- Учителю
- Тарихтан сабақ жоспары тақырыбы: 'Ортағасырлық қалалар' 5сынып
Тарихтан сабақ жоспары тақырыбы: 'Ортағасырлық қалалар' 5сынып
Тақырыбы: Орта ғасырлық Қазақстан қалалары.
Сынып: 5
Сабақ мақсаты:
Білімділік: Орта ғасырда өмір сүрген Қазақстан қалалары, олардың саяси-әкімшілік қызметі, қала құрылысының ерекшеліктері туралы білім беру.
Дамытушылық: Жеке және ұжымдық жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыра отырып танымдық қасиетін дамыту.
Тәрбиелік: Мәдениет туралы түсініктерін қалыптастыру, мәдени мұраларымызды қорғауға тәрбиелеу.
Сабақ көрнекілігі: Қазақстан картасы, интерактивті тақта, орта ғасырлық қала суреттері.
Сабақ түрі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақ әдісі: Ауызша баяндау, топпен жұмыс, сұрақ- жауап, ойын түрлері.
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру
Оқушыларды үш топқа бөліп отырғызу.
2. Үйтапсырмасын сұрау.
I. «Жұлдызды сәт» ойыны арқылы сұралады.
1. Әл Фараби кім?
2. Қандай ғылыммен айналысқан?
3. Әл Фараби қанша тілді меңгерген?
4. Әл Фараби қай елдерде білім алған?
5. Неліктен Әл Фарабиді екінші ұстаз деп атаймыз?
6. Әл Фараби қай қалада дүниеге келді?
7. Әл Фарабимен қатар шыққан қандай ғалымдарды білесіңдер?
8. Әл Фарабидің толық аты-жөні кім?
9. Әл Фарабидің әкесі кім болған?
II. Топтастыру.
Не? Қайда? Қашан?
Қашан?
Қайда?
Қандай оқиға болды?
870 жылы
дүниеге келді
Әл Фараби атындағы
кітапхана ашылды.
1970 жылы
бүкіл дүние жүзі тойлады.
іргелі еңбектерін түрлі ғылым салаларымен
жазған.
950 жылы
қайтыс болды.
1934 жылы
Әл Фараби атындағы университет ашылды.
3. Қорытындылау.
4. Жаңа сабақ.
Цитадель
Шахристан
Рабат
Цитадель- қаланың негізгі орталық бөлігі. Цитадельде патша сарайы және әкімшілік басқару орны орналасқан.
Шахристан- цитадельді қоршап жатқан қаланың екінші бөлігі.Шахристанда кіші билеуші топ өкілдері, түрлі кәсіп иелері тұрады.
Рабат- қаланың екі бөлігін сыртынан үлкен дуалдар қоршап жатуы. Рабатта еңбекші халық тұрды.
Йасы қаласының орнында IV-X ғасырларда Шауғар мекені болған.IX-X ғасырда ол ірі қалалар қатарына қосылып, сол кезден бастап Йасы аталған. Ал XV ғасырдан бастап Йасы қаласы Түркістан деп аталды.Бұл қала қазіргі Шымкент қаласынан 225 шақырым жерде орналасқан. Түркістан атауы «Түріктер елі, мекені» деген мағынаны білдіреді.
Сарайшық қаласы- қазақ даласындағы ең көне тарихи орындардың бірі. Тарихшы ғалымдар оның пайда болу тарихын XIII ғасыр, яғни Шыңғыс хан мен Батудың жасаған шапқыншылығымен байланыстырады.
Отырар- бүкіл шығысқа танымал болған ежелгі қалалардың бірі. Отырар-алғаш Фараб деп аталған.Арабтың бұл сөзі «Парасат» дегенді білдіреді. Отырар қаласының гүлденіп орта ғасырлардағы ірі қала орталығына айналуына оның орналасқан орны үлкен әсер етті.
Сығанақ қаласы- Оңтүстік Қазақстан жерінде, Сырдың бойында орналасқан қала. Кезінде ол қыпшақ мемлекетінің саяси және мәдени орталығы болған.
5. Сабақты бекіту.
I. Сызбаны толтыру.
II. Оқушы шығармашылығы.
I топ. Сарайшық қаласы
II топ. Отырар қаласы.
III топ. Йасы қаласы.
III. «Сыр сандық» ойыны.
Оқушылар тақтада көрсетілген сандықшалардың біреуін таңдап сұрақтарға жауап береді.
1. IX-X ғасырда ірі қалалар қатарына қосылып, атақты қазақ ханы Есімнің тұсында қазақ хандығының астанасы, көп жылдар хан ордасы болған қала. (Түркістан)
2. XI ғасырда қыпшақ мемлекетінің саяси және мәдени орталығы болған, Сырдарияның бойында орналасқан қала. (Сығанақ)
3. V-XV ғасырда Арал бойындағы көшпелі тайпалармен сауда жасайтын орталыққа айналған қала. ( Отырар)
IV. «Географиялық орнын тап» ойыны
Қазақстанның картасынан берілген қалаларды орнына орналастыру.
V. Салыстыру.
Орта ғасырлық қалалар Жаңа замандағы қалалар
VI. Үйге тапсырма. Параграф 25 . Орта ғасырлық қалалар туралы мән жазба дайындау.
VII. Бағалау.