7


  • Учителю
  • 'ҚАзақ хандығының 550 жылдығына арналған сайыс' (8 сынып)

'ҚАзақ хандығының 550 жылдығына арналған сайыс' (8 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сыныбы: 8

Тақырыбы: Қазақ хандығының құрылуына 550 жыл толуына орай «Қазақ мемлекеттігі: қалыптасу тарихы, деректер және жаңаша пайым» атты сайыс сабақ

Мақсаты:

Білімділік: Қазақ хандығының құрылу тарихы және оны басқарған хандар жайында білімдерін пысықтау. Қазақ жеріндегі тұңғыш дербес мемлекеттің жаулап алушылық соғыстар нәтижесінде емес, халықтың ғасырлар бойы армандаған арман тілегі мен өзара туыстастығы нәтижесінде дүниеге келгенін баяндай келіп, оқушылардың өз халқының тарихын толық меңгеруіне ықпал ету.

Дамытушылық: Оқушыларды өз беттерімен ізденуге, тарихи деректерге шолу жасау арқылы шағын зерттеу жұмыстарын дайындауға дағдыландыру. Танымдық тапсырмалар арқылы тарихи ой-өрісін кеңейту.

Тәрбиелік: Өз елінің тарихын білуге, Қазақ тарихындағы хандардың мемлекет қайраткері ретінде халқына сіңірген тарихи еңбегін бағалай білуге, құрметтеуге, ұлтжандылыққа, адамгершілікке, өз Отанын, елін - жерін қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Сабақтың әдісі: топпен жұмыс

Кіріспе сөз.

«Қазақ Хандығы белгілі бір жүйесі бар орнықты мемлекет болды. Жәнібек пен Керейдің құрған мемлекетінің Ақсақ Темір құрған мемлекеттен айырмашылығы осы да еді. Ақсақ Темір құрған мемлекет өзі дүниеден өткен соң ыдырап кетті. Ал, Жәнібек пен Керей құрған мемлекет жүйелі түрде атадан балаға мирас болып келді. Қазақ Хандығының мемлекеттік құрылымы жағынан тағы бір айырмашылығы - орталықтандырылған мемлекет болды. Айталық, Орта Азиядағы өзбектердің мемлекеттік жүйесімен салыстырсаңыз, олар бірнеше хандықтарға бөлінеді. Біздің Қазақ Хандығының жүйесіндегі тағы бір ерекшелік, елдің билеушісі хан болса, оның бақылаушысы билер мен батырлар болды. Ал, таптық тұрғысынан Қазақ Хандығында басыбайлылық деген болған жоқ. Дәл осы уақытта басыбайлылық Ресейде белең алып тұрғанын тарих өзі көрсетіп берді.

1456 жылы Алтын Ордадан бөлініп шыққан Керей мен Жәнібек Шу мен Талас өзендерінің арасындағы аймаққа орналасып қазақтың туын көкке көтергендігі тарихтан аян. Қазақ деп ұран тастағанда рухы көтеріліп намысы оянған барлық қазақ тайпалары түгел жиналып қазақ халқының іргесін қалағанын білеміз. Әлбетте одан кейінгі тағдыр сан түрлі азапқа салды бізді. Үш ғасыр тарихымыз бен ар-ожданымыз табанға тапталды. Түрлі нәубетті бастан кешірдік. Бірақ мың өліп, мың тірілген қазақ азаттығын алды. Ал қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту сол азаттық алған бабаларға деген құрмет деп білеміз.

І.Ұйымдастыру кезеңі Сыныпты 2 топқа бөлу.

І топ. «Керей»

ІІ топ. «Жәнібек»

Бірінші айналым: «Постер қорғау»

Үй тапсырмасын сұрау. «Қазақ хандығының құрылуына 550 жыл» - тарих беттеріне шолу. (оқушылардың ізденушілік, зерттеушілік қабілеттерін айқындау)

Сұрақ: Жәнібек, Керей хандармен бірігіп көшкен ру-тайпалардың алғашқы атауы?

Жауап: «Өзбек-қазақтар»

Екінші айналым: «Хандар»

Хандардың суретінің тұсына берілген жылдарды билік еткен жылдарына сәйкес дұрыс жапсыру.

Үшінші айналым: «Бейне сурет»

Сұрақ: Қазақ хандығының жүзге бөлінуі, жүздердің пайда болуы жайлы жазған ағартушы ғалым?

Жауап: Ш.Уәлиханов


Түркістан қамал-қорғаны

ХVI ғ. Соңында қазақ хандығының астанасына айналып, қазақ халқының ұлттық негізі осы қалада бекіген. Қала Меккеден кейінгі ислам дінінің орталығы саналды.

Сұрақ: Түркістан қаласы қай хандардың тұсында астана болды?

Жауап: Қасым хан, Есім хан


Арыстан-баб кесенесі

Көне Отырар қаласының батыс жағында 3 км жерде Сырдария өзеніне жақын орналасқан. Оның басына тұрғызылған кесене құлап қалған. Сол құлап қалған күмбезді Әмір Темір ХIVғ. Қайта салғызыпты. Арыстан баб кесенесі 2 бөлмеден тұрады. Ортасында дәлізі бар. Негізгі бөлмедердің төбесі күмбезбен көтерілген.

Сұрақ: Арыстан баб кесенесі қай қалада?

Жауап: Түркістан

Тайқазан

Тайқазан (1399 жылы жасалған) XIV-XV ғ. Әмір Темірдің бұйрығымен салынған сәулет өнерінің тамаша бір үлгісі. Қожа Ахмет Йассауи кесенесі Түркістан қаласының дәл ортасында салынған.

Сұрақ: Кесенені салуға Әмір темір қай жылы бұйрық берді?

Жауап: 1397 жылы


Алаша хан кесенесі

XIV-XV ғасырларда далалық сәулет өнерінің үлгісінде жасалған ескерткіш. Орталық Қазақстанда орналасқан. (Ұлытау)

Сұрақ: «Алаш аңызында» айтылатын үш жүздің негізін қалағандар?

Жауап: Үйсін, Болат, Алшын


Төртінші айналым: Бейне сұрақ

Сұрақ: «Алаш» сөзін жиі кездестіретін қазақ халқының аңызы?

Жауап: «Алаша хан»

Сұрақ: ХІІІ ғ. дейін «қазақ»атауының қолданылып келген мағынасы?

Жауап: «Еркін адамдар»

Бірінші бейне сұрақ: /Батыс Қазақстан Мемлекеттік университетінің Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушысы Байболсынова Альфия Сабырғалиқызы/ Қазақ хандығының астанасы қай қала болған?

Жауабы: Қазақ хандығының астанасы: Сарайшық қаласы болған.

Екінші бейне сұрақ: /С.Сейфуллин атындағы №11мамандандырылған мектеп-интернат кешенінің тарих пәні мұғалімі Алышов Бауыржан/ Қазақтың алғашқы хандары Керей мен Жәнібекті моғолстан ханы есенбұға жер бөліп беріп қарсы алды. Сұрақ, қандай себептерге байланысты моғолстан ханы Есенбұға қазақтың сұлтандары Керей мен Жәнібекке Жетісудың батысынан жер бөліп беріп орналастырды?

Жауабы: Есенбұға тұсында Моғолстанның батыс жағынан, оның ағасы Жүніс қауіп төндірген болатын. Өзінің бауырына қол жұмсаудан бас тартса керек. Осы себепті басшылыққа алған есенбұға Жетісудың батыс бөлігіне қазақтың алғашқы хандары Керей мен Жәнібекті орналастырды.

Қорытынды: Біз үшін қай заманғы тарихымыз болмасын қымбат, бабаларымыз құрметті, әсіресе қазақ хандығының құрылуы тарихтағы маңызды оқиға. Қазір өзіміз өмір сүріп жатқан Отанымыздың іргетасы. «Өз тарихын білмеген халық, өзін де сыйламайды» деп Елбасымыз айтқандай айтқандай тарихты білу баршамыздың парызымыз.

«Батыр баба ұрпағымыз бүгінде,

Бойында қан, от ойнаған жүзінде,

Осы күнге жеткізу үшін біздерді,

Үйде туып, түзде өлген тегінде».


Енді аманат бізге қазақ даласы,

Мен қазақпын намысты бір баласы,

«Қазақ» дейтін өнегелі ұлы атқа,

Болмасыншы енді ешкімнің таласы.


Қазақ атты елім бар мақтанамын,

Кең байтақ жеріммен мен бақ табамын.

Елді, жерді сақтап берген бабамның,

Ерліктерін естігенде шаттанамын.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал