7


  • Учителю
  • Контрольная работа для 7 класс

Контрольная работа для 7 класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақты жоспарлау, бақылау және талқылау кестесі

Пәні: Қазақ тілі Сабақтың тақырыбы: Сөздердің байланысу тәсілдері Мұғалім/ бақылаушы: Қасанова Н.А.


Осы Lesson Study-дегі оқу мақсаты: Сөз тіркесі, оның айырықша белгілерін, түрлерін еске түсіре отырып, сөздердің байланысу тәсілдерін анықтайды, тапсырмалар барысында ізденуге мүмкіндік алады.

Осы Lesson Study-дегі әдіс- тәсілдері: топтық жұмыс, диалогтік оқыту, сыни ойлату, талдау, ыстық орындық

Ағымдағы жетістіктер мен табыс критерийлері

Бақылаудағы А оқушы - Жамихан

Бақылаудағы В оқушы - Исламбек

Бақылаудағы С оқушы - Мейіржан


Тізбектелген сабақтар топтамасының кезеңі

А оқушы қалай жауап береді деп күтесіз?

Жауап беру кезінде ол қалай бақыланды?

В оқушы қалай жауап береді деп күтесіз?

Жауап беру кезінде ол қалай бақыланды?

С оқушы қалай жауап береді деп күтесіз?

Жауап беру кезінде ол қалай бақыланды?

Мысалдар / сұрақтар

І. Психологиялық дайындық.

ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау

А оқушы сабақта белсенділік көрсетеді, тапсырмаларды тиянақты орындайды деп ойлаймын.

А оқушы белсенділік танытты, үй тапсырмасын тиянақты орындады

В оқушы өз ойын жеткізуге қабілетті,алайда айқын жеткізе алмайды.

В оқушы сұрау кезінде жауап бере алды, бірақ өз жауабын дәлелдейтін мысал келтіре алмады

С оқушы топ мүшелерінің көмегімен жұмыстар атқарады деп ойлаймын

Мұғалім тапсырмалар беру арқылы

С оқушыны жетеледі.


ІІІ.Жаңа сабақты меңгерту

ІҮ. Ой салу.

Ү.Оқулықпен жұмыс


ҮІ.Шығармашылық жұмыс .


Өз ойын нақты жеткізуге қабілетті, өз пікірін қорғай алады, сондай-ақ басқа оқушыларға көмектесе алады.

А оқушы сөйлем ішінен сөз тіркестерін тез тауып, олардың байланысу тәсілдерін бірден ажырата білді. Шығармашылық жұмыста өз ойын нақты жеткізді.

В оқушы өзіне қиындық келтіретін тапсырмаларға көмекті қажет етеді

В оқушы сабақ кезінде топтың жұмысына жақсы қатысты, бірақ тез орындайтын оқушыға жолын беріп қойып отырды.

Топ мүшелерімен жұмыс кезінде өз-өзіне сенімсіз, тапсырмаларды орындауға зейін қоймайды.

Өз ойын топтың басқа мүшелері үйренетіндей жазу, ойын айту кезінде қабілеті төмен болды.


ҮІІ. Сабақты бекіту.

1.«Кімнің ойы ұшқыр?» ойыны

2.«Бес жол өлең»құрастыру

ҮІІІ. Қорытындылау .

Семантикалық кестемен жұмыс

А оқушы топ мүшелерімен бірлесе отырып, берілген тапсырмаларды ұқыпты және шапшаң орындайды.

А оқушы топтық тапсырмаларды орындауда көшбасшылық танытты.

В оқушы кей тапсырмаларда өз ойын жақсы жеткізеді деп ойлаймын

В оқушы сұрақтарға жауап беріп, өз ойын еркін айта білді.

С оқушы топқа берілген тапсырмалардың ішінен өз деңгейіндегі жұмыстарды орындайды

С оқушының сабаққа деген қызығушылығы арта түсті. Топпен жұмыс жасағаннан кейін оқушының мінезінде жауапкершілік сезілді.


Оқушылар нені істей алды? (Олар қандай нәтижелерге жетті және оның қандай дәлелдері бар?)


А оқушы

Сөйлем мүшелеріне талдауды еркін орындайды.сөздердің байланысу тәсілдерін өз бетімен табады.

5 жол өлең құрастырады.

Сұрақтарға ғылыми тұрғыда жауап бере алады, өз ойын өте жақсы жеткізеді.


А оқушы Сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талдап, түсіндірді Өздеріне берілген сөздермен 5 жол өлең құрастырды.

Сөздер бір- бірімен 4 түрлі тәсіл арқылы байланысатынын түсіндірді.

В оқушы Сөйлем ішіндегі сөз тіркестерін теріп жаза алады. Есімдіктің сөйлемдегі қызметін ажырата біледі. Салыстыру, іздену дәлелдеу, табу жұмыс түрлеріне жақсы қатысады.


В оқушы

Абай өлеңдерінің үзіндісі екенін айтып, сөз тіркестерін теріп жазды.

1-сөйлемде анықтауыш қызметін атқарып, 2-сөйлемде бастауыш қызметін атқарып тұрғанын айтты

С оқушы


Мақал- мәтел айту, жұмбақ шешуді біледі. Сұрақтарды дайындау кезінде көбірек уақыт, ерекше байланысты қажет етеді.


С оқушы мақалды құрастырды, ішінен сөз тіркестерін теріп жазды. Сабақ барысында тапсырмаларды толық жасап үлгермегендіктен , бірақ топ мүшелерінің көмегімен орындады.


Алғашқы ойлар



Сабақты жоспарлау, бақылау және талқылау кестесі


Пәні: География Сабақтың тақырыбы: Еуразия климаты Мұғалім/ бақылаушы: Молдакулова С.Т.


Осы Lesson Study-дегі оқу мақсаты: Сөз тіркесі, оның айырықша белгілерін, түрлерін еске түсіре отырып, сөздердің байланысу тәсілдерін анықтайды, тапсырмалар барысында ізденуге мүмкіндік алады.

Осы Lesson Study-дегі әдіс- тәсілдері: топтық жұмыс, диалогтік оқыту, сыни ойлату, талдау, ыстық орындық

Ағымдағы жетістіктер мен табыс критерийлері

Бақылаудағы А оқушы - Жамихан

Бақылаудағы В оқушы - Исламбек

Бақылаудағы С оқушы - Мейіржан


Тізбектелген сабақтар топтамасының кезеңі

А оқушы қалай жауап береді деп күтесіз?

Жауап беру кезінде ол қалай бақыланды?

В оқушы қалай жауап береді деп күтесіз?

Жауап беру кезінде ол қалай бақыланды?

С оқушы қалай жауап береді деп күтесіз?

Жауап беру кезінде ол қалай бақыланды?

Мысалдар / сұрақтар

І. Психологиялық дайындық.

ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау

А оқушы ұйымдастырушылық қабілетін танытады деп ойлаймын

Сұрау кезінде оң және нақты түсінік беруге қабілеттілігі, ұйымдастырушылығы байқалды.

В оқушы өзіне қиындық келтіретін тапсырмаларға көмекті қажет етеді

В оқушы сабақ кезінде тыңдаушы рөлін атқарды

Өз ойын тұжырымдай алмайды, басқаларға жеткізуге қабілеті төмен.

Тұйықтылық танытты, жинақы емес, топтың басқа мүшелерін тыңдамады.


ІІІ.Жаңа сабақты меңгерту

1.Еуразияның климат картасымен жұмыс

2.Сұрақ- жауап

3.Өз бетімен жұмыс

ІҮ. Оқулықпен жұмыс

Ү. Бейнефильм көру

А оқушы сабақта белсенділік көрсетеді, тапсырмаларды тиянақты орындайды деп ойлаймын.

А оқушы бақылау кезінде өз тобындағы мүшелерді алға жетелеп, тапсырмаларды орындады.

Тыңдай алады, бірақ мұқият емес. Басқалардың сөзін бөліп, өзі айтқанды жақсы көреді.

Сабақ кезінде тыңдау қабілеттілігі байқалды, топтың 1-2 мүшесімен ғана жұмыс істегенді қалады.

С оқушы топ мүшелерінің көмегімен жұмыстар атқарады деп ойлаймын

Мұғалім тапсырмалар беру арқылы

С оқушыны жетеледі.


ҮІІІ. Сабақты бекіту

1.«Артығын тап» ойыны

2. «Білгіш географ»

ІХ. Қорытындылау

1.Сөзжұмбақ шешу

2.Венн диаграммасы

А оқушы үлгерімі төмендеу оқушыларға қолдау көрсетіп, оқуын жақсартуға көмектесе алады және басқаларымен сыпайы , ізетті қарым- қатынаста болады деп ойлаймын

А оқушы сұрақтарға ғылыми тұрғыда жауап бере алды, өз ойын өте жақсы жеткізді.

В оқушы кей тапсырмаларда өз ойын жақсы жеткізеді деп ойлаймын

В оқушы сұрақтарға жауап беріп, өз ойын еркін айта білді.

С оқушы топқа берілген тапсырмалардың ішінен өз деңгейіндегі жұмыстарды орындайды

С оқушының сабаққа деген қызығушылығы арта түсті


Оқушылар нені істей алды? (Олар қандай нәтижелерге жетті және оның қандай дәлелдері бар?)

А оқушы картамен жұмыс кезінде тапсырмаларды тиянақты орындайды, талдаулар кезінде ойын еркін, ашық жеткізеді.Географиялық обьектілерді табу кезінде жоғары деңгей көрсетеді.

А оқушы климат картасымен жұмыс кезінде t -ны табу және ауа массаларын анықтауда қабілеттілігін танытты.Шығармашылықпен жұмыс жасай алды. Географиялық обьектілерді табу кезінде жоғары деңгей көрсетті.

В оқушы жазу, кескін картамен жұмыс, сөзжұмбақ шешуді орындау арқылы өз ойын нақты жеткізуге қабілетті.

В оқушы Еуразиядағы ірі табиғи аудандарды кескін картаға түсіру тапсырмасын жақсы орындады

Оқушының топтың басқа мүшелерімен жұмыс жасағанда картамен жұмыс, сөзжұмбақ шешуге қызығушылығы бар.

Оқушы бойында алаңдаушылық байқалды. Тапсырмаларды орындауда топ мүшелері мен бірлесе отырып атқарды.


Алғашқы ойлар




Сабақты жоспарлау, бақылау және талқылау кестесі


Пәні:Қазақстан тарихы Сабақтың тақырыбы: Тәуекел хан тұсындағы қазақ хандығы. Мұғалім/ бақылаушы: Баданова Н.А.


Осы Lesson Study-дегі оқу мақсаты: Тәуекел хан тұсындағы Қазақ ордасының ішкі- сыртқы жағдайы туралы мәлімет алады.

Осы Lesson Study-дегі әдіс- тәсілдері: Баяндау,сұрақ- жауап,топтық жұмыс, сыни ойлату, картамен жұмыс

Ағымдағы жетістіктер мен табыс критерийлері


Бақылаудағы А оқушы - Жамихан

Бақылаудағы В оқушы - Исламбек

Бақылаудағы С оқушы - Мейіржан


Тізбектелген сабақтар топтамасының кезеңі

А оқушы қалай жауап береді деп күтесіз?

Жауап беру кезінде ол қалай бақыланды?

В оқушы қалай жауап береді деп күтесіз?

Жауап беру кезінде ол қалай бақыланды?

С оқушы қалай жауап береді деп күтесіз?

Жауап беру кезінде ол қалай бақыланды?

Мысалдар / сұрақтар

І. Психологиялық дайындық.

ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау

А оқушы

Өз ойын нақты жеткізе алады және басқа оқушыларға көмектесе алады деп күтемін.

А оқушы

Талқылауға жаңа идеялар ұсынуға қабілетті болды.

Сұрақтарға нақты жауап берді.

В оқушы

Топтық жұмысқа қатыса алуға қабілетті деп ойлаймын.


В оқушы

Топ мүшелерінің сөзін бөліп өзі айтқанды жақсы көріп, назар аударта білді.

С оқушы

Топтың басқа мүшелерімен келісуге/келіспеуге оңтайлы.

Өз айтқанына сенімді емес, тапсырманы орындаған кезде зейін қоймады.


ІІІ.Жаңа сабақты меңгерту

1.Сөзжұмбақ «Тәуекел хан»

2. «Мағынаны ашу»

ІҮ.Оқиғаларды сәйкестендіру

Ү. «Сандар сөйлейді»

ҮІ. «Ой қозғау»


А оқушы.

Тапсырманы берген кезде барлығымен бірлесе отырып белсенді орындайды.Жазу, сызу арқылы өз ойын жоғары деңгейде жеткізе алады.

А оқушы

Сабақ кезінде оң және нақты түсінік беруге, топтық тапсырманы орындауда мысалдар келтіруге қабілетті болды.Басқалардың ойына сыйластықпен қарап, топты басқара білді.

В оқушы

Топтық жұмысқа қатысуға қабілетті, бірақ көп жағдайда топтың бір-екі мүшесімен ғана жұмыс істегенді қалайды.

В оқушы

Топ мүшелерімен келісімді жұмыс атқарды.


С оқушы

Топ мүшелеріне қажетінше көңіл бөлмейді.Бірақ топтың бір ғана мүшесімен жұмыс істегенді қалайды.

С оқушы

Өз ойын тұжырымдай алмады және басқаларға жеткізу қабілеті төмен болды.

ҮІІ. Сабақты бекіту

1.Топтастыру әдісі

2.«Ақиқат немесе жалған ба?» Астын сыз.

3. Сауалнама жұмысы

ҮІІІ. Қорытындылау.

А оқушы

Өз тобындағы мүшелерді алға жетелеп, көшбасшылық қабілетін көрсетеді деп ойлаймын.

А оқушы

Топ мүшелерінің пікіріңн тыңдап, үлгерімі төмендеу оқушыларға қолдау көрсетіп,оларды оқуға ынталандыра білді.

В оқушы

Ойын жинақтап қорытынды жасайды, өзіндік ізденісін көрсетеді.

В оқушы.

Алған білімін еске түсіріп, өз ойын жинақтап, көзқарасын білдірді.


С оқушы

Ынтасы, ойлауы бір қалыпты деген ойдамын.


С оқушы

Оқушы білімін өз деңгейінде көрсете білді.

Оқушылар нені істей алды? (Олар қандай нәтижелерге жетті және оның қандай дәлелдері бар?)


А оқушы

Қазақ хандарының тарихы туралы мәліметті топ мүшелеріне түсінікті жеткізе біледі.

Өзіне берілген сұрақтарға мүдірместен жауап береді,


А оқушы

«Ыстық орындыққа» отырып өзіне қойылған сұрақтарға кідірместен жауап беріп, ой ұшқырлығын көрсетті..


В оқушы

Өз қызығушылығы, мақсаттары бойынша ортақ қорытынды жасайды.


В оқушы

«Сандар сөйлейді» тапсырмасын орындауда есте сақтау қабілетінің жоғары екенін көрсетті.


С оқушы

Жеке тапсырмаларды орындауда өз білімін көрсетеді деген ойдамын.

С оқушының

«Топтастыру әдісі» кезінде, сөзжұмбақ шешу кезінде белсенділігі байқалды.


Алғашқы ойлар



Бақылаудағы оқушыларға қоюға ұсынылатын сұрақтар

Сабақтан кейін бақылаудағы оқушыларға қоюға ұсынылатын сұрақтар



Саған сабақта бәрінен де не ұнады?

Жамихан: - Сабақ басталардағы психологиялық жаттығулар жағымды көңіл күй тудырады. Қазақстан тарихы мен қазақ тілі сабақтарындағы бұрын кездеспеген «Ыстық орындық» ойыны ерекше болды.

Исламбек: - Ойды жинақтауға, ортақ қорытынды жасауға ықпал ететін «Топтастыру» әдісі ұнады, бейнефильм, слайдтар, т.б. сабақта қолданғанды ұнатамын.

Мейіржан: - Өз білім деңгейіңді сезінетін , өзіңе сын көзбен қарай білуге көмектесетін «Өзін- өзі бағалау» кезеңі маған ұнады.

Сен нені үйрендің?Бұрын істей алмағандарыңнан қазір нені істей аласың?Нені жақсырақ істей аласың?

Жамихан: - Топ мүшелерімен жұмыс жасауды үйрендім, олардың қабілет деңгейі, жұмыс жылдамдығы әр түрлі екендігін түсіндім.

Исламбек:- Басқалардың ойына сыйластықпен қарауға, тәртіпті бұзбауды үйрендім.

Мейіржан:-Топ жұмысына қатысуға, басқаларынан үйренуге ниет танытып, сыпайы, ізетті болуды үйрендім.


Оқытудың қай бөлігі сен үшін тиімді болды?

Жамихан:- Мен үшін «5 жол өлең» құрастыру, эссе жазу, «Инсерт» әдістері тиімді болды.

Исламбек:- Жағымсыз көңіл күйді кетіретін психологиялық жаттығулар мен үшін тиімді болды.

Мейіржан:- Жаңа сабақты меңгеру кезінде қолданылған ойын түрлері

мен үшін тиімді болды.

Егер дәл осы сабақ басқа топта өткізілетін болса, нені өзгертер едің? Неліктен бұл бөлігін өзгертер едің?

Жамихан:- Сабақ барысында қолданылған әдістердің барлығы да қиындық туғызбады.

Исламбек:- Мен үшін сабақтардан үйренгендерім көп болды.

Мейіржан: - Топ мүшелерімен жұмыс жасау жеңіл болды.



С оқушы - Мейіржанмен

сұхбаттасу кезі

А оқушы - Жамиханмен

сұхбаттасу кезі


Lesson Study тобының отырысы

Талқылау барысында жазба жүргізуге арналған кесте

Сабақ қорытындысы бойынша талқылауларды жазу



Бақылаудағы А оқушы

Бақылаудағы В оқушы

Бақылаудағы С оқушы

Оқушының әрқайсысы қандай прогреске қол жеткізді?

Ол жеткілікті болды ма?Олардың сыныптарындағы басқа оқушылар қандай нәтиже көрсетеді?

Берілген тапсырманы жан- жақты дәлелдей алатын, түсіндіретін, пікірмен келісетін, ұсыныс енгізетін, сын көзбен қарайтын, бәсекеге қабілетті оқушы.Оқушы өз бетімен ізденуге қол жеткізді.Бұл оқушы сыныптағы басқа оқушыларды жігерлендіріп,жол нұсқайды.

Ойын, алған әсерін жинақтап, өз көзқарасын білдіруге талпынды. Ауызша сөйлеу қабілетін жетілдіріп, сөздік қорын молайтты.



Оқушының темпі, даму динамикасы, ынтасы, ойлауы , есте сақтауы артып, оқу сапасы көтерілді.

Енгізіліп жатқан әдіс қалай көмектесті немесе кедергі келтірді(екеуі де болуы ықтимал)?


Қандай тосын оқиғалар болды?

Lesson Study әдісі кезінде шағын ұжым құрылып, оқушының ұйымдастырушылық қабілеті дамыды.


Lesson Study әдісінде оқушы топпен жұмыс жасай отырып еркін ойлауға дағдыланды.

Логикалық ойлауының дамуы тапсырмаларды орындаған кезде көрініс тапты.

Әр оқушының нәтижесін жақсарту үшін келесі жолы әдістеменің қандай аспекті(лері) түзетілуі керек?

Оқушы топпен жұмыс жасау үшін топ мүшелерінің білім деңгейі сәйкес болу керек.

Топпен жұмыс жасау қабілетін арттыру керек

Оқушының нәтижесін жақсарту үшін сабақ барысында АКТ-ны қолдану керек.

Келесі жолы біз не істеуге тырысуымыз керек?

Ой ұшқырлылығымен модель жасау іскерлігін дамытуымыз керек.

Біліміне, дүниетанымына, өзіндік ізденісіне бақылау жүргізіп,шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету.

Оқушының ой -өрісін кеңейтіп, сабақ барысында бірнеше деңгейде жұмыс жасауға ықпал етуіміз керек





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал