- Учителю
- 'Моңғол шапқыншылығы' (5 класс)
'Моңғол шапқыншылығы' (5 класс)
5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер
Сабақтың тақырыбы: Моңғол шапқыншылығы
Сабақтың мақсаты:
-
Білімділік: Өз тарихында қилы оқиғаларды басынан кешірген ортағасырлық қаһарман қала - Отырардың қалыптасуы мен монғол шапқыншылығы кезіндегі ерлікпен қорғанысы туралы білім беру.
-
Дамытушылық: Отырардағы қала мәдениетінің монғол шапқыншылығына дейінгі және монғол шапқыншылығынан кейінгі жағдайын салыстыра отырып оқушыларды ой қорыта білуге дағдыландыру.
-
Тәрбиелік: Отырарлық азаматтардың, Қадырханның ерлігі негізінде оқушыларды адалдыққа, туған жерін сүюге, басқыншылық соғыс атаулыны жек көруге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Пәнаралық байланыс: география
Көрнекілік:
1. «Отырар» альбомы.
2. Шыңғысханның суреті.
3. Отырардың күйреуін суреттейтін суреттер.
4. Ортағасырлық Қазақстан картасы.
5. «Шыңғысхан» - бейнефильмі.
Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасы.
Төмендегі сұрақ-тапсырмалар бойынша сұрақ-жауап ойынын өткізу.
1. Неліктен бұл жол Жібек жолы деп аталды?
2. Ұлы Жібек жолынын бағыттарын картадан керсетіңдер.
3. Ұлы Жібек жолы бойымен сауданың дамуы шаруашылықтың дамуына қалай әсер етті?
4. Неліктен Ұлы Жібек жолы мәдениет пен халықаралық қатынастар жолы деп аталады?
5. Жібек құртын әсіру құпиясы баска елдерге қалай ашылды?
6. Көшпелілердің басқа өркениеттермен қарым-қатынасында Ұлы меридианалды жолдың маңызы қандай болды?
7. Ұлы Жібек жолының Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы маңызын атаңдар.
Жаңа сабақты түсіндіру. Оқушылар, өткен сабақта біз сендермен ортағасырлық Қазақстан қалаларына жеке-жеке қысқаша тоқталып өтсек, бүгін ортағасырлық Қазакстан қалалары ішінде өзіндік ерекше тарихы бар, маңызы зор Отырар қаласына жеке тоқталамыз. Себебі, бұл қаһарман қала Отырардың тарихы қазақ жерін жаулап алушы Шыңғысхан басқарған монғолдармен тығыз байланысты деп, бүгінгі сабақтың жоспарына тоқталамын. Қазақ шежіресінде Отырар Дешті Қыпшақ жерінде бас қалалардың бірі делінген.
Сабақтың жоспары:
1. Отырардың қалыптасу тарихы.
2. Отырар сауда орталығы.
3. Шыңғысхан баскарған монғол империясының құрылуы.
4. Монғолдардың Қазақ жеріне және Орта Азияға шапқыншылығы.
5. Отырар қорғанысы.
6. Қарашаның сатқындығы.
7. Қайырханның өлімі.
8. Хорезм шахы және Отырар.
9. Әмір Темір тұсындағы Отырар.
Оқу материалы көп болғанымен, өте қызықты тақырыптардың бірі. Оқушыларға төмендегі кестені пайдалана отырып, Отырар қаласының калыптасу тарихына сипаттама беремін.
Отырар
-
Ертеде Шығыс әлеміне танымал болған қала.
-
Мұнда алғашқы қоныстар осыдан екі жарым мың жыл бұрын пайда болған.
-
VI-VIII ғ. Отырар түркі ұлыстарына астана қызметін атқарған.
-
ІХ-Х ғ. Сырдың бойындағы басты қала.
-
Қазақ хандығының сауда жөне экономикалық орталығы болған.
-
Ойрантөбе, Фараб деген атпен тарихта белгілі.
-
Ұлы Жібек жолының бойында орналаскан қала.
Жоғарыдағы кестенің көмегімен оқушылармен бірге Отырардың калыптасу, гүлдену тарихына тоқталамын. Одан кейін Отырар қаласын сипаттау оқушылардың өздеріне тапсырылады. 1-2 оқушыға оны мәтіннен тауып оқытқызамын. Қалған оқушылар оны мазмұндап, Отырар қаласын сипаттап әңгімелеп береді.
Отырар қаласы өз заманында небір қырғын шайқасты басынан кешірген деп, оның себеп-салдарын ашып көрсетемін. XII ғасырда қазіргі Монғолияда Шыңғысханның басқаруымен монғол тайпаларының мемлекеті құрылды. Оқушыларға қызықты болу үшін төмендегі әдебиеттерден қосымша деректер келтіремін. Пайдаланылатын әдебиет:
Әбілгазы. Турікшежіресі. - Алматпы: Анатілі, 1991.
Шыңғысханның портретіне оқушылардың назарын аудару. Монғол әскері сол заманда аса қуатты еді және мықты тәртібімен ерекшеленді. Қажет болған жағдайда әскер тез жиналып, олардың саны 200 мыңға жететін болған. Әскери тәртіптің күштілігі сондай, бір жауынгер үшін он жауынгер жазаланатын еді. Осыған дәлел ретінде бейнефильмнен үзінді келтіремін. Әрине, бейнефильмді толық көріп шығуға мүмкіндік бола бермейді, сондықтан монғолдардың әскери қару-жарағын, киімдерін, әскери өнерін сипаттайтын эпизодтарынан үзінді көрсетемін. Бұл оқушыларға монғолдардың дүниені дүр сілкіндіріп, өздеріне бағындырып алуының себебін ашып көрсетуге мүмкіндік береді.
Одан әрі монғолдардың Қазақ жеріне басқыншылығын сипаттайтын төмендегі негізгі даталарды оқушыларға дәптерлеріне жазғызып қоямын.
-
1218 жыл Шыңғысхан басқарған монғолдардың Жетісу өңіріне аттануы.
-
1219 жылы 150 мыңға жуық монғол қалың қолының Отырарға шабуылы.
-
1220 жыл монғолдардың Отырарды алуы.
Монғолдардың Отырар қаласына шабуылы мен Отырардың қорғанысы туралы аңыз әңгімелерді оқушыларға өздеріне кезек-кезек оқытып, айтып беруін сұраймын. Оның мазмұнын жоғарыда келтірілген жаңа сабақтың жоспарына сүйене отырып сұраймын. Бұл оқушылардың өз ойларын жүйелілікпен баяндауға кемектеседі. Оқушылардың жауабы тыңдалған соң, «Отырардың қорғанысын» сипаттайтын бейнефильмнен үзінді керсетемін. Бейнефильмді көрсетпес бұрын оқушыларға төмендегі үлгідегідей сұрақтар тізімін алдын ала ұсынамын.
Сұрақ-жауапты сабақты бекітуге пайдаланамын
1. Отырар қаласы күрылысынан қандай өзіндік ерек-шелік көрдіңдер? Нені тағы қоса аласыңдар?
2. Отырарлықтар кандай қорғаныс кару тұрлерін пай-даланған?
3. Монғолдардың қару - жарактарын отырарлықтардың қару - жарақтарымен салыстырыңдар.
Осылайша Отырар қаласының Қазақстан тарихындағы алатын орнын көрсете отырып, сабақты корытындылаймын.
Бағалау:
Үйге тапсырма: параграфты оқу. Оқушыларға бейнефильмді толық көріп, келесі сабақта қосымша дерек ретінде әңгімелеп беруді тапсырамын.