- Учителю
 - Сабақ 'Франция' (9 сынып)
 
Сабақ 'Франция' (9 сынып)
9-сынып. Дүние жүзі тарихы
Сабақтың тақырыбы: §4. Франция
Сабақтың мақсаты:
-  
Францияның соғыстан кейіңнгі әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайына сипаттама беріп, әлеуметтік шиеленістің себебін, Францияның көппартиялық жүйесінің ерекшелігін және экономикалық дағдарыстың ел өміріне әсерін нақты факторлармен ашып көрсету.
 -  
Француз фашизмі туралы түсінік бере отырып,, оның герман және итальян фашизмінен айырмашылығына талдау және тиісті тиісті қорытынды жасай білуге баулу.
 -  
Халықтың майданның қалыптасуы туралы әңгімелеп, жүргізген шараларының маңызына тоқталып, ең бастысы, Францияда фашизмнің билеп-төстеуіне тосқауыл болғанын атап, оқушыларды фашизмге, ымырасыздыққа қарсы тәрбиелеу.
 
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Әдісі: интерактивті
Көрнекілік: карталар (ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы Франция, ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы Еуропа)
.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
-  
Оқу құралын тексеріп түгендеу
 -  
Оқушылар зейінін сабаққа аудару
 
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
-  
Ұлыбритания үшін Бірінші дүние жүзілік соғыстың қорытындысы қандай болды?
 -  
Ллойд Джордж үкіметінің сыртқы саястына талдау жасаңдар.
 -  
Лейбористер партиясының күшеюі неден көрінді? Олардың үкімет басындағы тәжірибесін сипаттаңдар.
 -  
Дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың салдарын ашып көрсетіңдер.
 -  
Англиядағы қандай партияның өкіметі немістердің сыртқы саясатын қолдады?
 
Жаңа сабақтың жоспары:
-  
Соғыстан кейінгі Франция
 -  
Франциядағы экономикалық дағдарыстардың ерекшеліктері
 -  
Француз фашизмінің ерекшеліктері
 -  
Халық майданының қалыптасуы
 
Негізгі оқиғалар:
-  
1919 жылы Францияда 2,2 мың ереуіл болып, оған 2 млн жұмысшы қатысты.
 -  
1924-1926 жылдарда солшыл блок үкіметі билік басында болды.
 -  
1930 жылы экономикалық тоқырау басталды.
 -  
1924 жылы «Патриоттық жастар» лигасы құрылды.
 -  
1927 жылы «Әскери крест» лигасы құрылды.
 -  
1934 жылы Халықтық майдан құрылды
 -  
1936 жылы Халықтық майдан партиясы парламент сайлауында жеңіске жетті.
 
№
Лигалардың аты
Лигалардың талаптары
1
«Француз әскери лигасы»
Фашистік диктатура орнату
2
«патриоттық жастар» лигасы
«Алтын парламентті» жою, күшті атқарушы өкімет құру.
3
«Әскери крест»
«Коммунизмді құрту», «Сатқын демократияны»
 
Сабақты бекіту:
-  
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін мемлекеттің ішкі өмірінің қандай саяси ерекшеліктері болды?
 -  
1919-1920 жылдардағы мемлекеттегі әлеуметтік шиеленістің себебі неде?
 -  
Француз көппартиялық жүйесінің ерекшеліктерін атаңдар
 -  
Экономикалық тоқырау Францияның әлеуметтік-экономикалық және саяси өміріне қалай әсер етті?
 -  
Б.Ү.Ү. кестесі.
 
Білгенім
Үйренгенім
Үйренгім келеді
 
Қорытындылау, бағалау:
Үйге тапсырма