7


  • Учителю
  • 'Дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың Америка Құрама Штаттарына әсері' Қысқа мерзімді сабақ жоспары

'Дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың Америка Құрама Штаттарына әсері' Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


Пәні: Дүниежүзі тарихы

10-сынып

Қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: §31-32 Дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың Америка Құрама Штаттарына әсері.

Мақсаты: Соғыстан кейінгі даму барысы, дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың АҚШ дамуына ықпалы, АҚШ-тағы дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың ерекшеліктері, президенттік сайлау нәтижесінде Ф.Рузвельттің билік басына келуі, «Жаңа бағыт» саясатының маңызы, қорытындылары туралы білімді қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже:

Жеке жұмыс түрлеріне өз бетімен орындаайды

Өз пікірін дәлелдейді.

Құжаттарды талдау барысында өз дәлел-уәжін ұсынады.

Жетістік критерийі: Өзіндік жұмыстарға үйренеді. Кестелер сыза алады.

Сілтеме: Қ. Исламбеков «Дүниежүзі тарихы» Шың-кітап А.2013жыл

Дереккөздер: Ғаламтор материалдары

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап әдісі, кесте, карта

Сабақтың түрі- Жаңа тақырыпты меңгерту сабағы

Кейінгі оқу: §31-32 Ф.Рузвельттің «Жаңа бағыт» саясатының маңызы

Ұйымдастыру кезеңі

1. Сабаққа қатысты қадағалау, үй тапсырмасын сұрау.

2. Үй тапсырмасын тексеру

3. Жаңа ақпарат беру

4. Бекіту

Үй тапсырмасын тексеру

1.1920 жылдардың соңында большевиктер партиясының қатары өсті, мүшелерінің саны қанша еді?

2.Большевиктер партиясының мемлекеттік құрылымының әміршіл-әкімшіл басқару жүйесіне айналуы нешінші съездің шешімдерінен кейін іске асты?

3.Кеңес органдарының шешімдері қандай сипатта жүргізілді?

4. Әміршіл-әкімшіл басқару жүйесінің күшею белгілері неден байқалды?

5.И.В.Сталиннің жеке өміріне тоқталыңдар?

6.Сталиндік зобалаңның белгілері Қазақстанда қалай жүргізілді?

7. Тоталитаризм ұғымы нені білдіреді?

8. 210-30 жылдардағы КСРО-ның сыртқы саясаты қандай болды?

9. КСРО Ұлттар Лигасынан қай жылы шығарылды?

10.КСРО қандай елдермен дипломатиялық қатынастар орнатты?

Жаңа сабақтың жоспары:

1. Соғыстан кейінгі даму барысы

2.Дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың АҚШ дамуына ықпалы

3. АҚШ 1929-1933 жылдардағы дүниежүзілік экономикалық дағдарыс кезеңінде

4.АҚШ-тағы дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың ерекшеліктері

5.Президенттік сайлау нәтижесінде Ф.Рузвельттің билік басына келуі «Жаңа бағыт» саясатының маңызы, қорытындылары

6. Кейншілдік және Ф.Рузвельттің «жаңа бағыты»

7.Қаржы, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы салаларындағы саясат.

8.Вагнер заңы

9.АҚШ-тың сыртқы саясаты.

Жаңа ақпарат.

1928 жылы президенттік сайлауда республикашыл партия жеңіске жетіп, бұрынғы сауда министрі Герберт Гувер президент болды. Ол экономикалық дағдарысты тоқтататынына және әрбір америкалықтың ауқатты өмір сүретініне сендірді. Алайда терең экономикалық дағдарыстың алғышарттары пісіп жетілген еді. Халықаралық аренада АҚШ оқшаулану (изоляционизм) саясатын ұстанды. Бұл Еуропа істеріне араласпауды және олармен әскери-саяси одақтар құрмауды, сондай-ақ АҚШ үшін еркін қимыл-әрекетті сақтауды білдірді. Бірақ АҚШ репарация мәселесін шешуде басты төреші ретінде көрінді. Ол ұсынған «Дауэс жоспары», «Юнг жоспары» Германияның әскери-өнеркәсіп әлеуетін қалпына келтіру үшін жағдай жасады. Қытайдағы үстемдік үшін күреске қатысқан АҚШ, басқа да империалистік державалармен бірігіп, Қытай халқының ұлт-азаттық қозғалысын басып-жанышты. Латын Америкасы елдеріне жасалған қаржы-экономикалық қысым қарулы интервенциямен ұштасты. Тұрақтану жылдарында АҚШ пен Ұлыбритания арасында сауда мен шикізат ресурстарына бақылау үшін күрес шиеленісті. 1929 қазанда Нью-Йорк биржасында акция бағамының шапшаң құлдырауы бүкіл әлемді дүр сілкіндірген экономикалық дағдарыстың басталғанын көрсетті. Дағдарыс елдің бүкіл қаржы жүйесін қамтыды. 1933ж наурызда акцияның жалпы бағамы төрт жарым есеге қысқарды. Төрт жылдың ішінде 5,5 мыңнан астам банктер, яғни АҚШ банктерінің 1/5 бөлігінің ұсақ салымшылары өз салымдарын жоғалтып, қайыршыларға айналды. Ұлттық табыс екі есеге, ал сыртқы сауда көлемі үш есеге кеміді. Дағдарыс аса тереңдеген 1932 ж өнеркәсіп өнімдерінің жалпы көлемі дағдарысқа дейінгі деңгейдің тек 54%-ын ғана құрады. АҚШ-та бұны «ұлы депрессия» кезеңі деп атайды.

Қуаңшылық

АҚШ-тағы экономикалық дағдарыстың ерекшеліктері1933 жылдың аяғына

қарай жұмыссыздар саны Вашингтонда 2 рет

15-17 млн

ұлттық «ашаршылық жорғы»

ұйымдастырылды

Елде таптық қарама-қайшылық

Г.Гувер ешқандай әрекет жасамады.

шиеленісті.


Полиция шерулерді қуып таратты және ереуілдерді басып тастады

1932 жылы шілдеде үкімет елдің түкпір-түкпірінен Вашингтонга келіп, жорыққа қатысушы 25 мың Бірінші дүниежүзілік соғыстың ардагерлерін жазалауды ұйымдастырды. Қала әскердің және полицияның көмегімен ардагерлерден «тазартылды». Г.Гувер үкіметі өзінің бүкіл күш-жігерін ірі капиталистерді қорғауға жұмсады.

ББД-ны бекіту

Топтастыру стратегиясы

Франклин Делано Рузвельт кім?


Салыстырыңдар

«Жаңа бағыт»


Вагнер заңы


Кестені толтырыңдар


Жаңа бағыттың негізгі міндеті

Қаржы

Өнеркәсіп

Ауыл шаруашылығы

Жаңа бағыттың қорытындылары

АҚШ-тың сыртқы саясаты


Пікіріңмен дәлелде (Оқушы пікірлері)


«Қазіргі кездегі АҚШ-тың даму жағдайы....»


Сұрақ-жауап әдісі

1.Американың «гүлденуінің» шынайы негіздерін түсіндіріңдер?

2.1929-1933 жылдардағы АҚШ-тағы дағдарысты әңгімелеп беріңдер?

3.Ф.Рузвельт қандай әлеуметтік топтардың мүддесін қорғады?

4. Ф.Рузвельттің «Жаңа бағыт» саясатын қалай түсінесіңдер?

5. Ф.Рузвельттің «Жаңа бағытының» қандай заңдары Америка еңбекші бұқарасының мүддесін неге қорғады?


Бағалау. Суммативті баға қою.

Рефлексия



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал