7


  • Учителю
  • Урок по историй на тему '1950 ж. - қазақ шаруалары'

Урок по историй на тему '1950 ж. - қазақ шаруалары'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы:ХІХ ғасырдың 50 жылдарындағы қазақ шаруаларының азаттық күресі

Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік.

Оқушыларды ХІХ ғасырдың 50 жылдарындағы қазақ шаруаларының азаттық күресінің негізгі алғышарттары, себептері, мақсаты, көтеріліс барысы, жеңілу себептерімен таныстыра отырып, ХІХ ғасырдың 50 жылдарындағы қазақ шаруаларының азаттық күресінің Қазақстандағы саяси оқиғалардың дамуына тигізген ықпалын ашып көрсету.

  • Дамытушылық:

Оқушылардың ойлау қабілетін үнемі жетілдіру мақсатында жаңа сабақ мазмұнын түсіндіре отырып, тарихи оқиғаларды, фактілерді салыстырып, талдауға үйрету, білім алуға құштарлығын дамыту, тарихи деректер бойынша тұжырым жасау білу дағдысына үйрету. Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту.

  • Тәрбиелік:

Бабалардың ерлік рухын сезіндіру арқылы азаматтық тәрбие беру. Оқушылардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, ұлттық қадір-қасиеттерді үлгі ету, ерлікке, батырлыққа, отаншылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:оқулық,кесте,тест,мултимедиа,слайдтар,карта

Сабақтың түрі:Жаңа сабақты меңгеру

Сабақтың әдісі:проблемалық ізденіс,материалды құрылымдау

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру

2.Үй тапсырмасымен жұмыс

3.Жаңа сабақты түсіндіру

Жоспары:

1.Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған шаруалар көтерілісінің алғышарттары,басталуы

2.Есет Көтібарұлы бастаған көтеріліс,басталуы,барысы

3.1858 жылы Оңтүстік Қазақстандағы қазақ шаруаларының күресі

1858 ж. қазақ шаруалары көтерілісінің барысы

1858 ж. наурыз - Әулиеата маңында көтеріліс басталды.

1858 ж. - Әулиеата, Шымкент, Тоқмақтағы Қоқан горнизиондарын қоршады.

1858 ж. - Пішпек түбінде қоқандықтарға соққы берді.

1858 ж. - Ташкент билеушісі Мырза Ахмет 3000қолмен Әулиета бекінісін қоршап, көтерілісшілерді жеңе алмады.

1858 ж. - Қоқан ханы Кенесарұлы Тайшық сұлтанды Ахмет ханға көмекке жібереді, қазақтар шегінді.

1858 ж. мамыр - Көтерілісшілер Созақ, Мерке, Шолаққорған қамалдарын алды, Жаңақорған мен Түркістанды қоршайды.

1858 ж. - қазақ билеушілері Қоқан билеушілерімен ымыраға барады(жеңілдіктер береді) Көтеріліс аяусыз басып жаншылады.Ташкент билеушісі Мұрат Аталық болады.

1868 ж. - Қоқан хандығы, 1873ж. Хиуа хандығы, 1867ж. Бұхар хандағы Ресей құрамына кірді.

Толықтыру тесті.

  1. Жанқожа Нұрмұхамедұлы ................... руынан шықты.

  2. Хиуа ханының ұлы ............... Жаңадария мен Қуаңдария аудандарында көптеген қамал тұрғызды.

  3. 1856 жылы жазда ..................... ауданы көтерілісшілердің ошағы болды.

  4. ................ жылы Қазалы порты қоршауға алынады.

  5. Жанқожа бастаған көтерілісшілер саны ............. адамға жетті.

  6. Есет Көтібарұлы көтерілісі ................... жүзді қамтыды.

  7. 1855 жылы 8 шілдеде Есет тобы .........................лагеріне шабуыл жасап сұлтанды сыбайластарынмен қырып салды.

  8. 1858 жылы қыркүйекте ......................көтерілісті тоқтатып, патша билігін лажсыз мойындауға мәжбүр болды.

  9. 1858 жылы наурызда .....................маңында Қоқан езгісіне қарсы ең ірі көтеріліс басталды.

  10. 1858 жылы көтеріліс ...................халықтары тізе қосып, бірігіп қимылдады.


Сабақты қорытындылау.

Үйге тапсырма: §12. ХІХ ғасырдың 50-жылдарындағы қазақ шаруаларының азаттық күресі тақырыпқа байланысты деректі материалдарды қарастыру

Жанқожа, Есет батырлар қосымша мәліметтер дайындау



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал