7


  • Учителю
  • ҚАзақстанда хандық биліктің жойылуы 8 сынып

ҚАзақстанда хандық биліктің жойылуы 8 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Қазақстанда хандық биліктің жойылуы.

Сабақтың мақсаты: Хандық биліктің жойылуының алғышарттарын айқындау, шаруашылық, саяси және қоғамдық дамудағы жаңа бағыттарды сипаттау. 1822 жылғы Сібір қазақтары туралы Жарғының нәтижесіндегі өзгерістердің мәнін түсіну.

Сабақтың міндеттері: 1. Білімдік: Оқушыларға «Жарғының» ерекшеліктері, жүргізілген реформаның қазақ қоғамына әсері туралы айта отырып, Қазақстандағы хан билігі жойылуының себептерін түсіндіру;

2. Дамытушылық: Деректермен жұмыс кезінде логикалық ойлауды, еске сақтау қабілетін жетілдіру және деректерді салыстыра отырып, қорытынды шығаруға үйрету;

3. Тәрбиелік міндет: Оқушылардың өздік, жұп, топ болып жұмыс істеу қабілетін дамыту. Өткен тарихқа құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:

1.»ХІХ ғ. І жартысындағы Қазақстанның әлеуметтік экономикалық дамуы» карта.

2. ҚР әкімшілік картасы.

3. Интерактивті тақта, слайдтар.

4. Тірек - сызба.

Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту сабағы.

Сабақтың әдісі: баяндау, пікірталас, жүптық, топтық жұмыс.

СТО - ның стратегиялары: Венн кестесі.

«Ұқсастық пен даралық».

Автор орындығы.

Пікірталас.

Сабақтың жүрісі: 1. Ұйымдастыру.

2. Қызығушылығын ояту.

3. Мағынаны тану.

4. Ой толғаныс.

5. Қорытынды, үйге тапсырма.

ІІ. Қызығушылығын ояту:

1. Қазақ қоғамындағы басқарудың ұлттық жүйесі қандай болып еді?

2. Қазақ хандығы қашан құрылды? Қазақ хандығының алғашқы хандарын ата.

3. Ханның құқықтары мен міндеттеріне не жатады?

4. Кіші Жүз Ресейге қашан қосылды?

5. Қазақстан ХІХ ғасырдың І жартысында тәуелсіз ел болды ма?


ІІІ. Мағынаны тану:

1. Хандық биліктің жойылуының алғы шарттары.

2. Сібір қазақтары туралы жарғы.

3. Кіші Жүзде хан билігінің жойылуы.

4. 1822 жылғы Жарғының тарихи маңызы.

Сабақтың барысы.

І. Жаңа тақырыпты меңгеру:

1. Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен, жоспарымен оқушыларды таныстыру.

2. Сабақтың негізгі мәселелері ауызша баяндау әдісімен түсіндіріліп болған соң оқушыларға топтық жұмыстар, тірек - сызба құрастыру, эссе жазу тапсырмалары беріледі.

а) І топ: оқулықты пайдалана отырып, хандық биліктің жойылуының алғы шарттары туралы тірек - сызба құрастыру.

ІІ топ: Хрестоматияны пайдалана отырып. Орта жүздің әкімшілік аумақтық бөлінуі туралы тірек сызба құрастыру.(Хрестоматия 226 - 234 бет. А. Рауан 1992жыл.)

ІІІ топ: Оқулықты, хрестоматияны пайдалана отырып Орта жүздің басқару органы сызбасын құрастыру. (Хрестоматия 226 - 234 бет. А. Рауан 1992жыл.)

ІҮ топ: Қазақ хандығындағы, Сібір қазақтарының Жарғысындағы және Қазақстан Республикасындағы әкімшілік басқару - Венн кестесін сызу.

3. а) Пікірталас: «1822 жылғы Жарғы қазақ елі үшін пайдалы болды ма?»

б) Алдын - ала берген тапсырма бойынша оқушылар Автор орындығы стратегиясын пайдалана отырып «Тәуелсіздік халықтың арманы» атты эсселерін оқиды. Оқушылардың жұмысы Аналитикалық бағалау кестесі арқылы бағаланады

Аналитикалық баға: дауысы, көлемі, эмоция, шеберлігі

ІҮ. Ой толғаныс:

1. Қазақстанда хан билігін жоюдың негізгі себептерін атаңдар.

2.»Сібір қырғыздары туралы жарғы бойынша» патша үкіметінің көздеген басты мақсаты қандай еді?

3. 1844 жылғы «Орынбор қырғыздары туралы ереже» бойынша қазақтардың өмірінде қандай өзгерістер болды?

4. Реформалар жүргізудің негізгі салдары қандай болғанын атап шығыңдар.

Қорытынды: Қазақстан 1991 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіз республика болып жарияланды. Осы күнге жету үшін қазақ халқы талай қиындықты бастан кешірді. Өйткені ол соңғы 300 жыл бойы тәуелсіздіктен айырылған еді. 200 жылға жуық патшалық Ресейдің отары болды. Ал кеңес мемлекетінің құрамында болған соңғы 75 жылда дербестік пен тәуелсіздіктен мүлде айырылды. Бұл күнде Қазақстан өз алдына тәуелсіз мемлекет. Қазақстанды әлемнің 120 мемлекеті танып, 70 - тен астам мемлекетпен елшілік дипломатиялық қатынас орнаған. Мемлекеттік құрылымы - республика. Мемлекет басшысы - президент. Қазақстан Республикасында 14 облыс, 200 - дей қала тектес кент, 150 - ден астам аудан бар, халқы 16 млн.

Оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма: 1.§ 17.

2. Тақырып бойынша тест сұрақтарын дайындау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал