7


  • Учителю
  • Коучинг 'Диалогтық оқыту деген не?'

Коучинг 'Диалогтық оқыту деген не?'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы:

Оқытудағы жаңа тәсілдер. Диалогтық оқыту дегеніміз не?

Жалпы мақсат:

-Мұғалімдерге диалогтық оқыту әдісін пайдалану жолдары, оның түрлері, әдістері жайлы мағұлмат алуына жағдай жасау.

-Мұғалімдерге оқушыларды диалогтық оқыту пайдасы туралы мағұлмат беру, сұрақ қою жолдарымен таныстыру.

Оқу нәтижесі:

Мұғалімдер сабақта диалогтық оқу жүйесін пайдалану тиімділігі жайлы оның түрлері, әдістері жайлы мәліметтермен таныс болды. Диалогтық оқыту мәнін оның түрлерін түсінеді. Оқушылардың білім деңгейін көтеруде диалогтық оқыту мәнінің пайдасы жөнінде ұғынады.

Түйінді идеялар:

Оқыту мен оқудағы жаңа әдістер арқылы табысты оқуға қол жеткізу. Диалогтық оқытудағы әңгіме-дебат жүйесінің пайдасы туралы баяндау.

Оқыту әдістері:

АКТ,СТО,ЖИГСО, диалог ,топтық жұмыс т.б.

Ресурстар:

Мұғалімге арналған қосымша материалдар, Слайдар, постер , стикерлер.

Тапсырмалар:

Диалогтық оқыту жүйесін қалыптастыру, топтық жұмыс, пікір-сайыс элементерін пайдалану, Зертеушілік әңгіме қалыптастыру, рефлексия.

Ұйымдастыру:



Коучтың іс-әрекеті

Мұғалімнің іс-әрекеті

1. Топқа бөледі.

2.Стикерлер таратады

Мұғалімдер коучингке дейін не білетінін,коучингтен кейінне білгенін жазады

Видео

«Әлем өзгереді, бізде өзгереміз»

-Видеодан қандай түйін түйдіңіз?

- «Әлемдегі білім саласындағы өзгерістерді талдау, одан шешім шығару »

Топтасып, бірлесіп жұмыс жасаудың тиімділігін түсінеді


Коуч «Туған күн » арқылы топтасуды ұсынады.

Мұғалімдер топқа топтасады.

Мұғалім

Оқушы

  • Коуч схеманы түсіндіруді сұрайды.

  • Коуч мұғалім түсіндірмесінен «Диалогтық оқыту не?» ұғымын кеңейтіп тақырыпты ашады

-Мұғалімдер схеманы шешеді.

Миға шабуыл

(Жеке жұмыс)

  • Қалай ойласыз диалогтық оқыту тиімділігі неде?

  • Әңгіме-дебат жүйесін пайдалану қалай жүзеге асады?


Қызығушылықты ояту:

Әлем өзгереді, бізде өзгереміз

Қазіргі таңда ұстаздарға сабақта жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып, сапалы да, терең білім беруге, олардың сыни ойлау қабілеттерін жетелеуге, уақытты тиімді пайдалануға, сабақты қызықты да, мазмұнды өткізуге, мұғалімнің оқу іс-әрекетін, өтетін тақырып мазмұнын аша білуге жоғары талап қойылып отыр.Мұғалім үшін ең маңызды нәрсе - қоғам үшін пайдасы зор тұлға тәрбиелеу. Демек, өз ұстанымдарын жеткізе алатын және еркін, ынталы, өзіне және өз идеяларына сенімді, сыни көзқарасы жүйелі дамыған, ғылым мен техниканың белгілі салаларында құзырлығын көрсете алатын «Мен» деген тұлғаны тәрбиелеуде мұғалімнің сіңірер еңбегі зор.

Білім беру саласындағы әлемдік білім кеңістігіне ұмтылуға байланысты жасалынып жатқан талпыныстар мектеп оқушыларының ойлау белсенділігін дамытып, білімі мен біліктіліктерін өмірдің жаңа жағдайына пайдалана білуге үйрету қажеттілігін туғызады. Ең маңыздысы, балаларға дайын білімді беру емес,білімді өз бетінше меңгертудің жолын іздеу керек. Сондықтан орта білім жүйесінде «Назарбаев зияткерлік мектебі» мен Кембридж университетінің білім беру факультеті және педагогикалық шеберлік орталығының біріккен бағдарламасы өмірге келді. Бұл жобаның өмірге келгеніне көп уакыт болған жоқ, алайда оның нәтижесі қазірдің өзінде көңіл қуантады. Кембридж бағдарламасы сындарлы (конструктивті) оқыту теориясы деп аталады. Ол 7 модульді қамтиды «Әлем өзгеруде, енді мен де өзгеремін» деген қағиданы ұстанған мұғалімдер ғана бүгінгі күннің талабына толық жауап бере алады.

Біздің Атырау өңірінде жаңашылдықты игеру мақсатында көптеген ұстаздарымыз деңгейлік курстардан өтіп жатыр. Осындай әріптестеріміздің қатары күннен-күнге көбейіп, қазақстандық мектеп мұғалімдерінің кәсіби қоғамдастығы аясында белсенді жұмыс істеуге ұмтылуы арта түседі деп сенемін.


Мағананы тану:

І топ- Әңгіме -дебат тиімділігі

ІІ топ- Комуникативті әңме (Топтық) тиімділігі

ІІІ топ- Зертеушілік әңгіме тиімділігі

-Осы коучингте диалогтық оқыту әдістері тиімділігін мұғалімдер постер арқылы топтық жұмыс негізінде қорғайды.


Мұғалімдер топ болып постер қорғайды, тақырып бойынша өз ойларын ортаға салады.

Мағананы ажырату:

Слайд: «Диалогтық оқыту дегеніміз не?»

Коуч слайдқа шолу жасайды

Мұғалімдер түртіп алады.

Коучинг нәтижесі

Коуч «Ұғындым » стратегиясы бойынша жұмыс нәтижесін алады

Мұғалімдер коучинг туралы «Тілек ағашына» өз ойларын стикерге жазып қалдырады.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал