол ұшын беруді ұсыныс етті. Бірақ бұл ұсынысты Тоғысов қабылдамады. Сондықтан, ташкенттік қазақ зиялылары Мқстафа Шоқай мен Сұлтанбек Қожановтың төңірегіне топтасып, «Ықтият одағын» құрып, ұйымның баспасөз органы ретінде «Бірлік туы» газетін шығаруға шешім қабылдады. Сөйтіп, «Алаш» газетінің шығарушысы Тоғысовтың зиялылардың жәрдем ұсынысын қабылдамай тастауы «Бірлік туы» газетінің дүниеге келуіне себеп болды. Газет басшылығына Шоқай сайланды. Шоқай Ташкенттен кеткеннен кейін газетті басқаруды Қожанов мойнына алды. 1918 жылдың орта шеніне дейін отыз шақты саны жарық көрген газет Түркістан большевиктер қолына өткен соң жабылды.

Түркістан өлкесі мұсылмандары Ұлттық орталығының баспасөз органы ретінде 1917 жылдың сәуір айынан шыға бастаған «Улуғ Түркістан» газетіне қазан татары Фатих Керими басшылық етті. Шоқай бұл газеттің редакция алқасының құрметті мүшесі болды әрі мақалалары басылып тұрды. Редакция алқасында Шоқайдан басқа Молла Гази Юнус Мұхаммедұлы. Нуреддин Сейфүлмүліков, Лүтфи Әбубәкір, Мұхтар Бәкір және Халеф Толак бар еді. Алты мың тиражбен шығатын «Улуғ Түркістан» сол кездегі әжептәуір ықпалды газет екенін айтуға болады. Газет 1918 жылдың көктемінде кеңес органдары тарапынан жабылды. Шоқай бұл газеттің 1917 жылғы 30 сәуір күнгі санында шыққан мақаласында Түркістан халқының татар, сарт және қазақ болып жіктелмей, түркілік және мұсылмандық шаңырағы астында бір жеінен қол, бір жағадан бас шығарып, ынтымақтасу қажеттігін баса көрсетеді.

«Улуғ Түркістан» мен «Бірлік туы» газеттерінің ұстанған саясаты бір-біріне үйлесетін еді. Екі газеттің арасында әрғандай бір келіспеушіліктің болуы да мүмкін емес еді. Өйткені «Бірлік туын» басқарып тұрған Шоқай, сонвмен қатар, «Улуғ Түркістан» қарайтын Ұлттық орталықтың да төрағасы қызметін қоса атқарды. Олай болса, екі газеттің де баспасөз саясатының белгіленуінде Шоқайдың маңызды рөл атқарғандығын айта кету керек.

«На рубеже» - «Шафик» (Тбилиси)

1919 жылдың сәуір айында Тбилисиге келіп, 1921 жылы ақпан айының ортасына дейін осы жерде тұрған Шоқай осы мерзім ішінде орыс тілінде «На рубеже», «Шафик» атымен түрік тілінде екі газет шығарды. Бірақ бұл екі газеттің де өмірлері қысқа болды. Шоқай бұл газеттерді Тбилисиде болған күндерінің соңғы алты айында шығара бастаған еді. Ол бұдан бұрын Тбилисиде шығып тұрған дағыстандық Ахмет Салиховтың «Вольный горец» және «Борьба» газеттеріне мақала жазуын жалғастырды.

Сонымен қатар, «Шафак» газетінде түріктердің армяндарды қырып салғаны туралы өзінің тұжырымдарын қорытып, мақалалар да жазды. Әсіресе, Тбилисиде белең алған әсіре сілтеушіліктерге қарсы түрік жағы берген мәліметтер арқылы жауап беруге тырысты.

«Шафак» газеті 1920 жылдың желтоқсан айынан бастап шыға бастады. Шоқайдың мақалалары жүйелі түрде жарияланып тұрған «Вольный горец» газеті 1920 жылы 31 желтоқсан күні «Шафак» газетінің алғашқы саны жарық көргендігін оқырмандарына хабарлады. Аталмыш газеттің хабары бойынша, «Шафак» газеті Тбилисидегі мұсылмандардың жаңа бір басылымға деген қажеттілігінен туды. Хабарда, сондай-ақ, газеттің ешқандай партияға тәуелді емес екені, бейтарап демократиялық бағыттағы газет екені және оның басты тақырыбын ұлттық мәдениеттің құрайтындығы баса көрсетілді.

«Шафак» пен «На рубеже» газеттерінің жұмыстары большевиктердің Кавказды жаулап алуынан кейін тоқтап қалды. Алты-ақ саны жарық көрген «На рубеже» Грузия өкіметінің материалдық көмегі арқылы шығып тұрды. Түрік тілінде шыққан «Шафак» Тбилисидегі түрік қоғамының жәрдемімен жарияланды. Шоқай «На рубеже» газеті арқылы Грузия өкіметі кеңес билігінің қарсы ұлт-азаттық күресін қолдаса, «Шафак» газеті арқылы Анатольяда Мұстафа Кемалдың жетекшілігінде одақтас мемлекеттерге қарсы жүргізіліп жатқан ұлт-азаттық күреске қолдау көрсетті. Бұл мәселеде ұлт-азаттық күштерінің Тбилисидегі өкілі Қазым «Дирик» пашамен жақын қарым-қатынаста болды. Қазым пашадан Анадолыдағы күрес туралы алған мағлұматтарын «Анатолья хаттары» деген атпен жариялады. Бұл мақалалар оқырмандар арасында үлкен қызығушылық туғызды.


«Йени Түркістан» (Стамбул)

Шоқай 1921 жылдың жазында Парижге барғаннан кейін Түркістанның саяси және экономикалық жағдайы туралы мақала жазуды жалғастырды. Шоқайдың мақалалары орыс, түрік, француз және ағылшын тілдерінде әр түрлі газет-журналдарда жарияланды. Шоқай орыс тілідегі мақалаларын, бұдан бұрын жан-жақты айтылып өткеніндей, босқын орыс лидерлері Кренскийдің «Діни» газеті мен Милюковтың «Последние новости» газеттерінде жариялады. Француз тіліндегі мақалаларының басым көпшілігі «Прометей» журналында, содан кейін «Ориен е Оксидан» журналында жарық көріп тұрды. Ағылшын тіліндегі мақалалары болса, «Азиятик Ревью» секілді журналдарда орын алды.

Осылайша Шоқай әр түрлі журналдарда мақалалары үнемі басылып тұрған қаламгер. Мұның өзі бізге оның мақалаларын жариялау, яғни Түркістанға байланысты пікірлерін тарату барысында ешқандай қиындыққа кездеспегенін көрсетеді. Бірақ Шоқай үшін басқа бір қиындық бар еді. Ол - тек Түркістан мәселелеріне арналған дербес баспасөз органының жоқтығы.

Мұндай қажеттілікті сезінген жалғыз Шоқай емес еді, оның Ресейде жүргізген саяси күресі кезінде сан мәрте тағдырлары тоғысқан досы Уәлиди де осындай ойда болатын. Уәлидидің Еуропаға келгеннен және Түркістан Ұлттық Одағы ұйымының қайта құрылғаннан кейін бұл қажеттілік айқын сезіле бастады. Одақтың жеке баспасөз органы болуы тиіс еді. Бірақ материалдық мүмкіншіліктердің тапшылығына байланысты одақ жеке органын ұзақ уақыт шығара алмады.

Ақырында, «Прометей одағы» құрылғаннан кейін, мүмкін, Польша өкіметінің көмектесу арқасында, бұл қиыншылық жойылды. Түркістан Ұлттық Одағының 1927 жылы ақпан айында қабылдаған шешімі бойынша, Стамбулда «Йени Түркістан» атымен бір журнал шыға бастады. Осылайша тысқары жерде Түркістанға арналған тұңғыш журнал жарық көрді. Журналдың басты мақсаты - Түркістан ұлттық тәуелсіздік идеясы мен түркі халықтары арасында ынтымақтастық пікірін тарату еді. Сондай-ақ, журнал Түркістан халықтары мен Түркия халқы арасында тіл және діл бірлігін нығайтуды мақсат тұтты.

Журнал басшылығы бірнеше рет өзгерді. Өзгерістер Түркістан Ұлттық Одағының шешімдерібойынша жасалды.1927 жылдың маусым айында алғашқы саны жарияланған журналды бастапқыда З.Уәлиди Тоған мен Абдулкадир Инан басқарды.Олардың саясаттан қол үзіп, ғылым жолына тғсулеріне байланысты журналды 1928 жылдың қараша айында шыққан 16-санынан 27-санына дейін Осман Қожаоғлы мен Междеддин Ахмет бірігіп басқарды. 27-санынан соңғы санына дейін журналдың тізгіні Междеддин Ахмет пен Насырдың қолында болды. Журнал 1931 жылы қыркүйек айында түрік үкіметінің шешімі бойынша жабылды. Байқауымызша, Шоқай іс жүзінде бұл журналды тікелей басқарған жоқ. Соған қарамастан «Йени Түркістан» журналын Шоқай шығарған журналдар арасында көрсету қате болмас. Өйткені журнал Түркістан Ұлттық Одағының баспасөз органы ретінде шығып тұрды. Одақ жетекшілері Тоған мен Шоқайдың бұл журналдың дүниеге келуінде орасан зор еңбегі болғандығы шындық. Сондай-ақ, Тоғанның 1928 жылы басшылықтың кетуіне байланысты журналдың бүкіл ауырпалығын Шоқайдың бір өзі көтеруге мәжбүр болғанын да жорамалдауға болады. Шынында да, 1929 жылы «Йени Түркістанмен» қатар Түркістан Ұлттық Одағының баспасөз органы ретінде Берлинде «Яш Түркістан» атты екінші бір журналдың шыға бастауы ұйым жұмысына Стамбулдағы баспасөз органының жеткіліксіз болғандығын көрсетеді. Тахир Чағатай да «Йени Түркістан» журналының Түркістан мәселелерін жеткілікті дәрежеде қамти алмағаны үшін «Яш Түркістан» журналының шыға бастағанын айтады.


  1. Тәуелсіздік - Мұстафа Шоқай мен Алаш көсемдерінің басты арманы

Тұлғалар. Алаш арыстары. Мұндай жандар туралы Елбасы Н.Назарбаев: "Ұлы тұлғаларын білмейінше, бірде-бір дәуірді дұрыстап тану мүмкін емес. Адам тарихының айнасынан біз тарих көшінің жүрісін ғана аңдап қоймаймыз, оның рухын, тынысын сезінеміз. Сондықтан халқы мен елінің алдындағы өздерінің перзенттік парызын айқын да анық түсінген, қандай да қиын-қыстау жағдайда оны адал орындаудан жалтармаған адамдар қай дәуірде өмір сүрсе де, дәйім жұртының азаматы болып қала бермек. Тарихтың қай кезеңінде болсын, олар өз ұлтының бетке ұстар мақтанышы болып келген", дейді.

Сондай тұлғалардың бірі - Мұстафа Шоқай. Ол - Алаш қозғалысының төл перзенті, Алаш идеялары мен мұраттары аясында қанаттанған, қазақ, өзбек және басқа да түркі халықтарының ұлттық бостандығы үшін күресінің стратегиясы мен тактикасын айқындаған қайраткер. 1910 жылы Санкт-Петербург университетіне оқуға түскен күнінен бастап М.Шоқай дүниетанымының қалыптасуы, бір жағынан, түркішілдік-мұсылмандық қозғалыстың (С.Жантөрин), екінші жағынан "батысшылдар" демократиялық-либералдық қозғалысының, Ә.Бөкейханов ықпалымен өтеді.

Мұның өзі оның осы кезеңде түркішілдік ықпалда болғанын көрсетеді. Осыны сезген Ә.Бөкейханов М.Шоқай мен оның жолдастарына "өздеріңді ешқандай сағыммен алдамаңдар" деп ескерту жасайды. Патша өкіметінің отарлық саясатының мәнін ұққыларың келсе, ең алдымен оның қоныс аударушылық саясатына назар аударыңдар деп оларға дұрыс бағыт сілтейді. "Әлихан бізге ылғи да "ұлтқа пайдалы адам болғыңыз келсе, бәрінен бұрын орыс өкіметінің атамекеніміздегі жер саясатын зерттеп үйренуге тырысыңыз. Сізге не істеу керектігін осы саясаттың өзі-ақ көрсетіп береді", деуші еді. Біз ол кезде орыс мектептерінде оқып жүрген жәдидші жастар - бәріміз де бүкіл ынта-ықыласымызбен "мұғажыр мәселесін" үйренуге кірістік. Мемлекетіміз үшін ең үрейлі қатердің қайдан туып келе жатқанын сонда ғана түсіндік", дейді кейін М.Шоқай.

Мұстафаның сөзіне қарағанда ол Ә.Бөкейхановпен алғаш Санкт-Петербургте емес, одан ертерек Ташкент гимназиясында оқып жүрген шағында кездеседі. Қоныс аудару саясатын ыждағатты зерттей келіп, ол мұғажыр мәселесінің азаттық қозғалысының басты мазмұны, бұл саясаттың түпкі мақсаты қазақ жерін этностық отарлау екендігі туралы тұжырымға келеді. Сол себепті де болар, ол өмірінің соңғы сәтіне дейін патша, кейін Кеңес өкіметінің қоныс аудару саясатын назарынан тыс қалдырмайды, жерінен айырылған халықтың күні қараңғы екендігін еске салумен, болашағы жоқтығын айтумен болады. Әлем тарихындағы мұндай саясаттың отар­шылдықтың "ең жабайы", "ең дөрекі" түрі екендігі жөнінде жар салады. Өзі де ес біле бастаған кезінен-ақ қоныс аударушылықтың сорақылық мысалдарымен талай рет ұшырасады.

Эмиграцияда жүрген кезінде жұма сайын кездесіп, сұхбаттасып тұратын жақын жолдастарының бірі Украин Халық Республикасының 1917-1918 жылдары Сыртқы істер министрі болған А.Я.Шульгин: "М.Шоқайдың Бюрода атқарған жұмысының маңыздылығын айтып жеткізу қиын", дейді. Мұстафа қазақ азаматтарының майданның қара жұмысына алынуына байланысты мәселелерде Ә.Бөкейханов бастаған қазақ зиялыларымен бірлесе жұмыс істейді. 1916 жылы М.Шоқай мен А.-З.Валиди Түркістаннан алынған жұмысшылардың жағдайын білу үшін майданға барып қайтады. Патшаның тақтан тайған күні Ә.Бөкейханов жаңа жағдайда қазақ халқының алдында тұрған мәселелерге байланысты елге қайтатынын, Бүкіл­ресейлік Земство одағындағы өзінің орнына майданға алынған жұмысшылардың ісімен айналысатын ұйымдардың шешімімен М.Шоқайдың сайланғанын айтып, сол себепті тез арада Минскіге келуін талап етіп, хат жолдайды. Бірақ Петроград пен майдан арасындағы теміржол қатынасының үзіліп қалуы себепті Мұстафа Минскіге бара алмайды.

Наурыз айында Уақытша үкімет Ә.Бөкейхановты Петроградқа шақыртады да, оның орнын Асфандияр Кенжин басады. Петроградта 20 наурыз күні Әлиханның Торғай облыстық комиссары қызметіне тағайындалуына келісімі алынады. М.Шоқай Ә.Бө­кейхановпен Петроградта кездесіп, түркі мұсылман халықтарының тағдыры жақын арада жүзеге асырылуға тиісті нақты шаралар жөнінде кең түрде сұхбаттасады. Сол жылы Әлиханмен бірге М.Дулатов та Петроградқа келеді. Мұнда Ә.Бөкейханов Міржақып пен Мұстафа Уақытша үкіметке қолдау көрсеткен астана көшелеріндегі шеруге де қатысады. "Қазақ" газетінде Әлихан, Мұстафа, Міржақыптың қолдары қойылған "Алаш ұлына" деген үндеуі жарияланады. Үндеу 12 сәуірде жарық көргенімен, бұл құжат Петроградта дайындалып, осы үш тұлғаны, яғни Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, М.Шоқайдың қаламынан туындайды.

М.Шоқайдың "Алаш ұлына" секілді маңызды құжатты дайындауға тартылуы қазақ жері мен халқының тұтастығын ойлаған Әлихан мен Міржақыптың әуел бастан оны ұлт-азаттық қозғалысының оңтүстік қанатының жетекшісі ретінде санауынан деп нық сеніммен айта аламыз. М.Шоқай әуелі Түркістаннан Убайдолла Қожадан, оған іле-шала сәуір айында Орынборда ашылатын Торғай облысы қазақтарының сиезіне Ә.Бөкейхановтан та шақырту алады. Мұстафа Петроградтан Орынборға 1 сәуірде жолға шығады.

Кейін жиында М.Шоқай: "Қазақ даласындағы автономиялық өкіметтің іргесін қалай бастаған бұл сиезд қазақ, өзбек, татар халықтарының бастары біріккен, еркіндікке ұмтылысы мен туысқандықтың айқын көрінісі болды", деп бағалайды.

М.Шоқайдың 10 сәуірде Ташкентке оралған бойында М.Тынышпаевтың Ә.Бөкейхановқа жазған хатында: "Мұстафа Орынбордағы қазақтардың ұстаған жолы мен біздің көзқарасымыз туралы айтып берді... Мен сіз бен біздің көз­қарасымыздың бірдей болып шыққандығына аса қуандым", деуі осы тұжырымды толықтыра түседі. М.Шоқай дүниетанымының ерекшеленуіндегі Алаш идеологиясының шешуші рөл атқарғандығын мойындай отырып, оған түркі мұ­сылман қозғалысы жетекшілерінің ой-пікірлері де әсер еткендігі, жалпы алғанда оның екі ғасыр тоғысындағы саяси ағымдар мен оқиғалардан нәр алғандығын ескеруіміз қажет.

Мұстафаның гимназияда оқып жүрген шағын өзі "біздер - жәдидшіл жастар" деп жол-жөнекей, бір-ақ рет еске алуында үлкен мән бар. Басқа уақытта және бірде-бір еңбегінде ол өзін "жәдидшілмін" деп атамайды. Себебі ол жәдидшілердің тар шеңберлі идеялық платформасынан Ақпан төңкерісінен біраз бұрын шығып кеткен-ді. Ресми құжаттарда 1922 жылы 23 қаңтарда ГПУ қызметкерінің РК(б)П Қазақ облыстық Бақылау комиссиясына жеткізген хабарында Т.Рысқұловтың 1924 жылдың сәуір айында М.Сталинге жолдаған баяндамасында М.Шоқай жәдидтер қозғалысының қайраткері емес, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, Х.Досмұхамедовтер секілді "алашордашыл қайраткер" деп көрсетіледі. (РГАСПИ. Ф.17. Оп. 85. Д.77. Л.204). Мемлекеттік Саяси басқармасының қызметкері Қазақ Республикасында саяси платформасы анық үш ағым немесе "топ" бар екендігін "анықтап", оның біріншісіне Алашорданың негізін қалаған және ұйымдастырған деп Ә.Бө­кейхановты, М.Дулатовты, Х.Досмұхамедовті, М.Шоқайды және тағы басқа бел­сенді тұлғаларды жатқызады. Жоғарыда аталған баяндамасында Т.Рысқұлов М.Шоқайдың Түркістанды "тәуелсіз буржуазиялық автономия" ретінде жариялауда толықтай Алашорда платформасында тұрғандығын, Ташкенттегі "Бірлік туы" мен "Улуг Түркістан" газеттерінің Орынбордағы "Қазақ" газетімен бір ұстанымда екен­дігін еске салады. Мұстафа Түркістандағы оқиғаларды қазақ даласының саяси өмірінен бөліп қарамайды. А.-З.Валиди: "Қазақ халқының көрнекті қайраткерлері: жазушы Ахмет Байтұрсынов, Бөкей ордасының аса құрметті адамы Шахингерей Сұлтан Бөкейханов, Ташкенттен Мұстафа Шоқаев, Жиһаншах Досмұхамедов Торғай облысының комиссары Ғалихан Бөкейхановтың резиденциясында әртүрлі жиындар өткізіп жүрді", деп жазады "Естеліктер" атты еңбегінде. Мұндай басқосуларда Түркістандағы жағдайдың әңгіме өзегі болып тұрғандығы сөзсіз.

Түркістан мен қазақ даласындағы ұлт-азаттық қозғалысы ошақтарының арасын­дағы байланысты нығайтуда М.Шоқайдың 1917 жылғы 21-26 шілдеде Орынборда өткен Бірінші жалпықазақ сиезіне арнайы шақыртылуы маңызды қадам болды. Түркістандағы саяси ахуалдың күрделілігіне байланысты Мұстафа сиез жұмысына қатынаса алмады, бірақ ол сырттай Құрылтай жиналысының депутаттығына кандидат және Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесіне депутат ретінде бекітілді. 1917 жылдың желтоқсанында Түркістан Мұхтариятының Уақытша үкіметі М.Шоқайды Орынборға Башқұртстан мен қазақтардың ұлттық ұйымдарымен байланыс орнату, сонымен бірге "Оңтүстік-Шығыс казактары одағының" саяси ұстанымы жайында мәліметтер жинау мақсатында ісспарға жібереді. М.Дулатов 1929 жылы 30 қарашада ОГПУ тергеушілеріне берген жауабында М.Шоқай Орынборға сиездің (ІІ Жалпықазақ съезін айтады. - К.Е.) соңына қарай келді деп көрсетеді. Сиезде Мұстафа Түркістан Мұхтарияты жөнінде баяндама жасап, Жетісу мен Сырдария қазақтарының Мұхтариятқа қосыла қоймағандығын айтып береді.

Кейін шетелде жүріп жазған "Түркістанда" деген еңбегінде Мұстафа Алаш автономиясының қалай құрылғандығына тоқталып, съезде екі пікірдің орын алғандығы туралы, біріншісінің болашақта Ресей Федерациясының автономды бөлігі - Сібірмен қосылуды жақтағанын, келесілерінің Алашорда мен Түркістанның толық бірігуін қолдағанын айтады. Бірі түркілік орталықтан шеттеп қалудың жөнсіз­дігін айтса, екіншілері оған басқаша уәж келтіреді. Сиез Бүкілресейлік Құрылтай жиналысының Ресейдің болашақ мемлекеттік құрылысын түпкілікті шешкенге дейін Қазақ өлкесі Сібірмен де, Түркістанмен де қосылмай, дербес автономия ретінде өмір сүреді деген ымыралық шешімге келеді:

"Бірақ делегаттардың көпшілігі Сібірмен қосылуға қарсылық білдірді. Орынбор сиезінің кейбір ерекшеліктеріне қарағанда қырғыз (қазақ - К.Е.) өлкесі мен Түркістан өздерін біртұтас аймақ ретінде түсінді", деп көрсетеді М.Шоқай. Осы түсініктің бір көрінісі - Түркістан автономиялық үкіметінің мүшесі М.Шоқайдың Алашорда үкіметінің де мүшесі болып сайлануы. Тіпті Алаш партиясы бағдарламасының алғашқы нұсқасын дайындайтын комиссия құрамына Мұстафаның де енгізілуі жоғарыдағыдай көзқарастан туындаған секілді.

Түркістан қазақтарының тағдыры жөнінде М.Шоқай мен Ә.Бөкейханов бір тоқтамға келіп, бұл мәселені арнайы шақырылатын Сырдария қазақтарының сиезінде шешу жөнінде ұйғарады. Түркістан Мұхтариятын большевиктер жаныштағаннан кейінгі уақытта М.Шоқайдың Халел Досмұхамедовпен жақын қарым-қатынаста болғанын айтуымыз керек. 1918 жылдың маусым айында Самара қаласында өтетін Құрылтай жиналысы мүшелерінің кеңесіне қатысуға бағыт ұстаған М.Шоқай мен әйелі Мария Яковлевна 1 мамырда Ташкенттен шығып, жолай Х.Досмұхамедовтің ауылына тоқтайды. Кейбір зерттеушілер Мұстафа 18 мамырда Жымпиты селосында ашылған Алашорданың батыс қанатының ІІ сиезіне қатысты дейді. Бұл жағдай әлі де зерттей түсуді қажет ететін секілді. Қалай болғанда да сол жолы олардың арасында қазақ, өзбек халықтарының ұлт-азаттық қозғалысы олардың большевиктерге қарсы біріккен іс-қимылдары жөнінде кеңінен әңгіме болғандығы қисынсыз емес.

М.Шоқай Самарада құрылған үкімет (Комуч) құрамына А.Байтұрсынов, М.Тынышбаев, Ж.Досмұхамедов, Х.Досмұхамедов және тағы басқа қазақ зиялыларымен бірге енеді. 22 тамызда ол алаш қайраткерлерімен бірге Челябіде өткен Комуч пен Сібір үкіметінің Мемлекеттік кеңесіне қатысады. Мұстафаның 1918 жылдың жаз айларындағы қызметі эсерлер мен кадеттердің жиындарына қатысуымен шектелмейді. Осы кезеңде ол Торғай даласында қазақтардың тұрмы­сымен, елдегі саяси ахуалмен кеңінен танысады. 1918 жылдың қыркүйегінде Алашорда басшылығы Сібір үкіметіне бі-рін-бірі тану жөнінде келісімнің жобасын ұсынады. Онда Алашорданың ең басты міндеті ретінде Алаш территориясын большевиктерден азат ету және Түркістан мен Жетісуға көмек көрсету, болашақта Алаш, Сібір, Башқұртстан мен Түркістан федерациясын құру деп белгіленеді.

Зерттеушілер назарынан тыс алып келген осы бір құжаттың мән-мағынасына үңілсек, оны Алашорданың Түркістанмен не болмаса Сібірмен бірігуі жөніндегі екі­ұдай пікірдің екі ұстанымдағы Ә.Бөкейханов пен М.Шоқайға ортақ ұйғарымға келуінің көрінісі екендігі анық. Заңды күшіне енбегенімен, жоба федеративтік құрылым жөніндегі бұл екі тұлға пікірлерінің жаңа жағдайда біршама өзгеріске ұшырағанын дәлелдейді. Бірнеше пікір алмасулар нәтижесінде түркі мұсылман зиялылары Уфада өтетін Мемлекеттік мәжіліске ортақ платформа негізінде қатысуға келіседі. 8 (жаңа стиль) қыркүйекте ашылған кеңеске қазақ облыстарынан және Түркістаннан Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, Ж.Досмұхамедов, Х.Досмұхамедов, М.Шоқай және тағы басқалар қатысады.

1929 жылы Прагада жарық көрген "Орыс тарихы мұрағаты" деген жинақта осы кеңеске қатысқан делегаттар мен ұйымдарға соңғыларының ішінде Алашорда және Түркістан Уақытша үкіметіне қысқаша сипаттама беріледі. Онда қазақтар басқалардың бәрінен де артық ұйымшылдық көрсетіп, Қазақ автономиясын жариялады және орталығы Семейде Алашорда Уақытша комитетін құрды делінеді. Кеңесте Бүкілресейлік өкімет билігін ұйымдастыру жөніндегі комиссия құрылып, оның құрамына М.Шоқай мен Ә.Бөкейханов та енеді. Олар Кеңес президиумынан орын алады. Мұнда Мұстафа Ресей мемлекеті деңгейіндегі қайраткер ретінде танылады. Оған М.Шоқайдың Кеңес төрағасының екінші орынбасары болуына қоса мандат және қаржы комиссияларының құрамына сайлануы дәлел бола алады.

13 қыркүйектегі Кеңес отырысында үкімет жауапкершілігі, яғни оның қызметіне бақылау қою мәселесі көтеріледі. Осыған байланысты Құрылтай жиналысын ұйымдастыру керектігі, не болмаса үкіметтің Мемлекеттің Кеңес алдында жауапты болуы жауапкершілік тетіктері, тағы басқа тақырыптар төңірегінде пікірталастар өрістейді. Оның барысында Бүкілресейлік үкімет қызметі бағдарламасының жобасы дайындалып, оның азаматтық іс саласындағы міндеттері былайша анықталады:

1. Сібірдің саяси автономиясын, сонымен бірге өзін-өзі басқаратын облыстардың автономиясын мойындау жолымен федеративтік демократиялық құрылысты нығайту; 2. Қысқа уақыттың ішінде осы құрам негізінде Бүкілресейлік Құрылтай жиналысын шақыру; 3. Ресейді мекендейтін халықтардың аумақтық автоно­миясына негізделген ұлттық саясат жүргізу.

М.Шоқай бірінші "Сібір" сөзін алып тастауды, себебі барлық автономиялық үкіметтердің, олардың ішінде Сібір Уақытша үкіметінің де функциялары мен құқылары бірдей деп көрсетіп, Сібір үкіметіне артықшылықтар беруге ыңғайланған тұжырымға өзгеріс енгізеді.

Кеңесте Ресейдің мемлекеттік құрылысы жөнінде бұрыннан алынған шешімдерден бас тартушылық сыңайы да білініп қалады. Осыған байланысты М.Шоқай 1918 жылдың 5 қаңтарында Құрылтай жиналысы қабылдаған қаулыны еске салып, Мемлекеттік кеңестің оның жер мәселесі туралы қарарын өз жобасы негізіне алуы мен Ресейдің федеративтік демократиялық республика болуы туралы келесі қарарын ескермей кетуі - қисынсыздық екендігі жөнінде делегаттардың есіне салады. М.Шоқайды Л.А.Кроль, И.И.Войтов, А.Валидов және басқалар қолдайды. Оншақты адамдардың сөздерінен кейін М.Шоқай үкімет қызметі жөніндегі бағдарламада аумақтық автономия деген пункттің қалдырылуын, бірақ Мемлекеттік кеңес жұмысының алға жылжуына кедергі келтірмеу мақсатында 1918 жылдың 5 қаңтарында Құрылтай жиналысының заңын негізге алатын редакция құруды ұсынады.

Бұл пікірге Ә.Бөкейханов та қолдау білдіреді. Сонымен қатар Әлекең: "Біз демократиялық федеративтік Ресей республикасымен біргеміз, біз өзімізді біртұтас Ресейдің бөлігі сезінеміз. Жікшілдікке жол беріліп жатыр деушілер самодержавиелік Ресейде жатжұрттықтар - құлдар, ал великоростар - бұлар құл иеленушілер деп ойлауға дағдыланған ескі психологияның табынушылары болып табылады, мұндай психологиядан құтылу ләзім. Бұл жағдайды түсінеміз, бірақ қазіргі кезеңде Ресейдің федеративтік, демократиялық ел болуы және біздің орыс халқымен бірге ұлы да бақытты Ресей құрамына енуіміз үшін ондай көңіл-күйден арылған жөн", деп тұжырымдайды.

Ә.Бөкейханов бір жыл бұрын өткен Мемлекеттік кеңесте келісімге қол жеткі­зілмегендігінің себебі бір тараптың басымдылық танытқанынан орын алғандығын еске салады. "Мені осында жіберген барлық ұйымдар, егер мұнда патриоттар отырған болса, егер олар Ресейді құтқару үшін шын мәніндегі пәрменді өкімет құруға келген болса, олардың келісімге келуін талап етеді, біз келісімге қол жеткізілуін және коалициялық биліктің келісім негізінде құрылуын қолдаймыз", дейді. Бөкейханов аталмыш коллегия құрамының жеті адамнан тұруын, оның өз тарапында Құрылтай жиналысы алдында жауапты Министрлер кабинетін құруын жөн деп есептейді. Ал коалициялық үкіметтің Кеңеске қатысып отырған ұйым­дардың өкілдерінен тұруы керектігін айтып, оған Бүкілресейлік Құрылтай жиналысының атынан төрт өкілдің, Сібір үкіметінен - бір, казак әскерлерінен - бір, Алашорда, Түркістан, Башқұрстаннан - бір өкілдің енуі жөнінде ұсыныс жасайды.

М.Шоқай Ә.Бөкейхановтың пікірлеріне толық қосыла отырып, орталық билікті құру тетіктері, орталық билік пен облыстық үкіметтердің өкілеттіктері, басқару функция­лары, жер, ұлтаралық қатынастар мәселелері бойынша бірнеше рет нақтылы ұсыныстар жасайды. Орталық билік пен облыстық үкіметтер арасындағы өкілеттіктерді бөлісу мәселесі жөнінде баяндама жасаған Халық бостандығы партиясының мүшесі Л.А.Кроль дайындаған қарар жобасынан "кеңейтілген автономия" сөзінің алынып тасталуына Ә.Бөкейханов мұның жай редакциялық түзету емес, автономия мазмұнына нұқсан келтіретінін, сол себепті "кеңейтілген автономия" сөзінің пікірталастар барысында қол жеткізілген концепциялық тұжырым екендігін айтады. Ә.Бөкейханов пікірін М.Шоқай да қолдап, қарарда "кеңейтілген автономия" ұғымы принциптік ұстанымды білдіреді деген түсінік береді. Л.А.Кроль орталық өкіметке тиесілі функциялар қатарында соғыс, бейбітшілік мәселелеріне қоса, әскери ведомство, жол қатынасы, пошта және телеграф, сыртқы істер, ба­қылау және қаржы жүйесі салаларын атайды. М.Шоқай Л.А.Крольдің қарарын осы күйінде қабылдауды сұрайды.

Автономия жөніндегі қарар жобасында облыстық үкіметтер өз функцияларын талап еткен жағдайда орталық үкіметке қайтарып береді деген ескерту қалдырылады және ол пункт, болашақ көрсеткеніндей, унитаристердің жымысқы әрекетінен туындаған еді. Ақырында "ымыралық комиссия" Ресейде орталық өкімет билігін құру жөніндегі негізгі принциптер жөнінде келісімге келіп, ақтық қарар мына күйінде қабылданады:

1. Бүкілресейлік Уақытша үкімет Кұрылтай жиналысының шақырылуына дейін бірден-бір жоғарғы егеменді өкімет билігі ретінде танылады; 2. Орталық билік қара­мағындағы мәселелердің барлығында облыстық үкіметтерге берілетін кеңейтілген автономия құзыретінің шегін анықтау Бүкілресейлік Уақытша үкімет қарауында қалады.

Орталық үкімет құрамына кандидатуралар ұсынылған кезде М.Шоқай Алашорда, Башқұртстан және Түркістан үкіметтері түрік-татар ұлттық басқармасы атынан дербес тізім ұсынылмайтынын, бірақ кандидатураларға олардың ұлттық мәселе бойынша көзқарастары негізінде қолдау көрсетілетінін мәлімдейді. "Директория" аталған үкімет құрамына бес адам: Н.Д.Авксентьев (төраға, эсер), Н.И.Астров (кадет), генерал В.Г.Болдырев (партияда жоқ), Г.В.Вологодский (партияда жоқ), Н.В.Чайковский (халық-социалистік партиясының мүшесі) сайланады. Мемлекеттік кеңестің соңғы, бесінші отырысы 23 қыркүйекте өтеді. Директория маусым-қыркүйек айларында өмір сүрген Комучтің орнын басады. Оның резиденциясының Уфада, Омбыда, не Екатеринбургте орналасуы жөнінде де кеңес мүшелерінің арасында келісім болмайды. Ақырында Директорияның Омбыға көшуіне рұқсат беріледі. Оның мұндағы алғашқы қадамдарының бірі - облыстық үкіметтерді бұрынғы өкілеттерінен айыру жөніндегі заң қабылдауы болды. Бұл жағдай М.Шоқайдың орыс демократиясына сенімін мүлдем әлсіретеді. Оның үстіне көп ұзамай Директория тұтқынға алынып, 18 қарашада Колчак өзін "жоғарғы билеуші" жариялайды. Жалпы алғанда Уфа мемлекеттік кеңесі жұмысы эсер партиясы мен оларға қолдау көрсеткен мұсылмандық блоктың жеңісімен аяқталады.

Мұнан кейін М.Шоқай, Ә.Бөкейханов, М.Тынышпаев және А.-З.Валиди Мәскеуден Уфаға келген Н.Ақшорамен кездесіп, "Оңтүстік-шығыс мұсылмандары облыста­рының федерациясын" құру жөнінде кеңеседі. Кейін (1929ж. 27 мамырда) Мәскеуде ГПУ тергеушілеріне берген жауабында А.-З.Валидимен соңғы рет Уфа мемлекеттік кеңесінде кездестім, онда жауларымызға, олардың ішінде, әрине, Кеңес өкіметі болатын, бірлесе күресу жөнінде уағдаластық деп Ә.Бөкейханов осы жиынды еске алады. Уфа кеңесі Ә.Бөкейхановтың М.Шоқаймен де соңғы кездесуі болатын. Орынборда атаман А.Дутовқа қарсы астыртын төңкеріс ұйымдастыру әрекеті сәтсіздікке ұшырағаннан кейін Мұстафа Әзірбайжан, не Грузияға барып тұрақтауға тоқталады. Бұл жолы да оның сапары Х.Досмұхамедов пен Ж.Досмұха­медовтің ауылдары арқылы өтеді. Халел Мұстафаның Гурьев (қазіргі Атырау) қаласы, Форт-Шевченко (Кетік) арқылы Кавказға аттануына үлкен көмек көрсетеді. Кейбір мәліметтерде Мұстафаның Кетіктен Әзірбайжанға өтіп кетуіне 1904 жылғы Порт-Артур шайқасына қатысқан подполковник Оспан Көбеев қолғабыс берді деген сөз бар. Қызылдар әуелі Әзірбайжанды, кейін Мұстафа барып орналасқан Грузияны да алады. Осыдан кейін ол Түркияға өтіп, ақырында 1921 жылдың мамыр айында Парижге барып тұрақтайды.

Кавказда жүрген шағында Мұстафа Түркістан Мұхтарияты үкіметінде көмекшісі болған Искандер Көпжасаров арқылы елдегі жағдай жөнінде хабарласып тұрады. Парижде де Мұстафаның Алаш зиялыларымен байланыс тіндері үзілмейді. Мұс­тафа секілді көрнекті тұлғаның Францияға келуі бұл елдің саяси өмірінде ізсіз қалмайды. Сыртқы істер министрлігінде ол туралы мінездеме даярланып, бас­шылыққа ұсынылады. Онда М.Шоқайдың саяси оқиғаларды бағалаудағы қалтқысыз дәлдігі, Еуропаға Түркістанның ұлттық ұйымдарының тапсырмасымен келгендігі көрсетіледі.


  1. Мұстафа Шоқай фашистер қолынан өлді ме?


«...Өкінішке орай, - деп жазады өзбектің әдебиетші ғалымы, - бұл ұлы тұлға жөнінде біз ешнәрсе білмейміз. Мәселенің шындығы сол, ол жөнінде естіп-білдік, дегенмен де мұның бәрі кеңестік дәуірде сана-сезімімізді улаған өтірік-өсектен басқа ештеңе де емес еді. Шынтуайына келсек, М.Шоқай есімі 20-жылдары тілге көп алынды. Түрлі кітаптарда, конференцияларда ол негізінен кеңес үкіметіне қарсы күрескен, төңкеріс жасау әрекетін ұйымдастыруға басшылық еткен халық жауы ретінде түсіндіріледі. Бұған нақты мысал ретінде 1930 жылы Өзбекстан КСР Жоғарғы сотының төрағасы Савдулла Қосимовты соттау кезінде мемлекет айыптаушысы Р.Катанянның айыптау сөзін немесе сол тұстағы Өзбекстан Компартиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы Акмол Икромовтың түрлі құрылтай-жиындарда сөйлеген сөздерін келтіруге болады. Олардың қай-қайсысы болмасын Шоқайды қатаң түрде айыптаудан жалыққан емес. Уақыт өте келе, яғни 1937 жылдан бері қарай М.Шоқай есімі баспа беттерінен өшірілді, мақалалары, сөйлеген сөздері шыққан газет-журналдар түгелдей өртелді, жалпы ол жөнінде айтуға қатаң тыйым салынды. Арада жарты ғасырға жуық уақыт өткенде, 1985 жылдан кейін ғана М.Шоқай жөнінде айтыла бастады, оның есімі ардақталып, кейбір шығармалары басылымдар беттерінде жарық көрді. Бұл мақала М.Шоқай туралы алғашқы мақалалардың бірі. Ең өкініштісі сол, менің қолымда оның шетелдерде жарық көрген кітаптары, мақалалары жоқ. Дегенмен де мен М.Шоқайдың Түркияда басылған «1917 жыл туралы естеліктер» деген кітабы мен ол жөніндегі альбомды және кезінде оның «Эрк» («Қалау») газетінде шыққан «Түркістан шуралар үкіметі кезеңінде» атты мақаласын қолыма түсірген едім. Өзбек оқырмандары үшін пайдалы болып табылатын бұл мақалада Түркістан тәуелсіздігінің ұлы күрескері, атақты жерлесіміз М.Шоқай жөнінде алғашқы ойлар айтылады».

Мұстафа Шоқайдың соңына шам алып түсіп, қаралау науқаны үздікіз жалғасып келді де, мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің офицері болған С.Шәкібаевтің 1968 жылы «Үлкен Түркістанның күйреуі» атты кітабы жарық көргеннен кейін ол шарықтау шегіне жетті. Кітап 1972 жылы «Падение большого Туркестана» деген атпен орыс тілінде, 1976 жылы «Чоң Туркестанның қирашы» тақырыбымен қырғыз тілінде басылды. Автор кітабында мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің қызметкері болғандықтан кезінде куәгерлерден қорқытып-үркіту арқылы алынған жауаптар негізінде жасалған хаттамалар мен құжаттарға сүйенеді. Кеңестік идеологияны пір тұтушылардың қандай жолмен болмасын саясат төңірегінде қара күйе жағуға құлшынатыны ақиқат еді. Әсіресе, Түркістан легионына қатысты қаралау шаралары дәл осындай тәртіппен жүргізілді. Оның мүшелерінің тергеуде берген жауаптарының хаттамалары екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Ресейге қайтарылған Германия мен Польша мұрағаттарынан алынған. Шәкібаев болса ойдан құрастырылған құжаттар мен хаттамаларды негізгі дерек көзі ретінде пайдаланған. Міне, бұл жөнінде түрік бауырымыз, профессор, шоқайтанушы Әбдіуақап Қара ұзақ жылдардан бері жүргізіп келе жатқан зерттеулері мен басылымдарда жарияланған материалдарында бұлтартпайтын мәліметтермен дәлелдеп келеді. Айталық, Анкара университетінің тағы бір профессоры, шоқайтанушы Тахир Шағатай мен Ә.Оқтайдың есімдері қандай құрметке болса да әбден лайық. Екеуі бірігіп, 1942 жылы М.Шоқайдың қайтыс болуының бір жылдығына орай Стамбулда «М.Шоқай альбомын» шығарды. 1950 жылы осы қос азамат ұлы тұлғаның туғанына 60 жыл толуына арнап «Түркістан ұлттық қозғалысы және Мұстафа Шоқай» деген кітапты дүниеге әкеледі. Осы екі кісі мен Т.Шағатайдың жары, профессор Саодат Исхахи Шағатайдың тікелей ұйымдастыруымен Түркия баспаларынан 1972 жылы Мария Шоқайдың және 1988 жылы Мұстафа Шоқайдың естеліктері жеке-жеке кітап болып шықты. Тұтас Түркістанның ұлы күрескері жөніндегі бар шындықты жаны шырқырай отырып жазған көрнекті түрік тарихшысы, профессор Хасен Оралтайдың жазбалары ерекше назар аударады. Сондай-ақ Мұстафа Шоқай өміріне арналған зерттеулер мен оның жекелеген еңбектерінің Оксфорд, Берлин баспаларынан әлденеше рет шыққанын, Калифорния (1960), Кембридж (1957, 1964), Париж (1950), Мюнхен (1960), Кельн (1962), Нью-Йорк (1957) баспаларынан да жарық көргенін мақтаныш етуге тиіспіз.

Жоғарыда айтып өткендей, кітап жазып, Мұстафа Шоқайды «фашистердің қолжаулығы болған сатқын еді», «ол құрған «Түркістан легионы» Германияның фашистік армиясымен бірге Түркістанды жаулап алып, Германияның бір отарына айналдыруды көздеген еді» дегендей пікір орнықтыруға тырысқан Шәкібаев еліміз Тәуелсіздігін жариялаған алғашқы жылдарда да бұрынғы кеңестік дәуірде Шоқайға бағытталған айыптауларын қайталаудан жалықпады. Ол «Қазақ әдебиеті» газетінің 1992 жылғы шілде айындағы нөмірінде жарияланған «Құрғақ долбар - дәлел емес» деген мақаласында сол бұрынғы гөй-гөйіне басып, соңғы кездері Қазақстан баспасөздерінде М.Шоқайды дәріптеп, ұлттық қаһарман биігіне көтеруге шақырған мақалалардың шыға бастағанына мазасызданатынын айтады. Газеттің осы нөмірінде жазушы-публицист Ә.Әлімжанов «Ұлы адамның аруағымен алыспайық» атты мақаласында Шәкібаевтың «дүниесымағын» кезіндегі мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің әдеттегі күйе жағу әрекеті ретінде бағалады. «Мұстафа Шоқайұлы ешкімнің ақтауына мұқтаж емес, - деп жазды Ә.Әлімжанов мақаласының соңында. - Ол өзін-өзі шығармаларымен, ерлігімен ақтап отыр. Оны тарих пен уақыт ақтады.

Қалай дегенмен де, біз федерация идеясы «Ұлттық республикалар» идеясынан артық деген сенімдеміз. Біздің мұратымыз - бөлінбейтін біртұтас Түркістан. Біз келешекте Түркістанымызды бөлінбес біртұтас ұлттық мемлекет түрінде көргіміз келеді». Жас Түркістанның» 1930 жылғы №11 санындағы публицистикалық еңбектер «Қазақстанның он жылдығына орай Қазақстанның осы бөлігіндегі Ресей саясатынан қысқаша мағлұмат бере кетуді лазым деп есептейміз» деген жолдармен басталады да, елдің саяси-экономикалық жағдайына біршама шолу жасалады. Шоқай бұл мақаласында Смағұл Сәдуақасұлының Мәскеуде шығатын «Большевик» журналындағы материалында Рыков, Калинин, Зеленский, Голощекин және басқа да бірқатар мәскеулік коммунистерді отарлық империяшылдық айыптармен айыптағанын айта келе, Түркістанның қазақ бөлігіне орыс мұжығының селдей қаптап бара жатқанын, орыс мұжығына көбірек жер алып беру, сонымен бірге орыс мұжығын Түркістанға көбірек орналастыру үшін Кеңес үкіметі 1924 жылғы 17 қазандағы өзінің «Көшпенді және жартылай көшпенділерді алдымен орналастыру туралы» қаулысынан бас тартқанын күйіне баяндайды. Орыс мұғажырлары (эмигранттары) өлкенің ең шұрайлы жерлеріне қоныстандырылған. Олардың көпшілігі Ақмола, Қостанай аймақтары мен Семей, Жетісу және Сырдария аймақтарына суармалы егіс алқаптарына орналастырылған. Қазақстан ғана емес, бүкіл Кеңес Одағы бойынша ең құнарлы жерлер саналатын Қостанай мен Ақмола аймақтарында орыс мұғажырлары қалаған жерлерін иемденген. Осы жылдары мақалада келтірілген мәліметке сүйенсек, мұғажырлар Қостанайда тұрғындардың жүзде 62 жарымын, Ақмолада жүзде 52 жарымын құраған. «Соңғы кездері, - дейді мақаласында Шоқай, - қазақ газеттері қазақ халқын жерге орналастыру ісінің жол ортада үзіліп қалғаны туралы ашына жазылған материалдарға толы.

Кеңес үкіметі дүниеге келген алғашқы жылдары большевиктер таратқан мәлімдемелерде, қабылданған қаулыларда Түркістан халқының, оның ішінде қазақтардың тартқан азап, көрген қорлықтары, бұдан былай мұндай озбырлықтарға жол берілмейтіні, патша үкіметі тарапынан жүргізілген саясаттың зардаптары және оны жоюдың қажеттілігі туралы айтылады. Ол кезде Кеңес үкіметіне жан-жақтан қауіп төніп тұрған еді. Уақыт өте келе кеңестік Ресей күш жинай бастағанда жағдай күрт өзгере бастады. Қазақстанда Голощекин, ал Мәскеудегі Мұғажыр мекемесінің басында отырғандар бұрын астыртын жүргізіліп келген істерді енді ашыққа шығарып, үкімет бағдарламаларына енгізе бастады. «Қазір большевиктер айтып жүрген уағыздар жаңалық емес, - деп жазды сол тұста М.Шоқайұлы. - ...Ол Столыпиннің өсиеті болатын. Борохидоның «Жекелеген өлке мен халықтардың мүддесін жалпы Одақ мүддесіне құрбан ету» дегені де Столыпиннің «Қазақтарды емес, қазақтардың тың жатқан жерлерін ойлау керек. Қазақстан жерлерін тек қазақтардың өздеріне ғана қалдыру Ресей үшін кешірілмес күнә болар еді» деген сөзінің екінші бір нұсқасынан басқа ештеңе де емес еді... Ұранымыз - «Түркістан - түркістандықтардікі!» болуы тиіс. Халқымыздың бақыты мен гүлденуі сонда ғана қамтамасыз етіледі. Қасқырға қой баққызатын аңқау заман өткелі қашан. Ей, жас коммунист жерлесім! Көзіңді аш. Халқыңның болашағы үшін болатын күрестерге әзірлен». Мұстафа Шоқайдың мәңгілік ұстанымы мен өшпес өнегесінің басты құндылығы сонда, ол Ұлы Түркістанның тұтастығы мен Тұтас Түркістанның азаттығын жалаулатып, қысқа ғұмырының соңғы
Германияда сүйегі жерленген қазақтың ұлы перзенті, Мұстафа Шоқайдың бүгінгі егемен елдерге айналған Ұлы Түркістан, Тәуелсіз Қазақстан халықтарына айтқан өсиеттері мен асыл ойларының ұрпақтарға тағылымдары жөнінде сыр тартқан Диқан Қамзабекұлы «Мұстафа Шоқай бізге сүйегін емес, сөзі мен ісін аманаттаған» деген мақаласында өзінің мемлекеттік идеясы төңірегіне тек қазақты ғана емес, осындағы бар ұлтты топтастырып отырған еліміздің өтпелі кезеңдегі қиындықтарды, алдымыздан кесе-көлденеңдейтін кертартпа жағдаяттарды ой елегінен өткізіп, баға беруге тырысады. Шоқайдың «Атамекенді сүю, оның тұтас мүддесіне қызмет ету, осы жолда әрқашан қызмет етуге, керек болса, жан пида қылуға дайын тұру болып табылады... Жауымыз күшті. Ол біздің барлық өмірлік мәні бар буындарымызды ұстап отыр... Сол себепті біздер армандап отырған мақсатымызға жетудің бір ғана жолы бар десек, ол жол - тәуелсіздік жолындағы барлық күрескерлердің күш біріктіруі» деген өсиет-сөздеріне сүйенген автор тіл, діл тұрғысында ұлттық мүдделерімізді көтереді. Осы орайда қазақтың ұлы перзенті Мұстафа Шоқайдың рухын асқақтатып, қалам қарымын танытып келе жатқан зерттеуші-ғалымдар, публицист Д.Қыдырәлінің, Б.Сыздықова мен Ә.Байшуақұлы, ақын Қ.Бегмановтың, тағы да басқа қаламдастардың есімдерін атай кеткен жөн. Мұстафа Шоқай тағылымы, оның асқақ рухы мәңгі сарқылмас қайнар бұлаққа айнала бермек.


  1. Тұтас Түркістан азаттығының қайтпас күрескері Мұстафа Шоқай ғұмырының кейбір беймәлім беттері


Мұстафа Шоқай бейнесі ұзақ жылдар бойы тарих күлінің астынды көміліп келді. Қазақ интеллигенциясын, қазақтың атпал азаматтарын Голощекин бір қырса, оның алдындағы жүйе бір қырды. Қазір жаһандану деген шықты. Мен зерттеу барысында байқағаным, М.Шоқай сол өткен ғасырдың 17-18-ші жылдары-ақ жаһанданудың келе жатқанын біліп, жасыл тудың астына бүткіл түркі тектес халықтарды жинағысы келген. Өкінішке қарай, ол Түркістан мемлекеті 62-ақ күн өмір сүрді де, ұлы арман іске аспай қалды. Шетелге эмиграцияға кетуге мәжбүр болды. Әйтсе де, ол күресті шетелде жүргенде де тоқтатқан жоқ. Парижде жүрген кезде ол «Яш Түркістан» журналын шығарды.
Мұстафа Шоқай өмірін көп жылдардан бері зерттеп келе жатқан ғалым, Стамбулдағы Мимар Синан университетінің профессоры Әбдіуақап Қарадан қайраткердің көпшілік біле бермейтін тұлғалық ерекшеліктері жөнінде сұрап едік.
- Мен өзім зерттеулерде бейтарап болуға, М.Шоқайды жан-жақты көрсетуге тырыстым. Дегенмен «бұл кісінің олқылықтары, кемшіліктері жоқ па» деп, өзім зерттеулер барысында бұл жағына да салмақ салып іздедім. Бірақ зерттеуші ретінде, өкінішке орай деймін, ондай мәліметтер таба алмадым. Бірақ ұлтымның перзенті ретінде, қуанышқа орай деймін, М.Шоқайдан бір кемшілік те таба алмадым. Адамгершілік жағынан ешқандай кемшілік жоқ. Былайша айтқанда, М.Шоқай - түркі мұсылман халықтарының асыл қасиеттерін бойына сіңірген ұлы тұлға.

- Біз қазір М.Шоқайдың бейнесін ашып қана отырмыз. Өйткені, бұл туралы зерттеулер әлі толығымен зерттелген жоқ. Және де бұнымен аздаған адам айналысып келеді. Бұл кісі басқа Алаш қайраткерлеріне қарағанда көп жұмысты қажет етеді. Себебі, бұл кісі шетелге кеткен. Францияда болған. Деректер жан-жақта шашылып жатыр. Сонан кейін олардың көбісі әр тілде. Атап айтсақ, француз, ағылшын, неміс. Онан кейін «Яш Түркістанның» өзі бір бөлек. Оны өздері шағатай тілі дейді.Сондықтан бұларды зерттеу үшін аз емес, көп адам керек. Әсіресе, менің айтарым, «Яш Түркістанды» жақсы зерттеуіміз керек. «Яш Түркістанда» М.Шоқайдың тек таңдамалы мақалалары ғана аударылған.
Қазақстанда М.Шоқай бейнесін көпшілікке экран арқылы танытуды мақсұт тұтқан мамандар жоқ емес. 2008 жылы «Мұстафа Шоқай» фильмінің премьерасы өтті. Режиссер Сатыбалды Нарымбетовтың айтуынша, фильмнің басты мақсаты - М.Шоқайды қоғамда қалыптасып қалған, жаттанды образынан аршып, ұлт мұратын көксеуші қайраткер ретінде таныту болыпты.
- Қағазға жазып елестету бір бар да, өндіріске әкеліп, соны түсіру процесі бір басқа.

Көп ойларым қаражатқа байланысты іске аспай қалды.
«Қазақфильм» киностудиясы жақында ғана 40 минуттық Алашорда туралы деректі фильмінің монтажын аяқтапты. Дегенмен Мұстафа Шоқайдың өмір дерегіне қатысты көп мәліметтер айтылмайды, себебі, М.Шоқайдың қайраткерлік бейнесі жеке деректі фильмді қажет етеді дейді фильмнің сценарисі, журналист Болат Мүрсәлім.
- Басында Мұстафа мен Әлиханды кезіктіріп, Қоқан автономиясы мен Алашорда Үкіметінің қарым-қатынасы жөнінде дүние жасау ойымызда болған. Деректі фильмнің бюджеті де, көлемі де көтермейді. Айналдырған 40 минуттың ішіне екі автономияның қызметін қатар сыйғызып, алып жүру мүмкін болмады.

Эмиграцияда жүрген түркі-мұсылман халықтарының Ә.Топчибашев және Г.Исхаки секілді өкілдерімен жиі араласып, пікірлес болды. Оларды Ресейдегі түркі-мұсылман халықтарын азаттыққа жеткізуде күш біріктіре әрекет етуге үндеді. 1929 жылдан «Яш Туркестан» («Жас Түркістан») журналын шығаруды қолға алды. Бұл журналдың алдына қойған міндетін Мұстафа Шоқай: «Егер біз халқымыздың ұлттық тәуелсіздік жолындағы талаптарының мән-мағынасын сол күйінде әлсіретпей «Яш Туркестан» беттерінде бере алсақ, онда бәріміз үшін қасиетті және аса ауыр жауапкершілік артқан міндеттердің бір бөлігін өтеген болар едік», деп сипаттады. Ол «Яш Туркестанда» Түркістан халқының мәдениеті, кеңестік биліктің бұл өлкедегі саясаты және 2-ші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы халықаралық қатынастар, т.б. тақырыптағы қоғамдық-саяси мәні өткір зерттеу мақалаларын жариялады. Оның атсалысуымен жарық көрген басылымдарда тек Түркістан өлкесі ғана емес, Әзірбайжан, Солтүстік Кавказ, Еділ-Жайық бойы, Қырым халықтары жөнінде қоғамдық-саяси мәні бар материалдар басылып тұрды. Мұстафа Шоқай Орталық Азия кеңістігінде ұлттық-аумақтық межелеу негізінде бірнеше кеңестік республикалардың өмірге келуін құптаған жоқ. Ол большевиктер бұл өлкеде бөле отырып билеу саясатын ұстанып отыр деп түсінді. Ал республикаларды «ұлттық» емес, «ұлыстық» республикалар ретінде қабылдады. Түркістанда кеңестік биліктің орнауы және оның қызметі, іске асырылған жер-су реформасы, мемлекеттік мекемелерді жергіліктендіру, байлар меншігін тәркілеу, көшпелілерді отырықшы тұрмысқа көшіру, ауыл шаруашылығын ұжымдастыру мәселелерін талдауда нақтылы мәліметтерге жүгіне отырып, тоталитарлық жүйені сынға алды және оның солақай саясатын әлем жұртшылығына паш етті. Кеңес өкіметі басшылығына Мұстафа Шоқай сыны өте жайсыз тиді. Сондықтан да кеңес өкіметінің үгіт-насихаты Мұстафа Шоқай сынына қарсы мақсатты түрде жұмыс істей бастады, ал бұл істің басында И.Сталиннің өзі тұрды. Мұстафа Шоқайдың еңбектерінде фактілік материал ретінде пайдаланылған түркістандық қазақ және орыс тіліндегі басылымдарды кеңестік билік орындары қатаң бақылауға алды. 1925 жылы мамырдың 29-ында И.Сталин РК(б)П Қазақ өлкелік комитетіне жолдаған хатында «Ақ жол» мен ақ гвардияшыл эмигрант Мұстафа Шоқай арасында идеялық бірліктің байқалатындығын жазды. Мұстафа Шоқай қайда және қандай ауыр жағдайда жүрсе де бүкіл түркі-мұсылман халықтарының қамқоршысы болуға тырысты. Түркі-мұсылман халықтарын «Батыс Түркістан», «Шығыс Түркістан» немесе «Орыс Түркістаны», «Қытай Түркістаны» деп бөле қарауға қарсылық танытты. «Тұтас Түркістан» идеясын, түркі халықтарының бірлікте болуын насихаттады. Ұлттық езгідегі түркі-мұсылман халықтарының азаттыққа қол жеткізуі мен өзіндік құндылықтарын сақтап қалуы олардың өзара ынтымақтастығы мен бірлігіне байланысты екендігін дәріптеді. Эмиграциядағы түркі-мұсылман қайраткерлері арасындағы ұлттық мүддені жалпы түркілік мүддеден жоғары қоюшылармен қызу пікірталасқа түсті. 1940 жылы Парижге неміс әскері кіргенде, Мұстафа Шоқай тұтқынға алынып, бірнеше ай концлагерьде отырып шығады. Түрмеден босаған оны неміс-фашистері түркістандық соғыс тұтқындарынан құрылуға тиіс Түркістан легионын ұйымдастыруға тартпақ болды. Мұстафа Шоқай бұл ұсынысты соғыс тұтқындарының жағдайын жақсарту үшін пайдалану жолдарын қарастырып, нақтылы әрекеттерге барды. Бірақ көп ұзамай Мұстафа Шоқай Берлиндегі «Виктория» ауруханасында күмәнді жағдайда көз жұмып, қаладағы мұсылмандар зиратына жерленді. Мұстафа Шоқай Түркістандағы кеңестік биліктің отаршылдық сипатын алғаш таныған және онымен күресуге бүкіл ғұмырын арнаған, түркі халықтары тарихында жаңа интеллектуалды көкжиекке көтерілген қайраткер болды. Алматы қаласында Мұстафа Шоқай есімімен аталатын көше бар. Қызылорда қаласындағы Экология университетіне Мұстафа Шоқай есімі берілген. Қайраткердің туған ауылына ескерткіші қойылған.

III. Қорытынды:

Жұмысты қорытындылай келе алға қойған мақсаттарды ашып, зерттедім. Қазақ мемлекетінің алғашқы тарихшысы Мұхаммед Хайдар Дулатидің өміріне және шығармашылығына тоқталдым. Ол қазіргі біздің тарих ғылымы үшін аса құнды еңбек жазды. Қазақ тілінде "Тарихи Рашидидің" жарық көруі қазақ тіліндегі оқырман үшін қажетті дерек көзі болып табылады. Бұл шығарма Қазақ хандығының тарихы жайындағы ең алғашқы түпкі деректер ішінде ұлағатты орын алады. "Тарихи Рашиди" беттерінде сөз болатын қазақ беделділері жайлы мәлімдемелер, айналып келгенде, құрылуы алдындағы, құрылып жатқан кездегі Қазақ хандығы тарихи жөніндегі ортағасырлық мұсылман тарихы жылнамаларындағы бірден-бір басы бүтін шығарма болып табылады. [20,112] Сөйтіп, сайып келгенде, Мұхаммед Хайдар Дулатиды Алғашқы қазақ мемлекетінің толық хақылы алғашқы тарихшысы деп айтуға біздің де хақымыз бар.

Жоспар бойынша барлық алға қойған негізгі мәселелерді қарастырып, кішігірім зерттеу жүргіздім. Жоғарыда айтылған ойды қорытындылай келе, Қазақ хандығы XIII-XV ғасырлардағы Дешті Қыпшақ пен Орта Азиядағы әлеуметтік-экономикалық дамудың, саяси-этникалық дамудың заңды қорытындылары нәтижесінде пайда болды. Қазақ хандығының құрылуы бір сәтте болған іс емес, басталуы мен аяқталуы бар тарихи процесс. 1458 жылы Керей мен Жәнібек хандардың Моғолстанға көшіп келуімен Қазақ хандығын құрылу процесі басталса, 1470-71 жылы Жәнібек хан Дешті қыпшақтағы билікті толық өз қолына алуымен Қазақ Хандығының құрылу процесі аяқталады. Яғни хандықтың құрылуы бір жылда ғана емес, бірнеше жылдар ішінде болады.

XV-XVII ғасырда Қазақстанның оңтүстік-шығыс бөлігінде құрылған Қазақ хандығы тарихи оқиға болды. Құрылғаннан кейін Қазақ хандығы Еуразияның шығыс бөлігіндегі күшті мемлекеттердің біріне айналды. 1470-71 жылдардан бастап ХІХ ғасырда патша үкімет кең байтақ қазақ даласындағы хан билігін жойғанға шейін Орыс хан ұрпақтары үнемі бірін-бірі алмастырып келді, бірақ саяси үстемдік енді қайтып Шыңғыс әулетінің басқа тармағының өкілдеріне көшкен емес.


Пікір


Ізденуші Кенжеғұлов Бағдаттың жазған ғылыми жұмысы - қазақ хандығының құрылуына себепші болған хандардың негізгі сыртқы және ішкі саясатын ашып көрсеткен. Жұмыстың мақсаты мен міндеті қойылған, тақырыпқа қажетті әдебиеттер тиімді қолданылған, жұмысы тиянақты жазылған.

XY ғасырдың ортасында Қазақ хандығының құрылуы -Қазақстан аумағында ежелден бері жалғасып келе жатқан этникалық процестерін мәдени,рухани дамулардың мемлекеттіліктің дамуының және 14-15 ғасырлардағы саяси просестердің заңды қорытындысы дей отырып. Сондай-ақ қазақ халқының құрылуының Евразия тарихында алатын тарихи маңызы ерекше екеніне тоқталған.Сондықтанда қазақ құрылуының қазіргі күн талаптар тұрғысынан таптық емес жаңаша көзқарастармен зерттеу кезек күттірмейтін маңызды мәселеге жататындығына жете мән берген.

Аталмыш жұмыста, қарастырып отырған мәселе әр түрлі аспектілерін зерттеп қарастыруда әр жылдары Ш.Құдайбердіұлы, А.П. Чулошников, М.Тынышпаев, В.Вяткин, К.А.Пищулина, Т.И.Султанов және тағы басқалар үлес қосқандығы жайлы қозғаған. Осы тарихшылардың зерттеулері негізінде қазақ хандығы құрылуының мынадай мәселелері көпшілік назарына ұсынылды.

1.Қазақ хандығы құрылуына Керей мен Жәнібек сұлтандардың Дешті Қыпшақтағы Әбілхайыр ханнан бөлініп Моғолстанның батысындағы Шу бойына қоныстануы негіз болған.
2. Қазақ хандығы құрылуы Алтын Орданың саяси ыдырау нәтижесінде болған.
3. Керей мен Жәнібектің көшуіне Дешті Қыпшақтағы ру-тайпалық қайшылықтардан.

Жалпы алғанда бұл атап көрсетілген тұжырымдар қазақ хандығы құрылуын ашуға жәрдемдеседі, бірақ мәселені толық қамти алмайды деп өз ойын нақты білдірген.

Жұмыстың қорытында бөлімінде, Қазақ хандығының құрылу мәселесі әлі де болса арнайы түрде зерттеуді қажет етеін мәселелер қатарына жататынын, біз тек бұл ғылыми жұмысымызда осы күрделі мәселелер төңірегіндегі сұрақтар туралы ой қозғап. Оны шешуге тікелей жәрдем тигізетін жеке мәселелерді атап көрсетті. Ал оларды зерттеу алдымыздағы тұрған маңызды мәселердің қатарына жатады деп ой білдірді.

Жұмыс жинақы, мазмұнды жазылған. Ізденуші алған тақырыбын аша білген. Оқушының ғылыми жұмысын сарапшылар назарына ұсынамын.


Пікір білдірген:




28




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал